Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
с книга кож. 11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.16 Mб
Скачать

I тарау. Тері және тондық –үлбірлі шикізаттардың тауартану негіздері

Тері шикізаты туралы жалпы түсінік.

Тері шикізаты мен жартылай былғары фабрикаттарды топтау.

Тері шикізаты деп былғары бұйымдар дайындалатын жартылай былғары фабрикаттарды өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылатын түрлі жануарлар терілерін айтады.

«Тері» деп жануардың ұмасынан сыпырып алынған мүйізді түзілістері (қылшықтары) мен тері асты ұлпасы бар жануарлар жамылғышын айтады. Ылғал өткізбейтін мүйіздік қабат-эпидермис жамылғының организмді ішіне ылғал, ауру тудырушы бактериялар, улы және зиянды заттардың еніп кетуінен қорғауына мүмкіндік береді, организмнің ылғалға бай тіндерінің құрғауына жол бермейді. Тері жамылғының астында орналасқан тері асты май қабатында организмді жарақаттық бүлінуден (соққылардан, ұрылулардан және т.б.) қорғайтын елеулі май қабаттары болады.

Жануарлар терісінде қанның қан тамырлары арқылы терінің беткі қабаттарына қарай қозғалысын басқаратын, сондай-ақ май және тер бездері арқылы май мен тердің бөлінуін басқаратын, дене температурасын реттейтін нерв талшықтары орналасқан. Нервтер көмегімен жануар сыртқы ортаның температуралық өзгерістерін және механикалық әсерлерін сезінеді.

Тері жамылғы, тер бездері арқылы ақуыз, май мен көмірсудың ыдырау өнімдерін бөліп шығарады, біршама дәрежеде зат алмасу органы болып табылады. Соңында, тері жамылғы арқылы аз мөлшерде болса да көмір қышқыл газы бөліп шығарылады және ауадағы оттегі жұтылады, осылайша тері тыныс алуға қатысады.

Тері шикізатын, қандай күйде болмасын жаңадан сыпырылған күйде немесе консервіленген күйде пайдалануға болмайды, өйткені ол дымқыл күйінде шіріп кетеді, ал құрғақ күйінде қатты әрі сыңғыш болады.

Ал былғары жартылай фабрикатында бұл кемшіліктер болмайды және шикізат түрі мен арналуына қарай қатты, тығыз немесе керісінше, жұмсақ және созылғыш болады.

Былғары – аяқ киім өнер кәсібінде пайдаланылған былғары жартылай фабрикаттар өз қасиеттері мен тағайындалуы бойынша әрқилы болады. Олар тері шикізатының әрқилы түрлерінен өңделеді, сондықтан олар өз қасиеттері бойынша бір-бірінен анық ерекшеленеді.

Жартылай фабрикаттар алынатын тері шикізаттарының негізгі түрлеріне мүйізді ірі қара малдың, жылқының, қойлар, ешкілердің, шошқа, түйе, бұғы, жабайы тұяқты аңдар (бұлан, елік, қарақұйрық, таутеке, қабан және т.б.) балықтар (кит, треска және т.б) жатады.

Былғары өндірісінің негізгі процессі – илеу сипатына байланысты былғары жарты фабрикаттары мына топтарға бөлінеді:

  1. Дерманы (тақыр теріні) өсімдіктерден (ағаш, ағаш қабығы, жапырақтары мен тамырларынан) алынатын илегіш заттар ерітінділерімен өңдеу жолымен алынған жартылай фабрикаттар. Жартылай фабрикаттын боялмаған күйіндегі түсі әдетте қызғылт немесе қоңыр болады.

  2. Тақыр теріні минералдық илегіштермен (хром, алюминий және басқалар тұздарының көмегімен) өңдеу жолымен алынған жартылай фабрикаттар. Осылай илеген кезде олар созылғыш, берік әрі жұмсақ болады, боялмаған күйіндегі түсі жасылтым-көкшіл болады.

  3. Қосынды үйлестіріп иленген жартылай фабрикаттар өсімдік тектес илегіштерді минералдық илегіштермен үйлестіру кезінде алынады.

