- •1. Give a definition of ict.
- •1.Акт түсінігіне анықтама беріңіз
- •2.Give a definition the role of icTs in key sectors of society.
- •2.«Акт» пәнінің маңыздылығы
- •3 What software is designed.
- •3. Бағдарламалық қамтамасыз ету
- •4 What types of software, objectives and characteristics?
- •4Бағдарламалық қамтамасыз ету, мақсаттар мен сипаттамаларын қандай түрлері?
- •5. What are the main unit of the personal computer and their functions Негізгі дербес компьютердің бірлігі және олардың функциялары
- •6. Are computers categorized in any way? Компьютерлік тораптарын жіктелуі.
- •8. What is the motherboard? Аналық тақша дегеніміз не
- •13 ДқбЖны жобалау, жалпы түсінік
- •16.What is utility software? What is a device driver?(утилиттердегеніміз не? Драйвер құрылғысы дегеніміз не?)
- •22 .What is Java language. Basics.
- •Бағдарламалау ерекшеліктері[өңдеу]
- •23.What is a Web servers?
- •24. What is css? Features of css.
- •25 Give the characteristic сommunicating over the Network?
- •Internet Explorer нұсқасындағы Көрініс мәзірінде опция «көзі» болып табылады.
- •29. Желілік клиент пен сервер арасында қандай айырмашылық бар?
- •31 Қандай құрылғылар мен желі олардың рөлі. Желі ақпарат құралдары. Жергілікті желі - lan. Ғаламдық желі - wan.
- •28. Класс ip-мекен-жайын сипаттаңыз.
- •33. Ram не? Оның мақсаты қандай? Статикалық және динамикалық жжқ арасында қандай айырмашылық бар?
- •35 Құрылғылар, бұқаралық ақпарат құралдары, қызметтер: желілік компоненттері қандай болып табылады.
- •40 Бұлтты есептеулердің сипаттамаларын атаңыз
- •42) Мобильді технологиялар дегеніміз не?
- •43.Мультимедиалық технологиялар дегеніміз не?
- •44. Where is used of multimedia technology? ( Мултимедиялық техн.Қайда қолданылады?)
- •45. What are bitmap graphics, where are they used, and how can they be identified?(Растрлық графика дегеніміз не? Олар қайда қолданылады?
- •Excel- де диаграммалардытұрғызуӨңдеу
- •41. Name the characteristics Cloud Computing?
1. Give a definition of ict.
1.Акт түсінігіне анықтама беріңіз
Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.
Хабарды таратқыш және қабылдағыш адамдар немесе техникалық құрылғылар болуы мүмкін. Яғни, ақпаратты бейнелеуге және түсінуге болады. Сондықтан әрбір ақпараттың бейнелену пішімі және мазмұны болады.
Хабар – белгілі пішімде көрсетілген және беруге арналған ақпарат, яғни ақпараттың бейнелену пішімі. Хабар материалды-энергетикалық пішімде – сызбалар, мәтін, дыбыс, жарық, қимыл және т.б. түрінде беріледі. Яғни, хабар қандай да бір қатынас тілінің өрнегі болады, олар – табиғи тілдер, математика тіл, әуез тілі, мимика белгілері және т.б.
Ақпарат түрлері. Хабар таратқыштан қабылдағышқа жеткізілуі үшін ақпарат тасушы қажет. Тасушы көмегімен берілетін хабар сигнал деп аталады. Сигнал – уақыт ішінде өзгеретін физикалық үрдіс (мысалы, тізбекте жүретін электр тогы, жарықтың таралу үрдісі). Ақпарат физикалық үрдістің, яғни сигналдың бір немесе бірнеше параметрлерінің мәнімен беріледі.
Егер сигнал параметрі берілген аралықта кез келген аралық мән қабылдай алатын болса (уақытқа байланысты үздіксіз функциямен анықталса), онда сигнал үздіксіз ал мұндай сигналмен анықталған хабар да үздіксіз деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат үздіксіз түріне ие болады.
Егер сигнал параметрі берілген аралықта жеке бекітілген мәндерді қабылдаса, онда сигнал дискретті, ал мұндай сигналмен анықталған хабар да дискретті деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат дискретті түріне ие болады. Сонымен біз ақпарат берілуінің екі негізгі түрін (пішімін) — үздіксіз және дискретті ақпаратты анықтадық.
Кез келген үздіксіз хабарды үздіксіз функция түрінде бейнелеуге болады. Үздіксіз хабарды дискреттеу үрдісінің көмегімен дискретті түріне көшіруге болады. Дискреттеудегеніміз – функцияның (сигнал параметрінің) шексіз көп мәндері жиынынан барлық қалғандарын жуық мінездей алатын белгілі бір мәндерін таңдап алу. Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бəрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады да, ол ақпараттың өлшем бірлігі болып табылады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (Ьіnагу digit - екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның bуtе деген сөзінен) деп атау келісілген. Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа орналасқан 8 биттен тұратын тізбек, бір символды белгілейтін код.
Қазіргі уақытта "ақпараттар мөлшері" ұғымын анықтауға бағытталған қадамдар кеңінен етек алды, олар мынаған негізделген, хабарлама құрамындағы ақпараттарды оның жаңашылдығы мағынасында немесе басқаша айтқанда, объект туралы біздің біліміміздің анықталмауының кемуі тұрғысында, байыппен беруге болады. Бұл қадамдар ықтималдық пен логарифм сияқты математикалық ұғымдарды пайдаланады. Бит — өлшем бірліктің өте аз шамасы. Практикада көбінесе одан ірі бірлік — байт қолданылады, ол сегіз битке тең. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дәл осы сегіз бит қажет (256=28).
Сол сияқты ақпараттардың одан да үлкенірек туынды бірліктері кеңінен қолданылады :
1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,
1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,
1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.
Соңғы уақытта өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты, қолданысқа мынандай туынды бірліктер де ене бастады:
1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,
1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.
Ақпараттар бірлігі ретінде он тең ықтималдықтағы хабарламаларды ажыратуға қажетті, ақпараттар мөлшерін таңдап алуға да болатын еді. Бұл енді екілік емес (бит), ондық (дит) ақпарат бірлігі болады.
