- •Тері шикізатының тауартануы
- •I тарау. Тері және тондық –үлбірлі шикізаттардың тауартану негіздері
- •Тері топографиясы.
- •Терінің химиялық құрамы және физикалық қасиеттері.
- •Малды сою және терісін сыпыру.
- •Мал сою пункттері.
- •Терілерді сыпыру
- •III тарау. Былғары және тондық шикізатты бастапқы өңдеу және толық өңдеу
- •Қиды қи жинағыш машинамен алу.
- •Терілерді шелдеу
- •Былғары шикізаты мен тондық –үлбір шикізатты консервілеу. Сыпырылғаннан кейін теріде жүретін процестер.
- •IV тарау. Былғары шикізаты және тондық -үлбір
- •Малдың тірі кезінде пайда болған ақаулар
- •Малдың тері ауруларынан пайда болған тері ақаулар
- •Малдың тірі кезінде терілердің механикалық зақымдануынан пайда болған былғары және тондық- үлбірлі шикізаттың ақаулары.
- •Малдың қате және жеткіліксіз азықтандырылуынан пайда болатын тері ақаулары.
- •Малды сою және терілерді сыпыру кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді бастапқы өңдеу кезінде пайда болған ақаулар.
- •Терілерді қате сақтау және тасымалдау кезінде пайда болатын ақаулар.
- •Тері ақаулары. (гост 3123-78,1134-73)
- •V тарау. Былғары шикізаты және тондық –үлбірлі
- •Түрлі әдістермен консервіленген былғары және тондық-үлбірлі шикізатты сақтаудың негізгі шарттары.
- •Сақтау үші шикізатты іріктеу
- •Шикізатты қатарларға салу.
- •Пайдаланылған әдебиеттер
IV тарау. Былғары шикізаты және тондық -үлбір
ШИКІЗАТТЫҢ АҚАУЛАРЫ
Терілерде кездесетін және олардың сапасын төмендететін түрлі зақымдарды ақаулар деп атайды.
Былғары шикізатында және тондық- үлбірлі қой терілерінде кездесетін ақаулар аса көп түрлі болады және олардың пайда болу себептері де әр түрлі. Олар келтіретін экономикалық шығындар мөлшері ақаулар сапасына және терілердің олармен зақымдану деңгейіне байланысты болады.
Дайындаушылар және шикізатты қабылдауға тікелей қатысы бар басқа қызметкерлер үшін ақауларды мерзімінде және дұрыстану және анықтау, олардың пайда болуы мен таралуын болдырмау өте маңызды болады, бұл тек олардың пайда болу себептері мен мәнісін білген кезде ғана мүмкін болады.
Былғары шикізаты мен тондық- үлбірлі қой терілерінде пайда болған ақаулар шығу тегі мен сипаты бойынша екі негізгі топқа:
малдың тірі кезінде және өлгеннен кейін пайда болған деп бөлінеді.
Малдың тірі кезінде пайда болған ақаулар
Малдың тірі кезінде пайда болған тері ақаулары былғары және тондық-мехтық шикізаттың ақауларының негізгі массасын құрайды және әдетте, малдың түрлі тері ауруларының, терінің механикалық зақындарынан, тері жамылғының былғануы мен ластануынан, дұрыс азықтандырмаудан және малды қанағаттанғысыз түрде күтуден пайда болады.
Малдың тері ауруларынан пайда болған тері ақаулар
Тері ауруларының пайда болу себептері әр түрлі. Олардың кейбіреулерінің кеңелер мен жәндіктер, енді біреулерін мал терінде паразиттік тіршілік ететін ауру тудырғыш саңырауқұлақтар мен бактериялар тудырады. Бұл топтағы ақауларға мыналар жатады: қышма (чесотка), бездер (железница), қаяу (свищ), құрғақ теміреткі (стрегущий лишай), таз (парша), шешек (оспа), сыздауықтар (балячки), тақырлар (безличины), жаланды (лизуха) және басқалар.
Қышыма малдарда жиі байқалады. Қышыманың қоздырғыштары қышыма кенелері болып табылады. Олар жай көзге қараған кезде өте ұссақ ақшыл нүктелер түрінде көрінеді. Олар өздерінің бүкіл өмірлерін үй жануарлары мен жабайы жануарлардын үстінде сүреді. Қышыманы кеңелердің үш түрін тудырады, олар: қотыр кенелері, тері үсті кенелері және тері жегіштер.
