- •5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы
- •Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма
- •Транспортное экспедирование : учебное пособие / а.И.Телегин [и др.]. – Изд. 2-е, с доп. И изм. – н.Новгород : Изд-во фгоу впо «вгавт», 2010. – 400с.
- •1.1 Цемент өндірісі мен тасымалдау ерекшеліктері
- •1.2 Қазақстан Республикасындағы цемент өнеркәсібі
- •«Есіктен есікке дейін» құрғақ химиялық жүктерді жеткізудің көлік-логистикалық сұлбаларындағы уақыттық және бағалық көрсеткіштерді анықтау әдістемесін әзірлеу (цемент мысалында)
- •2.1. Жүктерді жеткізудің көлік-логистикалық сұлбаларын қалыптастыру қағидалары мен бағалау критерийлері
- •2.2 Жүктерді жеткізудің біріздендірілген көлік-логистикалық сұлбаларын қалыптастыру
- •2.3 «Есіктен есікке» жүк партиясын тасымалдау уақытын әзірленген біріздендірілген көлік-логистикалық сұлбаларға сәйкес анықтау әдістемесі
- •2.4. Сапалық параметрлер есебімен «есіктен есікке» жүкті жеткізу бағасын анықтау әдістемесі
- •3 «Есіктен есікке» жүктерді жеткізудің экономикалық-математикалық моделін саралаудан өткізу
- •3.1«Есіктен есікке» жүктерді теміржол көлігімен жеткізудің экономикалық-математикалық моделін саралаудан өткізу
- •3.2«Есіктен есікке» жүктерді автокөлікпен жеткізудің экономикалық-математикалық моделін саралаудан өткізу
- •1. Транспортное экспедирование : учебное пособие / а.И.Телегин [и др.]. – Изд. 2-е, с доп. И изм. – н.Новгород : Изд-во фгоу впо «вгавт», 2010. – 400с.
1.2 Қазақстан Республикасындағы цемент өнеркәсібі
Цемент өнеркәсібі экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. 5-суретте Қазақстан Республикасында цемент өндірісін орнату картасы көрсетілген.
5-сурет–Қазақстан Республикасында цемент өндірісін орналастыру картасы
Нарық қатысушылары соқтығысқан ең маңызды мәселелердің бірі болып несие капиталының жоғары бағасы табылады. Цемент өндірушілері-компаниялардың басшылары берілген мәселені энергия тасымалдаушыларға тарифтердің дәстүрлі өсуі сияқты маңызды мәселе деп санайды.
Қаржыландыру көздерінің орын алған тапшылығы мен 2015 жылы цементті тұтынудың төмендеуі саладағы бәсекелестік пен тұтыну нарығына күресті одан әрі күшейтті. Осыған байланысты компаниялар өндрісі шығындарын төмендету бойынша, бар өндірістік күштерді пайдалану тиімділігі мен оларды модернизациялауды жоғарылату бойынша іс-шараларға жиі назар аударады. Сұралғандардың 70% астамы жақын болашақта көрсетілген шараларға кілтті рөл береді. Бұдан бөлек, сұзбат берушілер жергілікті экономикалық шарттарда тиімді емес өнідірістік күштер пайдаланудан шығарылатын болады, ал жергілікті өндірушілер басқа ойыншылардың бизнесіне ие бола бастайды деп есептейді, бұл нарықты консолидациялауға алып келеді. Сала дамуының тенденциялары туралы мұндай пікірді сұралғандардың 80% астамы ұстанады.
Шығындарды оңтайландыруға ұмтылу мен қысқа және ұзақ мерзімді болашақта бәсекелес артықшылыққа ие болуға ұмтылу алдыңғы қатарлы практика мысалдарын оқып-білу қажеттілігін мәжбүрлейді. Осыған байланысты біз берілген шолуға ең жақсы қолжетімді технологиялар қарастырылатын бөлімді қостық. Біздің шолуда ұсынылған ақпарат сіздің бизнесіңіздің дамуы үшін пайдалы болады деген үміттеміз.
2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша қазақстандық кәсіпорындардың жобалық жиынтық қуаты жылына 14,2 млн тонн өнімді қамтиды. Кәсіпорындардың екінші кезекті орнатуының қорытындысы бойынша берілген көрсеткіштің 15,9 млн тоннаға жететіндігі күтіледі.
Өсудңғ негізгі бастаушысы 2010-2020 жылдарға ҚР құрылыс материалдарды өндіру мен құрылыс индустриясын дамтыу бойынша қабылданған Бағдарлама болып табылады (ИИДМБ-1, ИИДМБ-2). ИИДМБ-2 жүзеге асыру барысында құрылыс материалдары нарығына деген қажеттілікті кем дегенде 80% қанағаттандыру жоспарланады.
Қазақстанның құрылыс материалдары нарығында жұмыс істейтін компания басшылары жақын болашақта өнімге сұраныстың өсуін және бір уақытта бәсекелестікті күштілеуді күтеді. Қысқа мерзімді болашақта құрылыс нарығының өсу факторларының бірі Астанада баламалы энергия көздерін талқылауға арналған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындалу болады, ондағы жиынтық инвестициялар 550 млрд теңге (3 млрд АҚШ доллары) деңгейінде деп бағаланады5.
