Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валеология (оқулық).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.9 Mб
Скачать

9.14. Адамдар ағзасының "Үшінші жағдайы" дегеніміз не?

Қазіргі кездегі заманның экологиялық жағдайы осы уакытта өмір сүріп келе жатқан жаңа адамдарға ерте ме, кеш пе ейтеуір адам ағзасына "үшінші жағдайды" туғызатыны сөзсіз. Оны өмірдің өзі көрсетіп те келеді.

Адам ағзасының "үшінші жағдайы" дегеніміз — кейбір адамдар ауру да емес, сау да емес жағдайда болуы. Ондай адамдар қазіргі кезде көп кездеседі. Мұның бірнеше себептері немесе атрибуттары бар. Адам ағзасының "үшінші жағдайға" келуінің бірінші себебі (атрибуты) - осы кезде адамдардың рационалды (жүйелі) түрде тамақ ішпеуінде. Қолына не түссе соны тамақ етіп жүре беруінде. Ондай кездейсоқ тағамдардың қуаты (калориясы) жеткілікті болғанымен, ондағы биологиялық белсенді (активті) заттардың (витамиңдердің) жетіспеуі мүмкін. Сонымен бірге

223

тағамның құрылысы адам ағзасына сайма-сай келмеуі де сөзсіз. Міне осы айтылғандардың бәрі адам ағзасының "үшінші жағдайға" ұшырауына алып келетіні ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр. Салауатты өмір сүрмегендіктен адам ағзасы "үшінші жағдайға" келеді де әдетте, ондай адамдар мөлшерден тыс толып кетеді. Өйткені тағам ішіндегі химиялық энергия толық түрде іске аспай. адам ағзасына май ретінде жинала береді, жинала береді. Мұның өзі адам ағзасының "үшінші жағдайға" ұшырауына алып келеді Адам ағзасына жиналған май адам ағзасын не суықтан, не ыстықтан қорғай алмайды. Ол балласт ретінде саналады. Мұндай адамдар қазіргі кезде өте көп кездеседі. Олар "үшінші жағдайларда" жүргендердің қатарына жататыны сөзсіз. Ал адам, жан-жануарлар ағзасына жиналған май, бірнеше биологиялық функцияларды атқарады. Мысалы, киттердің ағзасына қалындыгы 1-1,5 метрге дейін май жиналады. Ол майлар қиттерді мұқиттың суық суынан қорғайды. Ал аюлардың ағзасына жиналған майлар аю қысқы ұйқыға кеткенде оған қоректік зат ретінде пайдаға асады. Қорта айтқанда, адам ағзасына жиналған майлар адамдарды "үшінші жағдайға" әкеп соқтырады.

Адам ағзасын "үшінші жағдайға" ұшыратын тағы бір атрибуты тістегі кариес ауруы. Сондықтан да тісті аса үлкен ұқыптылықпен тазартып отыру керек. Қазіргі кезде тіс кариесі болмауы да мүмкін. Өйткені тісті тазалайтын неше түрлі тіс пасталары бар. Ертедегі өмір сүрген адамдарда мұндай мүмкіншіліктер болмағанын қазіргі заманның ақсақалдары жақсы біледі жалпы алғанда иттердің тістерінде кариес болмайды.

Адам ағзасын "үшінші жағдайларға" келтіретін тағы бір атрибут - ол қазіргі кезде биосфераның мөлшерден тыс улы химиялық қосылыстармен улануы, қазіргі заманда айналаны қоршаған сыртқы ортада не көп, неше түрлі улы химиялық қосылыстар көп. Өйткені улы химикаттарды ауыл шаруашылығында орасан көп мөлшерде қолданады. Тек қана қара шегірткені жою үшін қаншама улы химикаттар қолданылады десеңізші! Улы химикаттардың ішінде неше түрлі гербицидтер (егіннің арам шөбін отауға пайдаланатын улы химилық қосылыс), неше түрлі минералды тыңайтқыштар (фосфорлы, азоты, калилі), пестицидтер, десиканттар, дефолианттар, фосфатиттер, нитраттар, нитриттер және т.б. Олар бостан-босқа жойылып кете ме? Жоқ, олар із-тозсыз жойылып кетпейді. Өзінің химиялық қасиетімен бірге ішетін ауыз судың, қоректенетін азық-түлігіміздің құрамына

