Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валеология (оқулық).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.9 Mб
Скачать

1.7. Денсаулыққа зиян келтіретін негізгі ішкі және сыртқы факторлар

Денсаулыққа зиян келтіретін факторлар мына төмендегідей:

1) Мәдениеттің төмендігі. 2) Салауатты өмір сүру салтын құрайтын санитарлық-гигиеналық ғылыми деректерді көпшілік халықтардың жете білмеуі. 3) адамның белсенді түрде қимыл жасамауы (гиподинамиканың, өріс алуы. 4) Дене массасының мөлшерден тыс өсіп кетуі (орынсыз толу-семіру). 5) Адекватты емес және теңестірілмеген тамақтармен тиімсіз және жөнсіз тамақтану. 6) айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторларының мөлшерден тыс ластануы (атмосфералық ауаның, судың, жердің, өсімдіктер әлемінің көптеген улы химиялық (гербицидтер, пестицидтер, десиканттар, дефолианттар, фосфатидтер, нитраттар, нитриттер), және т.б. қосылыстармен улануы. 7) Үйде және қызмет орындарында теріс стресс (күйзеліс) жағдайларының үнемі болып түруы. 8) Кейбір адамдардың зиянды әрекеггерге (арақ-шараптарға, темекі шегу, есірткі-наркотикалық заттармен әуестенуі) әуесқойлық жасауы және т.б. әсерлер.

9. ас түзын кеп пайдаланатын адамдар әр қашанда нешс түрлі дерттерге шалдығатыны белгілі.

10. қантты және басқадай тәтті тағамдарды көп пайдаланатын адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандар жиі-жиі кездеседі. Қант диабеті өте ауыр дерттердің бірі. Қант диабеті мен ауыратын адамдардың қалтасында инсулин дәрісімен бірге пшриці үнемі жүреді. Егер инсулин мен шприц жоқ болса, ол адам сөзсіз тіршілік өмірмен қоштаса береді. Сондықтан да ақпарат орында-рында үнемі айтылып та және кең көлемде жазылып та жатады. Инсулин таусылып қалды, енді қайтеміз деген қобалжулар медиктер арасынан көп кездеседі. Мемлекет тарапынан инсулинді тоқтаусыз сатып алуға көптеген қаржы үздіксіз бөлініп отырады.

25

Қант диабеті ауруымен сыртқаттанғандарға инсулин дәрісі тегін беріледі.

Валеология ғылымының әдістері. Осы уақытка дейін толық іске аспай келеді. Валеологиялық әдістер адамның денсаулығына және жеке бастың өзіндік ерекшелігіне қарай жүргізілуі оңай шаруа еместігі айқындалады.

Қазақстан Республикасы тұрғындарының кейінгі кезде денсаулықтарының күрт төмендеп кетуі, валеология ғылымының пән ретінде барлық оқу орындарында бастауыш мектептен бастап жоғары оқу орындарында жүргізіле басталуына себепші болды.

Валеология көптеген медициналық, биологиялық, фармаколо-гиялық, псдагогикалық, психологиялық ғылымдарға негізделген (интегративті ғылым) оны медицина ғылымының бір тарауы деп айту дұрыс емес.

Х.Қ.Сәтбаева, Ж.Б.Нілдібаева, З.С.Әбішева және тағы басқа авторлар "валеология" оқу-әдістемслік құралында былай деп жазады: "Валеология Медицина ғылымының маңызды тармағы, соңғы он жыл шамасында дүниежүзінің барлық елдеріндегі, сонымен бірге ТМД республикаларындағы халық денсаулығының едәуір нашарлауына және ғұмыр ұзақтығының қысқаруына байланысты — адам денсаулығы туралы болып қалыптасты (Валеология, 5 бет, Алматы, 1999).

1.8. П.К.Ивановтың "Табиғатпен табысқан ғұмырындағы табиғи сауықтыру жүйесі"

П.К.Иванов ұзақ жылдар бойы, шынықтыру проблемасымен айналысқаны көп адамдарға белгілі. Өзінің "Қарғаш" атты ілімінде шынықтыруды жан-жақты талдаған болатын. Онда былай деп жазылған: Аптасына 1 тәулік бойы ас-судан бас тарту керектігін қағида ретінде халыққа ұсынған. Жұманың 18, 20 сағатынан жексенбінің (сағат 12-іне дейін ашығу керек) бұл сенің шартың дейді - ол.