Нысанның жалпы территориясы — 173,4 га, олардың ішінде 25 га тікелей көрмелік кешенге арналған, ал 148 га тұрғын үй құрылысы нысандары, әлеуметтік-мәдени тағайындалған нысандар, білім беру мен денсаулық сақтау нысандары, сауда-ойын-сауық орталықтары мен парктері орналасатын болады.
Нарықтың жоғары даму темпіне Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2014 жылдың 13 қаңтарында қабылданған 5,2 трлн теңге (шамамен 33 млрд АҚШ доллары) соммасына мемлекеттік және жеке инвестицияларды қарастыратын 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының көлік жүйесі инфрақұрылымын интеграциялау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы жағдай жасайтын болады. Бағдарлама шеңберінде шамамен 30 мың автокөлік жолдары мен 8 мың км теміржол жолдарын қайта құрылымдау мен жөндеу, азаматтық авиация, су көлігі, ішкі және сыртқы терминалды желіні дамыту, сонымен бірге жол қызметін жетілдіру жоспарланған. 28,6 млрд доллар соммаға шамамен 200 инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру белгіленген.
2014 жылы Көлік және байланыс министрлігі бағдарламаны тағы 10 жылға ұзарту туралы айтқан болатын.
Қазақстандағы ірі қала бола отырып Астана 2013 жылдың қорытындысы бойынша бір адамға 27,7 кв. м көрсеткішпен тұрғынүймен қамтамасыз етілу бойынша бірінші орынға ие болады. kn.kz талдау қызметінің деректері бойынша Астанада 2017 жылға дейін жыл сайын 2,255 млн кв. м тұрғынүй енгізілетін болады.
3-кесте–2005-2014 жылдарда цементтің қазақстандық нарығы дамуының негізгі көрсеткіштері
|
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
Өндіріс, мың тонна |
4181 |
4880 |
5699 |
5837 |
5694 |
6683 |
4181 |
6392 |
7107 |
8187 |
Импорт, мың тонна |
1890 |
2631 |
3506 |
1826 |
782 |
1010 |
1890 |
1300 |
1550 |
1230 |
Экспорт, мың тонна |
4 |
1 |
- |
131 |
25 |
199 |
4 |
180 |
205 |
415 |
Тұтыну, мың тонна |
6067 |
7510 |
9205 |
7532 |
6451 |
7494 |
6067 |
7512 |
8452 |
9002 |
Импорт, тұтынушыдан % |
31,2% |
35,0% |
38,1% |
24,2% |
12,1% |
13,5% |
31,2% |
17,3% |
18,3% |
13,7% |
Экспорт, тұтынушыдан % |
0,1% |
0,0% |
0,0% |
2,2% |
0,4% |
3,0% |
3,0% |
2,8% |
2,9% |
5,1% |
Өндіріс өсімі, % |
|
16,7% |
16,8% |
2,4% |
-2,4% |
17,4% |
17,4% |
52,9% |
11,2% |
15,2% |
Тұтыну өсімі, % |
|
23,8% |
22,6% |
-18,2% |
-14,4% |
16,2% |
16,2% |
23,8% |
12,5% |
6,5% |
Дереккөз: СМПРО |
||||||||||
2014 жылдың 28 маусымындағы ҚР Үкіметінің №728 Қаулысымен 2015 жылдың 1 қаңтарынан әрекет ететін және халық өмірінің сапасын арттыруға, инфрақұрылымды, сонымен бірге аймақтардың экономикалық потенциалын дамытуға бағытталған «Аймақтардың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы» бекітілді.
2020 жылға дейінгі Бағдарламаның мақсаттарына жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
-елдің территориялық дамуын жетілдіру;
-қоршаған орта, тұрғынүй қоры, коммуналдық және көліктік инфрақұрылымның жағдайын жақсартумен бірге тұрғындардың өмір сүруінің ыңғайлы жағдайын қамтамасыз ету;
-тұрғындар үшін тұрғынүйдің қолжетімділігін ары қарай арттыруды қамтамасыз ететін тұрғынүй құрылысының даму мәселелерін кешенді шешу.
Бағдарлама 2015 жылдан 2019 жылға дейін сатыларға бөлмей жүзеге асырылатын болады. Берілген бағдарламаның шеңберінде көрсетілген аралықта 38,1 млн кв. м тұрғынүй салынатын болады.
Республикада жоғары қайта өңдеу деңгейлі және құрылыс кешенінің заманауи талаптарына сәйкес келетін өнімді өндіретін кәсіпорындар жеткілікті болып табылады. Сала құрылымы анық көрсетілген шикізаттық немесе шикізатқа жуық бағыттылыққа ие.
Құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың көбісі, бұл орташа немесе кіші кәсіпорындар және, соның салдары ретінде, оларда өндірісті модернизациялау процесстерін, немесе жаңа өндірісті ұйымдастыруды қаржыландырумен байланысты күрделі мәселелер болады. Мәселелер өзіндік айналым қаражаттарының жеткіліксіз қамтамасыз етілуінде де, кредиттік ресурстармен қамтамасыз етілгендігінде де бар болып табылады.
