Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алыптастырушы_баалау.DOCX
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.5 Mб
Скачать

ЖОБА

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Химия

7-сынып

1

ЖОБА

Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Тапсырмалар жинағы оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады.

Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.

Жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.

Қолданылған шартты белгілер:

  • әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.

  • бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.

2

ЖОБА

1-тоқсан

Бөлім/Тақырып: 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

Оқу мақсаты 7.1.1.1 «Химия» ғылымының нені оқытатынын білу.

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі

Бағалау критерийі Білім алушы

• Химияның ғылым ретіндегі анықтамасын

тұжырымдайды.

Тапсырма

Берілген сөздер жинағын қолдана отырып, «Химия» ұғымына анықтама құрастырыңыз.

басқа

айналып

Химия

түрленуін

заттарды

қарастырады

олардың

қасиеттерін

заттарға

пәні

Дескриптор Білім алушы

  • берілген сөздер жинағын дұрыс ретімен орналастыра отырып химияны ғылым ретінде сипаттама береді.

3

ЖОБА

Бөлім/Тақырып: 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар.

Оқу мақсаты 7.1.1.2 Химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс

жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және сақтау.

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі

Бағалау критерийі Білім алушы

• Химия лабораториясында және кабинетте жұмыс

жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының

ережелерін айтады.

• Лабораториялық жұмыстарды орындағанда

қауіпсіздік техникасының ережелерін түсіндіреді.

Тапсырмалар

1- тапсырма

Төменде берілген суреттен химия зертханасында жұмыс жасау барысында

сақталатын қауіпсіздік техникасының ережелерін түсіндіріңіз.

А._______________________________________________________________

B._______________________________________________________________ C.______________________________________________________________

А. В. С.

Дескриптор Білім алушы

  • берілген суреттер бойынша химия зертханасында жұмыс жасау барысында сақталатын қауіпсіздік техникасының ережелерін түсіндіреді.

2- тапсырма

Химия кабинетіндегі жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін толықтырыңыз.

А. Химиялық экспериментті жүргізу алдында _________________________________

B. Егер реактивтің әсерінен күйіп қалсаң _____________________________________

4

ЖОБА

C. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан _______________________________

D. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе _________________________________

Дескриптор Білім алушы

  • химия кабинетінде және химия лабораториясында жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері бойынша сөйлемді ары қарай толықтырып жазады.

3- тапсырма

Лабораторияда тиым салынатын белгілерді қарастырыңыз. Бұл белгілер қауіптіліктің қандай түрін білдіретінін сипаттаңыз.

____________________________________________________

Дескриптор Білім алушы

  • қауіпсіздік техникасының ережелері бойынша белгілерді сипаттайды;

5

ЖОБА

Бөлім/Тақырып: 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар.

Оқу мақсаты 7.4.1.1 Элементті бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі

Бағалау критерийі Білім алушы

• Элементті атомның белгілі бір түрінен тұратын зат

ретінде сипаттайды.

Тапсырмалар

1- тапсырма

Төменде берілген суретте А, В, С, D әртүрлі заттар берілген:

(а) Қандай суретте тек элемент берілгенін анықтаңыз ________________________

  1. Өз таңдауыңызды түсіндіріңіз ________________________________________

____________________________________________________________________

Дескриптор Білім алушы

    • суреттен химиялық элементті көрсетеді;

  • өзінің таңдауын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді.

2- тапсырма

Әрбір химиялық элементтің өзінің символы мен атауы бар. Символ бойынша химиялық элементтерді атаңыз және химиялық элементтердің атауы бойынша символын көрсетіңіз.

Al - ______________________; Калий -

C - _______________________; Күкірт -

Fe - ______________________; Литий -

Na - ______________________; Кремний -

Ca - ______________________. Мыс -

Дескриптор Білім алушы

− символдар бойынша химиялық элементті атайды;

  • атауы бойынша химиялық элементтердің символдарын көрсетеді.

6

ЖОБА

Бөлім/Тақырып: 7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар.

Оқу мақсаты 7.4.1.2 Таза заттың құрамы тұрақты екенін білу.

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі

Бағалау критерийі Білім алушы

• Таза заттарды сипаттайды.

Тапсырмалар

1- тапсырма

Суретте орман ауасы құрамына кіретін заттардың атаулары және молекула моделдері берілген: 1 – азот, 2 – оттегі, 3 – аргон, 4 – көмірқышқыл газы, 5 – су, 6 – озон, 7 – терпинеол . Суретке қарап қандай заттардың таза зат екенін атаңыз және ойыңызды негіздеңіз.

Дескриптор Білім алушы

− суретке қарап қандай заттардың таза зат екенін атайды; − суретке қарап қандай заттардың таза зат екендігі жайлы

ойларын негіздейді.

