Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
с книга кож. 11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.16 Mб
Скачать

Малды сою және терілерді сыпыру кезінде пайда болған ақаулар.

Ақаулардың бұл тобына мынылар жатады: теріні қате тілу, жыртылып кетулер, тесіктер, кесіктер (прорезы), тіліктер (подрезы), тері бөліктерінің жоқ болуы, жұлынған жерлер, шел қабатының көтерілуі.

Теріні қате тілу түрлі малдар терілерін сыпырған кездегі стандарттық талаптардан ауытқулар. Бұл ақау терінің екі жартысының жоны тұрғысынан симметриялы болмауына және тері шеттері сұлбаларының дұрыс болмауына алғышарт болады, бұл теріні пішу кезінде қиындықтар тудырады және пішімнің пайдалы ауданының шығымдылығын азайтады. Қате тілуге сондай-ақ малды сойған кезде оның тамағын көлденең тілу де жатады.

Жыртылулар – теріні мал ұмасынан сыпырған кезде әсіресе оның жұқа топографиялық бөліктерін шектен тыс тартқан кезде пайда болған сызықты саңылаулар(алаңы жоғалмайтын)болып табылады

Тесіктер – теріні сыпыру немесе шелдеу кезінде пайда болған саңылаулар.(29 сурет)

Кесіктер – теріні қалай болса солай сыпыру нәтижесінде оның екінші жағына өтіп кеткен ұзын пішіні тіліктер.

Тіліктер – терінің шел қабаты жағындағы, екінші жағына шықпаған тіліктері. Тіліктер терең емес – терінің қалыңдығының 1/3-нен аспайтын және терең – тері қалыңдығының 1/3-нен асатын деп бөлінеді.

Тері бөліктерінің жоқ болуы – теріні тәжірибесіз, білікті емес қасапшы сыпырған кезде оның әлдеқандай бір топографиялық бөлігінің жоқ болуы. Мұндай ақау мемлекеттік стандарт бойынша тесік ретінде есептеледі.

Жұлынған жерлер – теріні ұқыпсыз түрде сыпыру немесе қате шелдеу кезінде шел қабатының терең кесілген жерлеріндегі терінің жұқаруы. Осындай ақауы бар жартылай фабрикаттың беріктігі төмендейді, кейде осындай ақау орнындағы қылшық пиязшаларымен жалаңаштанып, қылшықтың терімен байланысы әлсірейді. Әсіресе жұлынған жерлер шошқа терілерінде пайда болады, өйткені оларда дермамен тері асты тоңмайының қатты дамыған қабаты арасында анық шектелу болмайды.

Шел қабатының көтерілуі (қопсуы) –теріні сыпырар алдында тері астына ауаның қате жіберілуі нәтижесінде дерманың немесе тері асты май қабатының терең қабаттарының сыдырылуы. Бұл ақау қой терілеріне тән болады және шел қабаты жұқа қабырщықпен қапталған ауа көпіршіктері түрінде білінеді. Тұщы-құрғақ терілерде шел қабатының көтерілуі қабыршығы сыпырылған ақ таңдақтардан білінеді.

Терілерді бастапқы өңдеу кезінде пайда болған ақаулар.

Бұл ақаулардың үлкен бөлігі тері тіндерінің құрама компоненттерінің, әсіресе коллагендік құрылымдардың микроқұрылымдары мен физикалық-механикалық қасиеттерінің қайта қалпына келмейтін өзгерістерін тудырады.

Мүйіздену немесе «пісу» - терілерді күннің тура сәулесіне және ауаның жоғары температурасында, сондай-ақ пешке немесе алауға жақын кептірген кезде дерма коллагенінің физикалық-химиялық қасиеттерінің ішінара қайта қалпына келмейтін өзгерістері. Мүйізденген терілер осал, сыңғақ келеді, суланбайды және иленбейді. Бұл ақауды болдырмау үшін жаңада сыпырылған булы терілерді, егер оларды тұзбен консервілеуге мүмкіндік болмаса, қалқа астында кептірген жөн.

Үсу (быглость) – теріні аязда желдеткенде оның бүкілалаңы бойынша немесе жекелеген бөліктердегі ылғалдың елеулі мөлшерде азаюы нәтижесінде шел қабатында пайда болған ақ дақтар. Үсу терінің құрылымдық өзгерістеріне, тығыздығынан айрылуына және беріктігінің азаюына байланысты болады. Аязға шығарылған булы тері дермасындағы су тез қатып, біртіндеп буланатын (әсіресе желде белсенді түрде) мұз кристалдарын түзеді. Олардың орнында дерма ткандерінде ауа толы құыстар пайда болады, сондықтан терілер қалың, бос, құыс, күңгірт ақ түсті болады. Егер терілердің бет жағы ғана аязға желдетіліп, өз тығыздығы сақталса, ол ақшыл түсіне қарамастан, үсіген терілерге жатпайды.

