Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Семей-Астана баытындаы рылыс жктеріні кліктік тасымалын жетілдіру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.77 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

5В090100 «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы

Қаиртай А.Қ.

Семей-Астана бағытындағы құрылыс жүктерінің көліктік тасымалын жетілдіру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

А стана 2017

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Көлік - энергетика факультеті

5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша

«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасы

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

Арпабеков М.И.

«___» ___ 20__ж

Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма

Студент Қаиртай Ақжол Қаиртайұлы

4-ші курс, B4-070400-01 тобы, 5В090100 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы, күндізгі оқу

  1. Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Семей- Астана бағытындағы құрылыс жүктерінің көліктік тасымалын жетілдіру

28.11.2016 ж. ректордың №1594-n бұйрығымен бекітілген.

  1. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі 01.06.2017 ж.

  2. Алғашқы деректер (заңнамалар, әдебиет көздері, зертханалық-өндірістік деректер):

  3. Транспортное экспедирование : учебное пособие / А.И.Телегин [и др.]. – Изд. 2-е, с доп. и изм. – Н.Новгород : Изд-во ФГОУ ВПО «ВГАВТ», 2010. – 400с.

4. Дипломдық жұмысты әзірлеуге қатысты мәселелер тізбесі:

  • Жүк туралы тасымалдау тәсілдері мен сала жағдайы туралы жалпы ақпарат

  • «Есіктен есікке дейін» құрғақ химиялық жүктерді жеткізудің көлік-логистикалық сұлбаларындағы уақыттық және бағалық көрсеткіштерді анықтау әдістерімен әзірле (цемент мысалында)

  • Есіктен есікке» жүктерді жеткізудің экономикалық- математикалық моделін саралаудан өткізу

5. Графикалық материалдар тізбесі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және т.б.):

Дипломдық жұмыста:

  • 11 сурет;

  • 29 кесте;

  • презентация қойылған;

6. Негізгі ұсынылған әдебиет тізімі:

  1. Транспортное экспедирование : учебное пособие / а.И.Телегин [и др.]. – Изд. 2-е, с доп. И изм. – н.Новгород : Изд-во фгоу впо «вгавт», 2010. – 400с.

7. Жұмыс бойынша кеңес беру (оларға қатысты жұмыс бөлімдерін көрсете отырып):

Тараудың, бөлімнің нөмірі, атауы

Ғылыми жетекші, кеңесші

Тапсырманы алу мерзімдері

Тапсырма

берілді (қолы)

Тапсырма қабылданды (қолы)

1 Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Бижанов А.Р.

30.11.2016 – 05.12.2016

2 Станцияның технологиялық жұмысы

Бижанов А.Р.

14.12.2016 – 15.12.2016

3 Цемент өндірісінің технологиялық процесі

Бижанов А.Р.

16.12.2016 – 28.12.2016

8. Дипломдық жұмысты орындау кестесі

Жұмыс кезеңдері

Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері

Ескертпе

1

Дипломдық жұмыс тақырыбын бекіту

23.11.2016–30.11.2016

Ректордың №1594-n бұйрығымен бекітілген

2

Дипломдық жұмысты әзірлеу үшін материалдарды жинақтау

30.11.2016– 12.11.2016

Электрондық нұсқалары

3

Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімін дайындау (Тарау 1)

14.12.2016–14.01.2017

Тәжірибеге кеткенге дейін

4

Дипломдық жұмыстың аналитикалық бөлімін дайындау (Тарау 2)

16.01.2017–25.03.2017

Тәжірибе уақытында

5

Дипломдық жұмыстың толық мәтінінің алғашқы нұсқасын дайындау

26.03.2017 – 01.04.2017

Тәжірибе аяқталғаннан кейінгі бірінші апта

Тапсырманы өткізу уақыты «___» ___ 20__ж.

Ғылыми жетекші

т.ғ.к. доцент Бижанов А.Р.

Т апсырманы қабылдаған: студент Қаиртай А.Қ.

Мазмұны

Кіріспе

6

1

Жүк туралы, тасымалдау тәсілдері мен сала жағдайы туралы жалпы ақпарат

9

1.1

Цемент өндірісі мен тасымалдау ерекшеліктері

1.2

Қазақстан Республикасындағы цемент өнеркәсібі

23

2

«Есіктен есікке дейін» құрғақ химиялық жүктерді жеткізудің көлік-логистикалық сұлбаларындағы уақыттық және бағалық көрсеткіштерді анықтау әдістерімен әзірле (цемент мысалында)

28

2.1

Жүктерді жеткізудің көлік-логистикалық сұлбаларын қалыптастыру қағидалары мен бағалау критерийлері

28

2.2

Жүктерді жеткізудің біріздендірілген көлік-логистикалық сұлбаларын қалыптастыру

32

2.3

«Есіктен есікке» жүк партиясын тасымалдау уақытын әзірленген біріздендірілген көлік-логистикалық сұлбаларға сәйкес анықтау әдістемесі

