- •5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы
- •Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма
- •Транспортное экспедирование : учебное пособие / а.И.Телегин [и др.]. – Изд. 2-е, с доп. И изм. – н.Новгород : Изд-во фгоу впо «вгавт», 2010. – 400с.
- •1.1 Цемент өндірісі мен тасымалдау ерекшеліктері
- •1.2 Қазақстан Республикасындағы цемент өнеркәсібі
- •«Есіктен есікке дейін» құрғақ химиялық жүктерді жеткізудің көлік-логистикалық сұлбаларындағы уақыттық және бағалық көрсеткіштерді анықтау әдістемесін әзірлеу (цемент мысалында)
- •2.1. Жүктерді жеткізудің көлік-логистикалық сұлбаларын қалыптастыру қағидалары мен бағалау критерийлері
- •2.2 Жүктерді жеткізудің біріздендірілген көлік-логистикалық сұлбаларын қалыптастыру
- •2.3 «Есіктен есікке» жүк партиясын тасымалдау уақытын әзірленген біріздендірілген көлік-логистикалық сұлбаларға сәйкес анықтау әдістемесі
- •2.4. Сапалық параметрлер есебімен «есіктен есікке» жүкті жеткізу бағасын анықтау әдістемесі
- •3 «Есіктен есікке» жүктерді жеткізудің экономикалық-математикалық моделін саралаудан өткізу
- •3.1«Есіктен есікке» жүктерді теміржол көлігімен жеткізудің экономикалық-математикалық моделін саралаудан өткізу
- •3.2«Есіктен есікке» жүктерді автокөлікпен жеткізудің экономикалық-математикалық моделін саралаудан өткізу
- •1. Транспортное экспедирование : учебное пособие / а.И.Телегин [и др.]. – Изд. 2-е, с доп. И изм. – н.Новгород : Изд-во фгоу впо «вгавт», 2010. – 400с.
«Есіктен есікке дейін» құрғақ химиялық жүктерді жеткізудің көлік-логистикалық сұлбаларындағы уақыттық және бағалық көрсеткіштерді анықтау әдістемесін әзірлеу (цемент мысалында)
2.1. Жүктерді жеткізудің көлік-логистикалық сұлбаларын қалыптастыру қағидалары мен бағалау критерийлері
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың жұмыс істеуінің жаңа мүмкіндіктері жүктерді тасымалдау кезінде мультимодалы тасымалдар секілді көлік-логистикалық жүйелерді, «дәл мерзімінде», «есіктен есікке» және т.б. жеткізу тәсілдерін кең ендіруге деген қызығушылықты қалыптастырады.
Тәжірибе мен шетел мемлекеттерінің тәжірибесін көптеген зерттеулер көлік-жабдықтау қызметін жетілдіру кезінде, шикізат, жартылай фабрикаттар мен жиынтық бұйымдардың бүтіндей әрі өндірістік бұйымдардың бірлігіне де өндірістік-қоймалық қорларын төмендетуде кез-келген меншік формасындағы кәсіпорындардың жалпы өндірістік шығындарын төмндетудің айтарлықтай резервтерін көрсетеді [6]. Бұл көлік фирмалары мен жеткізудің логистикалық әдістерінің компанияларында, әсіресе шикізат, жартылай фабрикаттар мен жиынтық бұйымдарды жеткізуден бастап дайын өнәмдә бөлшек сауда желісіне немесе тікелей тұтынушыға жеткізумен аяқтай отырып, кәсіпорынның өндірістік процессінің қажетті құрамдас бөлігі ретінде тасымалдау сатысы қосылған кезде әсіресе аралас қатынаста кең қолданысқа ие болды. Мұндай көліктік қызмет көрсету логистикалық әдістердің негізіндегі кешенді көліктік қызмет көрсету ретінде түсіндіріледі.
