Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
с книга кож. 11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.16 Mб
Скачать

Тері ақаулары. (гост 3123-78,1134-73)

Терінің зақымдануы малды дұрыс азықтандырып, күтіп бақпаудан малды сойған кезде терісін ұқыпсыздықпен сыпыру, консервілеу, сақтау және тасымалдау тәсілдерін дұрыс орындамағандықтан болады.

Бөгелек тесігі – мүйізді ірі қара малдардың және солтүстік бұғылардың терілерінде бөгелек дернәсілдері зақымдап тесік қалдыруы.

Таз қотыр – теміреткі, қотыр, қышыма ауруларының әсерінентерінің кейбір жерлерінің жүні түсіп қалады немесе жүні қысқарып, сирейді. Мұндай терілердің өңделу сапасы өте төмен болады.

Сыздауық – терінің бет жағында ойық жараның, жарқаттың, іріңді ісіктің әсерінен болған зақымданулар.

Күстену – қалың, қатты қатпарлардың пайда болуы. Піштірілмеген бұқалардың терісінің жаға жағында тері асты май қабатының немесе эпидермистерінің қатайып өсуінен болады.

Моржсияқтану – шошқа терілерінде эпидермистің өсіп қатаюынан болады.

Тікен тескен – ақ селеу дәндерінің теріге кіру әсерінен болатын тесіктер.

Ошағанмен ластану – тері жүнінде ошағанның болуы.

Ошағанмен қатты ластану – тері жүнінің 50%-дан артық аумағының ошағанның терең кіріп орналасуы.

Нәжісті – терінің және оның жүнінің малдың қиымен, нәжісімен ластанып, собалақтанып қатып қалуы.

Қырқылжындануы – малды дұрыс азықтандырмағандықтан немесе ашыққандықтан терідегі жүндердің талшықтарының жіңішкеруі. Негізінен қой терілерінен кездеседі.

Тавро – малды таңбалағанда пайдаланылған белгілер. Қыздырып немесе жуғанда кетпейтін майлармен қойылған таңбалары бар терілерден бағалы бұйым жасауға мүмкіндік болмайды.

Арықтау – ауру немесе арық малдардан алынған жұқалау тері.

Арық тері – өте қатты арықтаған малдан алынған тері.

Көтерем – өте қатты арықтаудың әсерінен қыстың соңы, ерте көктемде сойылған қой, ешкі терілері жатады. Жүні босаң, нашар, тез түскіш.

Қанды тері – өлген малдан алынады. Тері тез жыртылғыш, шел жағы қызғылт, қызыл, қан тамырларында қан толған.

Мүйіз табы – терінің мүйіздің ұшымен жарақатының ізі болуы.

Сызат – теріде ұшты нәрсенің ізінің болуы. Шошқаларда тістеген іздер кездеседі.

Жұлынған жүн – дұрыс қырықпағандықтан жүн терінің кейбір жерлерінде түбіне дейін алынады.

Қажалған жүн – терінің механикалық зақымдалуынан жүннің терінің кейбір жерлерінде түсіп қалуы.

Қотыр – қой терісінің кейбір жерлерінде жүннің болмауы.

Ерілік – жылқы терісіндет ер салатын жерде қажалудан болған жүнсіз аймақ.

Доғалық – доғаның қажауынан болған бұқаның, өгіздің терісінің мойын, шоқтық тұсында болатын жүнсіз аумақ.

Шелінін алынуы – теріні ірегенде, сыпырғанда салақтықтан болатын шелінің терең (1/3 қалыңдығы) кесілуі.

Терінің ойылуы – тері шелінің (1/3 қалыңдығы) жараланып кесілуі. Теріде тесік болмайды.

Кесікті тері – теріні регенде немесе сыпырғанда терінің кесілген жерінде тесіктердің пайда болуы.

Көтерілген тері – аязда бірқалыпты кеппеуіне байланысты майыстырған кезде терінің бет жағының сылынуын айтамыз.

Жұмбаздалған тері – жазылмаған күйінде аязда қатырып немесе жұмбаздап кептірілген тері.

Сынған тері – аязға қатқан, қатты кепкен және жарылған терілерді ұқыпсыз жазғанда сынып кетуі.

Қаяздану – механикалық зақымданудан, уақытында немесе дұрыс консервіленбеуінен шіріп терінің бет жағының түсіп қалуы.

Мүйізденуі – теріні күн көзінің болмаса пештің ыстық жерінде кептірген кезхде тері құрамындағы коллагеннің желатинге айналуына байланысты илеуге жарамсыз болуы.

