Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валеология (оқулық).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.9 Mб
Скачать

9.6. Родон денсаулыққа әсер етеме?

Родон газ. Оның не иесі, не дәмі, не түсі болмайды. Ол адам өлтіргіш - газ деп аталады. Неге десеіңз, ол жердің астынан шығып, адам ағзасына айрықша әсер етіп, неше түрлі қатерлі ісіктер мен экспенділер тудырады. Ол 7-8 есе атмосфералық ауадан ауыр келеді де, жердің үстіңгі қабатында жиналады. Адамның тұратын тұрғын үйлерінде де Родон көп мөлшерде кездеседі, өте қауіпті әсер етеді.

Адамзат баласының 70% сәулеленудің негізгі дозасын табиғаттан алса, оның ішінде Родон газынан 30-60% алады. Осыған байланысты адамдарды радиациялық сәулеленуден қорғау қазіргі кездегі аса маңызды проблемалардың біріне айналып отыр.

Родон радиоактивті уран және торий элеменнтерінен бөлініп шығады уран мен торий таудың жартастарында, жерде, суда көп кездеседі. Роддонның ауада мол болуы, немесе аз болуы торий элементтеріне байланысты. Жердің астында Родон қабаты болады. Өйткені онда уран және торий элементі жеткілікті түрде кездеседі. Егер жер бір себептермен опырылып түссе, онда ол

203

жерден Родон жердің үстінгі қабатына бөлініп шығып, жер бетіне де жинала бастайды.

Полоний - 218 жөне 214-тен бөлініп шыққан Родон өте қауіпті. Өйткені олар а - альфа сәулесін (бөлшектерін) бөліп шығарады. Бұл бөлшектер адамдарға өте-мөте қауіпті. Өкпе рак дертін бірден тудырады. Полоний — 218 жөне 214 радиоактивті элементінен бөлініп шыққан родон аспектпен, пестицидтерден бөлініп шыққан Родоннан әлде қайда ұлы келеді.

Өз үйінде отырып Родонның әсерінен қайтыс болған адамдардың саны өрттен және су тасқынынан болатын апаттан әлде қайда көп болатыны анықталып отыр.

Ауада Родон көбейсе, онымен дем алғанда, ағзадағы физиологиялық үрдістердің қалыпты өтуі бұзылады. Ол жүректің соғуын жылдамдатып, мимен және ұйқысыздық дерттерін тудырады. Родонның кейде биосферада айтарлықтай болуы біздің жер деп аталатын планетамыздың болатын магнит бораны деп аталатын құбылысы да пайда болуы мүмкін. Таулардың тығыздануы мен босансуында көптеген Родон газы бөлініп шығып, атмосфераға тарап жатады. Сондықтан да кейбір жерлерде, адам елімі жиі-жиі болады, ал кейін кейбір аймақтарда аз болатынын медиктер байқаған ды. Бірақ оның себебін дер кезінде олар анықтай алмады. Сондай-ақ, кейбір үйлердің адамдары рак дертіне тез шалдығады да, кейбір үйлерде мұндай жағдайлар кездеспейді. Американдық ғалымдарының жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының қортындыларына қарағанда дерттердің пайда болуы Родонға байланысты екені анықтаған. Бұрынғы СССР да рак дертінен жылына 15 мың адам қайтыс болып отырған.

Қазақстан Республикасында бұл салада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген емес. Дүние салған адамдардың басты себебі Родон газынан екені анықталды. Осыған байланысты Родонның адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу арнаулы бағдарламалар бойынша жүзеге асып отырады. Болашақ қалалар мен селолар салу үшін және басқадай құрылыс жүргізу үшін сол аймақтағы Родонның мөлшерін анықтау керек. Бұл жұмысты геологтар ғана іске асыра алады. Кейбіреулер тұрған үйін сатады, немесе жалға береді. Мұның ссбебі неде? Сатып алатын адам, ол үйді жан-жақты тексеруден өткізіп, үйдегі Родонның мөлшері қандай, не үшін сатылады, осылардың бәрін білу үшін арнаулы аспаптармен анықтау керек. Американдық ғалымдардың анық-

204

тауы бойынша, жылына Родоннан пайда болатын өкпе рагынан әрбір 1000 адамнын 3-4 адам қайтыс болатынын анықтаған. Темекі шегетін адамдар 10 есе көп өледі де, ал темекі шекпейтіндердің арасынан өлім аз кездесетіні байқалған. Германияда өкпе рагынан жылына 25 мың адам дүние салатыны байқалады. Оның 10% родоннан пайда болған дерттен қайтыс болатыны анықталған. Бұрынғы СССР-да родонның әсерінен пайда болған дерттен жылына 15 мың адам өлген. Қазақстан Республикасы бойынша жылына родоннан пайда болған аурулардың саны белгісіз. Өйткені бұл салада Қазақстан Республикасы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілмегені туралы жоғары да айтылды.