Ережег сәйкес көрсетілген қызмет түріне бұл сөздің физикалық мағынасында тасымалдаушылар болып табылмайтын, бірақ қолда бар тасымалдау құралдарын (вагон, кемелер, автокөліктер және т.б.) және тасымалдаушылардың өздерін тасымалдау құралдарын (контейнерлер, қалталар мен т.б.) қолданумен кешенді көліктік қызмет көрсету процессін ұйымдастырушы болып табылатын көлік-экспедициялық фирмалар қосылады. Кешенді көліктік қызмет көрсетудің сипатты белгілері болып толық басқару мен осы қызмет көрсетуге кіретін барлық операцияларды бір оператордың бақылауы, жүк иесі кез-келген уақыт сәтінде тікелей қолжетімділікке ие болатын жеткізудің бірыңғай процессін құрайтын операциялардың барлық қызметін қадағалау жүйесінің болуы табылады. Бұл кезде маңызды шарт болып өзара құқықтарды, міндеттер мен жауапкершілікті анықтайтын шарттардың негізінде тасымалдау операторы мен клиенттің арасындағы тығыз өзара әрекеттесу табылады [7, 8].
Тікелей аралас тасымалдау операторының бірыңғай көлік құжаты бойынша (немесе мұндайсыз, жүк туралы ақпаратты электронды жіберумен) және бірдей жауапкершілік режимімен жүктерді жеткізу үшін көліктің бірнеше түрлерін бақсрауын білдіретін жүк иелеріне кешенді көліктік қызмет көрсету концепциясы тасымалдаулардың әлемдік тәжірибесінде кең қолданысқа ие болып келеді. Бұл концепцияның ары қарай дамуы болып автоматтандырылған көлік-қоймалық жүйелер мен «физикалық үлестіру», «логистика», «аралық қоймалық операцияларсыз жеткізу» және т.б. секілді жүктің қозғалуын қадағалауға арналған компьютерлік техниканы пайдаланумен шикізат, жартылай фабрикаттар, жиынтық бұйымдар мен дайын өнімді жеткізу мен үлестірудің аралас жүйелері табылады. Осылайша, көлік процессі бөлінбес құрамдас бөлігі ретінде өнімді өндіру мен сатудың жалпы жүйесіне қосылады.
Өзара әрекеттесу мәселесінің мәні көлік кәсіпорындары мүдделерінің келіспеушілігін тудыратын және негізгі міндеті – қабылдаушылардың жүктерін өз уақытында жеткізу (аса жылдам жеткізу) мәселесін шешуге деген қызығушылықтың, ақыр соңында тасымалдау бағасына әсер ететін олардың қоймаларда және қайта тиеу пункттерінде болу мерзімдерін қысқартуға деген қызығушылықтың жеткіліксіздігіне алып келетін негізгі себептерді жоюда болып табылады.
Өндіріс жүйесіндегі көлік орнын есепке ала отырып (жүкті жеткізуді өндіріс процессінің тікелей жалғасы деп қарастыра отырып), оның ақырғы нәтижелерге әсері (салымы) өндіріске барлық шығындар (соның ішінде көліктік) мен нәтижелерді салыстыру кезінде анықталатындығын, әрі нәтижелер өндірісті тұтынушының тұтынуы немесе жеткізуі саласында көрінетіндігін есепке алған жөн.
Осылайша, Еуропалық экономикалық одақ елдерінде «есіктен есікке» жеткізілімі кезінде жүктерді транзитті тасымалдаудың бағасы орташа алғанда өнім бағасының 15% құрайды, сонымен бірге, Қазақстан Республикасы шекарасында жүктерду тасымалдау бағасы өнім бағасының 30-35% құрайды.