  4. Маймен иленген жартылай фабрикаттар тақыр теріні майлармен өңдеу арқылы дайындалады. Олар жұмсақтығымен, серпінділігімен, созылғыштығымен ерекшеленеді; олардың түсі әдетте сары немесе ақшыл қоңыр болады.

  5. Синтандық илеудің жартылай фабрикаттары тақыр теріні кокстық химия және анилин бояу өндіретін өнеркәсіп қалдықтарынан алынатын синтетикалық илегіштермен өндеу кезінде алынады.

  6. Альдегидтік илеудің жартылай фабрикаттары, тақыр теріні формальдегидпен өндегеннен кейін алынады.

Тері шикізатының әр түрі оның тауарлық қасиеттері мен өндірістік тағайындалуына қарай жекелеген топтар мен сорттарға бөлінеді. Шикізатты белгілі бір қасиеті: ізділік бойынша топтар мен сорттарға бөле отырып, шикізаттың әр түрін оның белгілері мен тауарлық қасиеттеріне сәйкес ұсақ бөлімшелер жүйесін жасайды. Осылайша, топтау деп шикізатты тауарлық қасиеттері бойынша әлдеқайда біркелкі топтарға бөлу жиесін айтады.

Алыну тегі бойынша былғары шикізаты 6 негізі топқа бөлінеді.

Бірінші топқа – мал шаруашылығы өнімдерінің бір түрі болып табылатын түрлі ауыл шаруашылық жануарларының: іріқара малдың, жылқы, есек, қашыр, түйе, шошқа, қой, ешкі, солтүстік бұғыларының терілері жатады.

Екінші топқа: аңшылық кәсіпшілігінің өнімдері болып табылатын әр-түрлі тұяқты жабайы жануарлар (бұлан, жабайы бұғы, елік, таутеке мен арқар, қарақұйрық, жайран, сайғақ және басқалар терілері жатады).

Үшінші топқа: аң аулау кәсіпшілігінің өнімдері болып табылатын жарғақ аяқтылар (морж, теңіз пілі, теңіз мысығы, итбалық және басқалар) терілері кіреді.

Төртінше топқа: түрлі кит тәрізділердің (белуха, киттер және басқалардың) терілері, яғни кит аулау кәсіпшілігің өнімдері кіреді.

Бесінші топқа кесірткелер мен жыландар терілері кіреді.

Алтыншы топқа балықтар-акула, құртпа, жайын, треска және басқалардың терілері кіреді.

Шикізаттың басқа топтарының арасында бесінші және алтыншы топтың терілерінің үлес салмағы аз болады.

Жануарлар терісінің қылы, эпидермисі мен тері асты шел қабаты алынған, өндеудің технологиялық процестерінен өткен, соның нәтижесінде жаңа физикалық-механикалық қасиеттерге ( тығыздық су жуқпаушылық, үзуге беріктік және басқалар)

ие болған және өзінің талшықты құрылысын сақтап қалған тері былғары деп аталады.

Жалпы қолданылуы бойынша былғары төрт классқа бөлінеді: аяқ киімдік, қайыс-ертоқымдық, техникалық, киімдік-галантереялық.

Өз кезігінде былғары әр класстың ішінде бағытып пайдалануына қарай топтарға бөлінеді:

аяқ киімдік былғары-аяқ киімнің астына арналған (ұлтандық, ұлтарақтық), аяқ киімнің үстіне арналған (юфть, хром былғары);

қайыс-ертоқымдық былғары-арнаулы жабдықтарға арналған;

техникалық былғарылыр түрлі типті етіп шығарылады: машина детальдарына, жетекші белдіктерге, басқа техникалық бұйымдарға арналған;

Киімдік-галантереялық, былғары-киімдік, галантереялық.

II-тарау ТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Жануарлардың тері жамылғысының гистологиялық құрылысы аса күрделі болады. Жануарлар терілері жасушалық және жасушалық емес элементтерден тұрады. Түрлі жануарлар терілерінің көлденең кесінділерін микроскоппен қараған кезде тері жамылғының бірінің үстіне бірі орналасқан, бір-бірінен жақсы ажыратылған бірнеше қабаттарын көруге болады, олар құрылысы, шығу тегі және атқаратын қызметтері бойынша бір-бірінен айқын ерекшеленеді (1-сурет).

