Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
с книга кож. 11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.16 Mб
Скачать

Қиды қи жинағыш машинамен алу.

Қидан тазарту үшін ет комбинаттарында ММ-4, ММ-3, ММ-А және басқа шелдегіш машиналарды қолданады, оларды қи түсіретін етіп қайта құрады. Бұл машиналардың шелдегіш машиналардан ерекшелігі сол, олардың пышақты білігі баяу айналады және пышақтары моқал болады. Шелдеу кезінде пышақты білік минутына 1450 рет айналса, қи түсіруде 950 рет айналады. Машинаның негізгі жұмыс органы спиральды жүздері доғалданған пышақты білік болып табылады. Пышақтың спиральдары біліктің ортасынан оның ұштарына қарай бағытталған.

Теріні машинаның резенке білігіне жүн жағын жоғары қаратып салады. Машина педалін басу нәтижесінде тері екі (немесе үш) тасымалдаушы біліктер арасына қысылып, пышақты білікке басылады, ол айналған кезде терідегі қиды тазартады. Терінің бір жартысы тазартылған соң жұмысшы теріні айналдырып, екінші жағын салады.

Терілерді шелдеу

Терілерді шелдеу терілерді қалған ет пен май кесінділерінен тазарту болып табылады. Дайындау ұйымдарының қоймаларында шелдеуді қолдан жүргізеді, ал ірі ет комбинаттарында – механикалық жолмен, шелдегіш немесе сүргілегіш машиналарда жүргізеді.

Қол әдісі

Терілерді қолдан шелдеуді жаңғырық ағаштарда, үстелдер үстінде немесе сандалдарға (козлы) салып жүргізеді.

Мүйізді ірі қара, жылқы, шошқа терілерін әдетте жаңғырық ағашта шелдейді, ол үшін теріні жон жағын ортасына салып, және жаясын жоғары қаратып салады. Жұмыс кезінде тері жылжып кетпес үшін жұмысшы оны денесімен жаңғырыққа қысып, шелдегішпен (екі сапты сәл иілген өткір пышақ) немесе жүзі иілген шалғымен терідегі ет пен майдың кесінділерін сылып алады.ортаңғы бөлігі өңделген соң теріні жоғары қарай тартып, жаға жағын, одан кейін бүйірлерін оны етегін төмен қарата айналдыра отырып ет кесінділерін қылшықтың жату бағытына қарай сылу үшін салады.

Қой және ешкі терілеріндегі ет және май кесінділерін үстел үстінде немесе қыстырғыш тетіктері бар сандалдарға салып сылиды. Қой және ешкі терілерін сандалдарға салып сылыған кезде теріні бір қолмен тартып тұрады да, пышақпен (жүзі дөңгеленген) кесінділердің шеттерін тіледі, одан кейін оларды қолмен ұстап, сыдырып алады. Қой терілерін тазартқан кезде абайлау қажет, өйткені олар жұқа болады және пышақты ұстаған кезде сәл абайламаса, бұл терең тіліктерге немесе тесіп өтуге соғуы мүмкін.

Жылқы терілерінде майдың ең қалың қабаты жал өсетін жерінде болады. Бұл майды сандал үстінде жүзі иілген шалғымен сылиды.

Механикалық әдіс.

Терілерді шелдеу үшін үлкен және кіші шелдегіш машиналарды қолданады.

Үлкен шелдегіш машиналар (ММ-3, ММ-4, ММ-А, ММ-И, 07438/Р1 және т.т.) негізінен мүйізді ірі қара терілерін шелдеу үшін қолданылады.

19-сурет

Шелдегіш кіші машиналар (ММ-2, 07184/Р2 және т.т.) бұзау, торпақ, ұсақ малдар және басқалардың терілерін шелдеу үшін қолданылады.

Өнеркәсіпте қолданылып жүрген барлық машиналар бір-бірінен негізінен жұмысшы біліктердің орналасуы және саны, сондай-ақ олардың ұзындығы немесе өңделетін терілердің өлшемдеріне байланысты жұмыс өтімділігі бойынша ерекшеленеді.

Терілерді шелдегіш машиналарға шелін жоғары және жаясын алға қаратып салады. Одан кейін тасымалдаушы біліктер жүйесі теріні жылжытады, ал тез айналатын пышақты білік спиральды пышақтарымен терідегі ет пен май кесінділерін және ішінара тері асты май қабатын кесіп алады.қой мен ешкі терілерін шелін жаңбырлатқыш астында міндетті түрде сулай отырып шелдейді. Суламаған жағдайда пышақтардың үйкелісі артып, қой терілері бүлінеді.

Шелдемес бұрын терілердің жүн жамылғыларын (әсіресе қой мен ешкі терілерінің) ошаған, қи және басқа қатты лас заттар баржоғын тексереді. Егер олар болған жағдайда терілерді шелдеу кезінде ақаулар (кесіп алу, жұлыну, жыртылу және т.т.) пайда болуы мүмкін.

Шошқа терілерінің майын кетіру үшін ет және жеңіл өнеркәсіпте сүргілегіш машиналар қолданылады, олар шелдегіш машиналар сияқты принциппен жасалған болады. Сүргілегіш машиналар, шелдегіш машиналардан өлшемдері бойынша және пышақты білік айналасының көп санымен (1900-2000 айн/мин) ерекшеленеді. Терілер сүргілегіш машиналарда шелдегіш машиналардағыдай өңделеді.

Терілерді шаю

Тұздықтауға арналған теріні тазартқан соң міндетті түрде шаю қажет. Шаю процессінде терідегі қан, лимфа, кір, құм, қи, микроағзалардың едәуір бөлігі, еритін ақуыздардың біраз бөлігі кетеді. Қатты ластанған терілерді жайып сулап тұздап консервілеу алдында да шаюға болады, тек консервілеу алдында суды барынша көп кетіру немесе тұзды барынша көп жұмсау керек. Жайып салып сулап тұздау арқылы консервіленген, шайылған терілер әдетте ұзақ сақтауға шыдамсыз келеді. Терілерді резеңке түтік арқылы немесе қырғыш – жаңбырлатқыш көмегімен шаюға болады, ол жаңбырлатқыш түтік пен қырғыштың үйлестірілуі болып табылады. Әуелі терінің жүн жамылғысын (2 мин), соңынан шелін (1 мин) жуады. Шайып, суын сыққан соң терілерді суы сорғу үшін сандалдарға салады. Қой терілерін әдетте жумайды.

Ет комбинаттарында терілерді шаю үшін үздіксіз жұмыс істейтін бетон күбі, баркастар мен жүн таситын дабыл қолданылады, бірақ терілерді столдарға жаюлы күйінде шаю әлдеқайда таза шикізат алуға мүмкіндік береді.

Терілерді шайған соң суын сыққыш машиналарға, сыққыш біліктерге, центрифугаларға салып сығады.

Соңғы жылдарда ірі ет комбинаттары терілерді толықтай бастапқы өңдеуге арналған ағынды – механикаландырылған желілермен жабдықталып жүр. Бұл желілер құрамына терілерді шаюға, қиын тазартуға, шелдеуге және суын сығуға арналған машиналар, терілерді тұздықтауға арналған шнектік дабылдар, терілерді өлшеуге, сұрыптауға, таңбалауға және теңдеуге арналған конвейер столдары кіреді.