Ысталған тері – терінің түтінге жақын жерде кебуі. Шелісі қоңыр түске боялып жылтырап судың нашар жұғуына байланысты қиын өңделеді.

Өлі қырқым – қойды қырыққан кезде ұқыпсыздықтан бет жағының жарақаттануы.

Баздануы – дұрыс немесе уақытында консервілемегендіктен және түлеп жүрген кезде сойылған малдардың терілерінде жүннің теріге бос бекітілуін көрсетеді.

Тері бетінің сылынып түсуі – жүн қабаты мен терінің бет қабатының сылынуы.

Тұз дағы – сапасы нашар тұзды пайдаланғанда аумағы 5 мм-ге дейін түсі ашықтан қарақоңыр түске дейін дақ пайда болады. Көбіне терінің екі жағында да қатты түрде болады.

Тері жегіштер – көбінесе терінің шел жағын жеп теседі.

Күйе жеген тері – терінің бет жағын күйе жеп бүлдіруі.

Тулақ – төсеніш, жабу т.б. тұрмыстық қажетке пайдаланылған терілер. Қытырлау немесе собалақтанған түсіңкіреп қалған жүні болады.

Терінің жіктелуі (ГОСТ 1134-73)

Жіктелу дегеніміз – шикізаттарды өзіндік белгілерімен топтау. Ол шикізаттарды өңдіруге, оны жоспарлауға, есеп жұмысы мен ақпарларды біркелкілеуге, оларға деген біртекті талаптар қоюға, әртүрлі шикізаттарды белгілі бағытпен пайдалануға мүмкіндік береді.

Теріні зоотехникалық (түрі, жынысы, тұқымы), өндірістік (салмағы, аумағы, жүн қабаты-қойларда, түк қабаты-бұзаулар мен құлындарда зақымдарының саны, пайдалы аумағының көлемі, консервілеу тәсілі т.б.), және дайындау (майда, ірі, шошқанікі) белгілері бойынша жіктейді.

Мүйізді ірі қара терілері.

Өлезе – (склизок) – өлідей іш тастаған, туа алмай ішінен жарып алған бұзаулардың терісі жатады. Олар тегіс, құлпырмалы, түгі теріге жатыңқы болады. Терінің салмағы – 2 кг, көлемі – 30-60 , бел жағының қалыңдығы 0,8-1,4 мм. Көлемінің кішкентайлығына, жүнінің сиректігіне байланысты қолқап және биялай тігуге пайдаланады.

Емізбелік – (опоек) – енесін еміп жүрген, шөпке енді үйрене бастаған бұзаудың терісі. Негізінен жүні ауыспаған (түлемеген), салмағы 3-3,5 кг, көлемі 70-80 , терінің арқатұсындағы қалыңдығы 1,2-1,5 мм. Емізбелік терілерден аяқкиімнің жоғарғы жағын жасайтын былғары дайындалады.

Тайыншалық – (выросток) –бір жастағы, түлегеннен кейін қаттырақ жүні бар жас малдан алынатын тері. Салмағы 5-10 кг, көлемі 90-160 , терінің арқа тұсындағы терісінің қалыңдығы 1,6-1,9 мм, негізінен аяқкиімнің жоғарғы жағын жасайтын былғары дайындалады.

Терілікпе – (полукожник) – 1-1,5 жастағы тайыншалардан алынатын терілер. Салмағы 10-13 кг, көлемі 200-240 , жота тұсындағы терісінің қалыңдығы 2-2,8 мм. Терлікпеден әртүрлі аяқкиімдердің үстін тігетін былғары дайындайды.

Бұқашық – (бычок) – мүйізді ірі қаралардың, енекелердің, қодастардың, бұландардың еркек таналарынан алынатын терілер. Салмағы 13-17кг, көлемі 240-260 , терілерінің жота тұсындағы қалыңдығы 3,2мм, осындай терілерден аяқкиімнің үстін және төсенішін жасауға пайдаланады.

Қысырақ (яловкка) – ұрғашы таналардан, қашарлардан, сиырлардан алынатын терілер кіреді. Жеңіл (13-17 кг), орташа (17-25 кг),ауыр (25 кг жоғары) түрлері болады. Жеңілдерінің көлемі 260 , орташаларының – 290 , аурларының – 400 жоғары. Қысыршақтың терілерінен аяқкиімдердің жоғарғы жағы, ал ауыр түрлерінен ұлтан, төсеніш, техникалық және ат әбзелдерін жасайтын былғарылар дайындайды.