1-сурет. Терінің құрылысы:

1-шел қабаты; 2-нағыз тері (дерма); 3-эпидермис; 4-тер безінің тармағы; 5-май безінің тармағы, 6-май безі; 7-шаш ұясы , 8-шаш қалтасы; 9-шаш тамыры; 10-шаш буылтығы; 11-шаш бүртігі; 12-тер безі; 13-тері артериялары; 14-тері веналары.

Жануарлардың көпшілігінің терісінен төрт қабатты анық көруге болады:

  1. Эпидермис, немесе тері үсті қабаты;

  2. Дерма, немесе нағыз тері;

  3. Шел қабаты (тері асты май қабаты);

  4. Тері асты бұлшық еті;

Эпидермис

Эпидермис немесе тері үсті қабаты деп терінің сыртқы қабатын айтады. Бұл терінің үстінгі қабаты болып табылады ол көп қабатты, беті жалпақ мүйізді эпителийден тұрады. Эпидермистің организмдегі рөлі үлкен, ол оны жануарлар денесіне ауру тудырғыш микроптардың, түрлі зиянды химиялық заттардың еніп кетуінен қорғайды. Сонымен қатар ол организмдегі судын буға айналып ұшыуын және қоршаған ортаға жылу беруді азайтады.

Терінің қалын эпидермисті тұсы ол дермаға бүршіктермен батып тұрады. Бұл бүршіктердің пайда болу себебі мынадай: эпидермистің өзінде қан жүретін тамырлар болмайды, сондықтанда оның тіршілік ететін қабаттарының жасушалары нағыз терінің тін сұйығымен бірге құйылатын заттармен қоректенеді. Егер де бұл бүршіктер болмаса онда қоректік заттар диффузиясы қиынға түсер еді. Сонымен қатар бүршіктер эпидермистің нағыз терімен байланысын нығайтып, оның өсіп жатқан қабатының бетін ылғайтады, бұл болса эпидермистің қалындығының әлдеқайда тез өсуіне жағдай жасайды. Тері эпидермисі әлсіз дамыған және бүршіктер жоқ тұсында ол сәл кедір-бұдырлы немесе тегіс қабатпен шектеседі. Тері жамылғының шаш шыққан жерлерінде эпидермис варонка тәрізді ұялар түзеді. Эпидермис үлкен қалындыққа жеткен жерлерде ол жақсы айқындалған қабаттарға – мальпигий және мүйіз қабаттарына бөлінеді. Мальпигий қабаты өз кезегінде үш қабаттан: негізгі немесе өндіргіш, торлы және түйіршікті қабаттардан тұрады. Мүйіз қабаты жасушалардың мүйіздену деңгелерінің әртүрлілігінің арқасында үш болмалы қабаттан: ақшыл, нағыз мүйізді қабат және түлегіш қабаттардан тұрады.

Дерма немесе нағыз тері – дәнекер ұлпасының нағыз түрлерінің бірі болып табылады. Эпидермистің астында орналасады және тері жамылғының негізгі бөлігі болып табылады. Дермада оның негізін құрайтын коллаген, эластин және ретикулин талшықтары болады.

Коллаген талшықтардың мықты шудалары түрлі бағыттарда иреңдеп және айқасып созылып мықты қалың өрім құрайды. Коллаген талшықтар талшықтардың бүкіл массасын 88-99%-тін құрайды. Олардың түрі жалпақ, тегіс, тарамданбайтын таспаларға ұқсайды. Олар ерекше ақуыздық зат-коллагеннен түзіледі, ол суға қайнатқан кезде желімге айналады. Сондықтан бұл талшықтарды желімдегіш талшықтар деп атайды. Коллаген талшықтар дермаға беріктік береді. Дермада эластин талшықтар болады, олар негізінен қылшық қалталары, қан тамырлары, тері бездерінің айналасына орналасады. Олардың саны салыстырмалы түрде аз болады. Олар ешқашан будаланбайды, таралып, дермада торлы өрімдер құрып, сол арқылы дермаға серпімділік қасиет береді. Олар ақуыздық зат эластиннен тұрады. Эластин талшықтар жақсы созылады серпінді болады, тек берік болмайды.