Америка Құрама штаттарыңца Родонның мөлшері 190 Бк/м3 жеткен кезде, одан қорғану шаралары жүргізіледі. Ал егер родон мөлшері 40 бк/м3 аспаса, онда тыныш ұйықтап, қалыпты түрде өмір сүре беруге болатынын ғалымдар айтады.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы халықтардың тұрғын үйлеріндегі Родон мөлшері 200 Бк/мЗ жетеді. Ал жаңадан салынып жатқан үйдегі оның мөлшері 100 Бк/м3-ге барады. Егер родонның мөлшері 400 Бк/м3 жетсе ғана онда ондай үйлерге тұруға болмайды. Ондағы адамдардың барлығын басқа үйлерге көшіру қажеттілігі туындайды. Әрбір мемлекетте Родон-ның үйлердегі мөлшерін анықтайтын арнаулы түрде жасалған каталогтар бар.

Үйлердегі Родонның көбеюінің негізгі себебі үй астындағы топырақтан, құрылыс материалдарынан (бетоннан, қызыл кірпіштен, тас көмірді отқа жаққаннан кейінгі қалдықтардан шлактарда болатынын арнаулы түрде жүргізілген зерттеулер анықтап шыққан. Биік қабатты үйлердің бірінші және екінші қабаттағы пәтсрлерде Родон айтарлықтай болатыны байқалады. Моншадағы парларда, жуынатын ыстық суларда Родон мөлшері жеткілікті түрде кездесетіні белгілі. Родоннан сақтанудың бірден-бір жолы үйлерді желдендіріп отыру қажет. Кейбір жағдайда Родонды тұтып қалған тұтқыштарды фильтрлерді орнату қажет. Суда болатын родонды, судықайнату арқылы кетіруге болады. Немесе ішетін ауыз суды көмірден жасалған фильтрден өткізу керек. Родонның жеткілікті мөлшерде шығатын мезгілі қаңтар мен шілде де. Жерден бөлініп шыққан родон бөлме ішінде едендегі тақтайдың жарықтарынан тарайды. Сондықтан да үйдің астында бетонды қалың құятыны, родоннан сақтанудың тәсілі. Родон адам ағзаларынан тез арада бөлініп шығады. Сондықтан да оны аса

205

қауіп көзі ретінде санауды және одан қорқудың қажеті жоқ. Еріген родонның аз (әлсіз) дозасы ағзаларға пайдалы. Ол адамның нерв жүйелерін тыныштандырады, қан түзетін клеткалардың қызметін жақсартады. Иммунитетті арттырып, қозғалыс мүшелерінің қалыпты реакция жасауын қамтамасыз етіп отырады.

Қазақстан Республикасында родон жайында арнаулы түрде құрылған "Родон" деп аталатын бағдарлама бар. Родонды анықтайтын "Ромон" атты аспаптарда бар. Қазақстан Республикасының территориясының 50% Родонмен ластанғанын айтпай кетуге болмайды. Сондықтан да родоннын мөлшеріне үнемі бақылау жасап отырудың маңызы зор.

