- •Тері шикізатының тауартануы
- •I тарау. Тері және тондық –үлбірлі шикізаттардың тауартану негіздері
- •Тері топографиясы.
- •Терінің химиялық құрамы және физикалық қасиеттері.
- •Малды сою және терісін сыпыру.
- •Мал сою пункттері.
- •Терілерді сыпыру
- •III тарау. Былғары және тондық шикізатты бастапқы өңдеу және толық өңдеу
- •Қиды қи жинағыш машинамен алу.
- •Терілерді шелдеу
- •Былғары шикізаты мен тондық –үлбір шикізатты консервілеу. Сыпырылғаннан кейін теріде жүретін процестер.
- •IV тарау. Былғары шикізаты және тондық -үлбір
- •Малдың тірі кезінде пайда болған ақаулар
- •Малдың тері ауруларынан пайда болған тері ақаулар
- •Малдың тірі кезінде терілердің механикалық зақымдануынан пайда болған былғары және тондық- үлбірлі шикізаттың ақаулары.
- •Малдың қате және жеткіліксіз азықтандырылуынан пайда болатын тері ақаулары.
- •Малды сою және терілерді сыпыру кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді бастапқы өңдеу кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді қате сақтау және тасымалдау кезінде пайда болатын ақаулар.
- •Тері ақаулары. (гост 3123-78,1134-73)
- •V тарау. Былғары шикізаты және тондық –үлбірлі
- •Түрлі әдістермен консервіленген былғары және тондық-үлбірлі шикізатты сақтаудың негізгі шарттары.
- •Сақтау үші шикізатты іріктеу
- •Шикізатты қатарларға салу.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Малдың тірі кезінде терілердің механикалық зақымдануынан пайда болған былғары және тондық- үлбірлі шикізаттың ақаулары.
Ақаулардың ең көп таралған осы тобына терілердің мынадай зақымданулары жатады: сызаттар, тыртықтар, қамшы іздері мен соққылар, мүйіз іздері, майынтұрық ізі, жауыр, тістелген және шайналған жерлер.
Сызаттар – малдың қышынған кезде өткір, үшкір заттарға сүйкенуі арқылы терінің бет қабатының бүлінулері. Қой терілеріндегі сызаттар сондай-ақ қалай болса солай қырқу, ал ешкі терілерінде түбітті металл тарақпен тарап алу нәтижесінде болуы да мүмкін. Сызаттар теріде қабыну көріністерін тудырмайтын және тез жазылатынәрі теріде із қалдырмайтын үстіңгі (сыртқы) сызаттар және жазылғаннан кейін теріде тыртық түрінде білінетін және дайын былғарының беткі қабатының тұтастығын бұзатың терең сызаттар деп бөлінеді. Терілерді сұрыптаған кезде беткі қабатты немесе дерманы бүлдіретін сызаттарды ғана есептейді.
Тыртықтар- терінің жүн жағында бітелген терең сызаттар, сыздауықтар, мүйіз іздері және басқа зақымдардың іздері. Дайын былғарыда олар бет жағында бет қабатының құрылысымен және бояуымен ерекшеленетін бөліктер түрінде, ал жекелеген жағдайларда садка болуымен де білінеді. Тыртық пішіні зақымдану сипатына байланысты болады. Егер ол сыздауықтан пайда болса, онда ол нобайы тегіс емес дөңгелек пішінді болады және сұрыптау кезінде сыздауықтар деп есептеледі. (25 сурет)
Сызаттан пайда болған тыртық тері бетінде сызықты пішіні қатып қалған тарақ түрінде болады, оларды сызаттар ретінде есептейді. Мұндай тыртықтар қылшық жамылғысы қалың терілерде аз білінеді және қылшығы алыңған соң ғана білінеді.
Мүйіз іздері – малдар сүзіскен кезде мүйізден жарақаттану нәтижесінде терінің жүн жағында болатын жыртылулар немесе терең сызаттар. Мұқыл мүйізбен ақырын ұрған кезде тері қанталайды, ол шел жағынан жағынан қара түсімен білінеді, ал терінің бет жағында жарыққа қараған кезде білінеді.(26 сурет)
Қамшы іздері мен соққылар – малды қамшымен немесе таяқпен ұрған кезде пайда болатын күрең қызыл жолақ түрінде жыртылмаған немесе терінің бет қабаты және тіпті дермасы жыртылған іздері. Қамшы іздері көбінесе жылқы, есек және қашыр терілерінде көбінесе сауыр бөлігінде кездеседі. Тері дермасының бет қабатының зақымдануы мемлекеттік стандарт бойынша тақыр деп есептеледі.
