Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валеология (оқулық).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.9 Mб
Скачать

9.10. Адамның тамақ ішуінің адекватты теориясы.

Адамның тамақ ішуінің адекватты теория дегеніміз -адамдардың тағамдары адам ағзасына сай және ондағы зат алмасу үрдісінде дәлме-дәл келуі. Эволюция үрдісінде адам ағзасы белгілі бір тағам жүйесіне үйреніп, бейімделген. Бір сөзбен айтқанда, адамдардың азық-түліктері адам ағзасының сіңіре алатын табиғи қабілетін сай келуі керек.

Адекват теориясының негізгі маңызы мына төмендегі жағдайлармен шектелінуі тиіс.

1. Физиологиялық компоненттердің нутриенттер мен балластардың тепе-тең болуы.

2. Қалыпты жағдайлардағы нутриенттердің ағымымен бірге, реттейтін және сіңімді заттардың жеткілікті болуы.

3. Нутриенттердің ағзаға сіңірілуі тағамдағы сіңірілуі қоректік заттардың шығарылып тастауынан тағам құрамында жұ

қпалы ауру тарататын микробтардың болмауы адекватты түрде тамақтануда ең басты роль атқарады.

4. Тағам адам ағзасында болатын микроэкологияның қалыптасуын қамтамасыз етуі керек.

218

9.11. Адам ағзасындағы биорегуляторлар (биореттеушілер)

Адам ағзасындағы үрдістерді биорегуляторлар реттеп тұрады. Ол екі-ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді), биорегуляторлар-дан тұрады.

Эндогенді биорегулятор дегеніміз — асқазан клеткаларынан бөлініп шығатын физиологиялық (биологиялық) белсенді заттар. Олардың химиялық құрамында 30-дан астам әр түрлі гормондар болады. Олар барлық эндокрин бездерін бақылап тұрады. Экзогенді биорегуляторлар — тағам қорытылған кезде бөлініп шығатын метаболиттер. Сүт белоктары мен бидай белоктары ыдырағанда морфинге ұқсас қосылыстардың бөлініп шығуы. Ол қанға түсіп қанмен араласып, гормондардың атқаратын қызметін бұзады.

Сонымен қатар адам ағзасында түрлі ағымдар кездеседі. Олар: , нутриентті, токсикалық (улы) және реттеуші ағымдар.

9.12. Теңестірілген тағам теориясы

Сбалансирленген тағам теориясы дегеніміз — адамның ішетін

тағамдарының құрамында қоректік заттар компоненттер бір-

бірімен тсңестірілген және жеткілікті түрде болуы. Мысалы,

тағамдардың құрамында витаминдердің, органикалық қышқыл-

дардың, аминқышқылдарының, микро және макро элементтердің

мөлшері жеткілікті түрде болуы.

Тағамдардың құрылысы адамдардың ағзасына сәйкес келіп

отыруы тиіс. Ал егер тағамдардың құрылысы бұзылса, онда

адамдар неше түрлі дерттерге шалдығады. Егер тағамдар

құрамында белоктар мен углеводтар (қанттар көп болып, ал

тағамдағы талшықтар жетіспеген кезде, онда адам ағзасы

артросклероз, гиппертония, қант диабетіне шалдығады. Оларды

кейінгі кездегі жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары толығымен

дәлелдеп шықты.

219

9.13. Адамның миы — ақылдың қайнар көзі

Алла Тағаланың (табиғаттың) ең құдіретті, ең күрделі жаратқандарының бірі — адамның миы. Ол адам өмірінде болатын барлық тіршілік үрдісін реттеп, басқарып тұратын орган. Адам миы арқылы әлеуметті және айналаны қоршаған сыртқы ортаға төтенше әсер етеді.

Адам ағзасының орталық ми нерв жүйесінде ең маңыздысы адамның миы. Ол көптеген нерв ұлпаларынан құралады. Ұлпалардың түсі екі түрлі болып келеді. Біріншісінің түсі қоңырқай, ал екіншісінің түсі — ақ. Қоңырқай түсі — нерв клеткаларының шоғырланған түрі (нейрондардан) құралады. Ал ағы — шоғырланған нерв клеткалары (оксандардан) тұрады.

