Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ашы сабатар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
100.26 Кб
Скачать

Тәрбиеші:

Балалар, біз бүгін сендермен «Қоршаған ортамен таныстыру» оқу іс-әрекетінде көше қауіпсіздігі жайында айтамыз.

Айтыңдаршы, балалар!

Жол қозғалыс ережелерінің мақсаты не?

-Бізді қауіптен қорғау.Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды.  Себебі  бағдаршамға  бағынып жүру  тәртібін  қатаң  сақтаған  адам  өз  өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.

Сұрақ- жауап алу.  

Үлкен  жолда  доп  ойнауға,  велосипедпен  көшеде жүруге  бола  ма?  Балалардың жауаптары.

-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма? 

Ой толғаныс: «Венн диаграмма»

Ортақ  қасиетін салыстыру.  Ескерту, тыйым  салу, меңзеу (нұсқау) белгілерін орындарына атап қояды.

Балалар белгілерді дұрыс қойып, қызыға ойнады.

Билингвальды компонент:  қауіпсіздік-безопастность, бағдаршам-светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі-пешеходный переход, тыйым салатын белгілер-запрещающие знаки.   Дұрыс,жақсы айтты.

Жол белгісі суреттерімен балалар ортаға шығады. 

-Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі.  

- Түсі көк шеңберде адам бейнеленген. (Жаяу жүргіншілер жолы)

- Мынау белгі автобус аялдайтын орын. 

- Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған. 

Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым  салынады дегенді білдіреді. Бұл белгіде қызыл шеңбердің ішінде велосипед суреті бейнеленген. Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады .

Жұмбақ жасырылады:

Үш көзі бар қаз – қатар.

Кезек – кезек ашады.

Үшеуінен  байқасам

Үш  түрл і нұр  шашады.    Бағдаршам

Қызықтыру сәті:  (әдемі көңілді  әуенге бағдаршам келеді).  Балалар амандасады.

Бағдаршам:

Менің атым бағдаршам,

Мекен жайым тұрақты.

Жақсы білем міндетімді,

Мүдірмеймін ешқашан.

Тәрбиеші:  Қош  келдің,  бағдаршам!

Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.

Айтыңдаршы, бағдаршамның  көшедегі қызметі қандай?   - Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.

Бағдаршам ойын ойнатады:  Ойын: «Сақ  бол!»

Қызыл көзін жағады.   (қозғалмай тұру) Сары көзін жағады.     (қол шапалақтау) Жасыл көзін жағады.  (бір орында тұрып жүру).   Балалар ойынды қызыға ойнады.(Әдемі әуенге жол сақшысы келеді)

Жұмбақ жасыру

 Ала таяқ ұстаған,       

 Жол тәртібін нұсқаған.   

   Өміріңді күзеткен,ысқырықпен түзеткен.     

Жол сақшысы:

 Армысыңдар жас достарым!  Балалар, мен сендерге жәй келген жоқпын, білімдеріңді көрейік деп келдім, Әкелген ойын, тапсырмаларым бар, сендерге мултьфильм әкелдім.

(Әуен естіледі)

 Бұзық бала велосипедімен жол ережесін бұзады.

Жол сақшысы ысқырығымен сықырады.

-Балақай,сен неге жол ережесін бұзасың?

-Кешіріңіз, мен онысын білмедім.

(екі бала ортаға шығып)

Бағдаршамға қара. Біз саған қазір жол ережесін түсіндіреміз.

Бұзық бала: -Жарайды!

Жүрме жолға таласып. Қызыл көзін ашқанда Сабыр сақта,  баспа алға!   

-Сары  көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба!     

Тәрбиеші:

Балалар мына тақтадағы үлкен суреттерге мұқият қарайықшы.  Бұлар нені білдіреді?

Балалар:  - Бізге жолдан өтуге көмектеседі. Дұрыс айтасыңдар.

Бұлар «Көрсеткіш белгілер», яғни оларды «Жаяу жүргіншілер өтпесі» деп атайды.Иә, балалар! Бұл белгілер біздің достарымыз, ал достарын ұмытуға болмайды.

-Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.

Түрлі-түрлі  белгілер бар тұратан.

Жүресің бе?  Жүрмегенің дұрыс па?

Не істеу керек?   Бұл белгіні  неліктен  «зебра»  деп айтады?  Кім біледі?