Қотыр кенелері (зудни) қышыма қотырды тудырушы кенелерінен салыстырғанда кішірек болады, олардың басындағы жақтары мықты болады, солардың көмегімен олар тері тканінің жоғарғы қабаттарында тарандалған жолдар жасайды. Еркек кенелер ұрғашы кенелерді ұрықтандырған соң өліп қалады, ал ұрықтанған ұрғашы кеңе тарндалған жолдарға жасырынып, оларда 40-45ке дейін жұмырқа салады. 2-3 күннен кейін жұмыртқалардан 6-ы аяқты дернәсілдер шығады, олар түлеген соң 3-4 күннен кейін 8-аяқты нимфаларға айналады. Бір не екі түлеген соң нимфалар жыныстық жағынан жетілген кенелерге айналады.кенелердің даму циклы 2-4 аптаға созылады. 3 ай ішінде 15 жұмыртқадан 6 ұрпақ дамып, тұқымдрының саны 1,5 млн кенеге дейін жетеді.
Қотыр кенелер терінің сыртқы қабаттарының жсушасы мен тін сұйығымен қоректенеді. Қотыр кенесінен әсірсе жылқылар азап шегеді. Зақынданудын әуелгі сатысында терінің қатты қышуы байқалады. Мал мазасызданып, терінің зақымданған бөлігін кеміруге және үйкеуге тырысады, соның нәтижесінде тақырлар мен жаланылар пайда болады. Аурудың кейіңгі сатыларында теріде ұсақ түйіндер пайда болады, олар күлдірек, үсті қарақотыр мен және қабыршақ пен қапталып, астына ірің жиналады. Зақынданған бөліктер жүнінен айырылып, былғары дөрекі, қатты болады. Онда сызаттар мен жаралар (сыдырылған) пайда болады, осындай терілерден алынған жартылай фабрикат кеуекті, беті терең сыдырылған, құыс, құрттар жолдарымен тесілген болады.
Тері үсті кенелері (накожники) қотыр кенелеріне қарағанда едәуір ірілеу болады. Олардың басы конус пішінді, жақтары шаншатын және жыртатын болады. Өмір циклын малдың терісінің бетінде өткізеді, жүн жамылғының қылшықтары арасына жасырынады, тері жамылғыда жүретін жолдарды теспейді. Шаншатын ауыз аппаратымен қатар үшкірленген тұмсығының арқасында тері үсті кенелері жасушалар аралындағы сұйықпен және тесілген және кемірілген жасушалардан аққан сұйықпен қоректенеді. Шанышқан жерден жұнге сіңетін сұйық шығады, одан кейін ұсақ қызғылт түйіндер мен күлдіреген ірінді жаралар пайда болып, жүн шіриді де түсіп қалады. Қасыну және ластану салдарынан бүлінген жасушалар ірің сіңген қабыршықтарға айналады. Қышыма күшті дамыған кезде тері дермасының беткі және терендегі қабаттары бүлінеді.
Тержегіш кенелер өлщемдері бойынша қотыр кенелері мен тері үсі кенелері мен аралығында болады. Мал терісінің бетінде паразиттік өмір сүреді. Жүретін жолды кемірмейді, эпидермистің сыртқы қабаттарының жасушаларымен қоректенеді. Теріжегіш қышымасы жылқылардық тұсамыс тұсын зақымдайды және шабатын буыннан жоғары сирек тарайды. Ауру теріде қанды-ірінді сұық толы сызаттр мен лас-қан түсті қабыршықтар пайда болады.тері жамылғының тым көп бүлдірмейді.
Қышыма-мал терісінің кең таралған ауруы, ол мал денесіне тез жайылады және мерзімінде ендік және профилактикалық шараларды қолданбаса бір малдан екіншісіне онай жұғады. Қышыма қотыр ауруы тері сапасын төмендетіп және жүнін түсіріп қана қоймайді, сонымен қатар малдың қоңдылығына әсер етеді, сүт сауу мөлшерін төмендетеді. Мұйізді ірі қра мен жылқы көбінесе тері үсті кенесі мен қотыр кенесі қышымасымен ауырып, сирек жағдайда ғана тері жегіш кене қышымасымен ауырады. Ал түйелерге көбінесе қотыр қышмаса және сирек жағдайда ғана тері үсті кенесі қышымасы байқалады.
