Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Office Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
842.66 Кб
Скачать

Алаштан екі бала туған Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ. Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан.  Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс. Толығырақ: http://alashainasy.kz/shezhire/shejre---nogay-kazak-57448/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Шығыс Қыпшақтарының келесі, алтыншы тайпасы болатын „Дурут“ (Турут) тайпасы жөніндегі пікірлерді айтсақ. Бұл да санның атауы — төрт (дурт) деген сөз. Яғни, Төрт тайпалы халықтың немесе осыған ұқсас болатын атауды иемдеген ру бірлестігін айтып отыр. Н. А. Аристов бұл тайпаның атауына қарап: „Дурут“ тайпасы дегеніміз — Қазақтың Орта жүзіндегі Төртауыл тайпалар бірлестігі» деп анықтаған. Ол Арғынның құрамындағы Төртауылды айтып отыр. «Төртауыл» (төртуыл) атауымен Қазақта төрт түрлі ру аталады. 1) Шежірелерден бастасақ, Шәкәрім Арғындардың Төртауыл тайпасы туралы былай деп жазады: «Ақжолдың бәйбішесінен Қарақожа, тоқалынан — Сомдық, мұның екі баласы — Саржетім, Шақшақ. Бұлардың нәсілі „Тоқал Арғын“ атанады. Қарақожаның бәйбішесінен баласы — Мейрам және Момын деген тоқалынан үш баласы — Қарасопы, Кенжесопы, Басентиін. Мейрамның бәйбішеден төрт баласы — Қуандық, Сүйіндік, Бегіндік, Кегіндік. Мейрамның тоқалынан -Болат, Қуандықтың төрт баласы — Алтай, Қарпық, Темеш, Беруші: Сүйіндіктің нағыз үш баласы -Жанболды, Құлболды, Орманшы және асыранды баласы — Қаржас. Осы төртеуінің нәсілі „Төртауыл“ атанды» [7,26–27]. 2) «Төртауыл» (төртуыл) атанатын ру Ұлы жүздегі Ошақтыда бар: Ошақты руы алты атадан тұрады: Байлы (Байназар), Қоңыр (Қойназар), Аталық (Бекназар), Тасжүрек (Ақназар). Байлы төрт атаға бөлінеді: Сүзік (Созақ), Байсары, Қасқа, Қабыл. Қоңыр руы төрт тармақ: Шуылдақ, Алданар, Жамантымақ, Түлкіші. Аталық атасынан: Орақ (Төртауыл, Қарсақ), Жалмәмбет (Берді, Сүгір, Төбет, Тас). Көп аталы Тасжүрек он екіге тарайды: Қосаң, Солақай, Сейіт, Тоқтыауыл, Қараман, Келмембет, Бөлек, Тас, Тілеу, Қайқы, Таз, Кенже. 3) Енді Найманның құрамындағы «Төртуыл» туралы: терістаңбалы, сарыжомарт (ергенекті найман), төлегетай деген рулар бірлестіктері тарайды. Терістаңбалыдан: мәмбет, рысқұл; cарыжомарттан: балталы, бағаналы, көкжарлы, бура-найман, қаратай; төлегетайдан: қаракерей, мұрын, төртуыл, матай, аталық (кенже), садыр. 4) Шәкәрім өз шежіресінде ежелгі Дешті-Қыпшақ тайпаларын көрсеткен, ол тізімді Шәкәрім Н. А. Аристов және А. И. Левшин еңбектерінен алған болуы керек. Шәкәрімде Қыпшақтардың «дурут» тайпасы «дурткара» деп беріледі. Қыпшақтар туралы көне жылнамаларда «Дурут» тайпасы бұлай аталмайды. Төртқара тайпасы Кіші жүздегі алты рулы Әлім бірлестігіне кіреді, таңбасы — крест. Төртқара руынан Жалаңтөс баһадүр, Әйтеке би сияқты тарихқа әйгілі тұлғалар шыққан. Қазақтағы крест таңбалы рулар:

Ұлы жүзде — Сарыүйсін, Орта жүзде Керей, Кіші жүзде Кете мен Төртқара. Дешті-Қыпшақтың «Дурут» тайпасына оралсақ, Дүрбін (дүрмен) руының атауы да осы «Төрт» сөзінен (монғол-қалмақша «Дурбаан», «Дөрвн») шыққан. Алайда, Дүрмен «таза монғол» тайпасына жататындықтан, Қыпшақ даласының «Дурут» руына қатысы жоқ болуы керек. Сөйтіп, ежелгі Қыпшақ даласының көне жазбаларда кездесетін «Дурут» тайпасына Арғын «Төртауыл», Найман «Төртуыл» және Ошақты «Төртауыл», Кіші жүздегі «Төртқара» руларының қатысы бар. Осылардың ішіндегі Қазақ Төртуылдары (Төртауыл) бір-біріне туыс болып шығуы да мүмкін. Яғни, көне «Дурут» біртұтас болса да, кейін әр түрлі руға бөлініп түскен-де, шежіре құрастырғанда, әрқайсысын өз руындағы аталардан таратқан. Толығырақ: http://alashainasy.kz/shezhire/kyipshak-dalasyindagyi-h-h-g-ru-taypa-ataularyi-67164/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Албан руы