Адам миы екі бөлімнен құралады. Біріншісі артқы (арқа), ал екіншісі — алдыңғы бөлімі. Артқы бөлім адамның рефлекстерін басқарып тұрады. Ол 31-33 сегменттен құралады. Олардың әрбіреуі екі жұп артқы және алдыңғы түбірден тұрады. Ал алдыңғы, немесе қозғалғыш бөліміне орта ми клеткаларынан келген импульстарды қабылдап алып, оларды қан тамырларына және ішкі органдарға жеткізі отырады. Ал артқы бөліміндегі нерв түбірлері рецепторлардан алынған импульстарды теріге, бұлшық еттерге, ішкі органдарға, арқанның нерв жүйелеріне таратып тұрады. Артқы және алдыңғы ми бөлімдері біріге келе аралас арқа нервтерін құрайды.

Арқа нервтері қолдың, аяқтың қимылын қозғалғыш бұлшық еттердің қозғалысын реттеп тұрады. Ал арқа нервтерінің реттелініп тұруы миға байланысты.

Адам миы адамның бас сүйегінде орналасады. Ол екі жарты шардан тұрады. Өзінің сыртқы көрінісі бойынша, адамның миы саңырауқұлақтардың түріне ұқсас келеді. Оның аяғы, діңі болады. Мидың аяғы сонау ерте заманда пайда болған адамның арғы тегінде болған қалдық - онда адамдардың инстинктілері сақталынады. Ол сонау көне замандағы бауырымен жорғалаушылардан қалған қалдық. Әлі күнге дейін ол жалғасып келеді.

Мидың рөлі адамның тамақты жұтуын, жөтелеуін, тыныс аулын жүректің соғуын реттеп тұрады. Ми діңгегінің үстіңгі жағында, аралық ми орналасқан. Мұнда иіс сезіну, дәмді білу және қуаныш, өкініштерді реттеп тұратын нервтер бар.

Аралық мидың үстінде үлкен ми орналасқан. Ол адамның сөйлеу, ойлау жүйелерін реттеп тұрады.

220

Адам миы арқылы өзге жануарлар дүниесінен жоғары тұрады. Эволюция үрдісінің нәтижесінде, австролопитектен Ноmе Sаріепsке дейін адам миының көлемі және массасы үш есе өскені туралы ғылыми деректер бар. Осы кездегі адамдардың миынын массасы — 1,375 кг. Ең жеңіл массалар — 0,9 г. Ең ауырлары - 2,8 кг.

Ерте кездерде адамдардың ақыл-ойы мидың массасына байланысты ғой деп ғалымдар ойлаған болатын. Ал шын мәнісінде олай еместігі анықталды. Адамның ақылды болуы мидағы қыртыс-қатпарларға байланысты екені кейінгі кезде белгілі болды. Ұлы ғалымдардың, өнер қайраткерлерінің миы, онша үлкен болмаған. Ұлы жазушы А.Франсанның миы небәрі 1 килограмдай-ақ болған.

Адамның миы үлкен және ауыр болғаны мен, ойлау қабілеті онша көлемді емес екені байқалады.

Қазіргі кезде жинақталған мәліметтерге қарағанда, адамның миында 10 млрд-тан артық нейрондар бар екені анықталып отыр. Әрбір нейрон жүз мындаған химиялық заттардан, жүздеген ферменттерден — катализаторлардан, тұратыны анықталып отыр. Олар бірнеше мың биохимикалық реакцияларды өткізетіні эксперимент түрде дәлелденді.

Нерв клеткаларына — 20 мың РНК-ның молекуласы бар екені анықталды. Әрбір РНК молекуласын ДНК молекуласы бақылап тұратыны белгілі болды. Кейбір нейрон бірнеше мың байланыс жасайды.Нейрондар бір-бірімен химиялық код арқылы немесе медиторлар арқылы байланыс жасайды.

Қазіргі кезде ағзаларда 40 медиаталардың түрі бар екені анықталып отыр. Адам миы электрлік импульстарды шығарып, таратып тұрады. Олардың қуаты 25 ватқа тең келеді.

Қарт адамдардың миында нейрондар аз кездеседі, Нейрондардың саны азайғанымен бірге олардың көлемі де кішірейетіні кейінгі кезде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары анықтап шықты.

Мидың массасы адам 60 жастан асқан соң азая түсетінін анықталып отыр. 90 жасқа келген адамдардың миының кішіреюі онша емес екені байқалады. Небары 7-8%. Мидың массасының азаюы мида судың азаюына байланысты екені белгілі болды. Мидың әрбір бөлігінде нейрондар әр мөлшерде азаятыны байқалды. Қозғалыстарды реттеп тұратын клеткалардың саны 5 жастан кейін азая беретіні белгілі болды. Олардың азаюы 30-35%-дейін жететінін анықталды.