Қотыр кенесі қышымасын әсіресе бұғыларда жиі байқауға болады. Қылшық жүнді қойлар мен ешкілер көбінесе қотыр кенесі қышымасымен,ал биязы жүнді қойлар тері үсті кенесінің қышымасымен ауырады. Қышыма қотырмен күресті алдын алу және емдік шаралар қолдану жолымен жүргізеді. Олардың қатарына мыналар жатады: түрлі дәрілерді жағу(гипосульфид пен натрий бисульфиті, гексохлоран препараттары, ДДТ және басқалар), малды 2 %-дық креолинге салып қотырға қарсы шомылдырулар, қышыма қотыр кенелерімен зақымданған жайылымдарды карантиндеу және басқа шаралар.
Бездену (железница) – тері ауруы, иттерде, мүйізді ірі қара мен ешкілерде болады және басқа жануарларда сирек кездеседі. Безденуді тудыратын кене онша ұзын емес (0,3-0,4 мм) және пішінібойынша лавр жапырағына ұқсайды. Бездену кенесі теріге қылшық қапшықтары мен май бездері арқылы енеді және онда тұтас колониялар күйінде паразиттік тіршілік етеді, өте тез көбейеді. Бұл кенелер май бездерінің, қылшық қапшықтары мен пиязшаларының қабырғаларын зақымдайды, бұл қылшықтардың түсуіне әкеп соғады. Без кенесі зақымдаған тері бөліктеріне инфекция түсіп, соның нәтижесінде үлкендігі әр түрлі төмпешіктер пайда болады, олардың ішінде сарғылт – жасыл түсті ірін массасы болады, ооларда кенелер мен олардың дернәсілдері болады. Былғары шикізаттында эпидермис жағынан бұл ірінді жерлер әрен байқалады. Тері аста май қабаты жағынан зақымдаған ошақтар-ақшыл түсті қызғылт реңкті болып білінеді. Шығарылған тауардың осы жерлерінде қуыстар (бетінде немесе бахтармасында)пайда болады, бұл терінің ең бағалы бөлігі – тебінгісін пішуге жарамсыз етеді.
Безденуді емдеудегі әсңресе әсерлі препараттар мыналар: бисэтилксон – тогеннің минералдық майдағы 6 %-дық ерітіндісі. Гипосульфид пен натрий бисульфидтінің 40%-дық ерітіндісі, ДДТ-ның 3 %-дық ерітіндісі немесе гексохлоранның минералдық майдағы 1%-дық ерітіндісі.
Сонымен қатар кенемен зақымдаған жайылымдарды ауыстыру және ауру малдарды сау малдардан бөлу қажет.
Қаяулар (свищи)- тері бөгелегінің дернәсілдерінен бүлінген терілер. Бөгелек – бұл кәдімгі шыбыннан 2-3 есе үлкен, шыбынның бір түрі. Қанаттары ақшыл сұрғылт, қанаттарындағы талшықтары жирен – қоңыр болады. Құрсағы қара түсті, тоқсары түсті қылшық қаптаған болады. Бөгелек тіршілігініңң ұзақтығы небары бірнеше күн болады (5-10). Бөгелек жаз айларында (маусым, шілде, тамыздың басы) үшады. Жаздың жылы ашық күндерінде көбінесе таңғы уақытта ұрғашы бөгелек малдың жүніне 500-ге жуық жұмыртқа салып, оны сирағы мен желімдегіш зат көмегімен бекітеді. Олардың көбіне жұмыртқа салатын жерлері: малдың сирақтары, құрасығын астынғы және жан беттері, сирек жағдайда малдың төсі. Әдетте ұрғашы бөгелек жұмыртқан мал жатқан кезде, тек сирек жағдайда тұрған кезінде салады. Бірнеше (3-7) күннен сон құрт тәрізді дернәсілдер шығады, олар өздері пайда болған жердегі қылшық түбіне жорғалап барып,теріні бұрғылап тесіп, тері асты май қабатына кетеді.