«Алаш айнасы» интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақшы. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kzэлектронды поштамызға жіберуіңізге болады.  Албан — қазақ халқын құраған ежелгі ірі тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Албан атауы көне жазба тарихи деректерден белгілі. 5-6 ғ-да Албандар Жетісу өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында чубань тайпасы аталып дулу одағында болған. Қытай деректері бойынша чубань тайпасы 7 ғ-да Тянь-Шань мен Алтайдың арасын мекендеген. Н. Аристов “чубань” дегеніміз дулаттарға туыс Албан және суан тайпалары деген пікір білдіреді. Бұлардың бәріне ортақ таңбасы — дөңгелек. Албан, суан екеуінің атауы да көне түріктік “алп” (“алып”), “суб” (“су”) сөздеріне “ел”, “мекен” мағынасын білдіретін “ан” сөзін қосу арқылы жасалған сыңайлы, яғни “албан” — “Алып тау елі”, “суан” — “Су елі”. Осыған қарағанда Албан, Cуан, Дулат ежелден іргесі бөлінбеген туыстас тайпалар болса керек. Мұны қазақ шежірелері де дәлелдейді. Бұл үш тайпа 5-ғасырдан бүгінге дейін Жетісуды мекен етіп келеді. Орыс ғалымдары еңбектерінде Албан — Атбан, Адман, Адбан, Абдан түрінде кездеседі. 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында Албан тайпасының рулары Жаркент, Верный уезін мекендеген. Верный уезінің оңтүстік-шығысында Албан тайпасының Қызылбөрік және Сегізсары ру бірлестіктері қоныстанған. Сегізсары руының көпшілігі Іле өз-нің сол жағасында Алабайтал, Сарыбұлақ, Сауысқан, Сарымсақты деген қыстауларды қоныс етіп, ал жаз айларында Асы, Қарқара жайлауларын жайлаған. Олардың қоныс еткен жерлерінің оңтүстігінде Қызылбөрік руы көршілес отырған. Қыстаулары — Шелек өзенінің жоғарғы ағысы, Далашық, Биесыймас, Айдасу, Жая, Қызылмойнақ, Қараарша, Қондық, Сарыбұлақ, Қызылауыз, Бақалыда болған. Жаркент уезін Албанның Қоңырбөрік және Айт, Бозым рулары мекен еткен. Қыстаулары Алтынемел жотасының оңтүстік бөктерінде, Тізгін, Шылбыр, Ұшбұлақ деген кішігірім өзендердің бойында, Іле өзенінің сол жақ жағалауының Қаратөбе, Қызылжиде, Үшқоңыр, Қоянды, Айдарлы деген жерлерде орналасқан. Кеген және Мерке өзендерінің өңірін Әлжан, Айт, Бозым, Текес пен Шылқыдысу жағалауын Құрман, Әлжан рулары қоныс еткен. Албандар 1889 жылғы деректер бойынша 15420 түтін болған. Одан бергі жүз жыл мерзімде едәуір өсті. 20-ғасырдың 20-30 ж. Албандар шекара асып, Қытайдың Іле аймағына қоныс тепкен. Кеңес өкіметі орнағанда жеріне қайта үдере көшті, біразы қалып қойды. Қазақ шежіресінде Албан — Үйсіннің Бәйдібек тармағынан тарайтын Дулат, Суан, Шапырашты, Ошақты, Ысты тайпаларының ағасы болып есептеледі. Шежіре деректері бойынша Домалақ енеден (Нұрила) жалғыз ұл болған. Оның атын Тілеуберді қойып, Жарықшақ атандырған себебі, бала туғанда жарық шеке болып дүниеге келген. Содан оны алғашында Жарықшеке, кейінірек Жарықшақ деп атап кеткен. Сол Жарықшақтан үш ұл — Албан, Суан, Дулат тарайды. Албан негізінен Сары және Шыбыл деген екі ру бірлестігіне бөлінеді. Сарыдан — Сүйерқұл және Сүйменді. М. Тынышбаевтың шежіре-кестесінде Сүйерқұлдан туған төрт баланы (Шоған, Досалы, Қожмамбет, Жарты) және қызы Әлжаннан туған төрт жиенін ортақ атаумен “ сегіз сары” деп атап кеткенін көрсетеді. Өзге шежірелерде Сүйерқұлдан туған төртеуге, олардан өрбіген төрт ұрпақты (Сырымбет, Шағыр, Аламан немесе Алман, Хангелді) қосып, бәрін “сегіз сары әулеті” атағандығы туралы мағлұмат бар. Сүймендіден Айт, Бозым, Қыстық рулар бірлестігі өрбіген. Сол Сүймендіні кейбір шежірелерде “Таубұзар”, ал В.В. Востров пен М.С. Мұқанов жазбасындағы Ережеп шежіресінде “Таубасар” атаған. Сарыдан тараған аталардан Шоған, Қожмамбет, Жарты, Досалы, Шажа, Әлжан, Құрман, Қыстық, Тоқан, Баба, Жәнібек, Қара кісі, Сары таз деген рулар қалыптасқан. Шыбылдан — Қызылбөрік (Бөтей), Қоңырбөрік (Өтей), Бойдақ өрбіген. Албан Орта Азия халықтарының этногенезінде елеулі ықпал жасады. Мысалы, Қарақалпақ елінің қолдауылы, қытай деген тайпаларында қалқаман руы бар. Қырғыздың мұндыз, шерік тармағында жолболды, күшчі тобында — хангелді, басызда — Шыбыл атасы бар. Албан Өзбектер құрамында да кездеседі. Өзбек — қатаған арасында Қызылбөрік тармағынан тараған Сақау руы кездеседі. Албан тайпасының аттары аңызға айналған Шоған, Жұман, Қожағұл сынды әділ билер, Хангелді, Түкеұлы Райымбек батыр, Рыскелді, Төлесұлы Байсейіт, Диқанбай Қажаланұлы, Малайсары, Оңқа, Мамай сияқты батырлар шыққан. Албанның ұраны Бақтияр, тайпалық ұраны — Райымбек, Бәйдібек, таңбасы — дөңгелек. Толығырақ Дулаттар одағының бір руы. Қытай деректерінде ежелгі дулулармен қатар албандар мен суандар да аталып кетеді. Бұл туралы орыс шығыстанушысы Н. Аристов былай деп жазады: «Қытайлар Хантәңірі мен Алтай арасын VII ғасырда мекендеген рулардың атын сақтап қалды: шу-юс, шу-ми, шу-мугун, чу-бан және басқалар. Мүмкін, Дулу бастаған бұл рулар ертеректе юсбан тұрғындарын құрайтын айрықша Шу тобын құрған шығар. Бұл атаулардан мәні чу- бан мағынасы қырғыз-қазақтар қастер тұтатын Дулаттарға тамырлас Ад-бан (ал бан) мен Су- бан (суан) шулықтардың рулары болатынына негіз бар, бәлкім, шу-бан есімімен Дулу аймағының құрамында болған шығар». Бұл қытай қолжазбаларының деректері қазіргі Албан мен Суан Дулат одағына кіргеніне дәлел бола алады. Қазақ шежіресі бойынша, Албан, Суан мен Дулат Бәйдібектің немересі болып келіп, Үйсінге алтыншы атадан барып қосылады. Бұл мәлімет олардың арасында туыстық-тамырластық қарым-қатынастар болғанын көрсетеді. Көптеген ғасырлар бойы олар Дулат басқарған Одақта болады. Ал, шын мәнінде Дулаттар Албандар мен Суандарға қарағанда сан жағынан көп, олар Ташкенттен Алматыға дейінгі аймақты алып жатыр. Албандар болса, Верный уезінің шығыс жағында тұрақтады, қазір Алматы облысының Кеген мен Райымбек аудандарында қоныс теуіп отыр. Албан руының ата-тегі туралы XIX ғасыр мен XX гасыр басындағы әдеби деректер мен қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде кесте бар. Бұларда мағлұматтар жиі қайталанса да толық емес, ең дұрыс дегенде жалпы Албан атадан бері қарай 34 буын тармағы дәл. Солардың ішінде М. Тынышбаевтың деректері толық болып саналады. Оған қоса біз 1968-1975 жылдары жинаған мағлұматтар оған қосымша болып есептеледі. Бұл Албан ата-тегі туралы деректер салыстырылып, кейбір жағдайларда бұрын жіберілген сәйкессіздік толықтыра зерттелді. Бәрібір біз қаншама күш салып, бүкіл рулар, аталар, үрімбұтақтар жайында мол мағлұматтар бергіміз келгенімен, деректер жетпегендіктен, ол мақсатымыз орындалған жоқ. Соның нәтижесінде Албан руының кейбір аталарын бүгінге жеткізіп, 1013 атаға дейін ғана таратып әкелсек, кейбіреуі бойынша 34 атамен шектелдік. Бізге толығырақ мағлұмат беріп, көптеген құнды деректерге қол жеткіздірген мәлімет берушілердің есімдерін атай кетуді парыз деп білеміз. Олар: Шелек ауданындағы 1938 жылы туған (Сарықаңлы) Отан Мақашев; Шелек ауданындағы 1924 жылы туған (Найман руынан) Файзолла Балмағамбетов; Шелек ауданындағы 1897 жылы туған (Албан) Алмабай Шынәсілов; Кеген ауданындағы 1885 жылы туған (Албан) Әкімбай Сөкеев; Таутүрген тұрғыны 1889 жылы туған (Албан) Әжімұрат Жапаров; Шелек ауданындағы 1910 жылы туған (Қызылбөрік) Көмек Жаныманов; Шелек ауданындағы 1940 жылы туған (Албан) Байділдә Әнесов; Кеген ауданындағы 1891 жылы туған (Албан) Көпбосын Тұрсынов. Қазақ шежіресі бойынша, Албан руы үлкен екі тармақ: Шыбыл мен Сарыға бөлінеді. Шыбыл өз кезегінде екі ата: Қызылбөрік (шын аты Бөтей), Қоңырбөрікке (шын аты Өтей) бөлінеді. Қызылбөріктің екі ұлы: Молболды және Жолболды. Молболдыдан Тотас пен Есен. Тотастан Торғай мен Байназар. Есеннің бес ұлы бар: Базаркелді, Қазымбет, Еламан, Құланаяқ, Марша. Еламанның бес ұлы бар Қонақбай, Шағаман, Сапы, Шоқай, Найманбай. Шағаманнан Арыстанбай, Атымтай, Майрық пен Бисары. Бисарыдан Жанбота, Көбек, Маңғыл. Жанботадан Мойнақ, Бекберген, Тоқберген. Мойнақтан Құрман, Жәнібек, Сәке. Сәкеден Әкімбай (біздің мәлімет берушіміз, 1885 жылы туған). Шежіре бойынша, Әкімбайдан Албанға дейін 12 ата. Найманбайдан Қожамжар, Байназар, Сүгір, Алтай, Әжібай. Әжібайдан Құдайберді, Қыдырәлі, Мәуке, Байыс, Жалбы, Бердіқожа, Айдар, Алқазы. Қызылбөріктің екінші тармағы Жолболдыдан екі ұл туады: Сақау (Қонақкелді), Кереқұл (Ағай). Сақау мен Кереқұлдан өсіп-өрбіген ұрпақ көп болғандықтан, біздің мәлімет берушілеріміз оларды таратып бере алмады. Сондықтан біз Сақау мен Кереқұлдан бері қарай 12 ата шығарамыз: Әзет, Нәзет (Абыз), Еспер, Мәмбет, Бердікей, Тілеу, Дәуетек, Байжан, Жапалақ, Тұманбай, Өтес, Қожас. Албан руының ірі тармағы Қоңырбөрік үшке топтасады: Қалқаман, Бойдақ, Жарман. Қалқаманнан Біте, Базар, Майлы, Тама. Бойдақтан Құртқа мен Мамай. Жарманнан Қарақұл, Сарықұл. Қарақұлдан Естемес, Кешкіл. Бұдан Қоңырбөріктің үрім-бұтағы туралы біздегі мағлұматтардың аздығы көрінеді. Біздің мәлімет берушілеріміздің арасында бұл рудың бірде-бір өкілі болған жоқ. Шежіре бойынша, Албанның Сары руы екіге айырылады: Сүйерқұл мен Таубұзар (Сүйменді), бірақ, бұл есімдер халық ішінде ата болып аталмай, олардың балалары атында бергі рулар кездесетіндіктен, этноним ретінде алынбайды. Мәселен, Сүйерқұлдың төрт ұлы: Шоған Абыз, Досалы, Қожбанбет, Жарты мен қызы Әлжан (Алжан) бар. Әлжан кірме Мәмбетке тиіп, ата-анасының қолында қалып, төрт ұл табады: Сырымбет, Шегір, Аламан мен Хангелді. Әлжанның жоғарыдағы төрт бауыры мен оның ұлы ел аузында «Сегіз сары» деп аталады. Бүкіл дерлік әдеби деректерде Албанның тегін таратқанда «Сегіз сары» Қызылбөріктің бөлек атасы ретінде көрсетіледі. Иә, «Сегіз сары» атауының өзі де бұлардың Сары ұрпақтары екенін айқындайды. Албан тегінің бұл иірімін М. Тынышбаев өз кезінде анықтады, біздің зерттеулеріміз де оны пысықтай түседі. Алжан ұрпақтары да әдетте қазақ арасында халықта сіңісті болғандай әкесінің емес, анасының атымеп аталады. Алжан балаларының бір үрім-бұтағы Хангелдіден XVIII ғасырда Жоңғар басқыншыларына қарсы белсенді күрес жүргізген атақты Райымбек батыр шықты. Кейіннен бұл есім күллі албандықтардың жауынгерлік ұранына айналды. Райымбекті халық қасиетті әулие тұтып, оның есімі ел аузында аңызға айналып жүр. Онда ол өлер алдында өсиет етіп, өзін дүние салғанда денесін ақ киізге орап, ақ аруанаға артып, оған қай бағытта да жүруіне бөгет жасамай, өзін інген шөккен жерге жерлеуді өтінді деседі. Мәйіт артылған ақ аруана қазіргі Алматы қаласына келіп шөгіп, өсында Райымбекті арулап көміп, сабан кірпіштен ескерткіш тұрғызылады. Қазір мазар орнында белгі орнатылып, үлкен даңғылға Райымбек ата есімі берілгенінің өзі оған деген халық құрметі мен махаббатын көрсетіп, аруағын асқақтатады. Сегіз сарылар ішінде үлкені де, беделдісі де Сүйерқұлдың үлкен ұлы Шоған Абыз Тұғыжым (Айтбай, Сиқымбай) мен Дәулет (Аманқұл, Жәдік) болды. Досалыдан Шажаның көптеген ұрпақтары (Тыныбек, Жәнібек, Қалматай, Жәдік), Жансадық (Нияз, Шағыр, Рыскелді) мен Құлсадық (Баймен, Қуат, Биеке, Байсейіт, Еспенбет) өрбиді. Шажа ұрпақтарынан бізге мәлімет берген Ысқақ Мамаділов (1905 жылы туған) сегізінші ата болып келеді. Қожбанбеттен Тілеу (Қалдау, Тұрсын), Сағым (Балта, Қанай) мен Ағьгм (Бишал, Сары). Жартыдан Тілеуберді, Еспер мен Жақоз. Бұл Сүйерқұлдан шыққан Сарының ұрпақтары түгел ел аузында «Сегіз сары» деп аталады, ал шындығында бұндай ата бөлған емес. Сүйменді деп аталатын Таубұзардан да аз ұрпақ тараған жоқ. Одан екі тармақ тарайды: Айт пен Бозым. Ел ішінде оларды жиі қосып айтып, Айтбозым атайды. Соған қарамастан, олар мүлде әр түрлі Албанның ірі аталарын құрайды. Сонымен, Айттан Жанбаба (Қалдыбай), Абата (Бидайшы), Сүйіндік (Сайынбөлек), Маматайыр (Таңатар, Қалыбек, Жорт) мен Қарашаш атты қызы туады. Аңыз бойынша, ол әлде бір сұлтанның (төренің) баласына айттырылып қойылыпты. Бірде күйеу жігіт өз қалыңдығының аулына ресми ұрын барып, еліне оралған соң ол қайтыс болып, құдалар жағынан ешқандай хабарошар түспейді. Әйтсе де, Қарашаш өзінің атастырған жігітінен ұл тауып, есімін Жиенқұл деп қояды, бірақ оны әлденеге «Қыстық» деп атап, тараған ұрпақтары да солай аталып кете барады. Жиенқұлдан екі ұл қалып, бірі Ақназар ел аузында «Ақңыстық» деп аталып кетеді. Ақназардан Құлақай (Майлы, Сарман) мен Тілес (Шойқара, Жайын, Оңтағар, Бегім мен Таңат). Біздің мәлімет берушіміз Алмабай Шынасілов (1897 жылы туған) Аңназарға тоғызыншы атадан қосылады. Қарақыстық деп аталған Тоқтамыстан Бектемір, Қарақұс, Ескене мен Мәлике. Бұл Жиенқұлдың күллі ұрпақтары шежіреде қазірге дейін Қыстық деп аталып келеді. Аңызға сәйкес Қарашаш ұлы Жиенқұлды төркініне тастап, Жалайыр жаққа күйеуге шығып кетеді. Бозымнан үш ұл бар: Жаншық (Әлмірек, Беснайза мен Олжай ), Шобалтаз (Боздақ, Ноғай) және Сарыбай (Өтеп, Дәуіт). Біздің мәлімет берушіміз Көпбосын Тұрсынов (1888 жылы туған) Бозымға 9 атадан барып қосылады (Албан руларының толық ата тегін 4-қосымшалардан қараңыз). Албандар ішінде бүкіл Ұлы жүзге ортақң «Бақтияр» деген жауынгерлік ұраннан басқа XVIII ғасырда өткен атақты Райымбек батыр атымен «Райымбек», «Райымбек ата» дейтін ұраны бар. Албандардың рулық таңбасы Дулаттың шеңберінің бір түрі секілді Н. Аристов, Н. Гродековтың есеп-қисабына сілтеме жасап, XIX ғасырдың аяғындағы албандардың саны 15500 шаңырақ болғанын келтіріп, олардың негізінен Жетісу облысы, Верный, Жаркент уездерінде тұратынын атап кетеді. Бұл екі уезде қазақ халқы Ұлы жүздің бірнеше руларынан, атап айтсақ, Сарыүйсіндер, Дулаттар, Шапыраштылар, Ыстылар, Жалайырлар, Қаңлылар, Суандар мен Албандардан тұрады. Албандар бұл өлкенің өңтүстік-шығыс жағын алып, Іле өзенінің оң жағасын жайлап, Қытай шекарасына дейін Жаркент уезінің оңтүстік-батысын, Іленің сол және оң жағасын біртұтас мекендеді. Верный уезінің көлемінде негізінен Қызылбөрік пен Сегіз сарылар орын тепті. Алғашқылары таудың оңтүстік аудандарын, ал кейінгілері уездің солтүстік-шығысындағы Іленің сол жағалауын ата қонысқа айналдырды. Сегіз сарының рулық бірлігінің қыстауы Алабайтал, Сарыбұлақ, Асы сағасы, Сауысқан, Сарымсақты, Шөладыртеріскей, Сөгеті мен Бөгеті шатқалдарын, одан қалса, бір бөлігі Серектес пен Көктерек тау шатқалдарына орналасты. Жайлауы альпі шабындығы Асы мен Қарқарада бөлды. Қызылбөріктердің тұрағы Сегіз сарылардан күнгейге қарай ж оғарғы Шелек өзені, Далашық, Биесыймас, Айдасу, Жая, Қызылмойнақ, Қараарша, Қондық, Сарыбұлақ, Қызылауыз бен Бақалы шатқалдарын да орналасты. Жаркент уезінде Албан руының көп атасы шашыраңқы орналасқан. Іле өзенінің сол жағасындағы оңтүстік бөлігінде шығыста Қытай шекарасына дейін, оңтүстігінде Іле Алатауының биік жоталарына дейін, батыста Верный уезінің жеріне дейін Қоңырбөрік рулары, Қызылбөріктің шамалы бөлігі, Сегіз сары, Айт, Бозым, Құрман мен Әлжандардың аталары қоныстанды. Осы кең-байтақ өлкеде қыстаулар, күзеулер, көктеулер мен жайлаулар шоғырландырылып отырды, өйткені онда өзеннің құнарлы алқаптары, тау өзендерінің шатқалдары мен аса биік тау шабындықтары болды. Мәселен, Іле өзенінің сол жағасын Қытай шекарасына дейін және батыста Шарын өзеніне дейін көптеген Сегіз сары атасының қауымдастығы мен Қоңырбөрік руы иелік етті. Олардан батысқа қарай Верный уезінің шекарасына дейін Айт пен Бозым аталары, ішінара Қызылбөріктер, ал Текес пен Шалқыдысу өзендері бойында Алжандар мен Құрман аталарының қыстаулары қанат жайды. Кеген мен Меркі өзендерінің алқабында, тау баурайларында Қоңырбөрік, Айт пен Бозым руларының қыстауы ірге көтерді. Күнгей Алатауының теріскейіндегі тау өзендерінің шатқалдарында Қызылбөрік рулары мекендеді. Іле өзенінің оң жағасында Жаркент уезінің қарамағында Қоңырбөрік руы қыстаса, Айттар Алтынемел қыратының шатқалында, Алтынемел, Тізгін, Шылбыр, Үшбұлақ, Айнабұлақ өзенінің бойында, сонымен қатар Іле бойындағы Қаратөбе, Қызылжиде, Үшқоңыр, Қоянды мен Айдарлы шатқалдарында қоныстанды. Бұл екі уездегі Албан руларының күзеу, көктеулері қыстаудан онша алшақ емес еді, ал жайлауы таудағы альпі шабындықтарында болатын. Албан руына жататын қазақтардың басты кәсібі мал мен егін, қой-ешкі өсіріп, ірі қара мен жылқы бағып, шамалы түйені кіреге жіберіп, отырықшы және жартылай отырықшылық өмір кешіп, егін салды. Дәнді дақылдан кең тарағаны бидай, сұлы, арпа мен тары еді. Өз қыстауларының маңында қалып, телімдерінде егін өсірген жатақтар да аз болмаған.