224

химикаттарға қарағанда өте улы келеді. Бұған қандай да болмасын. ешқандай тірі ағзалар шыдай алмай, адам ағзасы "үшінші жағдайға" ұшырайды. Оған ешқандай күмән келтіруге болмайды. Улы химикаттардың кейбір түрі топырақта бірнеше мың жылдар бойы? өзінің хммиялық қасиетін жоймай жатьш алады.

Кейінгі кезде не көп, синтетикалық дәрі-дәрмектер көп. Оларды адамдар кең көлемде дәрігерлердің кеңесінсіз-ақ өздерінде қолдана береді. өйткені олар көп білетін адамдар. Бұл жағдайға адам ағзасын "үшінші жағдайға" әкеп соқтырады. Ал "үшінші жағдайдан" адам ағзасы неше түрлі қатерлі ісіктерге, қауіпті дерттерге қарсы тұра алмайды. Өйткені ағзаның иммундық қасиеті жойылып кеткеніне қаншама уақыт өтіп кетті десеңізші.

"Түнде жұмыс жасайтын адамдардың ағзадары "үшінші жағдайға" тез ұшыраңды, неге десеңіз, адам ағзасындағы альфа-ритм деген құбылыс бұзылыя кетеді де, ағза "үшінші жағдайдың" тууын қамтамасыз етеді.

Адамдардың темекі тартуы, арақ-шарап ішуі (мөлшерден тыс), наркотикалық (есірткі) заттармен шұғылдануы, неше түрлі улы қосылыстарды иіскеуі (әсіресс жастар арасында кең таралған оқиға) адам ағзасының "үшінші жағдайға*' ұшырауына әксп соғатыны кейінгі кезде толығымен анықталып отыр.

Адам ағзасын "үшінші жағдайға" түсіретін атрибуттардың ішінде гипотомия гиполикемия деген құбылыстар бар. Біршшісі адам қаны қысымының төмемдеуі екіншісі (гаполикемия) қандағы канттардың азайтып кетуі. Әсіресе глюкоза қанты.

Адам ағзасын "үшінші жағдайға'' ұшыратпауға болмай ма деген сауал өзінен-өз туындайды. Иә, адам ағзасын "үшінші жағдайларға" келтірмеуге болады. Ол үшін адам салауатты өмір сүруі керек:. Үнемі денені шынықтыру қажет. Суық суға түсу шомылу, жаланаяқ жүру әсіресе қыс мезгілінде, аз да болса қардың үстінде бір-екі минут жаланаяқ тұруға болады. Басқадай қолайсыз залалды нәрселерден аулақ болу керек. Сөз соңында айтарымыз: адам ағзасының "үшінші жағдайларға" келуі сонау көне заманнан белгілі. Ол туралы көне заманнаң дәрігері Галеті {129-169) жазып кеткен еді. Біз оны осы кезде ғылымның ең биік тұрғысынан қарастырып отырмыз. Жалпы алғанда адам күнделікті режимді катаң сақтандырғаны жөн.

Ағзаны шынықтыру және дене еңбегімен шұғылдану денсаулықты сақтап оны нығайта түседі, Ол ағзаның жұмысқа

225

қабілеттілігін арттырьш, оның қорғану-бейімделу реакциясын ынталандырады, дене жаттығуларды ағзаны алдын-ала сақтандырып қана қоймай, сонымен қатар әр түрлі ауруларды ойдағыдай емдеуге маңызды роль атқарады.