34

2.4

Сапалық параметрлер есебімен «есіктен есікке» жүкті жеткізу бағасын анықтау әдістемесі

37

3

«Есіктен есікке» жүктерді жеткізудің экономикалық- математикалық моделін саралаудан өткізу

47

3.1

«Есіктен есікке» жүктерді теміржол көлігімен жеткізудің экономикалық-математикалық моделін саралаудан өткізу

47

3.2

«Есіктен есікке» жүктерді автокөлікпен жеткізудің экономикалық-математикалық моделін саралаудан өткізу

50

Қорытынды

56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

57

Қосымша

59

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Цемент — жасанды органикалық емес тұтқырлағыш зат. Сумен, тұздардың сулы ерітінділерімен және басқа сұйықтықтармен өзара әрекеттесу кезінде кейіннен қаттыланатын және тас тәрізді денеге айналатын пластикті массаны қалыптастырады. Цементті дайындау – қымбат әрі энергия жұмсайтын процесс, алайда нәтижесі оған тұрарлық – нәтижесінде өз бетінше де, басқа құрылыс материалдарының (мысалы, бетон мен темірбетон) құрамдас компоненті ретінде де қолданылатын ең танымал құрылыс материалдарының бірін алады. Цемент өнеркәсібі ауыр өнеркәсіптің құрамдас бөлігі болып табылады және кез-келген мемлекеттің даму әлеуетін анықтайды.

Цемент өнеркәсібі Кеден одағы елдерінің ең болашағы зор экономика салаларының бірі болып табылады. 2020 жылға қарай сарапшылар көлік жүйесін модернизациялау негізіндегі айтарлықтай сұраныстың өсуін болжамдап отыр.

Цемент өнімі нарығында бес өндірушінің олигополиясы бар.

Қазақстанның құрылыс материалдары нарығында жұмыс істейтін компаниялардың басшылары бағалар өсімінің жоғары темптерін және олардың ары қарай жоғарылау тенденциясын белгілейді.

Саланың тартымдылығы заманауи энергия үнемдеуші өндірісті қалыптастыру, ДСҰ-на кіру және тұтыну құрылымында импортты цементтің үлесін айтарлықтай көбейту нәтижесінде бәсекелестікті арттыруға алып келді. Бұдан да қатты бәсекелестік шарттарында цемент өндірушілері өздерінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді даму жоспарларын қайта қарауға мәжбүр болып отыр. Оларға операциялық қызмет құрылымын оңтайландыру керек және өнімнің өзіндік құнын басқаруды үйрену қажет. Энергияны үнемдеуіш технологияларға өту туралы ойлану және өндірістік күштердің өазіргі түрлерін модернизациялау туралы, сонымен бірге капитал нарығында қарызға берілетін қаражаттарды тарту туралы ойлану қажет.

Құрылыстың өсуінің жоғары темпіне Қазақст үкіметінің ел экономикасын диверсификациялау үшін жағдай жасайтын инфрақұрылымды жетілдіруге және мұнайды өндіру мен қайта өңдеумен байланысты емес секторларды дамытуға деген бағамы әсер етеді. Теміржол және автокөлік жолдарын екпінді модернизациялау 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. 2014 жылы Қазақстан көлік инфрақұрылымының, әсіресе Қытайды Еуропамен байланыстыратын және халықаралық сауда-саттықты кеңейту үшін қажетті бағыттардың дамуына шамамен 19 млрд АҚШ долларын инвестициялады. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы теміржол жүйесінің дамуына 2020 жылға дейінгі аралықта 40 млрд астам АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. 2012 жылдың қазанында Әлемдік банк Қазақстанға Алматы мен Қытаймен Хоргос шекаралық пунктінің арасындағы жаңа автокөлік жолының құрылысы үшін 1,1 млрд АҚШ доллары көлемінде кредит бөлді.

Қазақстан сонымен бірге 2013 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының шегінде тұрғынүй құрылысына 14,6 млрд АҚШ долларын бағыттауды жоспарлап отыр. Ары қарай сатып алумен тұрғын үйді жалға алу бағдарламасын жүзеге асыру барысында тұрғын үй инфрақұрылымын (автокөлік және жаяу жүргінші жолдарды, электр және сумен жабдықтау және т.б. қоса) дамыту бойынша іс-шаралар қабылданып келеді.

Бұдан бөлек, коммерциялық банктерде ипотекалық кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету үшін қаржылық құралдар орналастырылады. Қазақстан үкіметі «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының шеңберінде құрылыс материалдарының отандық өндірушілерін қолдауды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта көлік жүйесін оңтайландыру өте маңызды рөлге ие, және зерттеу тақырыбының өзектілігі осымен негізделген.

Зерттеу пәні болып коммерциялық нормалар мен шарттар, сонымен бірге «есіктен есікке» қағидасы бойынша құрғақ жүктерді жеткізудің көлік-логистикалық сұлбалары болып табылады.

