- •Тері шикізатының тауартануы
- •I тарау. Тері және тондық –үлбірлі шикізаттардың тауартану негіздері
- •Тері топографиясы.
- •Терінің химиялық құрамы және физикалық қасиеттері.
- •Малды сою және терісін сыпыру.
- •Мал сою пункттері.
- •Терілерді сыпыру
- •III тарау. Былғары және тондық шикізатты бастапқы өңдеу және толық өңдеу
- •Қиды қи жинағыш машинамен алу.
- •Терілерді шелдеу
- •Былғары шикізаты мен тондық –үлбір шикізатты консервілеу. Сыпырылғаннан кейін теріде жүретін процестер.
- •IV тарау. Былғары шикізаты және тондық -үлбір
- •Малдың тірі кезінде пайда болған ақаулар
- •Малдың тері ауруларынан пайда болған тері ақаулар
- •Малдың тірі кезінде терілердің механикалық зақымдануынан пайда болған былғары және тондық- үлбірлі шикізаттың ақаулары.
- •Малдың қате және жеткіліксіз азықтандырылуынан пайда болатын тері ақаулары.
- •Малды сою және терілерді сыпыру кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді бастапқы өңдеу кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді қате сақтау және тасымалдау кезінде пайда болатын ақаулар.
- •Тері ақаулары. (гост 3123-78,1134-73)
- •V тарау. Былғары шикізаты және тондық –үлбірлі
- •Түрлі әдістермен консервіленген былғары және тондық-үлбірлі шикізатты сақтаудың негізгі шарттары.
- •Сақтау үші шикізатты іріктеу
- •Шикізатты қатарларға салу.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
III тарау. Былғары және тондық шикізатты бастапқы өңдеу және толық өңдеу
Терінің жеңіл өнеркәсіпке арналған шикізат ретіндегі сапасын сақтау үшін және оны шіріткіш микроағзалардың әсеріне тұрақты ету үшін теріні бастапқы өңдеуден өткізу қажет, яғни тазарту, жуу және консервілеу қажет.
Терілерді тазарту (обрядка)
Теріні тазарту деп терідегі ауырлатқыштарды алып тастауды айтады, оларға қан ұйындылары, кір, қи, мұз, мүйіз, тұяқ, бас сүйектері, құлақтары, еріндер, құйыршық айыртқалары, жыныс мүшелері, май мен ет кесінділері, терінің артық алынған бөліктері жатады.
Тазарту қажеттілігі салмақты шикізатты қабылдау кезінде терінің таза салмағын анықтауда қиыншылықтар тууымен ғана байланысты емес, сондай-ақ ауырлатқыш заттар теріні консервілеуге кедергі келтіреді және өзі шіріткіш бактериялардың дамуы үшін қолайлы орта болып табылады.
Мәселен, теріде ет пен май кесінділерінің болуы тұздың тері тініне диффузиялануына (енуіне) кедергі келтіреді және оны тұзбен консервілеген кезде оның сусыздануын баяулатады, ал кептірген кезде бұл бөліктері баяу кебеді,ендеше оларда шіріткіш бактериялардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасалады.
Үлбірлі және тондық қой терілеріндегі ет және май кесінділері сорттылықты төмендететін ақау деп есептеледі, өйткені әдетте бұл жерлерде жүннің жидуі пайда болады.
Майланған терілерді кептірген кезде май ериді және біртіндеп өте ұсақ тамшылар түрінде дермаға еніп кетеді және коллаген талшықтарды май капсулаларымен қоршайды.
Май құрамына енген қанықпаған май қышқылдары тотығып, өзіне ауадағы оттегін қосып алады және оксимайлы қышқылдарға айналады, олар дерманың коллагенімен бірігеді, және осылайша бұл бөліктерде майлы илеу процестері жүреді.
Терілердің мұндай бөліктері қиындықпен сапсылады, бұл теріні былғары етіп өңдеуді қиындатады.
Бұл процестер шошқа терілерінде жүреді, оларды тұщы – құрғақ өңделгені (консервілеуші заттарсыз кептірілгендігі) үшін стандарттан тыс терілерге жатқызады.
Теріде қатты қабық немесе қи кесектерін жасайтын кір мен қидың, сондай-ақ құлақтардың, еріндердің болуы шіріткіш микробтардың дамуына қолайлы жағдай тудырады, ал қалып қойған қан шикізаттың тұздалуы жылдамдығын баяулатады және оның шіруін тездетеді.