Дернәсілдер теріні бұрғылап тескен кезде малдың денесі қатты қышиды, және жануар одан қашып, бұталарға ұмтылады, көбіне травмалық және басқа жарақаттар алады.тері астына түскен дернәсіл кейінірек, қысқа таман дәнекер тін бойымен өнешке кіреді, мұнда ол шырышты қабақ астындағы қабатқа тоқтайды, әрі жеткілікті түрде қорек алып, тез өсіп ұлғал бастайды, дернәсілдердің организмдегі миграциясы 7-8 айға созылады, олар тері асты дәнекер тканінде, баур, көкбауыр, диафрагма бетінде, бұлшық еттерінде, жұлын каналында болады. Шамамен қантарға таман өскен дернәсіл лимфа жолдарымен малдың жонына қарай қозғалып, тері асты май қабаты арқылы тері дермасына отып, қаяу жоолын жасайды, ол арқылы оттегі келіп тұратын болады. Жон терісі астында болған (1,5-3 ай) дернәсіл одан әрі ұлғаяды.
Дернәсіл бар жердегі тері томпайып, дамуының соңына қарай грек жаңғағы мөлшеріндей болады.Томпақта ірін жиналады, дернәсіл сонымен қоректенеді. Дамуын тоқтатқан соң (3 см-ге дейін жетеді) қаяу жолы арқылы сыртқа шығып, топыраққа түсіп 2-3 см терендікке көміледі.жерде 2-3 күн жатқан соң дернәсіл қуыршаққа айналады, одан кейін тағы 25-40 күннен соң құыршақтан ересек бөгелек ұшып шығады. Сонымен, бөгелектер дернәсіл сатысында аса көп зиян келтіреді.
Дернәсілдердің қозғалған жолында малдың жалпы күйіне әсер ететін қабыну көріністері пайда болады; өнімділікті төмендете отырып, олар төлдің дамуы баяулатады, малдар басқа ауруларға да төзімсіз келеді.
Бөгелек дернәсілімен зақымдаған әр сиырдан сүт сауу орта есеппен 10-25%-ға төмендейді. малдарды сойған кезде, ұманың дернәсілімен зақымдаған бөлігін (қабыну ошақтарын) бракқа шығарады, ал тері қаяу салдарынан жарамсыз болып құнсызданады.
Терінің
тебінгі бөлігінің шама-орта есеппен
30%-на дейін таяулық (қуыстығы) салдарынан
жоғалады.Қаялар 3 типті болады: ұрықтанған,
ашық және бітелген; теріде орналасуы
бойынша – топтанған (үйілген) және
бытыранқы болады .
21- сурет. Қаяудың қалыптасуының түрлі сатыларындағы терінің кесіндісі:
1- ұрықталған қаяу, 2- дамып келе жатқан қаяу,
3- ашық қаяу (тесік), 4- бітелген тесік.
Ұрықтанған қаяу –дернәсілдердің дерманың тек терен қабатын (қорлы қабатты) зақымдауы, мұнда дернәсіл манайында дәнекер тін қабаты әлі пайда бола қоймайды. Ашық қаяу –дернәсіл теріні бұрғылап тескен, бірақ томпақтан әлі түспеген немесе түскен, тек қаяу әлі бітелмеген кезі. Бітелу – (бітелген қаяу), дернәсіл түсіп қалғаннан кейін кемінде 10 айдан соң пайда болады. Бірақ та қаяу толық бітеліп кеткен соң да оның орнында коллаген талшықтарының будалары күрделі өріндер түзбейді, көлденен бір бағытта жүреді, бұл терінің беріктігін төмендетеді. Тері ткандеріндегі тыртық болып біткен бөліктердегі тері бездері мен қылшықтар бұлшық еттері болмайды.
Бөгелекпен күрес екі бағытта жүргізіледі:
Профилактикалық шаралар – бұл амалдарды бөгелек ұшатын сағаттарда қорада ұстап, түнгі уақытты бағу;
Бөгелек дернәсілдердің оның дамуының бастапқы сатыларында, олар әлі тіндерді көп мөлшерде бүлдіріп қаяу (тесік) жасай қоймаған кезде ДДТ-ның вазелин немесе саляр майының 5%-дық ерітіндісін немесе ақ томар дәрінің тамырының ерітіндісін қолдану жолымен өлтіру. Бұл екі преператта теріге тереңдеп сіңіп, сондағы дернәсілдерді өлтіретін қасиеті болады.