Радиосәулеленуге сезімділік жер бетіндегі тіршілік ететін барлық ағзалар родонға біркелкі реакция жасамайды. Бір ағза иондалған радиацияға шыдамды келсе, ал екінші біреуі оған төзімсіздік білдіреді. Кейбір микроағзалар иондалған сәулеленуге өте төзімді келеді, тіпті радиация 100 000 Г, жеткенде олар тіршілік ете береді. Адам мұндай мөлшердегі родонға төзе алмайды. Бір түрде жататын ағзалар ішінде дс радиациялық сәулеленуге төзімділері де төзімсіздерде кездесе береді. Аналық особтар мен аталықтар радиациялық сәулеленуге әр түрлі сезімділік көрсетеді. Әр бір тканьдар, клеткалар радиацияға әртүрлі сезгіштік көрсете алады. Қан түйіршіктеріне радиация айрықша әсер етіп, қандағы эритроцидтерді жойып жіберіп, қан рагын (ликемия) тудыратынын медиктер жақсы біледі. Дезокеирибо-нуклеин және рибонуклеин қышқылдарына радиация ерекше әсер етіп, тұқым қуалайтын информацияларды және гендерді жойып жібереді. Ағзалар тұқым қуалайтын қабілетінен айырылып қалады. Олар ұзақ уақыт бойы радиацияға шыдамдылық көрсетсе де, онда олардың төзімдік қасиетін анықтайтын күштермілері (анықтау дейгейі) болады. Ағзаларды жойьш жіберетін родонның жоғары деңгейі болады. Оны предельно допустимая доза деп аталды. (ПДД —50 -30). Осындай мөлшерде родонның дозасын алған тәжірибеде жүргізуге алынған хайуанаттардың бір отар ішінде түгелімен қырыльш қалғаны туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Кестеде ағзалардың ЛД-50/30 (летательная доза) шыдамдылығы көрсетілген. әсіресе гамма сәулеленуге шыдамдылығы берілген.

Кесте әртүрлі объектілерді гамма сәулесімен өндегенде (ЛД-50/30 дозасымен) олардың шыдамдылығы.

206

Объект

Дозасы гр

Саулық қой

1,5-2,5

Теңіз шошқасы

1,5-3,5

Есек

2,0-3,8

Адам

2,5-4,0

Ит

2,5-3,0

Маймылдардың түрлері

3,0-6,0

Тышқандар

6,0-15

Егеуқұйрықтар

7-8

Құстар мен балықтар

8-20

Үй қояны

9-10

Жылан

8-300

Жәндіктер (насекомдар)

10-100

Жоғары сатыдағы өсімдіктер

1500-100

Бактериялар

90-7500

Әр кластағы вирустар

4500-7000

Әрбір ағза өзінің жеке басының ерекшеліктеріне байланысты шыдамдылық білдіреді. Радиациялық сәулелермен адамдарды емдеген кейбір ауру адамдардың басы айналып, құсқысы келген. Ал кейбіреулерге, радиациялық сәуле ешқандай да әсер етпеген. Сондай-ақ, ағзалардың жағдайларына байланысты родон әсер ететіні байқалады. Радиацияға шыдамдылары жас жаңадан жетіліп келе жатқан эмбриондар. Егер эмбриондарға радиацияның жоғары дозасы берілсе, онда олар бірнеше сағаттың ішінде тіршілігін жойып жібереді. Радиацияның тек жоғарғы дозасын ағзаларға тигізетін әсері зерттеліп, оның аз дозаларының ағзаларға қалай әсер ететіні осы уақытқа дейін толық зертеле қойған жоқ.

Радиацияның аз дозалары. Егер радиацияның 0,001 Гр дозасымсн ағзаларға ұзақ уақыт әрекет жасаса, онда ағзалардың дұрыс қызмет етуіне әсер етеді. Радиацияның табиғи фоны оларға өте қажет. Онсыз ағзалар өніп-өсіп дамымайды. Әр түрлі ағзаларға әр түрлі мөлшерде табиғи радиация қажет. Мысалы, сүтқоректі жанаурлар радиациясының дозасы 0,04 005 Гр қажет етеді. Егер осы мөлшерден радиация жоғары болса, онда ағзалар өсіп-өнбейді және дамымайды. Радиацияның аз дозасының әсері Семей полигоны территориясында жақсы байқалған. Сондай-ақ Черно-быль атом элетростанциясы авариясынан кейінгі уақытта тез сезіле басталған. Сонымен бірге Оңтүстік Орал аймағында болатыны анықталған. Семей полигонында термоядролық сынақтар

207

тоқтатылғаннан кейін радиацияның аз дозасының әсері онша болмай территориялық сәулеленуден тазара бастағаны байқалып отыр. Мұндай құбылыс Чернобыль атом электр станциясына орнаған аймақтарда байқалған. Неше түрлі өсімдіктер түрлерін өсіріп, радиациялық сәулеленудін, әсерін жоюға болатыны кейінгі кезде толығымен анықталып отыр.