Ал жалпы алғанда қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе Алаш орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911-ші жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады. ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ Түрік нәсілінен «Алаш — есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш, алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген. Алаштан екі бала туған — Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден Өзбек, Сыбиян. «Өзбек аз ағам, сарт садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан Айырқалпақтан Қазақ, Созақ. Созақтан Қарақалпақ. Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсысылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күнкөруге әуелде таудың оңтүстігінде өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Қарындастан айырылған жаман екен, Қара көзден мөлдіреп жай келеді. Мына заман, қай заман, бағы заман, Баяғыдай бола ма тағы заман?! Атадан ұл, енеден қыз айырылды, Көздің жасын көлдария ағызамын. Мына заман, қай заман, қысқан заман. Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман. Топырақ пен аспаннан шаң борайды, Қаңтардағы күн суық қыстан жаман. Бізге қысым көрсеттің қатты, құдай, Қабырғама қара жер батты, құдай. Жаяу жүрсем табаным ауырады, Тым болмаса, бермедің атты, Құдай! «Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрінің білетін себебі осылайша-дүр. Ұлы жүз Ақарыстан екі бала: Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала: Шанышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала: Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс. Орта жүз Жанарыстан жеті бала. Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан Ақтымсопы онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала: Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады. Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең. Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала: Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш. Қаракесектен Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен Аспан, Бозғұл: Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан. Бұл Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз. Кәрім Бәтішұлы, «Айқап» журналы, 1911 жыл №1

Толығырақ: http://alashainasy.kz/shezhire/alban-ruyi-53328/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Төлен Қаупынбайұлы

Төлен Қаупынбайұлы 1938 жылдың 6 мамырында Алматы облысына қарасты Райымбек ауданындағы Қаратоған ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ағылшын факультетіне түсіп оқыды. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Ауыл» газеттерінде, «Парасат», «Жұлдыз» журналдарында, «Жазушы» және «Қазақстан» баспаларында қызмет істеген. Алғашқы туындылары 1956 жылдан бастап республикалық басылымдарда жариялана бастады. «Жазира» (1972), «Шұғыла» (1979), «Ашылмаған аралдар» (1976), «Кең құлаш» (1989), «Нан мен тер» (1991), «Бауыржан батырға барғанда» (2000) деп аталатын көркем очерктері мен эссе кітаптары, «Маруся асуы», «Бетегелі бел» дейтін әңгімелер мен повестер жинақтары, «Қабан жырау» (1993), «Бабалар аманаты» (1996), «Албан», «Суарылған семсерлер» (1999), «Батыр баба Әлмерек» деп аталатын тарихи тақырыптағы кітаптары, «Киелі керуен» (1999), «Аққу саздары» (2001), «Қыран тағдыр» (2003), «Тұлға» (2004) атты роман, повестері жарық көрген.  Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте иегері.

Осы жердесіз: Негізгі бет » Өзге тақырыптар » Өмірбаян

Көрілген: 676    Пікірлер: 0 Толығырақ: http://alashainasy.kz/omir/tolen-kaupyinbayulyi--50742/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Шығарманы оқып отырып бір ғұламаның өсиеті есіме түсіп отыр. «Иә Аллам, тегі мен ақыл-ой, парасаты толысқан адамнан ілімің мен біліміңді аяма. Ол өз бойындағы сенің бергеніңді халқының игілігіне жаратады. Сөйтіп айналасындағы адамдарға мейір шарапатын төгіп, нұрландырады. Адамдардың сезіміне қуаныш сыйлайды. Айналасын гүлге айналдырады. Ал егер ол біліміңді делқұлы пендеме берсең, айналасын өртеп, тылсым тіршілікті күлге айналдырады»,-деген екен. Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/6581/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

           IV.            441-бет. «Батыршаның сексеннен асқан кезі екен дейсің. Үлкен келіні атасының дәретінің көбіктенгеніне қарап, «Атамның белінде әліде бір-екі бала екен. Күш қуаты мығым. Әйел алып берсек қайтеді?»деп, әйел алып беріпті»,-дейсің. Сұмдық-ай... ойбай-ау бұл Өкіреш-Найман тарихына тән аңыз әңгіме емес пе? Білмеген соң, жалпы шежіреде, ру-тарихында, болған аңыз-әңгімелерде нең бар? Құдай-ау, сенен бұрын Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, бергісі Даниярбек Дүйсенбаев, Мұхаметжан Тышбайұлы сияқты мүйізі қарағайдай ғалымдар жазып, талдап беріп кетті емес пе? Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/6581/ Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Абыз баба туралы әлі де болса толық нақтыланбаған қолдағы бар тарихи дерек осы ғана. Нақтыланбаған деп отырғанымыз, қос энциклопедияға енген бұл екі мақала да толық зерттелмей, атүстілеу дайындалғандығы. Оған дәлел Әлмерек бабамыздың шапырашты Қарасай батырдың немере қызы Зәуреден туған бес ұлымен бірге, тағы да өз кемерінен шыққан үш ұлы болған. Бабамыздың кіші әйелдері, тоқалдары Дулаттың қызы Күлән мен кіші жүздің қызы Ырыстыдан туған Жұмық, Еділ, Жайық атты балаларын қалай ұмыт қалдырамыз? Оны біз айтпағанмен әруақ бабамыздың өзі де, одан қалса, бүгінгі таңда үш бабадан өсіп өніп отырған қалған ұрпақтары да кешпейді ғой. Қазір осы сегіз баладан өрбіген ұрпақтары сегіз рулы ел болып отыр. Осы жайтты көре біле отырып, кейбір қаламдас бауырларымыз, Әлмеректің соңғы үш баласын қасақана шеттетіп, әңгіме еткенді ұнататын сияқты. Бұл орайда Әлмерек бабамыздың нағыз жанашырларының бірі болып жүрген Ораз Қауғабайдың “Әлмеректің бес баласы және Еділ-Жайық” атты “Қазақпарат” баспасынан жарық көрген тарихи танымдық кітабын сөзімізге мысал етсек, автор оған ренжи қоймас. Кітап неге «Әлмеректің бес баласы аталады»? Қазақ өз кіндігінен шыққан баласы түгілі, асырап алған баласын да, балаларынан бөліп, шеттеткен емес қой. Әлмеректің абройын балалары арқылы көтереміз десек сегіз баласы, одан өрбіген ұрпақтары мен олардан шыққан жеке тұлғаларды айтумен бірге, олардың өрісті ынтымағы туралы да жарасымды әңгімелер айта білуіміз қажет емес пе?..