Мұндай жағдай біздің елде ең алдымен негізінен араласқан тасымалдаулардың болмайтындығынан орын алды; әрбір магистральды көлік түрі өзімен өзі жұмыс істейді, бүкіл Еуропадан жүктер ҚР барлық аумақтарына «есіктен есікке» мыңнадаған километрлерден фуралар арқылы жеткізіледі. Бірақ мұны логистика қағидалары негізінде жеткізу деп атау мүмкін емес, себебі ғалымдар бұрын жүк иелерінің мүдделеріне сәйкес автокөлік көлігін мыңнан астам километр қашықтықта жеткізу кезінде экономикалық жағынан тиімсіз болып табылатындығы дәлелденіп қойылған. Егер қоршаған ортаның ластану факторларын, қозғалыс қауіпсіздігін (автокөлік жолдарындағы авариялар мен адамдардың өлімі), жол төсемінің зақымдануы мен басқаларды есепке алатын болсақ, мұндай тасымалдаудан күмәнді пайда пайда болады.
Сондықтан көлік логистикасының әдістемесін пайдаланумен араласқан тасымалдаулар жүкті жеткізу мерзімі немесе жылдамдығы, сонымен бірге тасымалдау бағасы секілді дәстүрлі факторлар ғана емес, сонымен бірге жалпыхалықтық немесе мемлекеттік мүдделерді көрсететін көрсеткіштердің есебімен де тұрғызылуы және негізделетін кезде ғана объективті нәтижелерді бере алады.
Жүктерді араласқан тасымалдаулардың абсолютті көпшілігі теміржол және автокөлік көлігінің дамуымен жүзеге асырылуы тиіс және олардың біздің елде әрекет етуін түбінен қайта тұрғызусыз «есіктен есікке» және «нақты мерзімінде» заманауи көлік-логистикалық сұлбаларын тұрғызу мүмкін емес болып табылады.
Нарықтық экономиканың әрекет ету шарттары мен факторларына сәйкес және логистикалық қызмет көрсету міндеттеріне сәйкес ішкі көлік жұмысы да «тауармен жабдықтау конвейері» - өндірісті өндіру салаларын қамтамасыз ету және көлік-логистикалық тізбектің барлық қатысушыларының мүдделерін сақтай отырып, тауарларды өткізу нарықтарына қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесінже қарастырылуы тиіс [6]. Мұнда 6-суретте көрсетілген міндеттер орындалуы тиіс екендігі анық.
Қызметкер
Ақпарат
ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ
(тауармен жабдықтау конвейері)
РЕСУРСТАР
Жүйе міндеттері
қажет мөлшер
белгіленген мөлшер
қажетті орнына
көрсетілген мерзімге
оңтайлы шарттарда
Өндіру және тасымалдау құралдары
Материалдар,
энергия, қаржы
6-сурет – Материалды ағындардың логистикалық жүйесі
Жүкті тасымалдаудың логистикалық тізбегі (кіші жүйе) – бұл өнімді өндірушіден тұтынушыға (қабылдаушы) дейін тасымалдаудың өндірістік-көлік жүйесінің бөлек буындарында технологияларды орындау тізбектілігі. Көлік процессінің технологиясы – бұл заманауи техникалық, коммуникациялық және ақпараттық құралдар мен жүйелердің негізінде материалды ағындарды ұйымдастыру мен қызмет көрсетумен байланысты тасымалдау, қоймалық, қайта тиеу және басқа да операциялары.
Материалдық ағындар – бұл тауарлар (жүктер) мен көлік құралдарының (кемелер, вагондар, автокөліктер) және тасымалдау құралдарының (қалталар, контейнерлер мен т.б.) ағындары. Тасымалдау операторының функцияларды орындауы дағынан дәл осы әдістемелік негіздердің дамуы қажет.
Жоғарыда айтылғанға сәйкес жүкті өндіру орнынан оны тұтыну (пайдалану) орнына дейін логистикалық жеткізу процессі тасымалдау операторының көзқарасы бойынша өзен порты арқылы (өзен терминал) бес фазадан тұрады деп ұсынылады.
Фазалардың берілген анықтамасы терминалды тасымалдауларды тұрғызу қағидаларына негізделген [6].