2- тапсырма

Берілген заттардың ішінен таза заттарды атаңыз: Ауа , сутегі, мыс, сүт, алтын, металл балқымалары, хлор, ерітінділер, азот, тұман, түтін. Таза заттарды алу жолдарын көрсетіңіз.

Дескриптор Білім алушы

− таза заттарды ажыратады;

− таза заттарды алу жолдарын атайды.

7

ЖОБА

Бөлім/Тақырып:

7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

Оқу мақсаты

7.4.1.3 Элемент, қоспа және қосылыс түсініктерін

ажырата алу.

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Элемент, қоспа және қосылыс түсініктерін

Тапсырмалар

ажыратады.

1-тапсырма

Төменде көрсетілген суреттерді «элемент», «қосылыс» немесе «қоспаға» жіктеңіз.

Дескриптор Білім алушы

− суреттен элементті көрсетеді; − суреттен қосылысты көрсетеді; − суреттен қоспаны көрсетеді.

8

ЖОБА

2-тапсырма

Төмендегі заттарды элемент, қоспа, қосылыстарға жіктеңіз: кетчуп, күміс, теңіз суы, ауа, оттегі, топырақ, алтын, ас тұзы, көміртек (алмаз), көмірқышқыл газы, кока-кола, қант, цемент, әктас, хлор.

Элемент

Қоспа

Қосылыс

Дескриптор Білім алушы

− элементтерді кестеге толтырады; − қоспаларды кестеге толтырады; − қосылыстарды кестеге толтырады;

− элемент, қоспа, қосылыстарды ажыратады.

9

ЖОБА

Бөлім/Тақырып:

7.1А Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар

Оқу мақсаты

7.4.1.4 Қоспалардың түрлерін ажырату және

қоспаларды бөлуге эксперимент жүргізу.

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Бағалау критерийі

Білім алушы

Қоспа түрлерін атайды.

• Қоспаларды бөлуге қатысты қарапайым

Тапсырмалар

эксперимент жүргізеді.

1- тапсырма

Қоспалардың түрлерін атап, жіктеп, кестені толтырыңыз.

Қоспа

Дескриптор

Білім алушы

қоспалар түрлерін атайды;

қоспаларды жіктеп, ажыратады;

− кестеге қоспалар түрлерін толық жазып, кестені толтырады.

2- тапсырма

Лабораториялық жұмыс «Ластанған ас тұзын тазарту».

Мақсаты: ластанған ас тұзын тазарту жолын ұсына білу, тазарту алгоритмін

жасау, жұмыстың есебін дұрыс жаза білу.

Құрал-жабдықтар: штатив, шыны стакан, таяқша, фарфор ыдыс, сүзгі қағаз, спирт шамы.

Сіздерге өзен құмы араласқан ластанған ас тұзы берілген. Оны тазарту үшін:

а) суда ерітіңіз;

б) сүзгіден өткізіңіз;

в) ерітіндіні буландырыңыз.

Қоспаларды бөлуге қатысты эксперименттің жоспарын жасап, кестеге бөлу жолы туралы қорытынды жазыңыз.

Қоспаның

Қоспаның түрі

Қоспаны бөлу

Бөлу әдісі неге

құрамы

әдісі

негізделген?

10

ЖОБА

Дескриптор Білім алушы

− берілген қоспаны бөлу жолын анықтайды; − қоспаны бөлудің алгоритмін жасайды;

− қоспаны бөлу жолдары туралы қорытындыны кестеге толық жазады;

− бөлу әдісінің не үшін қажет екенін көрсетеді.

3- тапсырма

Суретте қоспаларды бөлу әдістері бейнеленген, осы әдістерді қоспалардың

қандай түрлеріне қолдануға болатынын көрсетіңіз.

А

В

С

D

Дескриптор

Білім алушы

  • суреттен қоспаны бөлу әдістерін атайды.

11

ЖОБА

Бөлім/Тақырып:

7.1В Зат күйінің өзгеруі

Оқу мақсаты

7.1.1.3 Физикалық және химиялық құбылыстарды

ажырату.

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Физикалық және химиялық құбылыстарды

салыстырады.

• Физикалық және химиялық құбылыстардың

Тапсырмалар

белгілерін сипаттайды.

1- тапсырма

Лабораториялық тәжірибе «Химиялық реакциялардың белгілері».

Мақсаты: тәжірибе арқылы химиялық реакциялардың белгілерін көрсету. Мына реакцияларды жүзеге асырып, есептеріңізді үлгі бойынша жазыңыз. Не байқадыңыз? Бұл реакциялардың белгілері қандай?

а) Na2CO3 мен CaCl2. әрекеттесуі.

Натрий карбонатына кальций хлоридін қосқанда _________________ және __________________ түзіледі. Сонымен қатар реакцияның белгісі _________________________ болады. Демек, бұл ______________________ құбылыс.