Енді, әңгіме басында айтылған «қос әруақ», «әруақ қонған жанға» оралайық. Мұны айтып отырғаным соңғы он-онбес жыл көлемінде менің осы «жұмбақ» мәселені де зерделеп зерттеп жүргенімді, біраз зиялы жандар жақсы біледі. Бұл орайда төрт-бес кітабым да жарық көрді. Біз шетелдің көріпкелдері мен әруақты кісілері Нострадамус, Ванга… т.б. туралы БАҚ беттерінде таңдай қағып жазуға шеберміз де, Әл Фарабиден… Мәшһр Жүсіп Көпейге дейінгі Алладан аян алған әлем мойындаған өз көрегендеріміз бен көріпкелдеріміз, әруақты әулиелеріміз, ғұламаларымыз бен оладың мұғжиза алу қасиеттері туралы тереңірек сөз қозғаудан қашқақтаймыз, үрке қараймыз Бұл салаға ден қойғымыз келмейді. Неге? Осы орайда «Фәлсафа – Алланың аян ілімі» («Қазақпарат» баспасы, 2009 жыл) атты соңғы жинағымда мен философия мен фәлсафа ілімінің ара жігін ажыратып берумен бірге, осы бір тылсым мәселеге Елбасы мен философ ғалымдарымыздың назарын аудардым. Нақтылы дәлелмен жазылған осы еңбекке әзірше ешкім үн қатпай отыр. Осы үрдіспен жазылған соңғы өлеңдер жинағым «Әлмеректің оралуы» («Қазақпарат» баспасы,2008ж.) жарық көрген соң, Әлмерек абыздың басына зиярат жасап барып, өзіне арнаған мына өлеңімді оқыдым,

Бисмиллаһир Ирахманир Рахим

Абыз бабам, Әлмерек, Сізге келдім “Арма!”- деп Өзің жайлы бас қатты Бізге жетпей бар дерек. Біреу жатыр Абыз деп Біреу; батыр нағыз деп. Біреу барға иланса, Біреу дерек тағы іздеп. Біреу сені Би деді, Біреу басын имейді. Біреу түйін түйгенмен Біреу түйін түймейді. Біреу санап батагөй, Айтып жатса аталы ой. Бәрін мақұл көреміз Дейтін жан жоқ “Қата ғой”… Бәрі жаман демейді, Білгіш жандар көбейді. Бірақ нақты шындыққа Ештеңе тең кемейді. Айтып берер шындықты, Табылмай жүр бір мықты. Айналайын, Әлмерек Ұғасыз ғой, құлдықты Айтшы өзің, шындықты?… Алған алғашқы жауабым;

-Қалқам, кім айтат өзін-өзі мен батырмын деп, кім айтат мен білгішпін деп. Ешкім де айтпайды. Тіршілігімде Жаратушыдан «Тәнім топырақ болмасын» деп тілеуші едім. Тілегімді бергенін көріп отырмын. Қаншама жан өмірге келді, тәні топыраққа айналып із түзсіз жоқ болып жатыр. Мені елім мен жерім ұмытқан емес. Тәнімнің топыраққа айналмағаны осы емес пе. Өзім өлсем де атым өлген жоқ. Аллаға шүкіршілік етемін…

Жазғаныңда өмірімді толық баяндамасаң да, жалған жамау қоспапсың. Мені ұмытып жүрген ұрпақтарыма ой салыпсың. Осы жазғаныңа Алла разы болсын. Бірақ… шала жазғансың. Тағы да жазасың. Талқыға түсесің… Терең ойлан… Қос әруақтың ынтымағын тілейік… Тілдесеміз әлі де…

Осыдан соң ойдан ой туып, біраз тың дерктер табылып «Заман Қазақстан» және «Ана тілі» газеттері беттерінде «Ұйғыр ауданы абыз Әлмеректің атымен аталуы тиіс», «Жоңғардың Шамалғанынан қазақтың Наурызбайының қай жері кем?», «Абыз Әлмеректің аты сұранып тұрған жоқ па?» деген мақалалар жаздым. Сол мақалаларымды алып Алматы облысы әкімі С.Үмбетовтың қабылдауында болып, мақалаларымды көрсетіп едім, менің көтерген ұсынысымды мақұлдай қоймады. Бұл мәселеге орай өз пікірін шегелеп, түйіндеп қойған көрінеді.

Реті келгенде бабаның зиратына қайта соқтым. Қасиетіңнен айналайын, абыз-бабам, әкіммен болған арадағы әңгімемізді мен айтпай жатып-ақ со қалпында алдыма тартты.

– Шырағым, сен барған ол әкімің дәл қазір бір аяғымен жерді, екінші аяғымен көкті тіреп тұрғандай болып жүрген жоқ па. Ауданның атын өзгерту туралы ұсыныстың нобайы жоғары орындарға жеткізіліп қойғаны рас. Бірақ, өзің алғаш көтергендей «ауданға Әлмеректің аты берілсін» деген әңгіме онда айтылмаған. Негізі ауданға менің атым беріліп жатса, елге пайдалы. Әулие адамның аты берілді деп, арыдағы қара қытай да, бергі жағындағы сарттар да аяғын тартар еді. Бірақ «Тұрымтай тұсымен болып жатқан» мына заманда, дәл қазір тереңірек ойлап-пішіп жатқан кім бар дейсің?…

Мұны айтып отырғаным, кім келіп, кім кетпеген мына жалған өмірге… Адам өмірі қанша қысқа болғанымен, сол аралықта артына ұрпақ қалдырып, мына тіршілікті одан әрі жалғастыруды жүзеге асырып келе жатқан жоқ па. Ұлы болмаса құл болады, қызы болмаса тұл болады. Ұлың ұзақ жалғасқан өмірің, қызың қызғалтақ қызығың… Өшіп, өліп қалмау осы бір табиғи тіршіліктің арқасы…

Қалқам, көріп те жүрген шығарсың, қазір ауғандық торғай деген қара торғай бар. Тұмсығы ұзын. Сол торғай алдындағыны да жеп қояды, артындағыны да жеп қояды. Тыпырлатпай қырып салады. Қазаққа сабақ емес пе? Ұйғырлар дәл қазір тап сол құстай ызалы… Оның үстіне қара қытай қаптап келе жатыр ғой, білмеймін…

– Бір деректі нақтылап алсақ, жоңғар батыры Қордайды өзі шақырған жекпе-жекте Сіздің өлтіргеніңіз рас па? – Қалқам, елім мен жерімді қорғай жүріп мен кімді өлтірмедім… – Біз ол заманда тірлік кешкен жоқпыз ғой, нақтылы шындықты -өзіңізден білсек деп едік? – Өзің жазғандай Қордайды да, Шонжыны да жекпе-жекте мен өлтірдім. Іздесеңдер табасыңдар, Тәуке ханның жанында сыйлы сері боп жүрген сатқынды да кезінде мен өлтіргенмін. Қарқараны басып алған жоңғардың ең үлкен шонжарын да мен өлтіргенмін. Аты – Алғабас. Алғабас деген батыр болған. Жоңғарлардың Алғабас деген шонжары. Ақанас деген ол да қалмақтың батыры. Оны да өлтірткен мен. Өзім өлтірген жоқпын, өлтірттім… – Білмеген соң сұрағанымыздың айыбы болмас, Шарын деген не? Қазақтың сөзі ме, әлде жоңғардың сөзі ме? – Оның басында қазақтың Шар ана деген аты аңызға айналған үлкен аяулы кісісі жайлау етіп отырған. Арналы үлкен өзен кезінде сол кісінің атымен аталды. Кейін сол Шар ана Шарын аталып кетті. Шарана – шала туған бала дегеннен шыққан сөз . Ол кісі шала туылған болуы керек. Өзен Ілеге келіп құйып, Қапшағайға жетеді.Бір жағы Қытайдан , екінші жағы Қырғыздың Иірімсуынан бастау алады. Қарқараның бойымен бұл су жүргенде көктемде, жазда түскен адамдарды көбірек түбіне тартып жатады. Өзеннің сондай қасиеті бар. Бұл – судың астында орналасқан Алла ғана білетін үлкен жұмбақ күш. Мұндағы жер асты тарту күші ересен. Сол тартып кетеді. «Райымбектің бастауы» деген бастау бар, соған шықсаң бәрін көресің, сезінесің ғой…

Міне, Әлмерек абыз рухымен арада болған біздің бұл ғайыптық тілдегі пікірлесуден келтірілген үзінді зиялылар ғана ұғатын әңгіме. Мен әруақ қонған адамдар арқылы осы әңгіменің куәгері болдым. Әңгімені дыбыс таспасына толық жазып алып, мақала етіп жазып, баспаға әзірлеп те қойдым.

Бұл әңгімені алға тартып отырғаным – қаншама біз біле бермейтін дерек әруақ рухының өз аузынан айтылып отыр ғой. Бұған назар аудармасақ, «әруақ наласы» деген тағы бір жұмбақ жәит ойға оралады. Осы әңгімелерден соң, «Әлмеректің қолынан қанды жекпе-жекте қаза тапқан, ел басқыншылары, жоңғар батырлары Шонжы, Алғабас пен Қордайға аудан, мектеп, жер атын беруде қиналмай, елімізді, жерімізді сақтап қалған Әлмерек сияқты қасиетті бабаларымызға келгенде неге дәрменсіздік танытамыз?» деген жауабы жоқ сауал алдымызды орағытады.

Рас, қазір белгілі ғалым, академик, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-тің ректоры Нұрғали Мамыров мырза жетекшілік ететін “Әлмерек” мәдени тарихи қоғамдық қоры жұмыс жасап тұр. Осы қордың ұйымдастыруымен кезінде бабаның мүрдесі қолға алынып, кесенесі көтерілді. Райымбек ауданында салынған мешітке бабаның аты берілді. Жазушы Төлен Қаупынбайұлының ұйымдастыруымен «Батыр баба Әлмерек» атты сырт пошымы тәп-тәуір жинақ та шықты. Бұлай айтып отырғанымыз, бұл жинақ Әлмеректің өз өмірінен гөрі, бабадан өрбіген кейінгі ұрпақтарының өмір жолдарын көбірек қамтыған сияқты. Әлмеректің абыздығы, әулиелігі, дуалы ауыз батагөйлігі туралы мардымды ештеңе жазыла қоймаған. Бәлкім, кітапты жедел шығару қажеттілігінен деректер жинақталып үлгермеген болар…

Қадап айтар нәрсе, осы қор соңғы уақытта өз жұмысын саябырсытып алды. Сол саябырсудан, орны толмас өкініш, өткен жылы абыз ата Әлмеректің 350 жылдығы атаусыз қалды. Қайырымдылық қоры құрылған кезде қордың басқару алқасы құрамында елдің бірсыпыра сөз сөйлер, белгілі ақсақалдары болып еді. Солардың бір-жары соңғы жылдары өмірден өтті. Қор жұмысының саябырсып қалуы әлде сол аузы дуалы ел ағаларының жоқтығынан болып отыр ма? Әйтпесе, абыз ата Әлмеректің 350 жылдығы қарсаңындағы үгіт-насихат және қажетті ұйымдастыру жұмыстарын, бізден де бұрын, ең алдымен осы қоғамдық ұйым жүгіріп жүріп ұйымдастыруы керек еді ғой. Кейінгі кезде жаппай қалыптасып кеткен жаман әдет, елден жылу жинағанша, әкімдіктен де бұрын Үкімет алдына осы қоғамдық ұйым шығып, неге мемлекеттен қаржылай көмек сұрамасқа?! Осы шабандықтың салдарынан абызымыздың юбилейі мәдениет және ақпарат министрлігі дайындаған республикалық деңгейде аталып өтетін атаулы күндер тізбесіне де ілінбей қалып отыр. Бұл кімді де болса ойландыратын мәселе емес пе?.. Жалпы – біздің бұл әңгімеміз, істелген жұмыстарды жоққа шығару үшін емес, алдағы уақытта қамтылуға тиісті істерге қозғау салу үшін айтылып отыр.