Бұл препараттарды екі рет 20-30 күн аралатып қолданған жөн, өйткені бөгелектің бар дернәсілдері бірдей ересеймейді. Ерітінділерді щеткамен томпақтар пайда болған жерлерде жеңіл айналмалы қозғалыспен, жаурынының алдыңғы шетінен құйыршық түбіне дейін жағады. Жазғы кезеңде (шілде, тамыз, қыркүйек) малдарды хлорофостың судағы ерітіндісімен мал салмағының әр килограмына 100 мг жұмсап үш рет сепкен кезде әлдеқайда жоғары әсерлілікке қол жеткізілді.
Құрғақ теміреткіні саңырауқұлақ тудырады. Саңырауқұлақ мицеллалары теріге тереңдеп ініп, қылшық фолликулдарын толтырып, жасуша ақуызкары мен тері талшықтарын бұзады. Зақымданған ошақтар әдетте кішірек дөңгелек дақтар түрінде байқалады, кейін олардың бетінде түйіншектер мен күлбіреген жаралар пайда болады, олар біртіндеп ыдырап, сұрғылт түсті қабыршаққа айналады. Сонымен бір мезетте терінің кебек түрінде түлеуі байқалады. Зақымданған бөліктердегі қылшықтар жалтырлығынан шорылып, сынады және сирейді, қылшықтар аралығын жабысқыш қабыршықтар қаптайды. Ошақтар қысылған кезде бүтін тақырланған учаскелер пайда болады (22-сурет).
22-сурет. Мүйізді ірі қара мал терісіндегі құрғақ теміретке.
Бұл ауру көбінесе қышыма тудырады, малдар қасынып, жүн жамылғысын да, тері жамылғысын да бүлдіреді. Құрғақ теміретке малдардың ең көп таралған ауруы болып табылады, әдетте ол малды ұзақ уақыт бойы дымқыл, лас қораларда ұстаған жағдайда пайда болады. Мүйізді ірі қарада теміреткелер әдетте басында, мойынында және тік ішегінде болады, жылқыларда қабырға, жауырын тұсында, жаясы мен арқасында, қойлардың төсінде, мойнында, жаурыны мен арқасында болады. Құрғақ теміретке сондай-ақ шошқаларды, иттерді, мысықтар мен үй қояндары де зақымдайды. Аурудың жеңіл пішіндерде көбінесе эпидермис және қылшық ткандері бүлінеді, олар былғары шығару процесінде алып тасталады.
Ауру күшті дамыған кезде өңделген тауарларда «ойықтар» пайда болып, тері сыңғыш және бос келеді, бұл былғары бұйымдардың пайдалы пішімінің шығымдылығын азайтады.
Парша ( қотыр) да құрғақ теміреткі сияқты саңырауқұлақ ауруы болып табылады және эпидермистің, кейде тері дермасының тіндерінің зақымдануын тудырады. Терідегі тазқотыр қабықпен және түлеп түсіп жатқан эпидермиспен қапталған тақыр бөліктер түрінде білінеді. (23-сурет).
Тазқотыр көбінесе мысықтарда кездеседі. Үй жануарлары арасында осы ауруды тарататындар егеуқұйрықтар мен тышқандар болып табылады, ал үй жануарларынан адамға жұғады. Қылшық қапшығының шығар аузына түскен мицеллалар қылшық өздегімен тереңдеп өніп, эпидермис тканіне орнығады. Одан кейін, өсе келе, саңырауқұлақ терінің бетіне эпидермис жасушаларымен араласқан жіптерден қабыршақ түзіп, ол біртіндеп қалыңдай береді. Қабыршақ астындағы тері атрофияланады. Бұл бөліктердегі қылшықтар жылтырынан айрылып, шаң қонған тәрізденеді.
Құрғақ теміретке мен тазқотыр былғары – аяқ киім және қой терісі – тон өнеркәсібіне елеулі зиян келтіреді. Саңырауқұлақ аурулары малдардан немесе шикізаттан адамға жұғуы мүмкін. Бұл ақаулар 28425-90 мемлекеттік стандарт бойынша «тазқотыр» деген атпен біріктіріледі.
Бұл саңырауқұлақ ауруларымен күрестің ең әсерлі құралдары мыналар: майлы ерітіндідегі «К» препараты, ДДТ-ның немесе гексахлоранның өңделген автолдағы 10 %-дық ерітіндісі, креолин мен автолдың бірдей мөлшердегі қоспасы және басқалар.
