- •1. Give a definition of ict.
- •1.Акт түсінігіне анықтама беріңіз
- •2.Give a definition the role of icTs in key sectors of society.
- •2.«Акт» пәнінің маңыздылығы
- •3 What software is designed.
- •3. Бағдарламалық қамтамасыз ету
- •4 What types of software, objectives and characteristics?
- •4Бағдарламалық қамтамасыз ету, мақсаттар мен сипаттамаларын қандай түрлері?
- •5. What are the main unit of the personal computer and their functions Негізгі дербес компьютердің бірлігі және олардың функциялары
- •6. Are computers categorized in any way? Компьютерлік тораптарын жіктелуі.
- •8. What is the motherboard? Аналық тақша дегеніміз не
- •13 ДқбЖны жобалау, жалпы түсінік
- •16.What is utility software? What is a device driver?(утилиттердегеніміз не? Драйвер құрылғысы дегеніміз не?)
- •22 .What is Java language. Basics.
- •Бағдарламалау ерекшеліктері[өңдеу]
- •23.What is a Web servers?
- •24. What is css? Features of css.
- •25 Give the characteristic сommunicating over the Network?
- •Internet Explorer нұсқасындағы Көрініс мәзірінде опция «көзі» болып табылады.
- •29. Желілік клиент пен сервер арасында қандай айырмашылық бар?
- •31 Қандай құрылғылар мен желі олардың рөлі. Желі ақпарат құралдары. Жергілікті желі - lan. Ғаламдық желі - wan.
- •28. Класс ip-мекен-жайын сипаттаңыз.
- •33. Ram не? Оның мақсаты қандай? Статикалық және динамикалық жжқ арасында қандай айырмашылық бар?
- •35 Құрылғылар, бұқаралық ақпарат құралдары, қызметтер: желілік компоненттері қандай болып табылады.
- •40 Бұлтты есептеулердің сипаттамаларын атаңыз
- •42) Мобильді технологиялар дегеніміз не?
- •43.Мультимедиалық технологиялар дегеніміз не?
- •44. Where is used of multimedia technology? ( Мултимедиялық техн.Қайда қолданылады?)
- •45. What are bitmap graphics, where are they used, and how can they be identified?(Растрлық графика дегеніміз не? Олар қайда қолданылады?
- •Excel- де диаграммалардытұрғызуӨңдеу
- •41. Name the characteristics Cloud Computing?
22 .What is Java language. Basics.
Java тілі, Бейсик дегеніміз не ?
Java — Sun Microsystems компаниясының жасап шығарғанобъектіге-бағытталған бағдарламалау тілі. Java қосымшалары әдетте арнайы байт-кодта компиляцияланады, сол себепті олар кез келген виртуалды Java-машинасында (JVM)компьютерлік архитектурасына тәуесіз орындалады. Ресми шығу күні — 23 мамыр 1995 жыл.
Айтылуы, атаудың қолдануы[өңдеу]
Айтылуы жөнінде қазақ тілінде басқа тілдердегі сияқты екі бір-бірінен ажыратылған қағида пайда болды: ағылшын тілінен алынған /ˈdʒɑːvə/ («джава») және Ява аралының айтылуына сәйкес келетін дәстүрлі-халықтық «ява». Sun компаниясы ағылшындық айтылуды бүкіл әлемде ұстанады. Java — деп тек қана тілді ғана емес, сонымен қатар осы тіл негізінде жасайтын және орындайтын платформаны атайды. Бастапқыда тіл Oak («емен») болып аталған және оны Джеймс Гослинг тұрмыстық электрондық құрылғыларды бағдарламалау үшін жасалынатын. Біраз уақыт өткеннен кейін тілдіі атын JAVA деп ауыстырады және оны клиенттік қосымшаларды және серверлікбағдарламалық қамтаманы жасау үшін қолданыла бастады. Кейбір бағдарламалаушылардың сүйікті кофе маркасы Java құрметіне аталды. Сол себепті тілідң эмлемасында түтіндеп тұрған кофесі бар шынаяқ бейнеленген. Сонымен қатар осы java атауының шығу тегі туралы басқа да нұсқалар бар.
Тілдің негізгі ерекшеліктері
Java - дағы бағдарламалар, байттық кодты өндейтін және жабдықтамаға нұсқамаларды беретін интерпретаторболып табылатын (JVM) Java виртуалды машинасында орындалатын байт-кодқа трансляцияланады.