  - Мен, мен білемін, өйткені ол ақ жолақ

-1, 2, 3, 4, 5  шықты зебра көшеге,

Қыдырады ол неге?

Сен бұлай шауып жүре берме,

Одан да жат мына жерге.    

  -Қауіпті ғой көше тым.

Қумай жолдың төтесін.

Жолақтарды іздеймін,

Жаяу адам өтетін.         

  -Асықпаймын аптығып.

Алдым мұны жақсы ұғып.

Күйсандықтың тіліндей,

Қатар – қатар ақ сызық.    

  - Ортасында тұра  қап,

Оңға – солға бір қарап.

Жолдың арғы шетіне,

Жетіп алам жылдам – ақ.   

Жол сақшысы:Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте ақылды, білгір, сауатты  жолаушылар болатындарыңа мен сенемін.Егер жол ережесін бұзсақ, тек қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зиянымызды келтіреміз. Сондықтан жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығармаңдар.

Бағдаршам мен жол сақшысы қоштасып шығып кетеді.

Тәрбиеші: Балалар енді жол тәртібі, көше тәртібі жайлы кім тақпақ біледі?

Тақпақтар:

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден

Сау саламат жүреміз.      

Бұзба көше тәртібін,

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.      

Ата – ананың сенімін, Еске ұстап ақтай біл. Жолдан өтер жаяудың, Ережесін сақтай біл!         

Сергіту сәті:

Бұзба көше тәртібін                                 

Ұрынарсың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.      Бірге, жақсы жасады.

«Көшедегі жағдаяттар» ойыны.

3 – 4 баланы ортаға  шақырады, өзі  «Бөтен адам» болып келеді. (Киімі қалпақ, көзілдірік) Балаларға  жақын  келіп, оларды мақтап, телефон, кәмпит, ойыншық көрсетіп, басқа жаққа алып кететін сынай танытады.

Тәрбиеші:

Ойын аяқталған соң талқыланады.  Дұрыс және қате  іс-әрекеттер қорытындыланады.

Балалар, көшеде танымайтын, бөтен адаммен сөйлесуге, оның алдағанына көніп, қолынан заттарын алуға  болмайды екен. Көшеде абай болыңдар?

Балалар, біз қазір сендермен екі орталыққа бөлініп, жұмыс жасаймыз. Балалар мұқият тыңдады.

Өнер орталығында  ұжыммен,  түрлі-түсті бояулармен  суретті бояймыз.

Балаларғ түсіндіріледі. Балалар мұқият тыңдайды.

Жұмыс жасау реті: қылқаламның түгін суға малып аламыз, қажетті бояуды жағып алып ұқыпты, таза жұмыс жасауға кірісеміз. Бояп болған соң қылқаламды тұғырға қойып қоямыз. Ал, үстел үсті ойындар орталығында  жолдың макетіне тиісті жол белгілерін қоямыз.

Балалар мұқият тыңдады.   Балаларға көмек көрсетіледі.

Рефлексиялық түзетушілік:   Қорытынды  сұрақтар қойылады.

 «Сұрақ-жауап»  ойыны.

- Бағдаршамның неше түсі бар?     Үш:  қызыл, сары, жасыл.

- Қай түс жанғанда машиналар жүреді?  - жасыл

- Көлік күтетін жерді қалай атайды?  - аялдама

 - Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді?  - жүргішілер

- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді?   «Тоқта!» - дейді.

- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді?  - Ақ жолақ немесе зебра жол.

- Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?  - Көшенің ортасына келгенде оң жаққа қарайды.

- Жарайсыңдар балалар! Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер.

Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не жайында айтық?   - Көше қауіпсіздігі, жол ережесі, белгілер жайында.

Бүгін бізге қонаққа кімдер келді?   -Бағдаршам, жол сақшысы

Қандай ойындар ойнадық?   - «Сақ бол!», белгілерді  орнына қойдық...

Жарайсыңдар, жақсы қатыстыңдар.  Мақтау , мадақтау.

Дұрыс жауап берген балалар жұлдызшаларға ие болады.

Тәрбиеші:  Жол тәртібін сақтап аман – есен жүрейік.

Балалар  қонақтармен қоштасады

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:  көше қауіпсіздік ережелерін үнемі есте сақтауды.

Түсінеді:  көшеде қауіпсіздік ережелерін сақтап, оларды дұрыс орындау дағдыларын.

