- •4. Атмосфераның ластануын бақылау мониторингі. Атмосфераның ластануы, ластаушы заттар. Атмосфераның ластануын болжау.
- •5. Қоршаған ортаның ластаушы заттарына мониторинг жасау
- •6. Қоршаған ортаның өзгеру жағдайына мониторинг жүргізу
- •7. Мониторинг бақылау жүргізу прициптері
- •9. Тұрғындардың денсаулығы- қоршаған ортаның жағдайының индикаторы ретінде.
- •13. Топырақ мониторинг, Топырақ құрамындағы ауыр металдардың құрамын бақылау
- •14. Кәсіпорынның экологиялық паспорты
- •15 Биологиялық мониторинг және оның деңгейлері
- •16.Бүкіләлемдік метеорологиялық орталық.Биосфера ластануының халықаралық мониторингі.
- •17.Аэрокосмостық мониторинг
- •18.Экологиялық картография
- •23. Атмосфералық ауаның ластануын зерттеу түрлері
- •24.Мұнай өндіретін аймақтар мониторингі.
1-сұрақ
Мониторинг классификациясы және деңгейлері.
«Мониторинг»сөзі латын тілінде «монитор» - «бақылаушы», «сақтандырушы» деген мағынаны береді. Желкенді кеменің басқа кемелермен, қайраңдармен, су астынан көтеріліп тұратын жар тастардан (риф) соқтығысып қалудан сақтандырып тұратын матросты «монитор» деп атаған (Е.Н. Вилесов, 1999). Қазіргі кезде мониторингтің көптеген түрлері бар. Қоршаған табиғи орта мониторингі дегеніміз – адамдардың денсаулығына, тірі ағзалардың тіршілігіне, олардың қауымдастығына, табиғат кешендеріне зиянды және қауіпті жағдайлардың алдын алу, табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану шараларын жасау мақсатында қоршаған ортаның жағдайын бағалау және болжау. Бақылау әдістері бойынша мониторинг: биосфералық (ғаламдық), экологиялық, биологиялық (индикаторлар көмегімен), санитарлық-токсикологиялық, халықаралық, аймақтық, ұлттық, жергілікті, ғарыштық және т.б. болып жіктеледі. Ықпал ету көлемі бойынша мониторинг кеңістіктік және уақыттық болып жіктеледі. Ақпаратты талдау сипатына қарай базалық, әлемдік, аймақтық және ерекше қауіпті аймақтардың (импактылы) мониторинг болып бөлінеді. Базалық мониторингі – адамның тікелей немесе жанама түрде әсер етуі арқылы өзгеріске ұшырайтын табиғи процестер мен құбылыстарды бақылау, қадағалау. Ғаламдық мониторинг – биосферадағы планетарлық үдерістер мен құбылыстарды табиғатқа антропогендік әсерлермен қоса бақылау. Ғаламдық мониторинг құрамында табиғи үдерістердің жағдайын, әлемдік мұхиттардың жағдайын, газдардың ауысуын бақылау және болжау, жердің жылу және энергетикалық балансын, радиация деңгейін, тропосферадағы және бірен-саран гидросферадағы оттегі мен көмір қышқыл газ деңгейінанықтау, атмосфераның ластану деңгейін бақылау. Ғаламдық мониторинг аймақтың және тұтастай биосферадағы табиғи процестер туралы білуде, қоршаған ортаны қорғау барысында ғаламдық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің әсерінен климаттың өзгеруі тірі ағзаларға кері ықпалын тигізуде. Азот және көміртегі тотығының атмосферада шамадан артық жиналуы салдарынан озон қабатының бұзылуы; әлемдік мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы мәселелерін, атмосфера (тропосфера) және гидросфера, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жердің топырақ жамылғысын әлемдік деңгейде бақылауға бағытталған. Осы деңгейлес ғарыштық мониторингтің міндеттерін сипаттап көрсету қажет. Ғарыштық мониторинг дегеніміз ғарышта ұшатын аппараттармен қашықтан мониторинг жүргізудің түрі.Табиғат ресурстарын есептеу және жағдайын бағалау үшін ғарыштық техникаларды пайдаланып, Жерді қашықтан бақылаудың бір түрі. Соның нәтижесінде табиғат ресурстарының ғаламдық және аймақтық таралуы және оларды пайдалану барысындағы өзгерістері туралы ауқымды мәліметтерді өте қысқа мерзімде алуға болады. Аймақтық мониторинг – белгілі бір аймақтағы қоршаған ортаның болмысындағы процестерді бақылап, қай жерлерде осы процестер және болмыстар табиғи жағдайда өзгергендігін сондай-ақ, антропогендік әрекеттердің әсерінен базалық немесе негізгі биосфераға тән табиғи көріністен ерекшелігін анықтайды. Мысалға: Арал теңізі, Семей полигонын, Чернобыль трагедиясын едәуір қауіпті аймақтарды алуға болады. Загрузка... Аймақтық мониторингтің төмендегідей