Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алыптастырушы_баалау.DOCX
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать

Лабораториялық тәжірибе «Ерітінділердің қышқылдық, негіздік ортасын анықтау».

Мақсаты: қышқылдық, негіздік орталарды индикатордың түсін өзгертуі арқылы анықтауды үйрену.

Құралдар мен реактивтер: пробиркалар, штатив, натрий гидроксиді, мыс (ІІ) хлориді, тұз қышқылы, су, лакмус, фенолфталеин, метилоранж.

Жұмыс барысы: қышқылдың, сілтінің ерітінділеріне және суға 2 тамшыдан индикаторлардан қосыңыз. Кестені толтырыңыз.

Индикатор атауы

Индикатордың түсі

Бейтарап орта

Қышқыл орта

Сілтілік орта

Лакмус

Фенолфталеин

Метилоранж

Қорытынды:

Төменде кестеде орта реакциясына байланысты ерітінді түсінің боялуы берілген.

Осы кестеде ортаға байланысты сәйкес келетін түстерді анықтап толықтырыңыз.

Дескриптор Білім алушы

− индикаторлардың ерітінділерге әсерін зерттейді;

− индикатор туралы анықтама жазып, қорытынды жасайды; − ортаға байланысты сәйкес келетін түстерді анықтайды.

39

ЖОБА

Бөлім/Тақырып: 7.3А Химиялық реакциялар

Оқу мақсаты 7.3.4.3 «Антацидтік заттарды» қолдану мысалында

қышқылдардың бейтараптануын түсіндіру.

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі

Бағалау критерийі Білім алушы

• Қышқылдар мен сілтілердің бір-бірін бейтараптау

әрекетін түсіндіреді.

Тапсырмалар

1-тапсырма

Жоғары қышқылдылық – бұл ең кеңінен тараған асқазан ауруының бірі болып табылады. Адам асқазанындағы қышқылдылықтың мөлшерін азайту үшін «антацидті дәрілік препараттар» қолданылады. Олардың бірнешеуі суретте берілген.

Антацидті препараттар

Асқазандағы қышқылдылықтың мөлшерін азайту үшін антацидті препараттар мен құралды қолдану ең бастысы неге байланысты негізделгенін түсіндіріп беріңіз.

__________________________________________________________________________

Егер ерітіндінің сілтілік ортасын азайту үшін қандай заттарды қолдануға болады?

Неліктен?

__________________________________________________________________________

Дескриптор Білім алушы

  • антацидті құралдың қышқылдарға әсер ету нәтижесін түсінеді;

  • антацидті құралдардың қышқылдарға әсерін түсінеді;

  • ерітіндінің сілтілік ортасын азайтуға қажетті құралдарды ұсынады;

  • ерітіндінің сілтілік ортасын азайтуға қажетті заттарды анықтайды.

40

ЖОБА

Бөлім/Тақырып: 7.3А Химиялық реакциялар

Оқу мақсаты 7.3.4.4 Металдар мен бейметалдардың оттекпен

реакцияларын білу және металдар оксидтері негіздік, ал бейметалдар оксидтері қышқылдық болатынын түсіну.

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі

Бағалау критерийі Білім алушы

• Бейметалл және металл оксидтерін қышқылдық және

негіздік оксидтерге жіктейді.

Тапсырмалар

1-тапсырма

Төменде медицина мен техникада кеңінен қолданылатын кейбір оксидтердің тарихи атаулары мен формулалары берілген:

  1. «күлдіргіш» газ – N2O;

  2. қоңыр түсті газ – NO2;

  3. гематит – Fe2O3;

  4. глинозём – Al2O3;

  5. кварц, немесе кремнезём – SiO2;

  6. сөндірілмеген әк – CaO;

  7. иіс газы – СО;

  8. көмірқышқыл газы – СО2.

Осы қосылыстарды кестеге «қышқылдық» және «негіздік» оксидтерге жіктеңіз:

ОКСИД

қышқылдық

негіздік

Жіктеуді қандай принцип бойынша жүзеге асырдыңыз? Түсіндіріңіз. Дескриптор Білім алушы

  • қышқылдық оксидтердің формулаларын жазып, жіктейді;

  • негіздік оксидтердің формулаларын жазып, жіктейді;

  • өзінің пікірін түсіндіреді.

2-тапсырма

Мына берілген қосылыстар ішінен тек негіздік оксидтерді анықтап және оларды атаңыз:

P2O5 , NH3, SO3 ,O2, KOH, Li2O, Fe2O3, NaOH, Al2 O3, CO2 , H2SO4.

Дескриптор Білім алушы

  • қосылыстар ішінен тек негіздік оксидтерді анықтайды;

  • оксидтерді формулаларына қарап, атайды.

41

ЖОБА

Бөлім/Тақырып: 7.3А Химиялық реакциялар

Оқу мақсаты 7.2.2.1 Сұйылтылған қышқылдардың қолдану аймағын және

олармен жұмыс жасау ережелерін атау.

Ойлау дағдыларының Білім алушы

деңгейі • Сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және

олармен жұмыс жасау ережелерін атайды.

Бағалау критерийі Білу және түсіну

Тапсырмалар

1- тапсырма

Төменде суретте берілген қышқылдарды қолдану аймақтарын атаңыз. Мысал келтіре отырып бос ұяшықтарды толтырыңыз.

Егер сіз өзіңізді - химия пәнінің мұғалімі ретінде елестетіп көріңізші. Онда сіз, өзіңіздің оқушыларыңызға химия лабораториясында немесе химия кабинетінде қышқылдармен жұмыс жасаған кезде қандай қауіпсіздік ережесін сақтауын талап етер едіңіз?

Дескриптор Білім алушы

  • суретте берілген қышқылдарды қолдану салаларын атайды;

  • қышқылдарды қолдану салаларына өзі мысал келтіреді;

  • сұйытылған қышқылдармен жұмыс жасаған кезде қажетті қауіпсіздік ережесін ұсынады.

42

ЖОБА

Бөлім/Тақырып: 7.3А Химиялық реакциялар

Оқу мақсаты 7.2.2.2 Сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу.

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен әрекеттесу мүмкіндігін анықтайды.

Тапсырмалар

1- тапсырма