Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
monitoring_durys.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.72 Кб
Скачать

17.Аэрокосмостық мониторинг

Аэрокосмостық мониторинг: адам мен әртүрлі ғаламшарлардағы тіршілік ортасын зерттеу үшін қолданылады.Кеңістіктік ақпараттың сан алуан түрлерін алудың аса кең таралған және осы заманғы атауы – қашықтықтан зондтау, бұл жерде зерттелетін объектіні аппаратураның қабылдайтын сезімтал элементтерімен тікелей қарым-қатынассыз қашықтықта объектілерді зерттеу түсініледі.Зондтау бағыты әлі де зерттеуді қажет етеді. Өйткені Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) мәліметтерін пайдалану аясы үздіксіз кеңейюде, сондықтан ЖҚЗ атауымен оқу пәнінің шегінде түсіріс материалдарын қолданудың барлық ықтимал бағыттарын қамту мүмкін емес.

«Аэроғарыштық түсірістер әдістері» атауы,ЖҚЗ материалдарын қолдану бағыттарына баса назар аударусыз,ЖҚЗ-ның ең жалпы ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерттеу қарастырылып отыр. Сонымен қатар, әуелік және ғарыштық негіздегі ЖҚЗ түсіріс жүйесі дамуының қазіргі кезеңінде бір-бірінен ерекшелігі болмашы ғана. Оқу құралының мәтіні бойынша алдағы уақытта осы ескертпелерді ескере отыра, ЖҚЗ,сондай-ақ «Аэроғарыштық түсірістер» сияқты анықтамалардың пайдаланылуы мүмкін.Жерді қашықтықтан зондтаудың дәстүрлі классикалық әдісі аэрофототүсіріс болса –адамзат дамуының қазіргі кезеңіндегі ғарыштан алынған ЖҚЗ-ның әртүрлі әдістері аэротүсірістерді ығыстыра бастады. Бұған төмендегі негізгі факторлар ықпал етті:екі әлемдік қоғамдық-саяси жүйенің қарсы тұруының аяқталуы, бұл ғарыштан қашықтықтан зондтаудың жоғары жәнеөте жоғары түсіріс мүмкіндігі бар деректеріне еркін болып табылады.

Кеңістіктік қамту деңгейінің метрлік бірліктен бірнеше километрге дейінгі мүмкіндігі бойынша ЖҚЗ спектрінің кеңеюі орындалатын көптеген тапсырмалардың санын күрт арттыруға мүмкіндік береді. Ауа, су, топырақ, өсімдік және хайуанаттар әлемі, әртүрлі пайдалы қазбалар жататын Жердің табиғи ресурстарын зерттеумен қатар, топографиялық картографиялау мен әртүрлі көлемдегі топографиялық карталарды жаңарту ықтимал болды. Бұған ғаламдық жерсеріктік жүйесін (GPS) құру да ықпал етті. ЖҚЗ-ның сан алуан түрлері Жерде болып жатқан жаһандық өзгерістерді анықтау бойынша ғылыми міндеттерді шешу кезінде кеңінен қолданыла бастады. Компьютерлік технологиясының дамуы және ЖҚЗ-ы деректерін жинау, өңдеу мен ұсыну ғарыштық түсірістерді пайдалану нарығының кеңеюіне ықпал етті. Ғарыштан ЖҚЗ-ны қолданудың келесі маңызды саласы адамның қоршаған ортасына мониторинг жүргізу мүмкіндігі болып табылады, мониторинг ретінде уақыт аралығында зерттелетін объекті жай-күйінің динамикасын (үздіксіз немесе берілген мерзімдік) бақылау түсініледі. Экологиялық проблемаларды шешу, зілзалалармен және техногендік апаттармен байланысты төтенше жағдайлар болған кезде, мониторингтің айрықша маңызы бар. Осы міндеттерді тиімді шешуге нақты уақыт режиміндегі ЖҚЗ-ның жоғарғы жеделдігі ықпал етеді.

18.Экологиялық картография

Экологиялық картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін,т.б.картографиялық кескіндеудің(бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады.Экологиялық картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты белгілер жүйесі) теориялары;Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;картографиялық деректер тану (картографиялық деректерді саралау және оларға қатысы бар ғылыми-ақпарат теориясының мәселелері);карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.

