Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валеология (оқулық).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.9 Mб
Скачать

9.5. Балқаштағы болашақ атом электрстанциясы қазақ еліне зиян келтіреме?

Кейінгі кезде газет және журнал беттерінде көбірек жазыла бастаған материалдардың бірі - атом энергиясын бейбітшілік мақсатқа пайдалану проблемалары. Әсіресе атом электр станция-ларын салу мәселелері. Бұл туралы ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Оның біріншісі — атом энергиясын бейбітшілік мақсатқа пайдалану, қолайлы деп есептейді. Ал екіншісі, бұл пікірге қарама-қарсы. Оған мысал ретінде, Чернобыль трагедиясын және әлемге әйгілі Семей әскери атом полигонын еске түсіреді. Бұлардан адамзат баласы не көріп отырғанын айтады. Олар елдің енсесін түсіріп жібергенін халық жақсы білетінін баяндайды.

Енді міне дейді. Үрей ұшыратын тағы бір оқиға кенеттен сап ете түсті. Ол болашақ Балқаш атом электр станциясын салу проблемасы. Оны қысқаша (БАЭС) деп атайды. Осы проблема жайында белгілі журналист Бағдат Мекей қазақ елінің белгілі оқымысты қызы, химия ғылымдарының докторы, Москва әлеуметтік академиясынан толық мүшесі (академик) Раукен Бақайқызы Жолдыбаймен жүргізген интервьюсінің толық текстісін беруді біз жөн көрдік. Раукен Бақайқызы халықаралық “Полигон-29-Тамыз” қайырымдылық қоры кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқаратын білгір маман.

Раукен Бақайқызы - деп бастайды Бағдат Мекей өз сөзін -ең аддымен бүгінде жүртты аландатып отырған болашақ Балқаш атом электр станциясын салу идеясының өмірге келу себептері мен оның жай жапсары және айналаны қоршаған сыртқы ортаға тигізетін әсері туралы айтып берсеңіз қайтеді.

Раукен Бақайқызы былай дейді: “1999 жыл болатын. Мен ол кезде Москва қаласын да қызмет істейтінмін, - деді ол. Сол уақытта менің қолыма Алматы облысының Балқаш көлінің жағасына салу үшін жобаланған Балқаш атом электрстанциясы

198

жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі түсті. Мен оны мұқият түрде оқьш шықтым. Бұл негіздеме Балқаш атом электрстанциясының Санкт-Петербургтегі “Атомэнергопроект” ғылыми-зерттеу және инженерлік конструкторлық институты мен Қазақстан Рсспубликасының атомдық энергетика өндірісі және ұлттық акционерлік компаниясы (КАТЭП) арасындағы 1996 жылдың 2-қазанында қол қойылған АС-5396 нөмерлі келісім бойынша 1997 жылы жасалған екен.

Бұл техникалық-экономикалық негіздемені жасауда Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-ін жобалауға қодданылған инженерлік іздсстіру материалдары мен техникалық құжаттар қолданылғаны байқалады. БАЭС (Балқаш атом электр станциясы) жобада ВВЭР-640 реакторларының 3 блогынан тұрып, Алматы облысының әртүрлі әкімшшік аудандарындағы бұрын Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-іне арналған алаңға орналастырылған. Жоба бойынша БАЭС орналастыратын аймақ Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауын альш жатыр. Бұл аймақ Қазақстандықтардың дәстүрлі табиғат байлығын пайдаланылатын аудан болып табылады. Мұндай жерді өндірістік мақсатқа пайдалану - Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына қайшы келеді.

Ал енді тапсырылған алаң тапсырыс берушінің (КДТЭП) ұсынысы бойынша тандалған. Осы тұста тағы бір қайшылық бой көрсетеді. Атап айтқанда, сол КАТЭП-тің 1991 жылғы 15 шілдедегі 55 статьясында: “атомдық және суэлектр станцияларын адам көп шоғырланған, тұрғындардың дәстүрлі демалатын жеріне орналастыруға тыйым салынады” делінген. Ал, Рессй Федерациясының заңында мұнай нысандарды көлге салуға болмайды деп ашық айтылған. Ал МАГАТЭ-нің ережесі бойынша алаң таңдаудың өзі - атом электр станциясының құрыдысын салудың элементі болып табылады делінген, ал ендеше ол экономикалық сараптама жасау керек деген сөз. Бұл жобалауға дейін жүргізілуі керек болса, оған көңіл бөлінбеген.

Осы атом нысанасының құрылысын салудың негізі дұрыс деп атомшылар өтірікке дейін барды, тіпті қабылданған завды бұзып отыр. Отандық атомдық энергетиканы қорғау мақсатында АЭС салу аргументі оте аландататын жәйт. Ал жергілікті басқару органдарды неге үндемей отыр? Оның себебі, басқа да өндіріс объектілерін салу жағдайларында олар республикалық бюджеттен

199

ақша құйылуына үміт артады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сол, АЭС салудың қаупі басым да, тиімділігі жоқ.