Қолданады: қоғамдық жерлерде өзін – өзі ұстау дағдыларын.

«Балабақшада  ақпараттық технологиялар арқылы  балалардың   танымдық    қабілетін   арттыру»

Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ  ұрпақ  қолында. Бүгінгі  күннің айдарындағы  басты  мәселе  бала  тәрбиесі. Бала тәрбиесі  тәрбие  жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс  үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен  білім  өмір  жолындағы үзіліссіз  процесс.

Егемен  еліміздің ертеңіне өз үлесімізді  қосқымыз келсе, балабақшадан  бастау алып, бала  бойына  танымдық қабілет   дарыту міндетіміз.

Қай  ғасырда  болсын  ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты  ұрпақ  тәрбиелеу-қоғам алдында  әрбір  тәрбиеші ұстаздың  басты  міндеті  болып саналады.

Елбасының «Жаңа  әлемдегі жаңа  Қазақстан» атты жолдауында «Біз  бүкіл еліміз бойынша  әлемдік  стандарттар  деңгейінде сапалы  білім беру  қызметін көрсетуге қол  жеткізуіміз керек» десе, ІІІ-тарауы 18-баптың 17-тармақшасында  «Ақпараттық технологиялар мен  ақпаратты таратудың  жаңа  нысандары  бағытталған,  мамандандырылған  білім беру  бағыттарын  құру  міндеті де алдымызда  тұр» делінген. 

Яғни,  бүгінгі  күні  білім  беру  жүйесі  жаңа  педагогикалық технологияның негізделуін  және де  ақпараттық  құралдардың кеңіннен қолданылуын кажет етеді. Балалбақшада оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны пайдалану заман талабыннан туындап отырған мәселе.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға Қазақстандық білім беру реформасын ең басты мақсаттарының бірі иновациялық технологияларға сүйене отырып, бүлдіршін бойына танымдық қасиетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау  болып отыр. Осындай күрделі мәселелерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.

Заманымызға сай қазіргі қоғамда ақпараттандыруда тәрбиеші ұстаздардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану саласын көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен таным саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді әрбір тәрбиеші меңгеріп қана қоймай оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты «Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу».

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытуды  ұйымдастыру бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың инновациялық  тәжірибелерін пайдалану қажеттілігі факторлары жаңа стандарт жүйесінде іске асырылады.

Балбақшаның  2016-2017 оқу жылына алынған міндеттемесі:

Мектеп    жасына   дейінгі   бала  тәрбиелеу  мен  оқытудың мақсаты   мен   міндеттері

1.   Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  танымдық  қабілетін  арттыру.

а) Баланың  ақыл  ойын, әдет - ғұрпын,  ұлттық  болмысын қабілетін  дамыта  отырып,  дені  сау  тұлға  тәрбиелеу.

б) Экологиялық   тәрбие  негізі:  Туған  өлке  табиғатын  сүюге,  қадірлеп  аялауға  баулу.

2.   Балабақшадағы  оқу-тәрбиелеу  үрдісін  ата-анамен  бірге  ұйымдастыру.  Ата-ананың  педагогикалық  мәдениетін  көтеру.

Жалпы  бала   тәрбиесіндегі  ата-ана  рөлі  деңгейін  көтеру  мәселесі.

3.   Бала  тілін жан-жақты  дамыту,  көркем  әдебиет арқылы,  ұлттық  құндылықтарды  қалыптастыру,  әдеби  шығармаларға  қызығушылығын   арттыру.

4.   Мектеп  жасына   дейінгі балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытудың  инновациялық  бағыттары.

-       Жаңашыл  ұстаздар  тәжірибесін  тарату.

-       Шығармашылықпен  жан-жақты  жұмыстану.

5.   Жалпы  балабақшада  баланың  шығармашылық  қабілетін  дамыту.

Жаңа стандарт негізінде білім беру үрдісі 5 салада ұйымдастырылады:

-       Денсаулық

-       Коммуникация

-       Таным

-       Шығармашылық

-       Әлеумет

Оның ішінде балалардың шығармашылық қабілеті мен ойлау үрдісіне негіз болатын «Таным» білім беру саласының негізгі бағыттары. «Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай балабақшада  баланың таным  процесін  ізгілендіру мақсатында көптеген  оқу-тәрбие  үрдістері, жан-жақты ұйымдастырылып  өткізілед