Экологиялық картография ғылыми және техникалық пәндер жүйесіне тарамданады. Оның біреуінің көп ғасырлық тарихы болса, кейбіреулері жақында ғана пайда болып, қалыптасу сатысынан өтуде. комитеның жалпы теориясы картаны жасау әдістемесі мен пайдалану мәселелерімен шұғылданады.Экологиялық картография теориясының негізгі әдістемесі – картатану. Математикалық Картография картаның математикалық негіздерін зерттейді.Ол картографиялық проекция теориясын әзірлейді, картографиялық тор құрудың әдістерін жасайды, олардағы бұрмалануды талдайды. Картаны құру және жобалау пәні картаны әзірлеу әдісі мен оның лабораториялық технологиясын зерттейді. Картаны безендіру және картографиялық семиотика картаның тілін, картографиялық белгілер жүйесін құру әдісі мен теориясын, картаны көркемдеу, түрлі түсті безендірумен айналысады. Картографиялық семиотика шеңберінде белгілер жүйесін құру және оларды пайдалану тәртібін зерттейді. Картаны басып шығару – картаны, атласты, т. б. картографиялық өнімдерді технологиялық әзірлеу, көбейту, картаны полиграфиялық безендіруден тұратын техникалық пән. Картографиялық өндірісті ұйымдастыру және экономикасы – салалық экономикалық пән. Ол карта жасау өндірісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді пайдаланудың теориясы мен әдісін әзірлейді. Картография тарихы картографиялық өндірістің дамуын, көне картографиялық өнімдердің тарихын зерттейді. Картографиялық топонимика – географиялық атаулардың мағыналық мәнін зерттейтін пән. К. салаларын нысанға қарап та жіктейді.Әдісіне қарай жердегі, аэроғарыштағы және су астын картографиялау; масштабына қарай – ірі масштабты, орта масштабты және ұсақ масштабты деп ажыратады.Картография –бейне белгі моделі, обьектілерді, табиғат құбылыстарын кеңістікке таралу заңдылықтары бойынша зерттеп картаға түсіру. Картографияның өзіндік танымдық обьектілері, олар: материалдық заттар мен құбылыстарының өзара орналасу тәртібінің барлығы; бұл тәртібтің уақытша өзгеруі.Картографияның танымдылық құралы (пәні) картаға график тілімен түсіру-нақтылы жағдайды бейне белгі моделі бойынша. Картография –карта көмегімен кеңістік пен уақытты тоқтатып, жаңартуға, әр дәуірдің ерекшеліктерін, техниканың даму дәрежесін, қоғамды көрсете алады. Алғашқы қоғам адамдарынан бастап қазіргі картографиялық өндіріске дейін географиялық картаның даму жолы өте ұзақ болды. Карталарды жетілдіру процестері одан әрі де жалғасуда.Картография тарихы мен география ғылымдары арасында тығыз байланыс бар. География тарихы мен карторафия өзара байланысты. Сондықтан оларды жеке қарау немесе екеуінің шекарасын анықтау өте қиын. Географияның басты мақсаты Жерді графикалық түрде көрсету болып табылады.

19-сұрақ Радиациялық мониторинг

Радиациялық мониторинг – қоршаған орта мен территориялардағы нысандардың техногендік және табиғи ластануын бақылау жүйесі. Радиациялық мониторинг Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны министрлгінің «Қазгидромет» РГБ арқылы жүзеге асады. Атмосфераның жерге жақын қабатының радиациялық ластануы үшін бақылау Қазақстанның 14 облысындағы 43 метеорологиялық метеостансасында жазық планшеттармен ауа сынамаларын алу жолымен жүзеге асырылады. Барлық стансаларда бес тәуліктік сынамалар алу жүргізледі.

Радиациялық мониторингтің бақылау желісі мыналарды:

- 43 метеостансада-жиынтық бета –белсенділікті анықтауды;

- 79 метеостансада-гамма-сәулененудің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын өлшеуді қамтиды.

Мониторинг барысында табиғи гамма фонды күнделікті өлшеу, атмосфералық ауадан және жауатын жауын-шашыннан ай сайын сынама алу және сынамаларды радиоактивтілікке зерттеу, тамақ өнімдерін радиоактивтілікке зерттеу шаралары жүргізіледі. Жалпы республика бойынша 2011 жыл ішінде жауын-шашынның 280 сынамасы, атмосфералық ауаның 140 сынамасы радиоактивтілікке зертелді, радиациялық ластану тіркелген жоқ.

20-сұрақ

Топырақты ауыр металдар мен пестицидтермен ластану деңгейін бақылау.

Ауыр металдардан топырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Мысалы, Семей қаласының өңдірістік орындарына жақын маңдағы топырақ құрамындағы кейбір ауыр металдардың жинақталуы қалыпты мөлшермен салыстырғанда мырыш-7,4, қорғасын-9,9, мыс-3,8, кадмий-13,3, марганец-1,3, кобальт-2,4 есеге артық. Ауыр металдардың топырақтағы мөлшері, таяу маңдағы өсірілетін ауыл шаруашылық өсімдіктері мен бау-бақша дақылдарында 2-3,5 есеге дейін жоғарылаған. Осыған байланысты қоршаған ортаны қорғау мамандардың алдына қойылып отырған басты мәселе – ауыр металдардың қоршаған ортадағы жалпы және белсенді мөлшерін анықтау.

Пестицидтер дегеніміз – ауылшаруашылдық зиянкестерін, арам шөпті өсімдіктерді жоюға арналған химиялық заттар.

