- •4. Атмосфераның ластануын бақылау мониторингі. Атмосфераның ластануы, ластаушы заттар. Атмосфераның ластануын болжау.
- •5. Қоршаған ортаның ластаушы заттарына мониторинг жасау
- •6. Қоршаған ортаның өзгеру жағдайына мониторинг жүргізу
- •7. Мониторинг бақылау жүргізу прициптері
- •9. Тұрғындардың денсаулығы- қоршаған ортаның жағдайының индикаторы ретінде.
- •13. Топырақ мониторинг, Топырақ құрамындағы ауыр металдардың құрамын бақылау
- •14. Кәсіпорынның экологиялық паспорты
- •15 Биологиялық мониторинг және оның деңгейлері
- •16.Бүкіләлемдік метеорологиялық орталық.Биосфера ластануының халықаралық мониторингі.
- •17.Аэрокосмостық мониторинг
- •18.Экологиялық картография
- •23. Атмосфералық ауаның ластануын зерттеу түрлері
- •24.Мұнай өндіретін аймақтар мониторингі.
7. Мониторинг бақылау жүргізу прициптері
Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:
қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.
табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.
қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.
Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:
Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:
биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);
дистанционды (авиациялық және космостық);
аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).
Бақылау обьектілері бойынша:
қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);
биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).
Мониторинг жүйесінің негізгі принциптері:
1) мониторинг объектілерінің техникалық жағдайы туралы ақпарат алу заңдылығы;
2) мониторинг объектілерінің техникалық жағдайына үздіксіз бақылау жасау;
3) мониторинг жүргізу нәтижелеріне қолжетімділіктің ашықтығы болып табылады.
8. Гидросфера ластануының масштабы, түрлері, ластаушы көздер.
Жер планетасындағы судың жалпы мөлшерi — 1386 млн.км3. Бұл судың 96,5 % Əлемдiк мұхитқа тиесiлi.Мұхиттардың орташа тереңдiгi 3704 м ал ең тереңi — 11034 м Жер қойнауының жоғарғы бөлiгiнде түрлi тереңдiкте жер асты суының қоры бар. Тұщы сулар əдетте, 150-200м тереңдiкте орналасады да, тереңдеген сайын тұздана бередi.
Жер астындағы тұщы сулардың көлемi жер бетiлiк тұщы су көлемiнен 100 есе көп. Су табиғатта үш түрлi агрегат күйде (қатты, сұйық, газ) кездеседi.
Қазiргi кезде адамзат қоғамында бiр жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлiгi қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсiру үшiн барлық вегетациялық кезеңiнде 1500 тонна, 1тонна күрiшке — 7000 тонна, мақтаға 10 000 тонна су жұмсалады.
Соңғы жылдары өзен, көл, теңiз бен мұхит суларының ластануы қатты байқалуда. Табиғи суларды ластаушы негiзгi көздер төмендегiлер:
1) өндiрiс орындарынан шыққан поллютанттар бар атмосфералық сулар; 2)фекалийлер, детергенттер, микроорганизмдер (олардың iшiнде патогендi де) бар тұрмыстық сулардан құралған ағызынды сулар; 3)суды көп пайдаланатын қара металлургия, химия, орманхимия, мұнай өңдеу өнеркəсiптерiнiң ағызынды сулары.
Өндiрiстiң дамуына жəне суды пайдаланудың артуына байланысты ағызынды сулардың мөлшерi де артып отыр. 60 жылдардың өзiнде-ақжыл сайын əлемде 700 млрд м3 ағызынды сулар жиналатын едi. Өзендердiң ластануы соңғы жылдары қатты байқалып отыр. Мысалы, тек қана Рейн өзенi жыл сайын 941 т. сынап, 1040 т. мышьяк, 1700 т. қорғасын, 1400 т. мыс, 13 000 т. мырыш, 100 т. хром мен 20 млн т . түрлi тұздармен ластанады.
Жер бетiндегi ең лас — Жерорта теңiзi болып табылады. Ағызынды сулардың зиянды əсерiнен ондағы балықтардың 80 процентi қырылып қалған. Кемелердiң апатқа ұшырауынан, танкер резервуарларын жуған судан жəне мұнай өндiру жұмыстары кезiнде жыл сайын Əлемдiк мұхит сулары 12-15млн т. мұнаймен ластанады. Судың бетiндегi мұнай қабаты атмосфера мен гидросфера арасындағы газ алмасу процесiн бұзып, оттектiң жетiспеушiлiгiнен гидробионттардың қырылып қалуына себеп болады.