Ретикулин талшықтары дермада өте аз болады. Олар қысқа, жіңішке және нәзік болады, будаланбайды, тарамданады. Ақуыздық зат-ретикулиннен тұрады. Олардың қызметі анықталған жоқ. Олар коллагендік талшықтардың жас пішіндері болуы керек деп байымдайды. Дерманы түзетін тін құрамына талшықты құрылымдардан басқа, негізгі аморфтық зат және жасушалық элементтер кіреді. Сілікпе тәрізді қоймалжын консистенциялы негізгі зат құрамына жай ақуыздар– альбуминдер мен глобулиндер және күрделі ақуыздар– муциндер мен мукоидтер кіреді. Жасушалық элементтерден дермада фиброциттер, гистиоциттер, пигменттік жасушалар, май жасушалары және басқалар болады.

Ақ қан жасушалары – лейкоциттер мен лимфоциттер кездеседі.

Май жасушалары шошқа, қой, бағалы терілі аңдар дермасында көп мөлшерде кездеседі. Қандылық жоғары болған жағдайда май жасушалары мол дамып, май бөлшектердің кейде тіпті тұтас май қабаттарын түзейді.

Дерманың микроқұрылымы.

Дерманың жекелеген қабаттарының гистологиялық құрылысы әр-түрлі. Онда екі, анық шектелмеген қабатты: термостатикалық немесе бүршікті және торлы немесе ретикулярлық. Эпидермис пен дерманың арасындағы шекарада гиалин қабаты (негізгі жарғақ немесе базальдық мембрана) жатады, ол коллаген тамшықтарға айналатын жіңішке талшықшалар торынан пайда болады. Бұл талшықшалар қайнатқан кезде желім түзбейді және химиялық құрамы бойынша коллаген талшықтардан өзгеше болады. Негізгі жарғақта сондай-ақ эластин талшықтар да болады. Былғары тауарларды өндеген кезде шаш пен эпидермисті сыдырып алады, ал негізгі жарғақ өңделген былғарының беткі қабаты болып қалады. Базальдық мембрана астында термостатикалық немесе бүршікті қабат болады. Оның төменгі шегі шуда шаш буылтықтары мен тері бездері жатқан деңгейде өтеді. Бұл қабаттың бүршікті қабат деп аталатын себебі, ол өзі қатты дамыған тері учаскелерінде эпидермиске бүршіктер түрінде қатты батып тиіп тұрады.

Бүршікті қабаттын қалын қабатында шаш тамырлары, тер және май бездері қан және лимфа тамырлары, тері бұлшық еттері, яғни жануар денесіндегі жылуды реттеуге қатысатын органдар орналасады. Сондықтанда бұл қабат бүршіктер қабат деп аталады. Бүршікті қабатта коллаген талшықтары шаш тамырлары, тері бездері және қабаттың басқа құрылымдары арасындағы барлық жерлерді толтырып тұрады.

Бұл қабаттың үстіңгі және ортаңғы қабаттарында эластин талшықтардың қалың торы болады, олар әсіресе қылшық қалталары мен тері бездерінің маңайында аса көп болады.

Былғары жартылай фабрикаттары өңдеу кезінде эпителий, қан тамырлары, жасушалық элементтер ыдырайды және оларды алып тастайды. Бұл жерлерде қуыстар пайда болады, соның нәтижесінде өңделген терінің бүршікті қабаты борпылдақ, бос болады, бұл оның беріктігіне теріс әсер етеді. Енденше, бүршікті қабат неғұрлым дамыған болса, өңделген былғары солғұрлым берік болмайды.

Торлы немесе ретикул қабаты бүршікті қабаттын астына орналасқан. Бұл қабат терінің мықтылығын, серпінділігін, созылғыштығын, оны механикалық қабат деп те атайды.

Оның торлы деп аталу себебі, ондағы талшықтар бір-бірімен тор түрінде өріледі. Коллаген талшықтар будалары термостатикалық қабаттағыдан жуандау болады және өрудің күрделі пішіндерін– өрімдер түзеді. Өрімдердің үш негізгі типтері болады, олар мыналар: ромб тәрізді, ілмекті, көлденен толқынды (2-сурет).