Адамның денінің сау болуы бірқатар факторларға оның психикалық күйіне, өзін-өзі ұстай білу ізгілігіне, қара-қайшылықты дер кезінде шешіп, эмоциялық дау-жанжалдарды жеңуге, отбасы, ұжымдардағы адамдар арасындағы әр түрлі мүдделер мен өркөкірек мінезді үйлестіретін қарым-қатынастың қалыптасуына байланысты болады.

226

ҚОРТЫНДЫ

Биосферадағы барлық жүйелер биологаялық тепе-тендікте болады да, биохимиялық айналым жасайды. Биогеохимиялық айналым дегеніміз — тірі заттардың биосферада ауысу, өзгеру процестерінің циклді түрде, бір заңдылықпен алмасуы. Биосферада биогеохимиялық алмасуында экологиялық тепе-теңдік пайда болып, ол дамып отырады. Адамның іс-әрекетінен айналаны қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Заттардың химиялық құрамы өзгереді, жерден алынатын қазбабайлықтардың қоры азаяды. Атмосферадағы көміртектің көбеюі, оттектің азаюы жер бетінің климатына әсерін тигізіп отыр. Озон қабаты жұқарып, тесіліп, космостан келетін қауіпті ультракүлгін сәулелерді ұстауға қабілеті жетпей қалды.

Осы айтылғандардан биосфераны қорғау проблемалары туады. Келешек ұрпақтың да биосфераны пайдалануға құқы бар. Сондықтан да оларға да экосистемалары бұзылмаған табиғи байлықтарды қалдыру біздің міндетіміз. Бұл осы кезде дейін шешуі табылмай келе жатқан химиялық және биологиялық проблема.

Биосфера, ноосфера, биогеоценоз, экосистема экологиялық фактор сияқты көлемді ғылыми ұғымдар химия ғылымдары оқу пәні ретінде орны, экологиялық маңызы айқындала түсті. Пәнаралық байланыс жүзеге асырылып келеді. Сабаққа қызықты ғылыми мәліметтерді танымдық материалдарды пайдалану т.б.

Осы көрсетілген проблемалардың барлығы қосылып, нәтиже-сінде оқушылардың химия пәніне қызығуын қалыптастырады. Мұндай келеңсіздікке жол берілмеуі үшін химия пәні орта мектепте сапалы түрде жүргізілуі тиіс.

Валеология пәні мұғалімдерінің тарапынан 1) әр сабақты ха-лықтық педагогике негіздеріне сүйеніп өткізсе; 2) сабаққа жергілікті материалдарды көбірек пайдаланса; 3) сабаққа қызықты танымдық проблемаларды көп өндірсе; 4) сабақты дәстүрлі емес әдістерімен ұйымдастырса; 5) сабаққа озат тәжірибелерді көп өндіріп, сабақтың инновациялық түрлеріне кең жол ашса, нұр үстіне нұр жауған болар еді.

Валеология пәні мұғалімдерінің негізгі міндеті — жас жеткін-шектерге пән негіздері бойынша сапалы білім беріп, биосфера туралы, ондағы құбылыстар, заңдылықтар, заттар, қосылыстар туралы тиянақты ұғым қалыптастыру, биосфера ресурстарының кейінгі иелері екеніне сендіру. Бұл оңай шаруа емес. Көп білімді керек етеді. Валеологиялық білім мен тәрбие жан-жақты күрделі

227

жиынтық, процесс. Ол мына төмендегідей көзқарастарды қамтиды.

1) биосфера мен адамзат баласының арасындағы ғылыми экожүйені қалыптастыру; 2) жеке адамның ізгілік дүниетанымын тәрбиелеу; 3) білім мен сезімнің еріктілігін қалыптастыра отырып, істен тәжірибеге көшу; Соның нәтижесінде жеке адамның айналаны қоршаған ортаны қорғау, биосфера ресурсын жүйелі түрде пайдалану және қайта қалпына келтіру бағытындағы экологиялық сенімін бір жолата орнықтыру.