Егер ұзақ уақыт бойы аштыққа шыдай алмасаңыз онда бір тәулікке ғана шыда деп П.К.Иванов кеңес береді.

1. Біз — деп жазады П.К.Иванов: Жақсы тамақ ішуге, әбден үйреніп кеткенбіз, көп ішеміз, дәмді тамақтарды ұнатамыз. Тамақ ішуге, жеуге әбден үйреніп алғанбыз. Бұл жануарлықтың белгісі, надандық көрінісі. Тамақты көп ішу ақылды көбейтпейді. 42 сағат ашыққан кезіңізде өзіңізді қалай сезінер едіңіз, басыңыз қалай жеңілдейтіні байқадыңыз ба деп, ол өзіне-өзі сауал қояды. Барлығына шыдау керек! Шыдамсыз еш нәрсс орындалмайды.

26

Шыдамдылықпен көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Бірінші күні ағза өзгерюке қатты үшырайды. Қоректік заттарды адам айналаны қоршаган сыртқы ортадан алатынын П.К.Иванов айтады. Айналаны қоршаған сыртқы ортада қоректік заттар эфир сияқты өте көп. Эфир арқылы қоректік заттарды ағзаға жеткізіп отырады. Ауру қозған кезде, ашыққан жақсы нәтиже береді.

2. Жексенбінің сағат 12-де далаға шық. Табиғат көрінісін байқа, жалаң аяқ жүр, бірнешс рет терең дем ал. Ойлан. Бұл саған мереке сияқты күн болсын. Осыдан кейін қанша тамақ, қандай тамақ ішесің, ол сенін еркін. "Тамақ ішер алдында - деп жазады — ол, сыртқа қораға, үй ауласына жалаңаяқ шық, басыңды жоғары көтеріп бірнеше рет тыныс (дем) ал, мұрының арқылы атмосферадан ауаны ішіңе қарай тарт. Бұл тыныс алу адамның ағзасындағы болатын зат алмасу үрдісін үдетеді. Табиғат саған жақындап, барлық жақсылығын сенен аямайды деп адамдарды сендіреді. Сенің қуанышың, сенің пайдаң, өзіңді өзің жеңгенің тамақ ішер алдындағы тыныс алғаның, қалай тамақ ішу керек соны үйретеді. қандай тамақты ішу керек, қандай тамақты ішпеу керек табиғат саған үйретеді дейді — ұстаз (П.К.Иванов). Тамақты таңдамай-ақ іше бер. Тамақтың жаманы болмайды. Бірақ дұрыс даярланбаған тамақтың түрлері болады.: Тамақ пісіру бұл аса үлкен шеберлікті қажет ететін үрдіс. Тамақ пісіру жалпы искусство деп — ол қорытынды жасайды. Тамақтың дәмі, иісі адам психикасына ерекше әсер етуі керек. Сонда ғана тағам ағзаға тез сіңеді. Буны биологиялық жұғымды тағам дейді. Айта кететін бір жәй, осы кітаптың авторы (Ж.Жатқанбаев) академиктер А.А.Покровский жәнс Т.Ш.Шарманов басқарған (бұрынғы денсау-лық министрі болған) бұрынғы СССР-дің ғылыми медицина академиясының тағам ғылыми-зерттсу институтында істеп, ауыл балалары мен қала балаларының (оқушыларының) қанын зерттеген болатынмын. Қан құрамына әр түрлі штаминдердің әсерін анықтаған едім. Сол мақсатпсн Бақанас елді пунктіне орналасқан орта мектептің біреуінде, эксперимент жүргізген едім. Оқушыларға таңертең витаминдер беріп, оны балалардың түкіріп тастамауын қадағалап тұрғанмын. Балаларға витамин беру үрдісі бір айға созылған. Қандағы витаминдердің мөлшері оқушылардың жас ерекшелігіне және жынысына қарай әр түрлі болатынын анықтағанмын. Орыс балалары мен қазақ балаларының қанындағы витаминдер мөлшері бірдей екенін аиықтаған едім.Бұл ашық түрде жарияланбайтын.

27