- Раукен Бақайқызы, аталмыш атомдық нысандардың тиім-ділігінің жоқтығын дәлелдей келе, көрші елдердің, мәселен, Ресей мемлекетінің бұл мәселеге көзқарасы қандай деп ойлайсыз, осы жөнінде әңгімелеп берсеңіз...

- Жоғарыда Балқаш көліне салу жобаланған АЭС реактордың авторы академик Велихов. Бірақ біз үшін апаттылығы мен тиімсіздігін біле отырып жол бере алмаймыз. Жалпы атомдық электр қуаттарының қауіптілігін өзге елдер ерте бастан-ақ пайымдап үлгерген десек есептейміз. Мәселен, 1997 жылы есімі әлемге әйгілі эколог-ғалым Яблоковтың жарық көрген “Атомдық мифология”, австралиялық ғалым Хелен Кэлдикоггың “Ядролық ессіздік” деген кітаптарында атомдық бағдарламаның экономика-лық тиімділігі орасан мол деп жүргендерге, қазіргі ядролық реакторлардың қауіпсіздігі туралы айтушы атомшыларға тиісінше негіздеме — есеп балансын беріп өте тиімсіздігін, “атом энергетикасының экологиялық тазалығын” жырлап жүргендерге айтқандарының кұлталқаны шығарыла ақиқаттық негізінде дәлелденген.

- Жобада көрсетілгендей, Балқаш көліне қойылатын АЭС ВВЭР-640 маркалы радиоактивті қалдықтарды түзеді. Мысалы, Германияның Р\ҮК-1300 реакторы бар бір блокты АЭС-ті пайдаланудан шығарған кезде 31 мың тонна реактивті қалдықтар түзіледі, оның 6 мың тоннасын арнаулы сақтау орындарына көму керек деген сөз. Оның бәрі қосымша ақша.

Мұндай деректер ресейліктер үшін жасалмаған. Тек рессйлік ғалым Мартыновченконың 1994 жылғы есебі бойынша ВВЭР-440 реакторы - 13500 тонна, ВВЭР-1000 - 18900 тонна, РБИК-1000 реакторы - 53500 тонна радиоактивтік қалдықтар түзетіні дәлелденген.

Өзіміз әңгіме етіп отырған ВВЭР-640 реакторы жылына 21000 тонна ядролық отын қалдықтарын түзеді. Ал, бір тонна ядролық отын қалдығында 1,2-1,5 кило цезий - 137,770 грамм технеций -90,500 грамм нептуний - 237, ал, уран 235 және 238 радиоактивті изотоптар 950-980 килограмға дейін жетеді. Қазір дүние жүзінде 200 мың тонна радиоактивтік ядролық отын қалдықтары жиналып, бұл сан жылына 10 мың тоннаға көбеюде. Бұл ащы шындық.

200

Тағы бірср деректерді оқырмандар назарына сала кетейік: дүңие жүзінің атом электр стансаларының радиоактивті қаладықтарының бір жылдағы мөлшері - қуаты 500 мегатоннаға жетеін ядролық жарылыспен пара-пар екен. Ғалым Якоклевтің деректсріне қарағанда, АЭС-терің радиоактивтік қалдықтары бүгінде жер апшысын қуыруда, биосфераға радиоактвтік қалдықтарды үеті-үстіне апаруда.

Ал енді австралиялық ғалым Хелен Кэлдикот былай дейді: реакторлардың әрқайсысы орасан зор қалдықтары жерге сіңіп, 500 мың жыл бойы адамзат баласы өмір сүріп жатқан жерді құрсаулап тастайды.

- Осы тұста тағы бір өтініш, аталмыш мәселені көптен зерттеп келе жатқан эколог-ғалым ретінде әлемнің өзге елдерінің атомдық энергетикаға қандай тұрғыдан қарайтынына тоқтала кетсеңіз.

- 1970 жылдарды өркениетті елдер де атом бағдарламасына оң көзбен қараған еді. Кейінде, дәлірек айтқанда 1973 жылдан бастап, мәселен, АҚІІІ-та жаңадан атом. Ал 1994 жылы таза экономикалық шығынды есептеп, 8,5 миллиард доллар ақша жұмсалғанына қарамастан, бұрыннан салынып жатқан төрт атом электр стансаласының үшеуін тоқтатқан, барлық жағынан да тиімсіз деп тапқан 1991 жылы Францияда құрылысы аяқталған кезекті реакторды іскс қоспауға шешім қабылданған.

Ссбебі соңғы жиырама жыл ішінде француз атомшыларының қарызы отыз миллиард долларға жеткен. 1973 жылы МАГАТЭ өзінің болжам деректерінде 1980 жылдар ішінде әлем елдерінде салынатын АЭС-тер 160-тан 200-ге дейін жетеді деп болжам жасаған екен. Оның бірі Бразилияда, екеуі Аргентинада, екеуі Мексикада. Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде атом электр станцияларын салу жұмысының тоқталуы уран өндіруден бастап, отын өндірісі, құрылыс, АЭС-терді пайдалануға беру және оны қайта бөлшектеу, радиоактивтік қалдықтарды көму экономи-калық жағынан тиімсіз деп бағаланып, тоқтатылған. Ал, енді атомшылар пайда көзінен айрылып қалмас үшін Оңтүстік Азия елдеріне көз тікті. Осы тізімгс Қазақстан да кіргізілген.