Валеологиялық аппараттарының барлығы да, оқушылардан бастап мекеме басшыларына дейінгі қызметкерлердің экологиялық және биология, химия жайлы білімнің жоқтығынан, не аздығынан туындайтынын өмірдің өзі көрсетіп келеді.

Мектептегі валеология пәні — ауыл балалары үшін айналадағы биосфсраға, өсімдіктер әлеміне, жануарлар дүниесіне сүйіспеншілік көзі. Ауыл балалары мен қала балаларының биосфера, өсімдік, жануарлар туралы түсінігі әр түрлі. Сондықтан да оқулық бірдей болғанымен, сабақтың өткізілу тәсіліне өзгешелік болғаны дұрыс.

Қазіргі ауыл мектептерінде кездесетін қиындықтар өте көп. Біріншіден, мектептің материалдық-техникалық базасының әлсіз-дігі. Екіншіден, химия, биология кабинетіндегі реактив, көрнекі дидактикалық құралдардың жеткіліксіздігі; үшіншіден, мектеп үшін су құбыры, жарық, жылу жүйесінің ескіруі немесе мүлдем жоқтығы; төртіншіден, көптеген мектеп үйінің санитарлық-гигиеналық талапқа сай еместігі.

Бұдан басқа мектеп мұғалімдерінің валеология пәнінен білім беруіндс де біршама олқылықтар бар. Көптеген мұғалімдер әдісте-мелермен шұғылданады, терең ғылыми-теориялық материалдарды білмейді. Әлемдік деңгейде ойлана алмайды. Тек әдіскерлеріміз деп ксйбіреулер кеудесін ұрады. Ондай адамдар баршылық.

Валеология пәнін оқытудың өмірден алшақтығы да орын алады. Оқыту барысындағы өмір мен тікелей байланыстың аздығы (ауылшаруашылық өндірістеріне таным-жорық, лабораториялық-практикалық сабақтың және оқу-тәжірибе жұмыстарының маман кәсіпкерлермен кездесудің аздығы); адамның күнделікті тіршілі-гінде кездесетін биосфера ресурстарын пайдалану туралы жаңа ғылыми деректердің болмауы; оқушыларды тәрбиелеудегі формал-дылық (эстетикалық, адамгершілік, еңбек тәрбиесі, биосфераны аялау), 1) пәнді оқыту барысында күн талабына сай туындаған озат тәжірибелерді пайдаланбау.

228

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан — 2030. Барлық Қазақстан-дықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, "Білім", 1998, 61-66 б.

2. Амосов Н. М. Раздумья о здоровье. М., 1987.

3. Амосов Н. М. Эксперимент по омоложению. // Журн. ''Будь здоров", 1995, № 2-3.

4. Аршовский Н.А. К физиологическому обоснованию системы физического воспитания детей грудного возраста "Валеология, диагностика, средстваи практика обеспечения здоровья СПб, 1993, С.158.-

5. Брехман И.И. Выведение в валеологию — науку о здоровье — Л., Наука, 1987, с.128.

6. Брехман И.И. Валеология — наука о здоровье. М., 1990.

7. Брэгг П. Чудо голодания (Пед. Сангл.— Алматы, Кайнар, 1991,

с.80.

8. Борисов Е.В., Василъевская Л. П. Алкоголь и дети. М., 1983,

с.39.

9. Бузник Н. М. Энергетический обмен и питание М.,

Медицина, 1978, с.ЗЗЗ.

10. Буянов М.И. Размышления о наркомании. Книга для учителя. М., Просвещение. 1990, с.77.

11. Валеология подростка (Л. Г. Татарникова, М.В. Поздеева СПб, 1998.

12. Василъев В.Н. Здоровье и стресс. М., Знанис, 1991, с.158.