Үсудің жекелеген кішірек дақтары ақау деп есептелмейді.үсу пайда болмауы үшін булы терілерді үсітуге болмайды, және дайындаушы ұйымдар мен ет өңдейтін кәсіпорындардың былғары шикізатын аязға қатыруына тыйым салынады.

Шіру – кеш немесе нашар жүргізілген консервілеу немесе ұқыпсыз сақтау нәтижесінде тері бөліктерінің бет қабаты жағынан да, тері асты май қабаты жағынан да микробтардан немесе ферменттер әсерінен бүлінуі. Бүлы терілер микроағзалардың дамуы үшін қолайлы орта болып табылады. Әсіресе булы терілер үшін протеолетикалық деп аталатын, тері ақуызды ыдырататын бактериялар қатерлі. Теріде ылғалдың, ақуыздардың көп мөлшері болған жағдайда және қолайлы температурада бұл бактериялар өте тез көбеюге қабілетті. Көбейген кезде бактериялар тері ақуыздарын тіпті аммиак, көмір қышқылы және суға дейін өзгерте алатын ерекше ферменттерді бөліп шығарады.

Соның нәтижесіндетері шіри бастайды. Бұл процесті үш сатыға бөлуге болады. Бірінші сатыда бактериялар тері асты май қабатында көбейіп, оған жалғас эпидермис қабаты мен қылшық қапшықтарына өтеді.бұл сатыда терінің көзге ілінерлік өзгерістері байқалмайды.

Екінші сатыда микробтар тері ішіне тереңдеп енеді. Шел қабаты шырыштанып, қараяды және жасылтым реңккеие болады, қылшық қапшығынан оңай түсіп қалады. Аммиак иісі пайда болады.

Үшінші сатында дерма шіри бастайды, қара, шырышты, бос болады.эпидермисі оңай сыдырылады, қылшығы түседі.тері оңай жыртылады. Аммиак пен күкіртті сутегінің өткір иісі сезіледі.

Тұщы-құрғақ және құрғақтай тұздалған терілерді жүнін жұлу көбінесе оңай бола бермейді, сондықтан шіріктің бар-жағын шел қабатының күңгірт-сары немесе сұр-жер түсті бояунан анықтайды. Шіріктерді болдырмау үшін терілерді суыған соң дереу, бірақ оны мал ұмасынан сыпырғаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей, тұзға антисептиктерді қоса отырып консервілеу қажет.

Сырғауыл ізі – терінің сырғауылға жанасқан бөліктерде пайда болатын шіріген шел қабатының қара жолағы. Терінің бұл бөлігі , егер теріні кептірген кезде сырғауыл бойымен жылжытпаса, кеппей қалады да шіриді. «Сырғауыл ізі» ақауы бар терілер көбінесе өңдеген кезде екіге бөлініп жыртылып қалады; ол мемлекеттік стандарт бойынша шірік деп есептеледі.

Моделость – ауаның жоғары мөлшердегі салыстырмалы ылғалдылығы жағдайында аса баяу кебу нәтижесі. Бұл жағдайда микроағзалар күшті дамып, ферменттер әсері басталады, сондықтан тері шіріп, қызады. 28425-90 мемлекеттік стандарт бойынша бұл ақауды шіру деп есептейді.

Тұз дақтары – ыстық уақытта мүйізді ірі қараның, әсіресе бұзаудың сулап тұздалған терілерінің шел қабатында және бетінде пайда болатын ақшыл-сарыдан қара-қоңыр түске дейіңгі сұлбалары қате дөңгеленген шағын дақтар. Иленген былғарыда ол бояу мен майлауға нашар көнетін кедір-бұдыр дақтар түрінде көрінеді.

ЦНИИКП топтастыруы бойынша тұз дақтары үш түрге бөлінеді. Дақтардың бірінші түрі қара-қоңыр түсімен, дұрыс дөңгелек пішінімен, үлкен өлшемімен сипатталады, қолмен ұстап көргенде дөрекі әрі қатқыл болады. Дақтар тереңдеп еніп, бет қабатына дейін жетеді. Бұл дақтарды әрең кетіреді және олардың орнында дерманың сары түсті ыдыраған ткані ғана қалады. Былғарыны ақшыл реңкке бояған кезде олар әлдеқайда ақшыл реңкке боялған күңгірт таңбалы бөліктер түрінде білініп тұрады.