Енді Қазақстандағы АЭС салуға қолайлы деген жерлерге көз салып көрейік. Ол, бірінші - Лениногор қаласының маңайы екен. Екіншісі - Семей полигоны аймағы. Үшіншісі осы Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-і орналасқан Балқаш көлінің оңтүстік-батыс

201

жағалауы. Бірақ, жоғарыда айтып өткеніміздсй, біз бұған жол бермеуге тиіспіз. “Атом станциясы қауіпсіз” немесе ол “экология-лық дағдарыстан шығарады” деген бос сөз. Бұл түста әсксри кешендер мен атомдық министрліктердің жеке көзқарастын белгілейтін адамдар болмаса, өзгелері “атомды мифология” ретінде ғана таниды, оның зиянын айқын түсінеді.

Чернобыль апаты есімізден шықпауға тиіс. Себебі онда сәуле ауруына ұшырағандар бойындағы кесел ондаған ұрпаққа жалғас-пақшы тозақты көрді. Семей, Маңғыстау, Жезқазған, Азғыр, Созақ, Ақтөбе мандарында сыналған атом жарылыстарының да ауыртпалығы аз емсс. Осының бәрі адам құқығын бұзу деген сөз.

- Қазақстанның біраз жерінде ядролық сынақтардың жүргі-зілгенін үлкен қиналыспен айтып отырсыз және елімізді бірқатар аймақтарында АЭС-тер салудың үсті-үстіне жоспарланғанын әңгі-мелеп, оның тиімсіздігін де дәлелдеп шықтыңыз, ал, енді осы АЭС-тер салуға жергілікті халық қалай қарайды екен ?

- Лениногор қаласында мемлекеттік емес ұйымдар акция жасап қарсы тұрды. Жергілікті мослихатқа хат жазып, Өскемен, Лениногор төңірегіндегі жүртшылықты көтерді. Сөйтіп, оның Лениногор маңына салынбайтыны жөнінде құжатқа қол жеткізді. Халықаралық сарапшы, эколог ғалым Рысбек Әбілқайырұлы Ыбыраев бастап, Алматы облысы әкімі З.Нұрқаділовке, облыстық мәслихатқа жазып, негіздемелер жасап қолдарына табыс етті. Бірақ Балқаш көліне АЭС салынбайды деген құжатты қолдырына ала алмай отыр.

- Сіздің дәлелдеріңізге қарағанда АЭС-тер салу біздің халқымыздың, мемлекетіміздің мүддесіне қайшы келіп отыр екен. Ал енді АЭС-тің осыншама зияндылығы оның құрылыстарын жоспарлаушыларға мәлімсіз болганы ма? Екіншіден, АЭС құрылсын Балқаш көлінің жағасына салу жөніндегі жобаның авторы сізге белгілі ме, олар бұл тұста алдарына қандай мақсат қойған ?

- Сөзімнің басында айтып еттім, ол - Қазақстан Республикасы атом энергетикасы мен өндірісі ұлтық акционерлік компаниясы, АЭС құрлысынның жасап, тапсырма беретін осы КАТЭП. Осы қомпания жасаған тоғыз томдық негіздемені көрдім. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сол, атом индустриясының мамандары осынау тұста мәселеге өз мүдделері тұрғысынан ғана қарап отыр. АЭС-тер оларға көл-көсір пайда әкеледі, олардың даңқын аспандатады. Ал Семей сынақ полигонынан зардап

202

шеккендердің сәуле ауруы 50-80-ші ұрпақтарына дейін жалғасатын біздің халқымызға денсаулық экологиялық таза су мен ауа қажет.

Осы жоғарыдағы айтылғандарға талдау жасай келе мына төмендегідей қорытынды жасауға болады. Қандайда болмасын, біз жасырған мен, Батыстағы Байқоңыр космодромы Қазақстан биосферасына айтарлықтай өзгеріс жасайтыны сөзсіз.

Қазақ жеріндегі әскери полигондар да қазақ жерінің экологиясына айрықша әсер етеді. Зымырандар ұшырылғаннан кейін адамдардың көңіл-күйі тым нашарлап кететінін халық жақсы біледі.

Атом электр станциясы қауіпсіз, немесе ол экологиялық дағдарыстан алып шығады деген көңілге сыймайтын бос сөз. Бұл тұста әскери кешендер мен атомдық министрліктердің жеке қөзқарасын белгілейтін адамдар болмаса, өзгелері атомды мифологияда ретінде ғана таниды. Оның зиянын айқын түсінсді.

3 мамыр, 2001 ж. “Егемен Қазақстан”