221

Биохимиктердің зерттсу жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, мидағы зат алмасу үрдісі ағзаның басқа бөлігіндегі зат алмасу үрдісінен әлде қайда қарқынды (интенсивті) өтетіні байқалды.

Адам миы қанның өте таза түрімен қоректенеді. Әрбір минут сайын адам миы 0,7 литр қанды сіңіріп отырады. Адам миында. оттек пен глюкозаның үздіксіз келіп тұруын қажет етеді, Сондықтан мидан неше түрлі улы қосылыстар бөлініп шығып отыратыны дәлелденіп отыр. Егер мига оттек пен глюкоза бір минут келмей қалатын болса, онда адам 8 минуттің ішінде өліп кетеді

Адам ұйықтаған кезде миына қан көп және үздіксіз келуін қажет етеді.

Жаңадан туған балалардың миы әрбір төрт сағат сайын ұйықтау мен ұйықтамау мерзімі алмасып отыратыны белгілі. Қазірі і кездегі ғылыми деректерге қарағанда адам ұйықтау үшін өзінің барлық өмірінің үш бөлігін жұмсайды.

Табиғат адам миын жаратқаны рас. Ол тек реттеуші орган мидың екі жарты шары екі түрлі қызмет атқаратынын ғалымдар анықтаған еді. Айналаны қоршаған сыртқы ортадан екі жарты шар әр түрлі мәліметтер қабылдайтыны байқалады.

Мидың функционды асимметриясы айрықша роль атқарады. Мидың екі жарты шары екі түрлі информация қабылдайтынын американ ғалымы Р.Сперри анықтаған болатын. Арнаулы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары мидың бір жарты шарын доғарып тастағанда, екінші жартысы барлық функцияларының міндетін атқаратыны анықталды.

Мидың оң жарты шарын жұмыс істетпсй қойғанда, сол жақ жарты шар сөзге, цифрларға, басқадай шартты белгілерге реакция жасаған. Ал мидың сол жақ жарты шарын тежеп тастағанда оң жақ жарты шар арифметикалық есептерді жақсы шығарып, көрксм суреттерді жақсы танып, өлең айтып сөз сөйлей білген. Күрделі жағдайларда адам өзін-өзі ұстай білген. Мидың сол жақ жарты шары сөзді, әр түрлі белгілерді реттейтін болса, ал оң жақ жарты шар сөздік ақпаратты қабылдайды. Сонымен мидың сол жақ жарты шары абстракты-аналитикалық ойлау атын алады да, оң жақ жарты шар эмоционалды қуаныш сезімдерді қабылдайды.

Адам миының жартысын алып тастағанның өзіне де сөздері жасқы түсінетіні байқалады да дені сау адамдардың миының оң жақ жарты шары сөздерді, ақпарттарды тез қабылдайтыны анықталды.

222

Адам миының жарты шарының әр түрлі қызмет ететініне байланысты жоғары оқу орында оқитын жастарға әр түрлі ғылым саласынан орасан білім беру керек. Техникалық жоғары оқу орындарында оқитын жастарға гуманитарлы саладан білім беру керек екендігі анықталып отыр. Ал гуманитарлы білім беретін факультеттерде оқитын студенттерге физикадан, математикадан, техникалық ғылымдар саласынан білім беруді қажет ететіндігі дәлелденіп отыр. Осы ғылыми қағидаларға байланысты, жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрибе жұмыстарының оқу жоспарлары қайтадан қаралып, оқу бағдарламалары қайтадан жасалуда.

Тез арада неше түрлі ақпараттарды қабылдап, тез арада іске кірісетін мидың оң жақтағы жарты шарының қызметі ғана емес, сонымен бірге сол жак мидың.жарты шары да ақпарттарды тез қабылдап, оң жақтағы мидың жарты шарының қызметін арттырып отырады. Сонымен адамның миы бір түтас екені анықталды. Ол табиғаттың ерекше жаратқан құбылысы.

Ми қызметінің физиологиялық ерекшелігі күні бүгінге дейін қүпия сыр болып қалып отыр. Психикалық үрдістердің барлығы мидың ерекше құрылысымен анықталатыны айқындала түсті. Техникалық, математикалық проблемалардың дұрыс және ойдағыдай шешілуі адам миының қызметіне тікелей байланысты екені жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытынды-ларымен дәлелденіп отыр.