Дақтардың екінші терінің түсі қоңыр-тат түсінен ақшыл-қоңыр түске дейін болады, дөңгелек пішінді ізвестенген қабыршақты болады. Олар терінің ортасына дейін жетеді және қырған кезде дерманың тканінің өзгергендігі байқалады. Тақыр тері мен иленген былғарыда аз байқалады.

Үшінші түрлі ақшыл-сарғылт түсті бояулар дермаға тереңдеп енбейді және оларды алу оңай. Тұз дақтары мемлекеттік стандарт бойынша ақау деп есептелмегенмен, былғары өнеркәсібіне үлкен нұқсан келтіреді. Былғары шикізатын тұз дақтарынан қорғау үшін консервілеу кезінде тұзға (құрамында темір, алюминий және кальций тотығы қосындылары қоспасы 0,5 %-дан аспайтын) 2,5 % кальцийленген сода (тұз салмағының) және 2 % парадихлорбензол қосып, терілерді 10 -тан төмен температурада және 80-85 %-дан аспайтын ылғалдылықта сақтау қажет.

Қызыл дақтар (қызару) – сулап тұздалған терінің шел қабатының бетіндегі қызғылт жұқа қабат, олтеріге тұзбен бірге немесе қоршаған ауадан келіп түскен галофильдік қызғылт микрококтардың жаппай көбеюінен болады. Сулап тұздалған терілердің қызарумен зақымдануының әлсіз, орташа және күшті деңгейлері болады.

Әлсіз дамыған кезде қызыл дақтар негізінен бетінде болады да,оларды алып тастау оңай болады. Шел қабаты шырыштанбайды, қылшықтың терімен байланысы біраз әлсірейді, аммиак иісі болмайды, терілер мен иленген тауар сапасына әсер етпейді.

Дамудың орта деңгейі шел қабаттың шырыштануының үлкен деңгейімен және қылшық жамылғының әлсіреуімен сипатталады. Дерманың торлы қабаты талшықтарының терең қабаттарының бүлінуі байқалады және иленген былғарылардың беті әдетте теңбіл және (отдушистое) болады.

Қызару аса күшті дамыған кезде қылшықтар түсіп, эпидермистің мүйізді қабаты сыдырылады, шел қабатының шырыштанған, өткір аммиак иісті болады, коллаген талшықтарының шоқтары құрылымсыз болады, қылшық қапшықтары мен тері бездері бүтіндей дерлік ыдырайды. Жартылай фабрикат беріктігінің аздығымен, теңбілдігмен және бетінің күңгірттігімен ерекшеленеді.

Қызарумен зақымданған терілерді кептірген кезде жоғарыда аталған ыдыраулардың барлығы байқалмайды деуге болады, олар шикізатты малшу кезінде ғана білінеді,бұл осындай терілерді сұрыптау кезінде қателіктерге әкеп соқтырады. Қойма іші температурасының жоғары болуы (20-28 ) және ауаның жоғары мөлшердегі салыстырмалы ылғалдығы (85-90%) қызарудың дамуына жағдай тудырады. Теріні қызарудан қорғайтын ең жақсы әдіс – тұзға оның салмағының 2-4% мөлшерінде парадихлорбензол қосу болып табылады.

Бүктеп кептіру – теріні жайылмаған, тұлғасыз, кесек қалпында кептіруді айтады. Терінің осындай күйінде кебуі әркелкі; баяу жүреді. Тері қатпарларында шикізат кеппес бұрын-ақ шіру процестері дами бастайды. Теріде көптеген жасыран ақаулар: тіліктер, тесіктер, қаракүйе жеген жерлер, теріжегіш жеген жерлер және басқалар болуы мүмкін. Мұндай шикізатты сақтау қалайсыз және ол тасымалдауға келмейді. Күшінде тұрған мемлекеттік стандарт бойынша мұндай шикізат стандартсыз шикізатқа жатады.

Ысталу – алау маңында кептірілген және түтіннен ысталған терілерде кездеседі. Ысталған терілер шел қабаты сары немесе күңгірт сары болады және «ысылдақтығымен» ерекшеленеді. Мұндай терілер ішінара иленіп қалатындықтан оларды малшу қиын, кейде тіпті мүмкін де емес. Мемлекеттік стандарт бойынша ысталған терілер стандарттан тыс болады.

Жүннің жидуі – қой терісін кешіктіріп немесе қате консервілеген кезде теріде дамыған бактериялық процестер нәтижесінде қылшықтың тері тінімен байланысының әлсіреуі. Тұщы-құрғақ немесе құрғақтай тұздалған шикізаттан бұл ақауды байқау қиын болады, өйткені теріні кептірген кезде қылшықтың тері дермасымен байланысы дерманың емізікті және торлы қабаттарының тығыздалуы есебінен бекиді, мұндай терілер шел қабатының түсі күңгірт-сары болады.