синонимдері бар: геоэкологиялық, геожүйелік, табиғи шаруашылықтық. Маңызды мониторингтердің бірі биосфералық мониторинг – антропогендік факторлардың әрекеті әсерінен өзгерістерді қоса алғанда, биосфера деңгейінде табиғи процестер мен құбылыстарды бақылау жүйесі. Биологиялық мониторинг – биологиялық ортаның жағдайын, дамуын және өзгерістерін қадағалау, бақылау жүйесі. Гляциологиялық мониторингдеп атмосферадағы, гидросферадағы, литосферадағы табиғи мұздар, олардың даму динамикасы мен режимі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы, жердің эволюциясындағы мұздың рөлін болжау, бақылау жүйесін айтады. Импактылы мониторинг –қоршаған ортадағы ерекше қауіпті аймақтар мен қауіпті жерлердегі антропогендік әрекеттердің тигізетін зардаптарын зерттейді. Ластанудың мөлшері немесе өлшемі – табиғи ортаның жекелеген құрамдас бөліктерінің (топырақ, су, атмосфера) ластауды тудыратын себепті анықтау құралы, ауқымы, таралу көлемі және сапалы талдау кіреді качественный анализ. Жергілікті мониторинг – атмосферадағы адамды улайтын химиялық заттардың уытты құрамын, табиғи судың, өсімдіктердің, топырақтың, нақтылы ластайтын ошақ көздерін (өнеркәсіп орындары, құрылыс нысандары, кен өндіру, мелиоративтік жүйені, энергетика өндірісі және т.б.) бақылайды. Сонымен бірге ластану себептерін, табиғи ортаның ластану дәрежесін анықтайды. Жергілікті мониторинг қоршаған ортаның жағдайын сол ортада өмір сүретін адамдардың ден-саулығына қарап бағалайды, ол дегеніміз табиғи ортаның ең маңызды, ауқымды және кешенді жағдайы. Жергілікті мониторингті табиғатты қорғау қызметтерін жасаушылар жүргізеді.
2-сұрақ
Ластаушы заттардың хромотогрофиялық әдістері.
Ластаушы - қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық түр). Ластану кез-келген агентпен болуы мүмкін. Тіпті ең таза агент те ластаушы болуы мүмкін, яғни, ластаушы дегеніміз табиғаттың өз тепе-теңдігінен шығуына алып келетін фактор. Жоғарыда айтылғандай, шығу тегі бойынша ластану табиғи және антропогенді (адамның қатысуымен) болып келеді. Табиғи ластану - табиғи, әдетте үлкен апаттар, зілзалалар (жанартау атқылауы, жер сілкіну) нәтижесінде пайда болады. Өкінішке орай, өнеркәсіптің дамуына байланысты қоршаған ортаның ластануы антропогендік ластану болып отыр. Оларды өз кезеғінде жергілікті және ғаламдық деп бөлуге болады. Жергілікті ластану өнеркәсіп аймақтарында немесе қала төңірегінде болуы мүмкін. Ғаламдық ластану үлкен қашықтықтарға тарап биосфералық процестерге, Жерге әсер етеді. Антропогендік ластану адам қатысуымен, олардын тікелей немесе жанама әсер етуінен пайда болады. Хроматография — газ, бу, сұйық немесе еріген заттар қоспасын сорбциялық әдістермен бөлу. Хроматография сорбциум процестерге негізделген, ол газдардың немесе сұйықтардың, кеуекті сорбциум орта (сорбенттер) арқылы өтетін сұйықтардың салыстырмалы қозғалысына бағытталған жағдайда жүзеге асады. Қоспа құраушыларының сорбиялануы неғұрлым кем болса, ол қозғалмалы фазаның (газ немесе сұйық) толқын бағытына қарай соғұрлым (сорбент колонкасының бойына) үлкен жылдамдықпен орын ауыстырады. Осының нәтижесінде қираушылар бөлінеді, ол заттарды жекелеп бөлуге және оларды анализдеуге мүмкіндік туғызады. Хроматография аналитикалық химияда, органикалық және бейорганикалық қосылыстарды талдауда, заттарды бөлу және тазарту үшін химиялық технологияда кеңінен қолданылады. Хроматографиялық қондырғылар — физикалық-химиялық әмбебап аспап, оны шамалы өзгертіп адсорбцияны, қайнау температурасын өлшеуде, фазалық өзгерістер мен беттік құбылыстарды зерттеуде, т.б. пайдаланылады. Хроматография әдісінің негізі. Хроматография әдісін 1903 жылы орыс ботанигі М.С. Цвет ашты, ол өсімдік жапырақтарының пигменттерін бөлуде хроматография әдісін қолданды. Ол «аралас ерітіндіні адсорбент бағанасы арқылы сүзгенде, пигменттер жеке әр түрлі боялған аймақ түріндегі жекелеген қабатқа бөлінетіндегі туралы» бірінші болып көрсетті. Зерттелетін зат сынамасын хроматографиялық жүйеге енгізу жағдайына қарай хроматографияны үш түрге топтайды:
3-сұрақ
Геоэкологиялық мониторинг нысандары.