Бастапқыда пестицидтердің әрекеті оларды қолдану аясымен шектеледі деп жорамалданған. Бірақ топырақта олардыцң қалдықтары салыстырмалы түрде ұзақ уақыт сақтала алады. Дәл осы қалдықтар өздерін ластаушы заттар ретінде көрсетеді. Топырақтарда сақтала отырып, олар қоректік тізбек бойынша азық-түлік өнімдеріне түсуі мүмкін. Пестицидтер топырақ – азық – жануарлар – өнім – адам жүйесінің барлық тізбектеріне әсер етеді. Тікелей әсер етуден бөлек, олар барлық тіршілік үшін маңызы әлі анықталмаған метаболиттерді құрай алады.

21-сұрақ

Инженерлі-геологиялық мониторинг, олардың зерттеу нысандары, міндеттері

Инженерлiк геологияның негiзгi мақсаты құрылыс ауданындағы инженерлiк-геологиялық жағдайды зерттеу және бағалау, адамның инженерлiк әрекеттерiнен мүмкiн болатын өзгерiстердi болжамдау, инженерлiк ғимараттарды салуға және пайдалануға қолайлы жағдай туғызатын шараларды пайдалану болып табылады. Инженерлiк құрылыстарды салу кезiнде грунттың берiктiлiгiне оның минералдылық құрамының да өзiндiк әсерлерi бар. Тау жыныстарының минералдылық құрамы олардың талқандалу дәрежелерiне (түйiрлерi), қалыптасу жағдайларына, орналасу жағдайларына және тау жыныстарының бастапқы құрамдарына байланысты әртүрлi өзгерiстерге ұшырайды. Грунттардың талқандалу дәрежелерiнiң артуына байланысты бөлшектерi жекелеген минералдардан тұратынын байқауға болады. Ал сазды грунттарда олардың минералдылық құрамы өзгередi.

Сазды минералдар алғашқы пайда болған минералдардың химиялық өзгерiстерiнен тұрады: дала шпаттары, слюда және т.б. Сазды минералдардағы бөлшектердiң өлшемдерi 0,001 мм-ден артпайды. Сазды минералдарды негiзгi 3 топқа бөлуге болады: каолинит, гидрослюда, монтмориллонит.

Осыдан-ақ құрылыстың әртүрлi түрлерiн: азаматтық, өндiрiстiк, қорғаныстық, гидротехникалық мелиоративтiк, транспорттық-негiздеу үшiн жүргiзетiн инженерлiк-геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулердiң және осы ғылымның маңызының аса зор екенiн көремiз

Кез келген құрылыстың жобасын жасау үшін құрылыс жүргізілетін жерде геологиялық және инженерлі-геологиялық зерттеулер жүргізу керек. Инженерлі-геологиялық зерттеудің бірінші кезеңінде жер телімі үшін қолайлы жер іздестіріледі, екінші кезеңде таңдап алынған жер теліміне зерттеу жүргізіледі. Жұмыстың аса маңызды құрамды бөліктерінің бірі- таңдап алынған жер телімінің физико-техникалық қасиеттерін зерттеу болып табылады.

Инженерлік-геологиялық зерттеулер құрамына мыналар кіреді:

- Инженерлік-геологиялық түсірілім

- Бұрғылы-таулы жынысты жұмыстар

- Инженерлік-геологиялық жұмыстар

- Лабораториялық жұмыстар

22. Биоиндикация және биотестілеу. Биоиндикация (грек. іndіco — көрсеткіш, анықтағыш) — организмдердің бір жерде тұрақты мекендеуі, олардың сандары, құрылымы және дамуы, табиғи процестер мен тіршілік ортасы жағдайларының көрсеткіші. Қоршаған ортаның жағдайлары мен кейбір процестердің маңызын бағалау мақсатында биоиндикация қолдану организмдердің белгілі бір факторларға біржақты бейімделушілік қасиетіне негізделген. Мысалы, балықпен қоректенетін құстардың бір жерге көптеп жиналуы — судың сол бөлігінде балықтардың шоғырлануының, ал су микрофлорасының құрамы — оның тазалығы мен ішуге жарамдылығының, топырақ құрамы — оның құнарлылық дәрежесінің көрсеткіші бола алады. Ғарыштық зерттеулерде ғарыш факторларының организмге тигізетін әсерін анықтау үшін жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер биоиндикация есебінде пайдаланылады.

Биоиндикация - қандай да бір табиғат процестерінің, құраушыларының, ерекшеліктерінің немесе қоршаған ортаның өзгерістерінің бар-жоғын немесе қарқындылығын көрсететін көрсеткіш болып табылатын өсімдіктердің немесе жануарлардың (немесе тұтастай биоталық бірлестіктің) жеке түрі. Биоиндикация бірқатар пайдалы қазбаларды іздегенде, топырақ пен табиғи суларды және тағы да басқалары бағалауда қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]