Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз тарих.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
421.89 Кб
Скачать

§21. Хіх ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі.

1661. 1867-1868жж.реформадан кейін өсірілген міндетті салық түрі. А. Шаңырақ.

1662. 1867-1868жж.реформадан кейін шаңырақ салығы өсірілді: А.1сомнан 3сомға

1663. 1867-1868жж. реформа бойынша жер кімнің меншігі болып жарияланды. С. Патша үкіметінің мемлекеттік меншігі.

1664. 1868ж.желтоқсан айы мен 1869ж. Қазан айы аралығындағы ...көтерілістер отаршылдыққа қарсы бағытталды: Д. Орал мен Торғай өңіріндегі.

1665. 1867-1868жж. «уақытша ереже» бойынша қанша шаңырақтан тұратын адай елі екі жылдың ішінде 160мың сом салық төлеуге тиіс еді; С. 40мыңға жуық шаңырақ.

1666. Қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар табы Александровск фортына шабуыл жасады? Д. 1870ж. 5 сәуірде.

1667. 1869. жылғы 6 мамырда фон Штемпель отряды мен көтерілісшілер арасында ұрыс өткен жер; Д .Жамансай көлі.

1668. 1869ж. Наурызынан маусымына дейін сұлтан, болыс және старшын ауылына көтерілісшілер қанша рет шабуыл жасады: С.41.

1669. 1870 ж. Маңғыстаудағы көтерілісті кім басқарды? А. Досан Тәжіұлы мен Иса Тіленбайұлы.

1670. 1870 ж. Маңғыстаудағы көтеріліске қай рулар қатысты? С. Адай

1671. 1870 ж. Маңғыстауда Адай руы көтерілісшілері жеңіліске ұшыратқан окгур приставы отрядының басшысы: Д. Рукин

1672. 1870 ж. Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген және оған азаттық сипат берген оқиға: В. Подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы.

1673. «Бұларды келістіріп жазалау керек» деген соғыс министрі Милютиннің сөзі қай оқиғаға байланысты айтылды? А. Маңғыстау көтерілісі.

1674. 1870 ж. Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі: С. Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы.

1675. 1870 ж. Маңғыстау көтерілісі Адайлар үшін қандай нәтиже берді? С. Соғыс шығыны ретінде 90 мың қой өткізді.

1676. Кавказ әкімгшілігінің талап етуімен Маңғыстау қазақтарынан жиналған қосымша салық: Д. 57 901 сом

§22. Қазақстанның экономикалық дамуы.

1677. Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы қай кезден басталды? С. 1867-1868 жж. реформадан кейін.

1678. 1868 ж. «Жетісу өңіріне қоныстанушылардың құқығы жөнінде уақытша ереже» кімнің басқаруымен жасалды? Д. Колпаковский

1679. 1868 ж. Қабылданған «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» жаңа Ережеге сәйкес жан басына жер берілді: С. 30 десятина мөлшерде

1680. 1883 ж. Жетісу облысында жаңадан келушілерді, сондай-ак Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы жаңа Ережеге сәйкес жан басына берілетін жер үлесі. А. 10 десятина

1681. 1855 жылдан 1893 жылға дейінгі аралықта Ақмола облысында орыс шаңырағы жайғасқан: В. 24 село

1682. ХІХ ғ. аяғында Қазақстан жұмысшылары негізінен жұмыс істеген өндіріс саласы: С. Тау-кен өнеркәсібінде

1683. ХІХ ғ. соңғы он жылында өлкеде тартылған темір жол көлемі А. 482 верст

1684. Оралдағы Ресей мемлекеттік банк бөлімшесі қай жылы ашылды? А. 1876 ж.

1685. Қазақ даласында малмен сауда жасау арқылы әйгілі болған ірі көпес: Е. Скажутин, Ботов, Колосов, Жиряков.

1686. Бөкей (ішкі) Ордасында тұңғыш жәрмеңке ашылды: Д. 1832 ж.

1687. Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі: Е. Ақмола облысы

1688. Ең ірі жәрмеңкелердің бірі Тайыншакөл орналасты: В. Петропавл уезінде

1689. Аса ірі жәрмеңкелердің бірі – Қарқара уезіндегі Талды-Қоянды деген жерде ашылды: Д. 1848 ж.

1690. ХІХ ғ мен ХХ ғ. басында қазақ жерінде жаңа қала пайда болды: А. 19

1691. 1897 ж. Қазақстандағы халық санағы бойынша халық саны ең көп қала С. Орал, Верный.

1692. ХІХ ғ. соңындағы тау-кенн өнеркәсібіндегі жұмысшы табының саны. А. 19 мыңдай