Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bizdiki.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.2 Mб
Скачать

35 Құрылғылар, бұқаралық ақпарат құралдары, қызметтер: желілік компоненттері қандай болып табылады.

Концентраторлар. Бұл құрылғылар апаратты бір немесе бірнеше түйіндерге қайта таратуға арналған. Кез келген топология түріндегі желілер қолдана береді. Олар бір бірінен сандары, типтері және қосылған кабельдер ұзындықтары арқылы автоматты түрде басқара алады ( үзілген және бұзылған жағдайда қосып және ажырату).

Қабылдап таратқыштар. Желі жұмыс станциясының контроллерінің пакеттерін қабылдап және оны желіге тарату қызметін атқарады. Қайталағыштар(сетевые повторители) Желідегі сигналдарды күшейтуге және қайта орнына келтіруге арналған құрылғы.

Көпірлер(сетевые мосты) Физикалық айырмашылықтары бар жеке түрлерін құруға арналған.

Шлюздер(шлюзы) Әр түрлі айырбастау протоколдары бар желі түрлерін біріктіруге арналған құрылғы. Шлюздер желідегі протоколдарды қайта құруға арналған, яғни бір форматтағы хабарламаны басқа форматқа ауыстыруды немесе кодтау жүйесінің басқа кодтау жүйесіне ауысуды қамтамасыз етеді.

Маршрутизаторлар. Бұл құрылғылар желідегі байланысты орнатады.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайытехникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.

  • БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.

  • БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.

  • БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.

40 Бұлтты есептеулердің сипаттамаларын атаңыз

Соңғы кезде үрдіс алып отырған жаға технологиялардың бірі –Бұлттық технология. Ағылшынша “Cloud technology” немесе “Cloud computing” (Cloud – бұлт; technology – технология; computing – есептеулер) “бұлт/бұлттық есептеулер” немесе “бұлт/бұлттық технология, қызметтер” деп те атайды. Бұлттық есептеулерді қарапайым сөзбен былай түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютерінде белгілі бір бағдарламаны іске қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер интернеттегі шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал жұмыс нәтижесі жаңағы тұтынушының компьютерінде стандартты уеб-браузердің терезесіне шығарылып көрсетіледі. 

«Есептегіш бұлттар» мақсатына қарай мынадай төрт түрге бөлінеді:

Жеке бұлттар (private cloud) — жеке кәсіпорындарының өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар мен олардың тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Жеке бұлттар сол кәсіпорынның өздеріндегі серверлерде орналатылуы мүмкін. Немесе сыртқы тұлғаларда – ірі провайдерлердің сервер орталықтарында (Data-center) орналасып, VPN-каналы арқылы қолжетімді болуы мүмкін. Ортақ бұлттар (public cloud) — көпшілікке арналған, олардың интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Интернет желісіндегі Google, Yahoo т.с.с электрондық пошта жүйелері, Facebook, Twitter сияқты әлеуметтік желілерді Ортақ бұлттардың мысалы ретінде қарауға болады. Қоғамдық бұлттар (community cloud) — ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфраструктура. Аралас бұлттар (hybrid cloud) — екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас комбинациясын атауға болады. Бұлт түрінің осы моделін географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар, немесе көптеген бағдарламалық жүйелері бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.

Енді бұлттық технологияны пайдаланудың тиімді жақтарына тоқталып өтейін. Олар:

• үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, бағдарламаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады; • тұтынушы кез-келген жерден, кез-келген уақытта интернетке қосылған кез-келген компьютерлік құралғымен өз дерек көздерімен жұмыс істей алады; • тұтынушы компьютерлік құралғының осалдығына, немесе оның сынып бұзылуына, немесе жұмыс істейтін бағдарламаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды; • тұтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дереккөздерімен олармен бірге қосылып жұмыс істей алады; • жеке компьютердегі бағдарламалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін, немесе бағалары айлық жарнақы ретінде өте арзан келеді; • кейбір жобаларды «бұлтқа шығарудың» әсіресе ірі компанияларға тиімді болатын жағы – аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етулерді администрациялауға, қолдауға, жаңартуға, лицензиялауға кететін шығындарды үнемдеуінде болып табылады; • сонымен қоса сол бағдарламаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылығы мәселесін сол жобаны «бұлтқа шығару» арқылы шеше алады.

Қорыте кеткенде қазіргі жаңа технологиялардың күннен-күнге дамып жатқан уақытында «бұлттық есептеулер» ең қажетті сервис екені айдан анық. Google секілді гиганттар осындай бағдарламалар мен сервистерді пайдалануға бізді итермелеуде. Оның үстіне соңғы кезде үрдіс алып отырған планшеттер мен қалта телефондары мобильді бағдарламардың көбейуіне, есептегіш бұлттарды пайдалануға, олардың қызмет түрлерінің көбейуіне ықпал етіп отыр десек, қателеспейміз. Көптеген компаниялар қазір «бұлттар» жарысына қосылып кетіп өз қызмет түрлерін ұсынуда. Қазақстан нарығына еніп кеткен бірнеше Ресей, Беларус компаниялары да бар. Ал «бұлттық шешімдер» ұсынып жүрген Қазақстан компанияларын қызмет түрлері саусақпен санарлық екені де белгілі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]