Ендігі әңгіме Әлмеректің жеке басына байланысты. Әлмерек жас кезінде – көзсіз батыр, орда бұзар отыз жасында – би, кемел жасында – аузы дуалы батагөй абыз болған жан. Мұның қабатында көріпкелдігі мен әулиелік қасиетін тағы да жоққа шығара алмаймыз. Кіші жүздің әйгілі Әйтеке биі өзінің жан серік досы, өз кезінде «Жеті адамға жан берген» атанған әз Мүсірәлі пірмен бірге қонақжай Қарқараға келіп, айлап жатып, әңгіме дүкен құрып кетуі де Әлмеректің осы қасиеттерін мойындауынан. Сонда бір басына үйіліп төгілген осыншама қасиетті жинай білген абыздың халық үшін кім болғандығын таразылай беріңіз. Зерттейтін ғалым, зерделейтін пайым болса қазақ тарихының бүгінге дейін жабулы жатқан жарасымды бір беті емес пе?..

Сосынғы бір мәселе, Әлмеректің өмір тарихына байланысты. Әлмеректің мүрдесі Алматының маңы Алатаудың баурайында жатқанымен, туылған жері Қаратауда. Бабалары Сыр бойы мен Қаратаудың аралығын мекен еткен. Мұның нақтылы дәлелі, әрі туысы, әрі өзінен кейін Албан тайпасының бас қолбасшысы болған Ханкелдінің әкесі Сырымбет абыз сүйегінің Шиелінің маңына қойылуы. Қазір басына үлкен күмбез көтерілген. Кенже екі баласы Еділ мен Жайық кіші жүздің қызы Ырысты анамыздан. Балаларына ат қоюда төркін жұртын еске алған аяншыл анамыздың ұсынысы құб алынған сияқты. Айтылып жүрген тағы бір аңыз – Ырыстының Домалақ ана атанған Нұрила анамыз сияқты, ерекше қасиетке ие болғандығы, екінші бір аңыз, ол кісінің перінің қызы болуы. “Батыр баба Әлмерек” кітабында осы аңызды бабаның баласы Жәнібектің әйеліне апарып телиді. Дұрысы, перінің қызы әр уақыт тәнін таза ұстайтын, дәреті үзілмейтін, тылсым қасиетке ие әулие адамның ғана қолы жетер бақыт.Бұл жағынан қарағанда жол Әлмеректің өзіне түседі…

Бұны айтып отырғаным Ораз Қауғабай бауырым өз кітабында «Еділ -Жайық» толғауынан деп мынадай шумақ келтіріпті.

…Шешеміз Жайық жақтан келіпті ғой, Бабаның құшағына еніпті ғой. Тілегін анамыздың қабыл қылып Жаратқан екі бала беріпті ғой».

Бұл енді келісе бермейтін шумақ және Ырысты анамызға аброй да әпере қоймайды. Біз естіген аңызда бұл шумақ былай болатын.

Ырысты Кіші жүзден келген еді, Аян боп түсіне абыз енген еді. Бәйбіше бес баласын көрсеткенде, Жас ару Әлмеректі жөн көреді.

Бұл енді басқаша емес пе?

Біз бұл мысалдарды неге келтіріп отырмыз, Әлмерек бабамыз, бір ғана Жетісу аймағына немесе бір ғана ұлы жүзге ғана емес, орта жүз бен кіші жүзге де ортақ тұлға екенін айту. Біздің бұл пікірімізді Әлмерек айтты деп бүгінгі күні бізге жетіп отырған; “Қазақтың үш баласы ошақтың үш бұтындай бір шеңберге тұтасып тұр емес пе?! Сондықтан қазақты топқа, жікке бөлуге болмайды. Ошақтың бір бұты кетсе, қазан төңкеріледі. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Жұдырықтай жұмылған күш бәрін жеңеді”- деген өзінің аталы сөзі де растайды. Мұны ақын Әкімхан Зікірияұлының Әлмеректің Төлебиді емдеп жазғандығы туралы жазған дастанындағы;

“Білетін – Әлмеректің қасиетін, Төле би сонысы үшін бас иетін…”-

деген өлең жолдары да одан әрі толықтыра түседі. Төле би тәу еткен абаз – кімді де болса өзіне тәу еткізбейді ме?!.

Осылардан шығатын қорытынды – осы жұрт көсіле сөйлеп көсемдігін, шешіле сөйлеп шешендігін танытқан, берген батасы ел мерейін биіктеткен, ел бірлігін сақтап, татулықты темірқазық тұтқан, батагөй абаз, Албан тайпасының көсемі Әлмерек Жаншықұлын шынымен-ақ білмегені ме? Білсе өткен жылы бабаның 350 жылдығы неге аталып өтпеді. Үкімет қайда қарап отыр, ұрпақтары неге үнсіз? Мен осы орайда осыдан үш жыл бұрын осы мәселеге орай “Райымбек батырдың 300 жылдығын атап өту жөніндегі” Үкімет жанында құрылған комиссия жұмысына жетекшілік еткен, сол кездегі Вице Премьер, бүгінгіАлматы қаласының әкімі, елінің Райымбегі мен Әйти батырын жоқтай білген Ахметжан Есімов мырзаның атына “Заң газеті” бетінде Ашық хат жазып, батагөй бабамыз Әлмерек абыздың 350 жылдығын республика көлемінде өз дәрежесінде атап өту үшін, тағы бір рет қайраткерлік қамқорлық жасауын өтінген болатынмын. Іле Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовпен болған сұбхатымызда газет бетінде көтерілген осы мәселені тағы да алға тартып едім, мақаланы оқығандығын айта келіп; “…Бір әттегенайы – бұқаралық ақпарат құралдары бетінде бабамызға байланысты насихат жұмыстары өз дәрежесінде жүрмей отырған сияқты. Әлмерек бабамыздың тойын біз облыс көлемінде атап өтерміз-ау. Егер осы бағытта жұмыстар жасалып жатса, жинақталған пікірлер мен ұсыныстарды Үкімет алдына қойып, бабамыздың тойын республикалық дәрежеде атап өтуге қол жеткізген болар едік…” (“Заң газеті” №30, 2 02 2007ж).- деген сөзі қамшы болып, көтерген мәселемді қайта тірілтіп, бұл мәселеге, сол кездегі мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев мырзаның да назарын аударған мақала жазғанмын. («Болмашы сылтауды көлденең тарта бермейік. Тағы да Әлмерек абыздың 350 жылдығы туралы», «Заң газеті», №176, 16 Х1 2007ж.)

Бірақ дер кезінде көтерілген осы мәселелер тиісті орындардан қолдау таппады. Бұған кім кінәлі? Өз тарихын әлі жетік білмейтін халқымыз ба, болмаса осы жағдайларды үйлестіріп отыруға тиісті Үкімет пе, әлде бабаның бос белбеу ұрпақтары ма?..

Ештен де кеш жақсы демекші, осы бағытта ойланып тірлік жасайық ағайын.

Әлмерек абыз туралы

***** Қазақ халқына адал қызмет етекен батырлары мен шешендері, билері мен көсемдері, хандары мен сұлтандары, ақындары әлі де толық зерттеліп хатқа түсірліген жоқ. Сондай ақындардың бірі Жамбылға батасын берген құлан аяқ Құлмамбет болса, аталмай жүрген батырлардың бірі атақты Райымбек батырдың рухани және әскери ұстазы, Қазақ халқы Абыз атағын берген екі адамның бірі Әлмерек батыр.

Әлмерек батыр туралы жазба деректер ешкімнің колында жоқ деуге болмас. Ол кісінің тікелей ұрпақтарынын бірі 1953 жылы Шығыс Түркістанда қайтыс болған марқұм бабам Керменұлы Тұрысбек деген кісі. Ол кісі жастайынан білім қуып, кітап құмар болып өседі. Үлкейе келе имамдық құрып, бала оқытады. Көптеген шәкірт тәрбиелеген. Ол кісінің Баубек ата -деген бір шәкірті Алматыдағы Әлмерек Абыз кесенесінде шырақшы болып отыр. Тұрысбек атам дүниеден өткенше елге сыйлы болып кеткен екен.

Қытайдағы аты шулы мәдени төнкеріс кезінде, ескіліктің қалдығы ретінде имамдар мен олардың қолындағы кітаптарды жоя бастайды. Атамыздың ескіден келе жатақан көптеген кітаптары болыпты. Ол кісі көзі тірісінде заманның ауанын байқап, балаларына осы кітаптарды киізге орап көмдіреді. “Мен қайтыс болғанда, осы кітаптардың қасына жерлеңдер” деп өсиет айтады.

Міне, осы кітаптардың арасында қадірлі бабамыз Әмерек абыз туралы деректер, немесе бабамыздың өз туындылары да болуы мүмкін деп ойлаймын. Бабамыздың ұрпақатарының ішінде атақты батырлар, билер, шешендер мен әулиелер шыққан. Кейінгі ұрпақатарында да атақты азаматтар бар. Атақты Сұраншы батыр Әлмеректің немересі болып келеді.

Кейінгілерден Ұзақ батыр “Албан көтірілісін” Ұйымдастырып, ақ патшаға қарсы соғысқан көзсіз ерелердің бірі.. М.Ауезовтын «қилы заманында» оның басынан өткен оқиға шындықпен сәйкес айтылған. Ұзақ батырдың қызының қызы, яғни, жиені Күміс әжеміз Тұрысбек атамның үлкен баласы Сейділ (ел ішінде қара молда аталып кеткен) атамның кемпірі 1998 жылы Жамбыл облысының Шу ауданындаңы Белбасар ауылында 103 жасқа келіп, көз алдымызда қайтыс болды.

Әлмерек бабамыздың біздің заманымыздаңы атақты ұрпағы Бердібек Соқпақбаев. Кеңес үкіметінің тар заманын мойындай алмай, кең дүниеге сыймай кеткендердің бірі. Қазіргі кезде бабамыздың тәуіпшілік-емшілік өнерін бойына сінірген ұрпақтары Ермек Мырзагелді деген азаматтың басқаруымен “Әлмерек Абыз тегін емдеу орталығы” деген мекеме арқылы халыққа тегін кызмет көрсетіп, елдің алғысына бөленіп жүр.