2-сурет. Коллаген талшықтар өрімдерінің түрлері: 1- ромб тәрізді, 2- ілмекті, 3- көлденең толқынды.

Ромб тәрізді өрімде талшықтар будалары тері жамылғы бетіне қарағанда диагональ және көлденең бағыттарда орналасады. Олар айқасып – ромбтар түріндегі ілмектерді түзеді. Бұл өнімнің ең күрделі типі болып табылады. Тығыз ромб тәрізді өрімді терілердің тығыздығы жоғары, созылғыштығы аз және қатты болады. Мұндай өрімді терілерді ұлтан және ұлтарақ жасау үшін пайдаланады.

Ілмекті өрім талшықтардың әлдеқайда жіңішке будаларының түрлі бағыттарда айқалуынан пайда болады. Ілмектер пішіндері, тарамдары, иілуі әр түрлі болады, бірақ олар ешқашан ромб тәрізді фигуралар жасамайды. Ілмекті өрімді терілердің беріктігі жақсы, жұмсақ, созылғыш болады, оларды аяқ киім үстіне арналған былғарылар жасау үшін пайдаланады. Ромб тәрізді және ілмекті өрімдерде будалар тығыз орналасады.

Көлденең толқынды өрім-бұл өрімдердің ең қарапайым түрі болып табылады. Талшық будалары тері жамылғы бетіне параллельді, жануарлар денесіне қарағанда ұзын бойына және көлденең бағытта орналасады. Будалар әлсіз толқынданып, көп жағдайда иірімдер, тарамдар құрайды. Будалар бос орналасады. Аса бос өрім бос көлденең толқынды өрім деп аталады, беріктілігі аз болады, сондықтан қолайсыз болады. Тығыз көлденең толқынды өрімді терілер берік, жұмсақ болады, олар аяқкиім үстіне арналған былғарылар алу үшін қолданылады.

Бос көлденең толқынды өрімді терілер үлбір өндірісінде немесе галантереялық тері алу үшін қолданылады.

Жануарларының әр түрлерінің талшық будаларының өрімдері де әркилы болады. Ол сондай-ақ бір жануардың денесінен әр бөлігінде әр түрлі болады. Мәселен, мүйізді ірі қараның терлігінде ромб тәрізді өрім, етегінде бос ілмекті өрім болады. Шошқалар мен қойларда көлденең толқынды өрім басым болады.

Шел қабаттары (май қабаты мен бұлшық ет) – тері асты май қабаты, май жасушалары жиналатын орын болып табылады. Ол жұқа дәнекер тінді қабыршық пайда болған. Бұл қабатта коллаген және эластин талшықтары, қан тамырлары болады. Май қабаты күшті дамыған терілердің көлденең қималарын микроскоппен қараған кезде аралары талшықты мардымсыз қабаттармен жіктелген көп қырлы май жасушалары көрінеді. Қатты семірген жануарларда көбінесе тері асты майының тұтас қабаты пайда болады, теріні сыпырған кезде оны алып тастау керек, өйтпеген жағдайда тері кеуіп кетеді немесе баяу майланады, оны шіріткіш микробтар бұзады, ұзақ сақтаған кезде май қышқылданып, дерма сапасы нашарлайды. Оның үстіне, дерманы қаптаған май терінің тауарлық қасиеттері мен сұрыптылының сорттылығын анықтауды қиындатады. Кей жануарларда май қабаты болмайды және торлы қабат астында бірден тері асты бұлшық ет қабаты орналасады (басқа жануарларда ол май қабатының астында орналасады). Бұл қабат бос, жұмсақ, оңай қозғалғыш болады. Ол дерманы қанқа бұлшық етімен байланыстырады. Тері асты бұлшық еті көлденең жолақты бұлшық ет талшықтары будаларынан тұрады, олардың аралықтарында бос дәнекер тін қабаттары болады. Бұлшық ет талшықтары жануардың тері жамылғысына паралелді түрде орналасады. Бұлшық еттер жиырыла алады, соның арқасында жануарлар терілерін қозғай, жыбырлата, қатпарландыра алады.