Зерттеу объектісі Семей-Астана бағыты бойынша химиялық құрғақ жүктерді (цемент мысалында) тасымалдау сапасы мен тиімділігі болып табылады.

Жұмыс мақсаты болып ішкі көлікпен құрғақ химиялық жүктерді тасымалдау тәсілдері мен оңтайлы көлік-логистикалық сұлбаларын негіздеу табылады.

Зерттеудің міндеттері келесілерден көрінеді:

-құрғақ жүктерді тасымалдау сапасын бағалау мен арттыруға деген әдістемелік тәсілдемелерді әзірлеу;

-құрғақ жүктерді жеткізудің уақыттық көрсеткіштерін анықтаудың әдістемелік ережелерін әзірлеу;

-сапа көрсеткіштері, экологиялық пен қауіпсіздік есебімен құрғақ жүктерді жеткізудің бағалық көрсеткіштерін анықтаудың әдістемелік ережелерін әзірлеу;

Зерттеулердің теориялық және практикалық базасы.

Ішкі көлікте жүктерді тасымалдау сапасы мен тиімділігі облысындағы зерттеулермен көптеген ғалымдар айналысқан, соның ішінде Асеев С.В., Атлашкин А. Ф., Бабкин Е.В., Багров Л.В., Бучин Е.Д., Государев А.М., Зачесов В.П., Зюзин В.Л., Кожухарь В.И., Колпаков Н.Т., Малышкин А.Г., Ничипорук О.И., Персианов В.А., Платов Ю.И., Пьяных С.М., Ситнов А.Н., Сюхин Г.А., Сухова Н.М., Телегин А.И., Уртминцев Ю.Н., Фадеев И.П., Хохлов А.А. және т.б.Алайда бұл зерттеулер, негізінен,1990 жылға дейін, барлық көлік түрлерінде, соның ішінде тікелей аралас қатынаста бастапқы жүк ағындары РКФСР Мемжоспары мен Мемжабд бекіткен кездегі жоспарлы мемлекеттік экономика жағдайында орындалған. Ережеге сәйкес ғалымдар берілген (жоспарлы) жүк ағындарында ең жақсы (оңтайлы) жеткізу сұлбалары мен тасымалдау құралдарын (кемелер, вагондар, автокөліктер), сонымен бірге бір көлік түрінен екінші түріне асу пунктерін анықтаған. Сандық көрсеткіштерден ең жақсы жағдайда «жолдағы жүк салмағымен» бағасымен жүктерді жеткізудің нормативті мерзімдері есепке алынған.

2000 жылдан бастап көлікті тиімді пайдалану, соның ішінде араласқан жолдарда көліктің қатысуын зерттеумен аса көп ғалымдар айналыспаған, соның ішінде Костров В.Н., Краснов А.В., Кузьмичев И.К., Ничипорук А.О., Отделкин Н.С., Телегин А.И., Уртминцев Ю.Н. және т.б. Көбінде бұл зерттеулердің авторы болып көп жылдар бойы және жан-жақты құрғақ жүктерді тасымалдау сапасын арттыру сұрақтарымен айналысып келетін Телегин А.И мен Ничипорук А.О. ғылыми жұмыстары есептелген.

Зерттеу әдістемесі.Зерттеулерді жүргізген кезде жүйелі талдау әдістері, математикалық модельдеу, ықтималдық теориясы мен математикалық статистика әдістері, сапаны басқару (квалиметрия), көлік логистикасы, сонымен бірге көліктік міндеттерді шешудің экономикалық-математикалық модельдері қолданылған болатын.

Ғылыми жұмыстың практикалық маңыздылығы келесілер қолдана алатын араласқан жолдардағы құрғақ химиялық жүктерді тасымалдаудың сапасы мен тиімділігін бағалаудың әдістемелерін әзірлеуде болып табылады:

-жүк иелері мен көлік экспедиторлары – тасымалдаудың сапа, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштері жоғары дәрежеде есепке алынған кезде «есіктен есікке» қағидасы бойынша жүктерді араласқан жеткізудің көлік-логистикалық сұлбаларын таңдау үшін;

-тасымалдаушылар – жүкті тасымалдаудың талап етілетін сапасы менқауіпсіздігін сақтай отырып өзі үшін қажетті тиімділікпен араласқан жолдарда өзінің қатысу мүмкіндігін бағалау үшін;

Осылайша, ықтимал араласқан жолдардың қатысушылары (жүк иелері, көлік экспедиторлары, теміржол, автокөлік ұйымдары, кеме компаниялары, порттар мен т.б.) нәтижесінде «есіктен есікке» қағидасы бойынша құрғақ жүктердің партиясын жеткізудің көлік-логистикалық сұлбалары мен оңтайлы тәсілдерін таңдау үшін ғылыми-негізделген жүйелі аспаптарды алады.

Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЖҮК ТУРАЛЫ, ТАСЫМАЛДАУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН САЛА ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