Жауыр, қамыт ізі және мойынтұрық ізі – жылқы терісінің ертоқымнан, қамыттан және мүйізді ірі қара терісінің мойынтұрықтан зақымдануы. Зақымданулар тек жүннің тақырлануымен және эпидермистің сәл қырылуымен ғана шектелсе және терінің бет қабатына әсер етпесе, онда бұл жағдайда дайын былғары сапасының өзгеруі байқалмайды.
Егер де терінің бүлінулері оның әлдеқайда терең қабаттарына шапса, онда тері сапасының елеулі өзгерістері жүреді. Бітелген жерлерінде шикізатта қатты, тегіс емес тыртықтар пайда болады, олар шел қабаты жағынан әлдеқайда ақшыл түсімен ерекшеленіп тұрады,ал өңделген тауарда жетілген жауыр, қамыт ізі мен мойынтұрық-ізінің орнындағы былғары тегіс емес, дөрекі, кедір-бұдырлы болады, кейде сыртқы қабаты сыдырылады. Бұл үш ақау мемлекеттік стандарт бойынша тақыр ретінде есептеледі.
Тавро қойдан басқа түрлі жануарлар терісіне күйдіріп басылған таңба, ал қойларда тавро деп шопандар бригадаларында қойларды таңбалу кезінде терідегі жуғанда кетпейтін бояу қалдықтарын айтады.
Дайын былғарыда бет қабаты бөлінген, морт және сынғыш тінімен ерекшеленетін бөлік түрінде білінеді.
Тегіс емес қырқу және тері жарақаттары-жүн жамылғыны түгендетіп қырқу немесе ұқыпсыз түрде қырыққан кезде теріні жарақаттануы. Егер тері мал соярдан аз бұрын болса, теріде жазылмаған тыртық болады.
Қырылған жер – түрлі механикалық бүлінулер әсерінен қой терісінің жекелеген бөліктеріне жүн жамылғының болмауы.
Тістелген (шайналған) жерлер – көбінесе шошқалар мен иттер терілерінде сыдырылған жерлерінде сыдырылған жерлер, кішкене тесіктер мен қанталаулар түрінде байқалатын, теріні жарыққа қарағанда білінетін зақымданулар.
Терілердің ластануы нәтижесінде пайда болатын ақаулар.
Ошаған мен ластану – қой терісінің жүн жамылғысы бетінің ошағанмен ластануы. Қойлар мен ешкілер терілерін түрлі ошағандар тұқымдары ластайды, олардың ең қатерлілері ошаған – ара (қырым ошағаны), ұсақ өткір тікендер қаптаған кішкене шарик пішінді болады,ошаған және басқалар. Көп жағдайда жабысып қалған ошаған айналасындағы жүн тығыз түйін тәрізді үйісіп қалады оны оған жалғас өңдеген кезде жүнімен бірге сыдырып алады. Ошағанмен қатты ластанған үлбірлі қой терілері бір қатар жағдайларда олардан үлбір жартылай фабрикаттар әзілеуге тіпті жарамсыз болып қалады.
Селеу іздері (накостым) – қойлар мен ешкілер терілерінде малдардың тері жамылғыларын селеудің піскен, өткір өзекті өскіндер бар, жүні арқылы малдың терісіне қадалатын қатты тұқымдарымен тесілуінен пайда болған ұсақ саңылаулар.
Көбінесе, тері ткані көптеп зақымданған кезде қой терілері мен ешкі терілері бракқа шығарылады, өйткені селеу тұқымының әр ізі, шикізатта әрең байқалған мен немесе тіпті байқалмағанмен, шелдеу кезінде ылғайып кетеді, сондай-ақ дерманың жыртылуын да байқауға болады, бұл елеулі мөлшерде жартылай фабрикаттардың технологиялық және тауарлық қасиеттеріне де әсер етеді.
Қи (навал) – төсенішсіз, лас бөлмелерде ұсталған малдыңденесінің құрсақ бөлігінде және бүйірінің елеулі бөлігінде жүнге жабысып қатып қалған малдың тезегі. Былғары шикізатының мемлекеттік стандарты қиды ауырлатқыш деп қарайды, бірақ көп жағдайда қиды теріден мерзімінде алмаса оның асты шіріп кетеді. (27 сурет)
Үлбірлі қой терісінде қи терінің негізгі ауданының 25 %-дан астамын қамтыса, ол дербес ақау деп есептеледі.