Жылқы терілерін өңдеген кезде оның жалын, шоқтығын, құйыршығын кесіп алады, ал мүйізді ірі қараның құйыршығының ұшын (шашағын) кесіп алады, өйткені бұлар бағалы шикізат болып табылады.
Жаңада сыпырылған булы және сулап тұздалған терілерден мүйізді ірі қара мал терісінің шеттерінде (етектерінде) қалып қойған жұқа ет қабаты («сауысқан еті»), сондай-ақ қабандар терілерінде болатын шеміршекті буылтықтардан басқа ауырлатқыштардың бәрін де алып тастау қажет, ал мына аталғандар ауырлатқыш деп есептелмейді .
Зақым келмеу үшін құрғақ терілерден тек мүйіздерді, бас сүйектерді, құлақтар мен тұяқтарды, ал жылқы терілерінен құйыршықтар мен жалдарды, ал мұздатылған терілерден – оңай алынатын қар мен мұзды алып тастайды.
Қиды алып тастау (мездрение)
Қиды алып тастау шел қабатын алу алдында жүреді, өйткені қи қалған жерлерде терінің беті кедір-бұдыр болады да, оны кесіп алу оңай.
Қиды жібіту ағаш сөрелерде жүргізіледі. Терілерді жүнін жоғары қаратып салады және әр теріні тұздықтың әлсіз ерітіндісімен 1-2 минут бойы сулайды. Суланған терілер қиы жібуі және суы ағу үшін 40-60 минут бойы сөрелер үстінде жатады.
Терідегі жібіген қиды жаңғырық үстіне салып қолдан, қи жинағыш сүргімен немесе қижинағыш машиналарда алады.
Қиды қол әдісімен алу.
Қиды қол әдісімен ағаш (ағаштың қатты тұқымынан) жаңғырықтарға салып тупикпен немесе шалғымен алып тастайды. Жаңғырықтың сыртқы жағы жартылай дөңгелек, тегістеп сүргіленген және мырышталған темірмен қапталады. Жаңғырықтың ұзындығы 1,5 м, ені – 0,6 м. Жаңғырықты 45-60 градус бұрышпен(жұмысшының бойына қарай) түсірілетін қи жинауға арналған жәшікке орнатылады. (17сурет).
17-сурет. Қиды қол әдісімен алу.
1-жаңғырық, 2-тупик, 3-шалғы, 4-пышақ, 5-қи жинауға арналған жәшік.
Теріні жаңғырық үстіне жүнін жоғары қаратып жайып салып, қиды жүннің өсу бағытына қарай түсіреді. Қиды алу үшін тупик қолданылса, қиы қатып қалған және жібімеген жүнді кесіп алып тастау үшін шалғы қолданылады. Тупик ұзындығы 50-60см болатын иілген болат пышақ болып табылады (сапсыз), сыртының қолындағы 4-5 мм болады.
Қиды қи жинағыш сүргімен кетіру.
Аудандық дайындау кенселерінің қоймаларында және мал сою пункттерінде қой терілерінен қи мен селеуді алу үшін сондай-ақ қи жинагыш сүргі НСР-2 (18-сурет) қолданылады. Сүргінің негізі білік болып табылады, оған бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі моқал пышақ орнатылған болады.\
18-сурет. Қи жинағыш сүргі.
Терілерді арнаулы ағаш үстелге немесе жаңғырық ағашқа салып өңдейді, олардың үстіне блоктар, арқан пен қарсы салмақтың көмегімен сүргіні іледі. Теріні лас жағын жоғары қаратып жаяды, одан кейін сүргінің электр қозғалтқышын іске қосып, сүргіні сабынан ұстап, тері үстіне салып терінің қилы учаскелерінің бойымен өзінен кенрі жылжытады. Сүргіні көтерулі қалпында бастапқы қалпына қайтарады. Сүргінің білігі 2350 айн/мин жылдамдықпен айналып, пышақтарымен қи немесе ошағанды ұсақтайды,олар сүргінің күнқағарына соғылып, столдың не жаңғырық ағаштың алдына қойылған жәшікке түседі. Қи түсіргіш сүргіні қолдану жұмысшылардың қиды алып тастау жөніндегі жұмысын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттырады және терілерді өңдеу сапасын жақсартады.
