Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
с книга кож. 11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.16 Mб
Скачать

Тері шикізатының тауартануы

Оқу құралы

Кітаптың авторы : Телемисова А.К

Біліктілік санаты- жоғары

Семей 2017 жыл.

Кіріспе

I- тарау. ТЕРІ ЖӘНЕ ТОНДЫҚ –ҮЛБІРЛІ ШИКІЗАТТАРДЫҢ ТАУАРТАНУ НЕГІЗДЕРІ

  • Тері шикізаты туралы жалпы түсінік

  • Мүйізді ірі қара терісінің жіктелуі (классификациясы)

  • Былғары шикізатының негізгі түрлерінің қысқаша сипаттамасы

  • Тері шикізаты мен жартылай былғары фабрикаттарды топтау

II- тарау. ТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ

  • Терінің құрылысы

  • Терілер топографиясы

  • Терінің химиялық құрамы

  • Терінің физикалық қасиеттері

III -тарау. БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ТОНДЫҚ ШИКІЗАТТЫ БАСТАПҚЫ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ТОЛЫҚ ӨҢДЕУ

  • Терілерді тазарту

  • Терілерді шелдеу

  • Терілерді шаю

  • Былғары шикізаты және тондық – үлбір шикізаты

IV- тарау. БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫ ЖӘНЕ ТОНДЫҚ -ҮЛБІР ШИКІЗАТТЫҢ АҚАУЛАРЫ

  • Малдың тірі кезінде пайда болған ақаулар

  • Өлгеннен кейін пайда болған ақаулар

V- тарау. БЫЛҒАРЫ ШИКІЗАТЫ ЖӘНЕ ТОНДЫҚ –ҮЛБІРЛІ ШИКІЗАТТЫ САҚТАУ

  • Шикізаттарды сақтаудың негізгі шарттары

КІРІСПЕ

Тауартану – тауарларды белгілі бір тұтыну құны бар заттар ретінде, яғни адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті бар заттар ретінде зерттеумен айналысатын ғылыми пән.

Жануарлар шикізаттары тауартануының зерттейтін нәрсесі ол үй жануарлары мен жабайы жануарлардың терілері, сондай-ақ жануарлардан алынатын шикізаттардың басқа түрлері – ішек – қарын шикізаты, қылшық, қыл және т.т. болып табылады.

Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың терілері (шикізат) ежелден түрлі былғары және тондық- үлбірлі жартылай фабрикаттар (былғарының түрлері, иленген қой терілері) өндіру үшін пайдаланылып келеді, олардан аяқ киім, үлбір, тон және былғары киім, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына арналған түрлі техникалық бұйымдар, сондай-ақ түрлі галантереялық тауарлар (сумкалар, белдіктер, әмияндар) және кең қолданылатын басқа заттар әзірленеді.

Тауартану химия, физика, биология, микробиология, гистология және басқа пәндердің ең жаңа табыстары негізінде тауарларды ғылыми зерттеудің неғұрлым тиімді әдістерін, олардың сапасын жақсарту әдістерін дайындайды, тауарлардың тауарлық жылжу және сақтау процесінде қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда анықтайды және тауар ассорттиментінің кеңеюіне ықпал етеді.

Былғары аяқ киім өндірісін, сондай-ақ былғарыдан жасалған басқа бұйымдар мен тондық- үлбірлі тауарлар өндіруді өсіру үшін былғары шикізатының дайындамаларын (заготовки) едәуір ұлғайту және оның сапасын жақсарту қажет.

Былғары және тері өндірісінің шикізат қоры жеткілікті және даму үстінде. Сондықтан да өнеркәсіптің аяқ киім және халық тұтынатын басқа заттарды өндірудің белгіленген жоспарының орындалуы әжептәуір деңгейде тұтынушылар кооперациясының дайындаушылар аппаратына байланысты болады.

Дайындалатын былғары шикізатының сапасына әсер ететін аса маңызды шаралар қатарына мыналар жатады: малдар күтімінің жақсартылуы; тері бөгелегімен күрес; тері шикізатын тұзбен консервілеуді енгізу, оны дұрыс сақтау және дайындау ұйымдарына мерзімінде сату; малды мал сою пункттерінде және қасап алаңдарында, ал олар жоқ жерлерде – білікті мал союшылар көмегімен сою; дайындау ұйымдары қоймаларында шикізатты бастапқы өңдеу және сақтау ережелерін бұзбау.

Өнеркәсіп төмен сортты шикізатты ұқсату кезінде бірінші сортты шикізатты ұқсатқандағыдай материал мен еңбек жұмсайды, ал бірақ дайын бұйымдарды әлдеқайда аз мөлшерде алады және сапасы төмен болады.

Ендеше, шикізат сапасын жақсарта отырып, дайындау ұйымдары халық тұтынатын жоғары сапалы тауарларды өндіруге арналған шикізат ресурстарын едәуір ұлғайта алады.

Тұтынушылар кооперациясының алдына қойылған міндеттерінің табысты түрде орындалуы елеулі дәрежеде дайындау аппараты қызметкерлерінің біліктілігіне байланысты болады.

Бұл оқулықтың міндеті – білікті мамандарды – жануарлар шикізатын дайындауды ұйымдастырушы тауартанушыларды әзірлеуге көмектесу болып табылады.