Геоэкологиялық мониторинг- табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық тұрақты бақылаулар жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, олардың өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың рауалды шекті концентрациясының көрсеткіштері қолданылады.
Геоэкологиялық мониторинг бойынша мыналарды бақылайды: ·экожүйелерегі (биогеоценоздардағы) өзгерістерді;
·биогеоценоздардың өнімділігін; · пайдалы қазбалардың, судың, жер және өсімдік қорларының динамикасын;
Геоэкологиялық мониторинг объектілері. Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып келеді.Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты. Б.Скиннердің мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы,алтын өндіру жылына 4%-ға артып отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса,ал екі еселену периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріш келеді,бірақ,оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.
4. Атмосфераның ластануын бақылау мониторингі. Атмосфераның ластануы, ластаушы заттар. Атмосфераның ластануын болжау.
Өндірістің қарқындап дамуына және отын ресурстарын кең көлемде пайдалануға байланысты атмосфера ауасындағы оттегінің қоры азайып, керісінше, көмір қышқыл газының мөлшері артуда. Академик А.П. Виноградовтың зерттеулері бойынша, СО2-ның концентрациясы жыл сайын 0,2%-ға артып отырғанын дәлелденді. Адамзат тарихында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап бүгінгі күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 90%-ын соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртегі айналымының бұзылуы мен атмосферада көмір қышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі химиялық тепе-теңдіктің бұзылуына алып келеді. Ластану деп белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе осы заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын атаймыз. Атмосфераның ластануының екі жолы бар:
1) табиғи ластану;
2) антрапогенді ластану. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаулардың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, өлекселердің шіру процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру тудыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космостан келетін шаң-тозаңдар жатады. Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластаушылар арасында шөлді дала мен басқа да сусыз аймақтарды айрықша атап өтуге болады. Атмосферадағы шаң-тозаңдардың маңызы зор. Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн сәулесін тікелей сіңіріп, жердегі тірі организмдерді күн сәулесінен қорғайды. Заттардың биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектердің, азот тотықтары және т.б. заттардың түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне жағдай жасайды. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіп орындары, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп, ластауын мынадай негізгі түрлерге жіктеуге болады: шикізат, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (әдетте, су буы ластағыштар қатарына жатқызылмайды). Техногенді тастандылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындыларға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегінің, күкірттің, азоттың тотықтары мен фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады. Ғалымдар, экологтар ғана емес, жұмысы мұнай кен орындарымен байланысты адамдар - мұнай өндіру кезінде бөлініп шығатын газдарды пайдаға асыру (утилизация) мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздерге - автокөліктер, көліктің басқа түрлері және өндіріс орындарын жатқызуға болады. Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд. тонна көміртегі тотықтары, 190 млн тонна күкірт тотығы, 65 млн тонна азот тотықтары, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер, көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді. Ең таза ауа - мұхит бетінінің ауасы. Ауылдық жерлерде ауа құрамындағы шаңды қоспалар мұхит бетімен салыстырғанда 10 есе, шағын қалаларда 35 есе көп. Ал үлкен қалалар үстінен қара тұманды байқауға болады.