13. Воропай А. В. Вредные прибычки и здоровье, М., Медицина, 1985, с.31.

14. Попов С. В. Валеология в школе и дома. СПб. "Союз", 1998.

15. Татарникова Л.Г., Захаревич Н.Б., Калинина Т. О. Валеология и основы безопастности жизни ребенка — СПб, 1994.

16. Татарникова Л.Г. Педагогическая валеология — СПб, 1995.

17. Шелтон Г. Натуральная гигиена, СПб, 1993.

18. Шенот С. Питание в атомном веке. Минск, 1991.

19. Чумаков Б. Н. Валеология, М., 1997, с.245.

20. Шарманов Т.Ш. Проблемы питания актуальные проблемы здравоохранения и социально-гигиенические асиекты. Алматы, 1994.

229

21. Эммертон Б. Бег как образ мышления // Журн. "Будь здоров", 1994, №2.

22. Селье Г. Стресс без дистресса. М., 1992.

23. Спок Б. Ребенок и уход за ним. Алма-та, 1988.

24. Таина личности. Харьков. 1996.

25. Питание и здоровье / под.ред.Р.И.Воровьева, М., 1990.

26. Лобзин В. С. Решетников М.М. Аутогенная тренировка (справочное пособие для врачей) Л., 1981.

27. Месрсон Ф.З. Адаптация, стресс и профилактика. М., 1981.

28. Брехман И.И. Проблемы обучения человека здоровья. Валеология. Владивосток. 1995.

29. Витамины. Получение и очистка витаминов, физиология и биохимия витаминов. Кисв, Изд., АН Украинской ССР, 1956.

30. Смолин А.И., Рождественская Б.А. Практические работы по органической и биологической химии. М., Изд. "Просвещение", 1964.

31. Овчаров К.Е. Витамины растений. Изд. "Колос", М., 1964.

32. Добрынина В.И., Свешникова Е.Я. Руководство к практическим занятиям по биологической химии. Изд. "Медицина", М., 1967.

33. Практикум яо биохимии животных и человска. Под редакцией Т.Т.Березова. М., 1967.

34. Савронь Е.С., В.И.Воронянский и др. Практикум по биохимии животных. М., "Высшая школа", 1967.

35. Афонский С.И. Биохимия животных. М., Изд. "Высшая школа", 1970.

36. Шапиро Д.К. Практикум по биологической химии. Изд., "Высшая школа", М., 1972.

37. Филлипович Ю.Б., Т.А.Егорова, Г.А.Севастьянова. Практикум по общей биохимии. М., "Просвещение", 1975.

38. Добрынша В.И. Биологическая химия. М., "Медицина", 1976.

39. Шарманов Т., А.Алдашев. Белковое питание и витамин С. Изд., "Казахстан", А-А., 1977.

40. Алдашев А. Тағам жөне денсаулық. А., 1977.

41. Іскендеров Ә. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. А., "Қазақстан", 1982.

42. Албытова Н. Қазақ балалар фольклоры арқылы Бастауыш мектепте оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру. Автореферат каңци.дисс. Алматы. 1991.

43. Беркінбаев К.М. Жоғары оқу орындарында экологиялық информатиканы оқытуды жетілдірудің дидактикалық шарттары. Автореферат канд.дисс. Алматы, 1999.

230

44. Бернадский В.И. Биосфера. М., 1926.

45. Жатқанбаев Ж. Биосфера. Алматы, 1981.

46. Жатқанбаев Ж., Қарсақбаева Қ. Экологиялық дағдарыстар және олардан шығу жолдары. //Ізденіс. 1999. №4.

47. Жатқанбаев Ж., Абылайханова Н., Қойбаеарова Б., Қасымова Г. Биосферадағы радиоэкологиялық құбылыстар және оның тірі организмдерге тигізетін әсері. //Ізденіс. 1995 №3.