Бағдарламалау ерекшеліктері[өңдеу]
Бағдарламалау - қандай да бір тілде код құру процесі, бұл код арнайы бағдарлама - транслятор арқылы файлға өзгертіледі. Транслятордың екі типі бар: компилятор және интерпретатор. Компилятор код тілінде жазылған мәтінді файлға аударады. Ал интерпретатор код тілінде жазылған мәтінді машиналық кодқа ауыстырады да оның орындалуын қамтамасыз етеді. Java - компиляциалайтын тіл болып табылады. Javaда бағдарламалаудың жақсы жақтарының негізгісін айта кетсек, кодың ауысу ерекшелігі:
Java тіліндегі КОД –→(арнайы бағдарлама - транслятор)–→БАЙТТЫҚ КОД –→ (JVM – Java Virtual Mashine) –→МАШИНАЛЫҚ КОД , сондықтан бұл тілде жазылған бағдарлама кез келген жүйелі кез келген компьютерда жұмыс істей алады, тек ол компьютерда JVM орнатылған болу керек. Осыдан Javaда жазылған бағдарламалардың жақсы қасиеті - әр түрлі компьютерларда жұмыс істей алу қабілеттілігі туады
Негізгі мүмкіндіктері[өңдеу]
жадты автоматты түрде басқару;
ерекше жағдайларды өңдеудің кеңейтілген мүмкіндіктер;
енгізу/шығару фильтрация құралдарының бай жиыны;
стандартты топтамалар жиыны: массив, тізім, стек және т.б.;
желілік қосымшалар (оның ішінде RMI протоколын қолдану) жасау қарапайым құралдар болуы;
HTTP-сұраныстар орындау мен жауаптарды өңдеуге мүмкіндік беретін кластар болуы;
тілге кіріктірілген көпағымды қосымшалар жасау құралдары;
дерекқорға унифицияланған рұқсат:
жекелеген SQL-сұраныстардың деңгейінде — JDBC, SQLJ негізінде;
дерекқорды сақтау қабілеті бар объекттер концепциясы деңгейінде — Java Data Objects (ағл.) және Java Persistence API негізінде;
жалпыламаларды қолдау(1.5 нұсұасынан бастап);
бағдарламалардың паралелді орындалуы;
Бейсик (BASIC) қазірғі кезде кеңінен пайдаланылатын, қарапайым синтаксисі мен шағын көлемді ережелері бар, жоғары деңгейлі, диалогтық режімде жұмыс істеуге арналған программалау тілі. Ол программалауды алғаш рет үйренушілер үшін оқыту мақсатында пайдаланылатын, интерпретаторы (аудару программасы) жеке дискетке де жазыла беретін қарапайым программалау тілі болып табылады; 1965 ж. АҚШ-та студенттерге программалау негіздерін үйрету мақсатында өзірленген. Тілдің атауы мынадай агылшын сөздерінің қысқартылуынан алынған: "Beginner's Ail-hurpose Symbolic Instruction Code" — бастаушыларға арналған шартты нұсқаулардан тұратын кең мақсатты тіл. Бейсик тілі алғашқыда оқытуға арнап жасалғанымен, оның көптеген нұсқалары қазіргі кезде оқуда, ғылымда, өндірісті басқаруда пайдаланылады. Бейсик тілі кеңінен қолданылатын жоғары деңгейлі тілдердің қатарына жатады. Қазіргі уақытта оның көптеген жетілдірілген нұсқалары бар: GBASIC, QBASIC, TurboBASIC және т.б.[1]
Visual Basic- Microsoft компаниясының өнімі. Ол шағын бағдарламалар жасауға арналған бағдарлама және бағдарламалау тілінің ең оңайы. Мысалы Visual Basic пен тест, калькулятр т.б бағдарламалар жасауға болады.
Бұл құралда тілдің негізгіұғымдары-алфавит, сөз, өрнектер және операторлар, мндер типтері толық жазылған.Қарапайым және өте кең таралған нақты,бүтін, логикалық және символдық мәндер типтерітуралы мағлұматтар берілген. Осы типтердің негізінде бұларға қарағанда күрделірек арнаулытиптер-терілімді, шектеулі, жиындық, массивтік, жазулар және файлдық типтер көрсетілген. Сол сияқтыішкі программа, яғни функция мен проседура туралы толық қарастырылған.
Бейсик тілі өзінің даму кезеңіндепроцедуралық тілден бағыт-бағдарлау программалық (ББП) тіліне көше бастады. Бұл программаларды графиктік интерфейс құру барысында аталған бағытқа қатысты енгізілді. Қандайда бір оқиғада жіберілетін әрбір бағыт үшін процедура құрылады. Мысал үшін батырманы басу, т.с.с.