Кішкене кәсіпорында ішкі нарықта да, сыртқы нарықтарда да бәсекеге қабілетті бола алмайды, себебі бір өндірістік тізбектің ішінде орналасатын кәсіпорындар аса жоғары қосылған құнды сегментте орналасатын өндірушілерді шикізатты өндірумен немесе оны бастапқы өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға қарағанда төмен бәсекеге қабілетті ете отырып, өнімдерді нарықтық бағалар бойынша жеткізеді.
Құрылыс индустриясы Бағдарламасында бүгінгі күні кәсіпорынның ішінде инновациялық жұмыс мүлдем дерлік жүргізілмейтіндігі айтылады. Мұнда республикада құрылыс материалдарын алудың жаңа тиімді технологияларын әзірлеумен айналысатын және қазіргі өндірістер мен технологиялық линияларды модернизациялаудың ықтимал жолдарын іздеумен айналысатын мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары жоқ.
Құрылыс материалдарын өндіру саласының күшті және әлсіз жақтарын талдау 4-кестеде берілген.
4-кесте - Құрылыс материалдарын өндіру саласының күшті және әлсіз жақтарын талдау
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
сыйымды нарықтың болуы; |
өндірістердің жарықтандырылуының төменгі техникалық деңгейі; |
мүдделі тұлғаларға инвестициялық ресурстарға жол ашатын даму институттарының болуы; |
технологиялық қондырғының жоғары тозуы (70 % дейін), негізгі қорларды баяу өңдеу; |
сала дамуын қолдау бойынша мемлекеттік саясат; |
недостаточность оборотных средств у предприятий и накоплений для модернизации и технического перевооружения производств; |
материалдар, бұйымдар мен құрылымдардың кең номенклатурасын шығару үшін аймақтық құрылымдар мен кіші салаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеткілікті шикізат базасының болуы; |
жоғары энергия және ресурсты қажет етуі және, соның салдары ретінде өнімді өндірудің жоғары өзіндік құны; |
минералды ресурстарды өндіру, жол құрылысы, тұрғынүй құрылысы секілді секторларда құрылыс материалдарына тұрақты өсіп жатқан сұраныс; |
нормативті-ақпараттық қамтамасыз етудің әлсіз дамуы, әсіресе шикізаттың бар болуы мен жаңа сапа стандарттарын ендіру бойынша процедуралар туралы ақпараттандыру бөлімінде; |
өнеркәсіптің басқа байланысқан салаларының даму мен индустриалдану картасының шеңберінде жобаларды жүзеге асыру |
өндірістерді орнатуда территориялық сәйкессіздіктердің болуы; |
|
импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған жаңа өндірістерді дамыту үшін инвестициялардың жеткіліксіздігі; |
|
кәсіпорындардың көлік қызметтерінің қолжетімділігі мен бағасына жоғары тәуелділігі; |
|
қыс айларында күштерді (жоғарыланған шығындар) толық емес жүктеуді шарттайтын, құрылыс тарапынан сұраныстың маусымдылығы; |
|
республикадағы мамандардың қатты жетіспеушілігі; |
|
стандарттар мен талаптардың жоқ болуына байланысты импортталатын тауарлардың сапасын бақылау жүйесінің дамымағандығы; |
|
құрылыстағы техникалық реттеудің жетілмеген жүйесі; |
|
Қазақстан Республикасы территориясы дамуының Бас сұлбасының болмауы; |
|
республикалық деңгейдегі Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының болмауы; |
|
құрылыстың ескіленген сметалы-нормативті базасы; |
|
өнеркәсіптің барлық салаларына тән басқа да әлсіз жақтар (әкімшілік тосқауылдар, қымбат кредиттік ресурстар және т.б.) |
Қазақстан Республикасының орташа және ұзақ мерзімді болашаққа әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағын есепке ала отырып, құрылыс материалдарының ішкі нарығы сыйымдылығының болжамданатын өсімі, сонымен бірге импортты алмастырудың потенциалды мүмкіндіктері (құрылыс материалдары нарығының 33% дейін), құрылыс материалдарын өндіру саласы әсіресе дағдарыстан кейінгі аралықта инвестициялау мен кредиттеу үшін өзінің тартымдылығын сақтап келеді.
Тиімді құрылыс материалдары нарығының жаңа және потенуиалды қатысушылары үшін келесі, әзірге әлсіз меңгерілген және қолданылмаған салалар бар. Бұл энергия мен ресурс үнемдейтін күйдірусіз цементтер мен бетондардың өндірісі, әрлеу материалдарының заманауи түрлерінің өндірісі болып табылады.
Құрылыс материалдарының көп бөлігі Қазақстанға импортталады. Бұл инвесторлар мен кәсіпорындар үшін құрылыс материлдарының сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерін көбінесе инновациялық негізде өндірудің көлемін арттыруға айтарлықтай стимулдың бар екендігін куәландырады.