48. Жамалбеков Е. Қазақстанның топырақтары және оны қорғау (табиғт-ел байлығы) "Қайнар" баспасы, Алматы, 1979 36-55 бет.

49. Жұмаділов Ә.А., Бекенов, Қыдырбаев X. Қазақстан қорықтары, "Қайнар" баспасы, Алматы, 1980.

50. Ионин С.А. Лабораторно-дидактические занятия по почвоведе-нию и географии почв.

51. Иоганзен Б., Иголкин Н.И. Охраны природы, Томск, 1975.

52. Қалыбеков Т. Экология және ашық кен, Алматы, "Қазақстан", 1988.

53. Қаимов К. Жануартану пәніне оқушылардың танымдық қызығуын қалыптастыру әдістері. Алматы, 1997.

54. Кубирова И. Об экологических аспектах деятельности ком-плекса "Байқоңыр". //Информационный экологический бюллетень Республики Казахстан, IV квартал 1999 г. 2000.

55. Краткая характеристика вертикальной почвенной Зональности и почв особенностей г. Алма-Аты. Алма-Ата, 1988.

56. Курманов Қ. Жасыл әлсм, Алматы, "Мектеп" баспасы. 1977.

57. Макеевич С.Г., Вакулин. Охрана природы, М., "Колос", 1983

58. Молдагулов Н. Ландшафт, Алматы, "Қазақстан" 1983.

59. Шайкенов Б. Табиғаттағы биологиялық тепе-теңдік, Алматы, "Қайнар", 1975.

60. Шілдебаев Ж. Қызықты экология, Алматы, 2000.

61. Жатканбаев Ж.Ж. Современные концепции естествознания, Алматы, 2001.

62. Жатканбаев Ж.Ж. Жаратылыстанудың қазіргі кездегі тұжырымдамалары (концепциялары), Алматы, 2001.

231

АВТОР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Жұмақан Жатқанбаев 1926 жыяы Тарбағатай ауданында. (Шығыс Қазакстан облысы) туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әскери ұшқыш Биология және химия ғылымдарының сирек кездесетін салаларының маманы. Жоғары дәрежелі білімі бар. О.а Қазақтың. әл-Фараби (С.М.Киров) атындағы ұлттык универсмтетін және Санкт-Петсрбург университеттерін. (биология және химия факультеттерін 1958-1961 жж.) бітірген. Санкт-Петербургте аспирантурада, докторантурда оқыған. Сол қалада кандидаттық кейіннен докторлык диссертация корғаған. Биология ғылымдарының кандидаты және докторы. Биологиялық химия, өсімдіктер физиологнясы меи экологнясының профессоры. Абай атындағы Алматы мемлексттік университетінің өсімдіктер экологиясы, физиологиясы және биохимиясы кафедрасының ғылыми жетекшісі 500-ден артық ғылыми еңбек жазған. Олардың ішінде 20 монографиялар мен жоғары мектеп студенттеріне арналғам окулықтар бар (көлемдері 20-30 баспа табақтан). Солардың ішіндегі ең маңыздысы "Влагооборот растений и почв Центрального Казахстана (30 б.т.), "Жер шарының өсімдіктері" {30 б.т.), "'Өсімдіктер физиологиясы" (30 б.т.). "Фотосинтиз" 1 және 11 бөлім, "Биосфера", "Ноосфера"', '"Природные соли Республики Кыргыстан", ''Байқоңыр космодромы", "С.А.Назарбаева - педагог. валеолог, Ұйымдастырушы"', "Годы в АГУ" және т.б.

Валеологияны оқытуға арналып жазылған ғылыми еңбек, оқулық қазіргі кездегі ғылыми оқулықтарға қойылып отырған талаптарға сай дайындалған аса құнды жұмыс. Бұрын-соңды мұндай ембекті өзіміздің ана тілімізде ешкім дс жазған емес. Бұл оқулық әр түрлі жанрды қамтиды -анықтамалық, оқулық, ғылыми.

232