Шешек өте жұқпалы аурулар қатарына жатады және бактериялардың тіршілік қызметінен туындайды. Шешекпен көбінесе қой мен ешкі ауырады. Ауыру тыныс органдары ас қорыту тракты және зақымданған тері арқылы жұғады. Аурудың жасырын кезеңі 12 күнге дейін созылады. Малдарда безгек жағдайы және шырышты қабаттардың зақымдануы байқалады. Одан кейін 1-2 күн өткен соң теріде және шырышты қабаттарда қызыл дақтар пайда болып, олар тығыз, домалақ, конус пішінді түйіндер пайда болады, одан кейін іріңді жаралар, одан соң қабықтар пайда болады. Аурудың бұл кезеңі 3-тен 7 тәулікке дейін созылады. Шешек әдетте малдың денесін қышытады, соның салдарынан мал қышыған жерлерін қасып, теріге зақым келтіріп, көршілес бөліктерге жұқтырады. Шешек дақтары бітелген және бітелмеген деп бөлінеді, алғашқыларында қой терісін өңдеген кездетері тесілмейді, бірақ ақшыл тығыз дақтар түрінде бахтармада із қалдырады, екіншілері өңделген кезде саңылау жасайды немесе терең тақырлар мен шұңқырлар жасайды. Мұндай былғары әдетте бұйымның жауапты бөлшектеріне қолдануға жарамайды. Тері жамылғы шешекпен зақымданған кезде пайда болған ақаулар 28425-90 мемлекеттік стандарт бойынша «сыздауықтарға »жатады.
Шешекпен күресте шешекке қарсы вакцина қолданылады. Сойылған немесе шешектен өлген малдардың терілерін карбол қышқылының 3%-дық ерітіндісінде немесе креолинныің 2,5 %-дық ерітінлісіне 24 сағат салып қойып зарарсыздандырады. Зарарсызданған соң оларды оқшауланған бөлемлерде кептіріп, карантин алынған соң ғана тиеп жібереді.
Қаптап (короста) қойлар мен ешкілер терілерінде кездеседі, терінің бет қабатында мүйізденген қабықты ұсақ бөрткен түрінде болады. Сорттау кезінде, егер ол қайызғақ түрінде ғана зақымдаса, оны есептелейді, ал егер зақымдану тері дермасының бет қабатына жетсе, онда ол сыздауық секілді ескеріледі.
Сыздауықтар –тері ауруы немесе жарақаттанғаннан кейін терідегі жазылмаған немесе қарақотырланған жерлерін айтады. Жұмыс малында сыздауықтар көбінесе ертұрманның нашар қиысуынан болады. Көп жағдайдасыздауықтар қансорғыш жәндіктер (биттер, соналар) шаққаннан және басқа себептерден болады. Сыздауықтар шел қабаты жағынан қара дақтар түрінде бөлінеді, ал эпидермис жағынан – осы бөліктерді жарыққа қарау және қолмен ұстап көру жолымен анықталады. Сыздауықтар не терінің барлық қабаттарын, немесе тек беткі қабатын бүлдіреді. Сыздауықтар бітпеген және жазылған деп бөлінеді. Бітпеген сыздауықтарға өлшемдері мен пішіндері әр түрлі жаралар мен ойық жаралар ал жазылған сыздауықтарға тыртықтар мен жараның орындары жатады. Сыздауықты терілерді тығыздықты және жыртуға төзімділікті талап ететін таурлар шығаруға қолдануға болмайды.
Тақыр-механикалық зақымдар немесе кем не қате консервілеу салдарынан болған бактериялық процесстер нәтижесінде бет қабатынан айрылған терінің орны. Тақырлар мынадай ақауларды біріктіреді: ер-тоқым орны (жауыр), қамыт орны, қамшы ізі, мойынтұрық орны, жаланған жерлер, соғылған жерлер және басқалар. Тоқырлар – шикізаттағы кең таралған ақау болып табылады.
Жаландылар – мүйізді ірі қара терілерінде малдың терінің қышыған жерін жиі және ұзақ уақыт бойы жалауынан пайда болған ақау. (24 сурет)
Терінің тақыр жағында ол бір-біріне параллелді түрде орналасқан сызаттар немесе тыртықтар түрінде, теріде – жүннің жып-жылмағайлығынан білінеді.