Әлмерек Абыздың ұрпактары Албан ішіндегі құрман руы. Құрмандар Албанның ішінде ең көп тараңан ру болып табылады. Сатистикалық есеп бойынша Әлмерек Абыздың ұрпактарының саны казіргі күні 300 мыңнан асып түседі. Құрмандардың тағы бір ерекшелігі 12 атадан асып кетсе де әлі күнге бір-бірімен қыз алыспайды. Мысалы мен Әлмеректін 13-ші ұрпағы болам. Әлмерек Бабанын өсиеті бойынша мен Бердібек Соқпақбаевтың аулымен қыз алыспайтын туыс болып табылам. Бұл жолды біз әлі күнге дейін ұстанамыз.

Бұлай болу себебі түсінде Әлмерек Абызға Домалақ ананың бата беруінен деген аңыз бар. Әлмерек Абыздың қасиеттері де сол Домалақ анадан ауысқан дейді аңызда.

Бүкіл қазақ тарихы аңыздардан басталып жаткан жоқ па? Олай болса, арнайы зерттеген адам болса бұл аңыздан да бір дерек табылар еді.Әлмерек ұрпақтары бабамызды жазба тарихқа қайтару үшін қолынан келгендерін істеп жатыр деп ойлаймын. Осы сайтты ашу менін қолымнан келгені болып отыр.

Ел аузындаңы аңыздар бойынша Райымбек 7-12 жасар бала кезінде Әлмеректен оқып жүргенде бабамыз 82 жаста екен дейді. Райымбек батырдың туған жылы тарихта белгілі 1705 жыл. Он 12-ге толңанда 1717 жыл болады. Сонда Әлмерек Абыздың туған жылы 1717-82=1635 жыл болады екен. Аңызда ол кісінің ұзақ жасағаны айтылады. Сонымен абыз ұрпақтарына Әлмерек Абыздың туған жылы 1635 жыл деп келісуді ұсынам. Сонда биыл бабамыздың туылғанына 370 жыл толып отыр екен. Әрине қолы ұзын ағайындар арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге демеушілік етіп көмектеседі деп сенем.

Әлмерек Абыздан бата алған қазақ батырлары:

1. Райымбек батыр

2. Сұраншы батыр (өз баласы)

3. Жәнібек батыр (немересі)

4. Бәсентин Малайсары батыр.

т.б. білетіндер болса осы мақаланың астынғы жағына жазып қойсын.

Әлмерек абыз әулетіндегі ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі

Ғасырға жуық өмір сүріп, оның басым бөлігін ел қор­ғау­­ға арнаған айбынды батыр, әділ шешім айта білген би – Әлмерек абыз өмірі Әз-Тәуке хан дәуірінен басталып, жал­­ғасы Абылай хан билік айтқан уақытпен қабысатыны бел­­гілі /шамамен 1658-1754 ж/. Заманның сол бір кезінде қазақ халқының басына түскен ауыр­т­пашылық аз емес-тін. Жоңғар басқыншыларының зо­ба­­лаңы тұсында елі үшін суырылып алға шыққан Әлмерек Жан­­шықұлының өмір жолы бүгінгі ұрпаққа да тәлімдік тұр­­ғыдан үлгі болары анық.

Сайлаубай ағыбаев, өлкетанушы.

Бүгінде баба өміріне үш жүз жыл­дан кейін оралып, зерделеп көз жүгіртсек: ел қорғаны бо­ла білген батыр ретінде ер­лік­тің небір тамаша үлгілерін көр­сеткендігін білеміз. Алауыз қа­зақ сұлтандарының бәтуасыз тір­шілігінен қазақ халқы жоң­ғар басқыншыларына есе жі­бе­ріп, жеңілген кездері де же­тер­лік. Ал Әлмерек би халық кө­семі ретінде озық ойлап, ел бір­лігін ту еткендігін мына бір ой-тұжырымынан байқаймыз. «Қа­зақ­тың үш баласы ошақтың үш ті­рек бұтындай, бір шеңберге тұ­тасып тұрса еш жау алмас» – дей­ді ол. Бұл қазақ халқының бір­тұтас ел болып, біріге бас­та­ған кезінде, өз уақытында ай­тыл­ған сөз.

Көргені көп, түйгені мол Әл­мерек би «абыз» атанып, иісі қа­зақтың баласын бауырына тар­тып, жақсылығын жайқап, бо­лашағын байқайды. Ертеңнің бас­талуы бүгіннен болатынын ай­тып, жақсы іске жаршы болып, қа­зақтың жас батырларына ақ ба­тасын беріп отырады.

Сол заманнан бүгінге же­тіп отырған ел аузындағы де­рек­­терге сүйенсек, Әлмерек-абыз жиырмадан астам қазақ ба­­­тырларына бата беріпті. Со­­лардың ішінде: Суанның Арал­байы, Қыстықтың Малай ба­тыры, Өтеген және жасы әлі жиырмаға тола қоймаған Қан­гел­ді немересі Райымбек болған еді. «Батаменен ел көгерер, жаң­бырменен жер көгерер» де­гендей, абыздың ақ батасы жоң­ғар басқыншыларына қарсы кү­рескен қазақ халқының әділ ісі­нің ақ жолындай болды.

Ал, бір отбасының иесі ре­тін­де Әлмерек бабаның айтқан сө­зі мен атқарған ісі Әлмерек-абыз, Әлмерек би, Әлмерек ба­тыр істерінен ешқашан ал­шақ­тамаған. Оның отбасында ұр­пағына берген тәрбиесі, әке ретінде балаларын жақсы кө­руі және оларды тәрбиелеуі, бо­лашағына бей-жай қарамауы Әл­меректің әке ретінде де сал­ғырттыққа салынбағанын көр­се­теді.

Ел арасында сақталып отыр­ған аңыз-әңгімелер, әр жылдары бас­па беттерінде жарық көрген мә­ліметтерге сүйенсек, оның от­басында жүйелі бала тәрбиесі бол­ғанын көреміз. Мәселен: Әл­меректің балалары туралы көр­ген түстері, балаларын сынауы, ба­лаларына берген батасы және сол дәстүрдің ұрпақтарында жал­ғасын табуы қазақ да­ла­сында болған шындықты ай­қын­дайды. Көшпенді қазақ хал­қы үшін бұл ғайыптан кел­ген құбылыс емес екендігін, жал­ға­сын тауып келе жатқан дәстүр еке­нін көруге болады./мәселен, Абы­лай ханның түсі және Абы­лай ханның ұлы Сыдықты сы­науы, Қангелді батырдың ба­ла­ла­ры туралы түсі және оларды сы­­науы./

Сол кезде балаларды соғыс өне­ріне жаппай дайындау қа­зақ даласында бұрын-соңды бол­маған дәрежеге көтерілді. Көш­пенділікте өмір кешіп, қа­таң табиғатпен алысып өскен қа­зақ халқы эволюциялық да­му­дың сұрыптауынан талай мәр­те өткен болатын. Ұрпақтан ұр­паққа жалғасып отырған на­мыс пен қажырлылыққа қай­рат беретін жаттығу ісімен ай­налысу әр отбасының, әр ауыл­дың елдік дәстүрі болып қа­лыптасты. Ел іші де үлгі алар ер­лер мен батырлардан кенде емес болатын.

Ел ағалары Әлмерек, Қан­гел­ді, Биеке, Қосқұлақ, Төлес, Ол­жайлар бас болып, ертеңгі бо­латын соғысқа баратын ел қор­ғандарын дайындауды мық­тап қолға ала бастаған. Ауыл аза­мат­тары да қолдары қалт етсе, ба­лаларға ләшкерлік өнердің қыр-сырларын үйретіп жатты.

Шымырлық пен төзімділікті же­тілдіретін, көкпар, ауда­рыс­­пақ, сақпан ату, садақ ату сияқ­ты жаттығулар белең алды. Жат­тығулардың келесі кезеңі ре­тінде «доғал найза», «ай қо­ра­ланды», «пұшпақ бөрік», «ту­лақ тарту» сияқты соғыста пай­даланатын әдістерді жер жағ­дайына үйлестіріп, келешек жа­уынгерлерге үйретті.

Заманы ерте есейткен ел ұл­да­ры бәсіре мініп бәйгеге емес, най­за ұстап жауға шабуға тура кел­ді.

«Бақ, дәулет, бірлікте, ат­қа­­рыл­ған тірлікте» деген жі­гіт ағасы Әлмерек өзінің бес ба­ла­сы­мен бірде үлкен асқа барады. Ас мәзірінің кестесі бойынша бап пен бақтың сыналар ша­ғы келеді. Албан руының на­мы­сын қорғаған Әлмеректің ұл­дары қарсыластарына төтеп бе­рер өнерлерін көрсетеді. Ал­ғыр ұл Жәнібек жіпше со­зы­лып, тарамысша тартылып, са­­дақ ату мен аударыспақтан ал­дына ешкімді жібермесе, па­луандықта өнер көрсеткен Құр­ман түйе палуанды жеңіп, өгіз кө­тереді. Малдың бабын білген Ба­баның қос аты бәйгенің алдын ала­ды.

Шапқан аттың үстінде ерін айыр­бастап, ат үстінде небір өнер көрсеткен Қаракісі асқа жи­налған елдің тамсанып айтар әң­гімесінің арқауы болады. Өмір­дегі кәсібі мен бағыттарын анық­таған бес ұл әке мерейін ас­қақтатып жіберген екен. Әр ба­ласын «жалғызым» деп сүйіп, жү­регінен кең орын берген Әл­ме­рек ұлдарына «жауына сес, елі­ңе қорған, тірлікке тірек бо­лу­ға үндеп отырады екен.

Ауық-ауық әр «жал­ғыз­­­дары» жөнінде үнемі түс кө­ріп, оны жақсылыққа жорып оты­рады. Түсінің кейбірін Ал­бан­ның Сары биіне жорытса, кей­де Қангелді мен Биекеге де жорытқан кездері болған. Түс­ті түлкінің боғы емес, Алланың жі­бер­ген аяны ретінде қабылдап, тыл­сым дүниенің хабарын дұрыс қа­былдаудың мәнін айтады, со­нымен қоса сол хабардың жал­ғасы болатындығы түс кө­ру­ші­нің өзіне байланысты екенін ес­кертеді.

Бабаның түсіне қашанда бі­рінші болып кіретін – «бесігіне ай түскен Құрман» «қара қой­дың ішінде қара арғымаққа мі­ніп жүреді екен». Кейде қыран бо­лып қалқып, қанатын кең жая­тын кездері де болған екен. Ақ­боз арғымақтан түспейтін Жә­нібек найзасын тасқа қадап, алыс­қа көз тастайтын көрінеді. Зең­гі бабаның сіргелігіне жіп бай­лап Баба жүретін көрінеді. То­қан түсіне енгенде анық емес қы­рынан елес сияқты енетін кө­рінеді. Сонда, «Көз жетпес дү­ние­нің көрінісі не болып тұр?» деп қоя салыпты. Қаракісі түсіне ен­генде, жер ошағына бозторғай ұя салғанын көріпті. Жақсының ісі де — жақсы, түсі де — жақсы де­гендей, жақсының жақсы ісі өмір­де де жалғасып, өмір желісі ғи­бадатқа айналған көрінеді.

Барына қанағат еткен баба үне­мі бақанға май жағып, итке жа­латады екен. Бақанға жаққан май­ды итке нендей ырыммен жа­лататынды сұрағанда – «ит же­ті қазынаның бірі ғой – қуа­ны­шыңды еліңмен бөліссең оза­сың, итіңмен бөліссең баянды бо­лады», – деген екен.

