Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус леуметтік медицина сонгысы - копия (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.9 Кб
Скачать

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі

Жаратылыстану ғылыми пәндер циклдік әдістемеліккомииссиясы

« БЕКІТЕМІН » Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары _____________ Баратова Е.Е

«______»___________ 2017ж

«Әлеуметтік медицина және денсаулық ісін басқару» пәні бойынша силлабус

Мамандығы : 0301000 – «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 0301013 – «Фельдшер», «Акушер».

Курс: ІІІ

Семестр:VІ

Барлық сағат саны: 30

Теория: 30

Сынақ: VІ семестр

Бақылау түрі: сынақ: 6 семестр

Түркістан - 2017 жыл

Силлабус мамандығы 0301000«Емдеу ісі» 0301013 – «Фельдшер», «Акушер», біліктілігіне 28. 08. 2010 ж. ҚР ДСМ № 604 бұйрығымен бекітілген ҚР МЖМБС және типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Оқытушы – Розиева Ирада әзірлеген.

«Жаратылыстану ғылыми пәндер ЦӘБ мәжілісінде талқыланып бекітуге ұсынылған.

Хаттама № 1 қыркүйек 2017 жыл

ЦӘБ төрайымы ____________ Кембабаева Б.Б.

Әдіскер: ____________Мейрманова К. А.

ОӘО меңгерушісі: ____________ Рысбекова А.Ә.

1. Оқытушылар туралы мәлімет

1.1. Розиева Ирода Акимжановна– «Әлеуметтік медицина және денсаулық ісін басқару» пәнінің оқытушысы

Ғылыми және әдістемелік еңбектері:, 1 – оқу әдістемелік құралдары бар.

Байланыс ақпараты:ОҚО. Түркістан қаласы. Абылай хан көшесі №108 (312 бөлме). Тел. 87056901890. Электронды почтасы:iroda8283@mail.ru

2. Пәннің саясаты

«Түркістан» көпсалалы медицина колледжінің 2015-2016 оқу жылындағы «Педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттердің білімін бағалау формативті (ағымды, күнделікті) және суммативті (аралық бақылау, қорытынды сабақ, емтихан) түрінде жүргізіледі.

«Түркістан» көпсалалы медицина колледжі білім алушыларының ішкі тәртіп Ережесінің2.4. пунктіне сәйкес студент сабақ кестесі бойынша сабақтарға қатысуға міндетті. 3.1.6. пунктіне сәйкес оқу жоспарын толық орындамаған, яғни 70 сағаттан көп сабаққа себепсіз қатыспаған жағдайда оқудан шығарылады.

Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 15% аспауы тиіс. Теориялық және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысуы әр семестрде жеке-жеке есептеледі. Тәжірибелік сабақтарда: аудиторияда, СӨЖ тапсырмаларын, рефераттарды, презентацияларды және т.б. тапсырмаларды дайындаулары қажет. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы үш күн ішінде топ жетекшісі мен бөлім меңгерушісіне тіркеліп, сабаққа директоктордың оқу ісі бойынша орынбасарының, кейбір жағдайларда колледж директорының өтеуге рұқсаты берілген қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын аралық бақылау немесе корытынды сабаққа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын бөлім меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент әкімшілік тарапынан емтиханға жіберілмейді. Оқу бағдарламасын толық орындаған, сабаққа қатыспаған күндерін өтеген студент сессияға жіберіледі.

3.Кіріспе

«Әлеуметтік медицина және денсаулық ісін басқару» пәні негізгі медицинада пәндердің бірі болып есептеледі. Соңғы жылдары пәнді өткізуге көптеген өзгерістер енгізілді. «Түркістан» көпсалалы медицина колледжі «Емдеу ісі» мамандарын дайындауда Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегиясы оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ісін басқару пәні халықтың денсаулығы, оның жекелей топтарының жағдайы мен динамикасын, денсаулыққа әсер ететін факторларды зерттейді және халықтың денсаулығын қорғау жөнінде іс-шаралар жасайтын ғылым.