Бірінші фазажүкті жіберуге дайындық орнынан, бастапқы кезінде стандартты көлік қалтасы қабылданатын бірлескен жүкті (көлік) бірлігін қалыптастыру, жергілікті көлікпен жылжыту мен өзен терминалына жіберу орнынан көліктік және көлік-экспедициялық қызметтердің барлық элементтерін қамтиды.
Екінші фаза – барлық қажетті жүктеу және қоймалық операциялар кешенін орындаумен, сонымен бірге өзен көлігі (навигациялық аралықта) қарастырылатын магистральды көлік түрі, ал баламалы ретінде теміржол және автокөлік көлігі (жыл бойы) алынатын баламалы көлікке жіберумен өзен терминалында жүктің болуы.
Үшінші фаза – келу сәті мен жүкті жеткізілу терминалына жіберу сәтінен бастап жалпы көліктік (магистральды) желі бойынша жүкті жылжыту.
Төртінші фаза – барлық қажетті жүктеу және қоймалық қызметтерді орындаумен, сонымен бірге жергілікті көлікке жіберумен жеткізу терминалында жүктің болуы.
Бесінші фазажүкті жіберу терминалынан қабылдаушының қоймасына жүкті тасымалдау бойынша, бірлескен жүктік бірлікті тарату мен өнімді тұтыну (пайдалану) орындарына жылжыту бойынша аяқтаушы көліктік және көлік-экспедициялық операциялардың барлық элементтерін қамтиды.
Осы фазалардың есебімен нақты жеткізушілерден нақты қабылдаушыларға дейін жүктердің партияларын тасымалдаудың технологиялық процесстерін әзірлеу үшін негіз болуы мүмкін өзен терминалы арқылы «есіктен есікке» көлік-логистикалық сұлбасы бойынша бірлескен жүк бірлігін тасымалдаудың типтік сұлбаларын анықтауға болады.
Блоктар бойынша жүктерді тасымалдаудың әзірленген типтік сұлбалары әрбір блокта ең жақсы шешімдерді табуға мүмкіндік береді, ал одан кейін ғана заманауи әдістер мен компьютерлік технологияларды пайдаланумен барлық көлік-логистикалық тізбек бойынша ең жақсы шешімдерді табуға мүмкіндік береді.
Өзен жүк терминалы тасымалдау операторының қатысуымен араласа тасымалдаулар жүйесінде сәтті әрекет етуі үшін ол магистральды ішкі су көлігінің кеме компанияларымен ғана емес, сонымен бірге тұрақты түрде осы көлік құралдарында жүктерді магистральды және (немесе) жергілікті тасымалдауларға қатысатын теміржол және автокөлік көліктерінің көлік кәсіпорындарымен жұмыс істеуі қажет .
Аса маңызды экономикалық көрсеткіштерді бірі жүктік тасымалдау (жеткізу) бағасы болып табылады. Сондықтан автор ары қарай, негізінен, «есіктее есікке» сусымалы жүкті жеткізудің көлік-логистикалық тізбегіне қатысатын әр түрлі көліктің бәсекеге қабілеттінін қарастыруды жоспарлайды.
Ол үшін жүк партиясын жеткізу бағасын анықтау әдістемесі әзірленген, онда келесі бағалық көрсеткіштер есепке алынады: тікелей тасымалдау (жеткізу, тиеу, ауыстыру) бағасы; жеткізу мерзімін есепке алатын «жолдағы жүкті массаның» бағасы; бар болған жағдайда жүктің сақталмағандығының бағасы (табиғиғ кіріс нормаларының шектерінде); тасымалдау кезіндегі экологиялық шығын бағасы; қауіпсіз көлік бағасы (сақтандыру тәуекелдерінің бағасы).
Құрғақ жүктерді тасымладу бағасының алынған нәтижелері көліктің әр түрлі түрлерінің арасында салыстырмалы талдауды жасауға және сәйкесінше олардың бәсекеге қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