Өмірде азамат болып қалып­та­­сып, аяқтарын нық баса бас­та­ған Әлмеректің балалары әкенің тү­сінде емес, тіршілік аясында да әке сынынан өтуге тура ке­ле­ді. Бірде тосыннан әкелері қо­нақ­қа келеді.

Тоқшылықтың тамағындай та­қылетпен күтіп алған Құр­ман­ның үйіне береке, босағасына бақ қоныпты.

Батырлық, байлық дариды, Кіндіктірек Құрманым. Керегінде албанға, Билік айтар ұрпағың – деген Құрманның өзі де, ұрпақтары да жа­ман болмаған екен.

Құрманның ел тарихында ор­ны бар батыр ұрпақтары: Қара, Ма­лыбай, Орынтай, Түменбай, Ал­пар, Тұлпар, Алпысбай, Сау­рық, Шалтабай, Ұзақ, т.б. /Ұзақ Қар­қара көтерілісінің басшысы/ бол­ған. Құрманның ел басқарған би-шешендері: Құлет, Қаба би, Бөбетай, Өскенбай, Байпақ би, Молдахмет Байпақов, Д.Қо­жа­бе­ков. /Д.Қожабеков кезінде Баш­құртстанның Министрлер ка­бинетін басқарған/. Бүгінгі ел­­ге танымал классик жазушы Бер­дібек Соқпақбаев, академик Карл Байпақов, ережесіз жекпе-жек­тен әлемнің үш дүркін чем­пио­ны, палуан Ардақ Назаров пен оның інісі Бейбіт Назаров Құр­ман ата ұрпақтары екені бел­гілі.

Қой сойып, қол қусырып әке­сін күткен Бабаға мал мен береке жұ­ғысты болған екен. Қойдай мо­мын, қоңырдай жұғысты Ба­ба деген содан қалса керек. Қо­нақтың келерін кәперінен шы­ға­рып алған Қаракісіге «қалың өнер­лі, көңілің көтеріңкі, ұр­па­ғың серілік пен шеберлікке жа­қын болатын сияқты ғой» десе ке­рек.

Қасиетті қара ордада ер жет­кен, еншілес Еділ, Жайық, Жұ­мық та өнегелі тәрбие көргенін бі­леміз. «Үзілмеген үмітім, жар­қы­раған күмісім» – деген абыз ата­ның көрген түсі мен берген ба­тасы болғаны анық еді.

Адуынды Жәнібек ат сойып, ай­ды аспанға шығарыпты. «На­мы­сының басы өзінде жалғасы ұр­пағына дариды екен. Ердің на­мысы — елдің қамы, қан кеш­кен ердің қазасы да қасында бо­лар деуші еді», — деп ар жа­ғын айтпаған екен. Ұқсап ту­ған ұлдың ұрпақтарына же­ті атаға дейін батырлық дәс­түр жалғасыпты. Байсейіт, Қой­лы­бай, Пұсырман, Тазабек, Жа­қып­бер­ді, Әубәкір, Әуесхан, Бәукей бо­лып, ерлік дәстүрі жалғасқан кө­рінеді.

Бүгінге ғасырларды артқа тас­­тап жеткен бидің мына мі­нез­демесін қайталасақ артық бо­ла қоймас.

Қыдыр қонған арқалы, Құрманым көп болады. Баба жомарт, кең пейіл, Үзілмеген қонағы. Жер жәннаты — Қарқара Нарынқолды мекендеп, Тоқан елге тоқтау болады. Құтты болып қадамы Алғыр ұлым Жәнібек Билік айтар саналы. Қаракісіге бата дарып, Басына бақ қонады Еділ, Жайық Жұмықпен Еншілерін бөліспей, Қолым тиген киелі ошақ Төртеуінде қалады. Ай түскен ұлым Құрманым, Еліме ұйытқы болады. Жауымды жеңіп Жәнібек, Көңіліңді шаһар қылады.

(Журналист Марат Тоқаш­баев­тың жиғанынан алынды)

Ата дәстүрінің жалғасын та­­буы қазақ халқының өмір шын­ды­ғы екені рас және оны құнды мә­дениетіміз ретінде қарауға бо­лады. Ғасырлар диірменінде ұмыт бола жаздап, бодандықтың бұ­ғауынан әлсіреп бізге әрең жет­кені хақ. Десек те Әлмерек ба­ба ұрпақтарының ішінде біз­ге мәлім дәстүр жалғастығын кө­ру­ге болады.

Осыдан 100 жыл бұрын Кө­дек ақын Байшығанұлы 1922 жы­лы сол дәстүрдің жал­ғас­ты­ғын былай деп жырға қо­сып­ты:

Қара атамыз сынапты, Баласының бәрін-ай. Айтқан сыны өмірде, Расталғаны анық-ай. Алматы қаласы

Дерекккөз: http://pr-hal.kz/?p=3305

Абыз атанған Әлмерек ата

Қазақтың қазыналы тарихында, бай шежіресінде халқымыздың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан дарынды тұлғалар көптеп саналады. Іргемізді бекітіп, етек-жеңімізді жинағалы бері тарихта болған ірі тұлғаларды бүгінгі ұрпақпен таныстыру жолға қойылған. Ал сондай тұлғалардың біразы әлі де болса көпке беймәлім. Соның бірі – Жаншықұлы Әлмерек бабамыз. Армысыздар! «Тарих таразысының» бүгінгі санында дарынды қолбасшы, ер жүрек батыр, көпке көмегі тиген әулие, абыз атанған Әлмерек ата мен оның ұрпақтары жайында сөз қозғайтын боламыз. 

Ғасырға жуық өмір сүріп, оның басым бөлігін ел қорғауға арнаған айбынды батыр, әділ шешім айта білген би – Әлмерек абыз өмірі Әз Тәуке хан дәуірінен басталып, Абылай хан билік айтқан уақытпен қабысып жатыр. Жігерін намысқа жаныған, қарына қару ілген білекті батырлар заманында қазақ халқының басына түскен ауыртпалық аз болмады. Жоңғар басқыншыларының зобалаңы тұсында елі үшін суырылып алға шыққан Әлмерек Жаншықұлының өмір жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі, тұлғасы тәлім болары анық. Тұғырлы тұлғаны тану араға үш ғасыр салып қолға алынып отыр.

ОРАЗ ҚАУҒАБАЙ, ЖАЗУШЫ: -Әлмерек Әз Тәукенің тұсында Албан руының бас биі болған. Ол кісінің билік кесімдері, шешімдері бар. Бірақ олардың көбі ауыз екі тілде айтылады. Қағазға түспеген. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Шонжы деген қалмақтың атақты қолбасы болған. Сонымен мына Боралдайдан бастап ұзақ жекпе-жек болады. Қазіргі Шонжы жерінде оны өлтіреді. Сол қалмақтың өлген жерін кейін Шонжы атады. Бұл Қытай деректерінде кездеседі.

САЙЛАУБАЙ АҒЫБАЕВ, ӨЛКЕТАНУШЫ: -Осы Жетісу өңірі, Жетісу тарихына қарасақ, Әлмерек, Райымбек сияқты саусақпен санарлық 10-15 батырды ғана шығарып бере аламыз. Ал жыл-жылымен есептесек, қалған батырлар қайда деген заңды сұрақ туады. Өзім Әлмеректің ұрпағы болғаннан кейін, оның шешендігіне, батырлығына, көріпкелдігіне ешкім дау тудырмайды. Оның тарихта белгілі тұлға екені, тарихи құжаттарда есімі айтылып жатқаны белгілі.

Әлмерек абыздың тағылымды өміріне зерделеп көз жүгіртсек: ел қорғаны бола білген батыр ретінде ерліктің небір тамаша үлгілерін көрсеткендігін білеміз. Алауыз қазақ сұлтандарының бәтуасыз тіршілігінен қазақ халқы жоңғар басқыншыларына есе жіберіп, жеңілген кездері де жетерлік. Ал Әлмерек би халық көсемі ретінде озық ойлап, ел бірлігін ту еткендігін мына бір ой-тұжырымынан байқаймыз. «Қазақтың үш баласы ошақтың үш тірек бұтындай, бір шеңберге тұтасып тұрса еш жау алмас» – дейді ол. Бұл қазақтың үш жүзі біртұтас ел болып, біріге бастаған кезінде, ынтымақтың ел тағдырын шешер уақытында айтылған аталы сөз. Ақырып келген қалмақтың талай батырын өз қанына тұншықтырғаны ел аузындағы әңгімелерде көп айтылады. Жекпе-жектің ешқайсысында жеңілмей, жауын жер жастандырған батырлықтың керемет үлгісі емес пе?

РАУАН АРИПОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ӘЛМЕРЕКТІҢ ҰРПАҒЫ: -Әлмерек бір жағы батыр, бір жағы әулие, көріпкел адам болған. Оның батырлығы сол, мынау қалмақтармен соғысқан кезде Шелек, Сөгеті деген жерлерде соғысады Әлмерек. Мынау Шелектің аты Әлмеректің атауымен аталған екен. Аяққалқан деген де Әлмеректің аты.

ОРАЗ ҚАУҒАБАЙ, ЖАЗУШЫ: -Жекпе-жекте оң қолына найза, сол қолына шоқпар алады екен. Шайқас барысында оң қол көп жұмыс істейтіні белгілі. Ал Әлмеректің сол қолы да оң қолдың қызметін атқарған. Міне, оның батырлығы жайында ел аузндағы аңыздың бірі.

Сол заманнан бүгінге жетіп отырған ел аузындағы деректерге сүйенсек, Әлмерек абыз жиырмадан астам қазақ батырларына бата беріпті. Солардың ішінде Суанның Аралбайы, Қыстықтың Малай батыры, Өтеген батыр және жасы әлі жиырмаға тола қоймаған Қангелді немересі Райымбек болған еді. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей, абыздың ақ батасы жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ халқының әділ ісінің ақ жолындай болды. Ел арасында сақталған аңыз-әңгімелер, әр жылдары баспа беттерінде жарық көрген мәліметтерге сүйенсек, Әлмеректің балалары туралы көрген түстері, балаларын сынауы, балаларына берген батасы және сол дәстүрдің ұрпақтарында жалғасын табуы қазақ даласында болған шындықты айқындайды. Көшпенді қазақ халқы үшін бұл ғайыптан келген құбылыс емес, жалғасын тауып келе жатқан дәстүр. Мәселен, Абылай ханның түсі және Абылай ханның ұлы Сыдықты сынауы, Қангелді батырдың балалары туралы түсі және оларды сынауы. РАУАН АРИПОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ӘЛМЕРЕКТІҢ ҰРПАҒЫ: -Әлмеректің 8 баласы болған. 8 баласының барлығына өзі бата берген. 0906 Ал енді осы айтқанының барлығы тура келеді. Құрман көп. Көптігі жағынан Албанның ішіндегі ерекше ата. Қабырға жетпес қара құрман деп атап кеткен. Сол не үшін айтылды? Сол көптігінен. Бұл кісіні батагөй деп айтады. Өйткені Райымбек 25 жасқа келгенде оған Әлмерек бата берген.

