- •Тері шикізатының тауартануы
- •I тарау. Тері және тондық –үлбірлі шикізаттардың тауартану негіздері
- •Тері топографиясы.
- •Терінің химиялық құрамы және физикалық қасиеттері.
- •Малды сою және терісін сыпыру.
- •Мал сою пункттері.
- •Терілерді сыпыру
- •III тарау. Былғары және тондық шикізатты бастапқы өңдеу және толық өңдеу
- •Қиды қи жинағыш машинамен алу.
- •Терілерді шелдеу
- •Былғары шикізаты мен тондық –үлбір шикізатты консервілеу. Сыпырылғаннан кейін теріде жүретін процестер.
- •IV тарау. Былғары шикізаты және тондық -үлбір
- •Малдың тірі кезінде пайда болған ақаулар
- •Малдың тері ауруларынан пайда болған тері ақаулар
- •Малдың тірі кезінде терілердің механикалық зақымдануынан пайда болған былғары және тондық- үлбірлі шикізаттың ақаулары.
- •Малдың қате және жеткіліксіз азықтандырылуынан пайда болатын тері ақаулары.
- •Малды сою және терілерді сыпыру кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді бастапқы өңдеу кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді қате сақтау және тасымалдау кезінде пайда болатын ақаулар.
- •Тері ақаулары. (гост 3123-78,1134-73)
- •V тарау. Былғары шикізаты және тондық –үлбірлі
- •Түрлі әдістермен консервіленген былғары және тондық-үлбірлі шикізатты сақтаудың негізгі шарттары.
- •Сақтау үші шикізатты іріктеу
- •Шикізатты қатарларға салу.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Тері топографиясы.
Жануардың түріне қарай оның тері сұлбалары (контурлары) әр түрлі болады. Оның үстіне жануардың бір түрінің терілерінің жекелеген бөліктері құрылысында түрлі өзгешеліктер болады, олар терінің былғары өндірісінде пайдаланылуында қолданады.
Терінің ортақ белгілері (тканінің қалындығы мен құрылысы) арқылы біріккен бөліктерінің орналасуының сипаты және олардың қасиеттерінің сипаттамасы (физикалық – механикалық және химиялық құрамы) топография деп аталады.
Теріні дұрыстап консірвілеу, сақтау үшін, сондай-ақ алынған былғарыны дұрыс өңдеу және пайдалану үшін оның топографиясын білу қажет.
Мүйізді ірі қараның ақ сызық бойынша тілініп сыпырылған терісінде мына бөліктердің тығыздығы мен қалындығы бойынша салыстырмалы түрде бірдей болады: басы, жағасы, шабы, терілігі, жаясы, етектері, аяқтары. (3-сурет).
3-сурет. Мүйізді іріқара мал терісінің топографиясы.
Терінің бас жақ бөлігінің қалындығы үлкен және құрылымы бос болады. Терліктерінің жағасынан алдыңғы аяқтардың ойықтары арасына жүргізілген түзу сызық арқылы бөлінген, бүйір жағы алдыңғы және артқы аяқтар ойықтарынан біраз қашықтықта етек сызықтары шекарасымен шектелген ортаңғы бөлігін қамтиды. Жаға мен терлік арасындағы шекара алдыңғы аяқтарының астыңғы ойықтар арасына орналасқан.
Жая терлікке кіретін құйыршық түбінен артқы шап сызықтарына дейінгі алаңды қамтиды. Терліктің жаясыз ауданы крупон (сауыр) деп аталады.
Терінің терлік бөлігі дермасының құрылымы бір-біріне тығыз орналасқан талшықтардың түрлі бағыттардағы күрделі өрімімен және жуан ілмектермен сипатталады. Осындай құрылым терінің терлік бөлігін тартқан кезде ас ұзаруын және жыртылуға беріктігін қамтамасыз етеді.
Өзінің қалыңдығы, тығыздығы және беріктігі жағынан терлік біршама біркелкі болады.
Терінің қалыңдығы жаға мен етекке жақындаған сайын біртіндеп азая береді, тек бұқалар терілерінде оның қалындығы керісінше, терліктен жағаға қарай ауысқан кезде ылғал береді. Жаға тұсының қалыңдығы да әр келкі болады. Оның беткі қабаты қатпарлы болады. Ол әсіресе еркек жануарлар мен арық жануарлар терілерінде айқын білінген болады. Етектері жағаға қарағанда жұқалығымен және нағыз тері дерманың әлдеқайда бос құрылысы мен ерекшеленеді. Әсіресе көп бұзаулаған сиырлардың терілерінің етектері жұқа әрі бос болады. Етектердің жанында шап терілері орналасады. Олар етектерге қарағанда терінің одан да өткен жұқа, бос және созылғыш бөліктер учаскелер болып табылады.
Алдыңғы және артқы аяқтарынан (қолдары мен сандарынан) сыпырылған тері жұқалығымен, тінінің бос құрылысымен және беріктігінің төмендігімен ерекшеленеді.
Жылқы терілеріндегі топографиялық бөліктер басқаша түрде орналасқан (4-сурет) .
4-сурет. Жылқы терісінің топографиясы.
Тері жая бөлігінде едәуір қалың және тығыз болады, коллаген талшықтарының шоғыры мықты болады және өзара тығыз айқасады. Терінің бұл бөлігі хаз (сауыр терісі) деп аталады. Хаздың тығыз құрылысты екі сопақша бөлігі болады, олар шпигель деп аталады.
Хаз өзінің қалыңдығы мен беріктігі бойынша аяқ киімнің астына арналған ұлтан былғарыны алуға жарамды болады. Терінің алдыңғы бөлігі немесе алды хазға қарағанда жұқалығымен және коллаген талшықтар шоғырының әлдеқайда әлсіз өрімімен ерекшеленеді, соның салдарынан аяқ киімнің үсті мен астары үшін қолданылады.