Асылдың сынығындай болған талай белгілі азаматтар Әлмерек атаның тектілік негізін жалғастырып, қазақ халқының дамуы мен өркендеуіне ұзақ жылдар қызмет етіп келеді. Атап айтсақ, есімі елге мәлім Саурық батыр, ұлт-азаттық күресте қол бастаған Ұзақ батыр абыздың ұрпағы. Белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаев, атақты археолог Карл Байпақов та осы атадан. Әлмеректің ұрпақтары қазіргі Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Қырғызстанда күн кешіп жатыр. Әлмеректің Құрман деген баласынан тараған ұрпақтың өзі қазір 300 мыңға жуықтапты.

САЙЛАУБАЙ АҒЫБАЕВ, ӨЛКЕТАНУШЫ: -Ерекше туғаны Құрман екен. Құрманды өзінің көзі тірісінде кіндік тірегім деген көрінеді. «Баба Құрман», «кіндік тірек Құрман» деп аталады. Оның көптігі сонша, батыр да би де көп шыққан. Құрманның ұрпақтарын саралай келгенде батыр ұрпақтары, би ұрпақтары, әулие, оқымысты ұрпақтары деп үшке бөлдім.

Бағдарлама барысында айтып өткен Әлмерек атадан тараған бес бала, соның үлкені Құрман. Албан руының ішіндегі Әлмеректен тарайтын ең көп ата да осы Құрман. Ел арасында «қабырға жетпес қалың құрман» деп те айтылады. Құрман атаның Алматы қаласы Шаңырақ-2 ықшам ауданында осы дөңнің басында сүйегі жатыр. Бұл жерге үлкен мемориалды кешен тұрғызу жоспарланған.

САЙЛАУБАЙ АҒЫБАЕВ, ӨЛКЕТАНУШЫ: -Құрманның бейіті қалған. Сол бейітті ата-бабаның алдындағы ұрпақтық парызымыз ретінде, сол жерге кесене салу жолында жұмыс жасап жатырмыз. Кесененің жері заңдастырылған, бір жылдай болды жұмыс істеп жатырмыз. Сонымен қатыр, Құрманды зерттеу біздің күн тәртібіміздегі мәселе.

2008 жылы аталған зерттеулер мен игілікті шараларды басты жоспары етіп бекіткен «Құрман баба» қоры құрылып, жұмыс жасап келеді. Алайда мемлекет тарапынан ешқандай қолдау болмай, жекелеген кәсіпкерлердің көмегіне сүйенген қор ауқымды әрекеттерге бара алмай отыр. Әлмерек ата мен Құрман баба жөнінде зерттеулер де жолға қойылмаған. Мерзімдік басылым бетінен ара-тұра жарық көрген жекелеген мақалалар ғана алып тұлғаны танытуға ұмтылуда. Қазақтың бай тарихы мен өнегелі өткен өмірінде ұрпаққа үлгі болар ұландар қанша көп болғанымен, олардың өмір тарихы мен ұлттық кеңістікте алар орынын бағамдау жағы мақтанарлық деңгейде емес.

ОРАЗ ҚАУҒАБАЙ, ЖАЗУШЫ: -Әлмерек туралы белгілі тарихшылар әлі жазған жоқ. Мен тек жазушы ретінде жазып жүрмін. Тарих ғылыми айналымға кіру керек қой. Әлмерек туралы энциклопедияға кірді. Онда тек қысқаша өмірбаяны мен сол дәуірдің оқиғалары қамтылды.

САЙЛАУБАЙ АҒЫБАЕВ, ӨЛКЕТАНУШЫ: -Өз уақытында Төлеу Қалпынбай ағамыз Әлмерек жөнінде, Құрман жөнінде жазды. Ораз Қауғабай жазды. Содан кейін, қазір ел тарихынан, жер тарихнан бұрыс кетпеген Сағатбек Медеубаев деген бауырымыз бар, ол да зерттеп жатыр. Жас тарихшы, шежіреші бар Дүйсенбай Сығай деген, ол да осындай зерттеулермен айналысып жатыр.

Жоғарыда айтып өткен Ораз Қауғабай ағамыз Әлмерекке қатысты бірнеше еңбектің авторы. 30 жылдай уақыт аңыз бен ақиқаттың арасын ажыратып жүрген жазушы. «Әлмерек» қоғамдық қоры құрылған уақытта да біршама зерттеулер қолға алынған. Елдімекендерге, көшелерге атын беру сәтті жүзеге асты. Оңды істердің бірі деп Алматы облысы Іле ауданындағы абыздың жатқан жерінде үлкен кешеннің ашылғанын айта кету орынды.

РАУАН АРИПОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ӘЛМЕРЕКТІҢ ҰРПАҒЫ: -Мен Әлмерек қоғамының атқарушы директоры болып тұрған кезде көп жерге атын бердік. Іле ауданындағы Қарасек деген ауыл кейін Гагарин болған. Сол ауылға Әлмеректің атын бердік. Сол жердегі мектепке Әлмеректің атын бердік. Мына Талғарда бір көшеге атын бердік. Қысқасын айтқанда, Әлмеректің аты берілген жер көп. Ондай жұмыстар атқарылды.

2002 жылы қазан айында Әлмерек бабаның басына осынау үлкен кешен салынды. Әулиеге келген адамдар ас ішіп, демалатын, намаз оқып ғибадат жасайтын бөлмесі бар. Бұл кешеннің бой көтеруіне абыздың ұрпақтары, ел алдында жүрген ағалар ат салысты. Осылайша бұл үлкен мемориалды кешен бой көтеріп, ел игілігіне берілді.

Әлмерек атаның батырлығы да, би-шешендігі мен әулиелігі де ел аузындағы аңыз негізінде бүгінге жетіп отыр. Ал тарихтыы нақты ғылым деп есептейтініміз тағы бар. Осы орайда кәсіби тарихшылардың аталған тұлғаға деген көзқарасы қалай екен деген сауал да мазалады. Нақты жазба деректің бой көрсетпегені, расында тарихшыларымызға қол байлау болып отыр екен. Десе де, Қытай жазбаларында Әлмерек туралы мәліметтер кездесетіні белгілі болды. Тек, халық арасында насихат аз.

САЙЛАУБАЙ АҒЫБАЕВ, ӨЛКЕТАНУШЫ: -Қазақстан тарихшылар қоғамының төрағасы Мәмбет Қойгелді ағамыз да, басқалардың да бұл тарихқа деген көзқарасы өте жақсы. Көп нәрсе ұмыт болған, көп зерттеуге мүмкіндік болмаған. Олар да қатты жұмыс жасап жатыр. Өйткені қазақ тарихын айналдырған 30 тарихшының мойнына іліп қою өте күрделі нәрсе. Біздің мұндай жұмыс істегеніміз оларға құба құп болады. Осы бағытта өздерінің ақыл-кеңестерін беріп отырады олар.

Ораз Қауғабай ағамызбен жолыққанда Әлмерек туралы біраз тың деректерімен бөлісті. Жуық арада баспадан шыққалы отырған еңбегінде де біршама қызықты мәліметтер оқырманға жол тарпақшы екен. Ораз аға ел аузында жүрген «Еділ-Жайық» махаббат хикаясы туралы әңгімесін айтып берді.

ОРАЗ ҚАУҒАБАЙ, ЖАЗУШЫ: -Әлмеректің атын шығарған «Еділ-Жайық» махаббат хикаясы. Әлмерек 50-ге келгенде жас қызға үйленеді Жайық жақтан келген. Содан екі перзент сүйеді. Жас әйелінің өтініші бойынша, бір баланың атын Еділ, екіншісін Жайық деп қояды. Осы «Еділ-Жайық» хикаясына байланысты күні бүгінге дейін үзілмей келе жатқан дерек бар. Менің кітап жазудағы басты негізге алғаным осы болды. Әлмерекке қатысты жақсы бір дерек бар. Кезінде Әлмеректің үлкен қазаны болған, жорық қазаны. Жорыққа шыққанда өзімен бірге алып жүреді екен. Соның ошағы болған. Сол ошақ Кеген ауданында ұрпақтарыында әлі күнге сақталып отыр.

Әлмерек Жаншықұлының басында кешен ашылғанда ұрпақтары сол қазан-ошақты алып келіп, мұражай экспонаты ретінде қойған деседі. Биік қырдың үстінде орныласқан зәулім кешен әсемдігімен ерекшеленеді. Жайқалған гүлзарлар мен саялы ағаштар келген қонақтарға қуаныш сыйлайды. Мұнда келушілердің тәу етер маңызды орны емдік қасиеті бар бұлақ суы.

Ел аузындағы аңыз-әңгімелерде Әлмерек Жаншықұлының батыр болған, талай жекпе-жекте жаудң батырларын жер жастандырғаны, қол бастағаны, ерекше қабілетке ие болғаны айтылады. Оның қартайған шағында билікке араласқаны да белгілі. Ел арасындағы дау-жанжалды шешіп, қажет болған жағдайда бата берген батагөйлігімен де есте қалған. Тіпті, қартайған шағында талай науқасқа ем жүргізіп, әулие, абыз атанған екен. Қартайып дүниеден өтер шағында қатты қиналыпты, мен дүниеден өтіп кетсем, мына науқастарды кім емдейді деп. Алланың құдіретімен осы аңғарда үш жерден бұлақ шығып, сол бұлақтың сулары әлі күнге дейін науқастарға шипа болып отыр. Бұл судың қасиеті мен ерекшелігін білгісі келген адамға химиялық құрамы мна маңдайшада көрсетілген.

Кешендегі бұлақтың сан үшеу. Олардың суының химиялық құрамы бірдей болғанымен емдік қасиеті бөлек екен. Бірінші бастаудың суы науқастың іш құрылысын пайдалы болса, екінші бұлақтың суы тері ауруларына шипа екен. Ал үшінші бұлаққа қан қысымы жоғары адамдар мойын бұрады екен. 1921 жылы Алматыда күн ысып, жауын жаумай қояды. Сонда қала мұсылмандары бас қосып, Әлмерек атаның басында тассаттық береді.

ОРАЗ ҚАУҒАБАЙ, ЖАЗУШЫ: -Әлмерекке қатысты халық қазір көп біле бермейді. Енді біле бастады. Әлмеректі Дінмұхамед Қонаев пір тұтқан. Әлмерек туралы оның ұрпақтарына Кеген, Нарынқолға барғанда Димекең айтып отырады екен.

Ұзақ жыл ел басқарған Дінмұхамед Қонаев атамыз ұзақ сапарға шығарда Әлмеректің басына келіп құран оқиды екен. Ең алғаш 1921 жылы әкесі Меңліахмет ақсақалға еріп келіп, Әлмерек туралы білгенін естелігінде жазады. Өз әкесінің аузынан Әлмерек жайында, оның тарихы жайында көп естіген екен.

Демек, Әлмерек абызды жоқтаушы ұрпақ бар, тұлғасын насихаттар азаматтар бар артында. Райымбек батырды тұғырына қондырып, есімін бір ауданға беріп, атын ардақтап жатқан уақытта, батырдың батыр болуына жаратқанның уахиын жеткізіп, ақ батасын берген Әлмерек Жаншықұлы тасада қалғаны орынсыз болар. Артында қалған ұрпақтың ішінде талай дарын түлеп шыққан текті атаға тарихтағы өз орнын анықтап беру зерттеушілерге үлкен міндет.

Дереккөз: http://www.almatytv.kz/kz/programms/ly-dala-rkeniet/abyz-atan-an-lmerek-ata-.html