Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валеология (оқулық).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.9 Mб
Скачать

8.3. Зиянды дағды тудыратын заттардың ғылыми терминдері

Тәуелдік тудыратын заттардың өздерінде травиальды және ғы-лыми терминдері болады. Оларды оқушылардың білгені дұрыс.

1. алкагольді-барбитурат түріндегі (этиль спирті, барбитурат-тар, седативті мепробиромат, хлорангиэрат және т.б.).

2. Амфетамин түріңдегі химиялық қосылыстар (амфетамин, фенметразин және т.б.).

3. Кокаин түрінде улы заттар (кокаин, тіс жұлғанда қолданады, тістің ауырғанын сезбей қаласыз). Кока өсімдіктері жапырақтарынан өндіреді. Өндіру тәсілі әбден жетілдірілген.

4. Конопля түріндегі улы қосылыстар (марихуана, гашиш бұларда өсімдіктерден алынады. Ол өсімдіктерді біздер жақсы білеміз).

5. Галлюциноген түріндегі улы заттар (лизергид — ЛСД деген атпен ғылымға белгілі), мескалин;

6. Ката түріндегі улы қосылыс (Саtһа есtиlіs fогskі);

7. Апыйын түріндегі улы заттар (морфин — рак дерті мен ауырған адамдарға қолданады, ұйықтады, героин — апыйыннан өндіріледі өте улы зат, кодеин-шәйлердің жапырақтарында түзіледі; шәй ішумен шұғылданатын адамдардың шәй ішпесе басы ауыратыны осыдан. Өйткені кадеин қан капилярларын кеңейтеді. Шәй ішкеннен кейін адамдар жадырап, көңіл-күйі кетеріле түсетіні осыдан, яғни шәй наркотиканың бір түрі); метадон және т.б.).

8. Эфирлі ерітінділер (толуол, дихлорофос (аэрозоль), ацетон тетрахлорметан) және тағы басқа улы қосылыстар. Олардың саны қисапсыз көп (20000 жетеді). Осыларды орынсыз пайдалана бергендіктен дағды қалыптаса бастайды. Есірткі заттар қатарына темекі де енеді. Онда никотин бар. Ол биологиялық у. Темекіні кейінгі кезде қазақ қыздары да тартатын болды. Темекінің түтінінде не бар екенін олар қайдан білсін. Оқымаған адамдар ғой. Оның түтінде зәр қышқылы, аммиак, сондай-ақ полоний-218,219 радиоактивті элемент бар. Олар ерте ме, кеш пе, әйтеуір өкпе рагын тудыратыны сөзсіз. Өзіңіз біліңіз, қазақ

145

елін де бір нақыл сөз бар: "өзің білме, ал білгеннің тілін алма". Темекінің зиянды есерін кейін көресің!

Осы кезде есірткі мен улы қосылыстар (токсикомания) проблемалары жекеленген медицина проблемасынан асып кетіп мемлскеттік проблемаларға айналды. Апиынның және оның туындыларын медиктер көбінесе аналгезиялық әрекеті болған-дықтан неше түрлі ауруларды емдеуге қолданып келген. Ауырған жеріңді білдіртпейтін эйфорлық қасиеті болған. Бұған кейінгі кездс жастар әуестене бастаған. Ағзаға наркотикалық заттарды енгізген кезде, адамның беті қызарып, бүкіл дене қызып рахатқа бөлене бастайды. Тері жеңіл-желпі қышиды. Кейін жайбарақаттық үрдіс бойды алады. Ойға неше түрлі әлемде жоқ құбылыстар келе бастайды. Есірткі ағзаға өте тез қалыптасатын зат. Кейіннен адам өз еркінен мүлдем айырылып қалады. Бірте-бірте қоғамдық өмірге, жұмысқа, міндеттерін орындауға деген ынта-жігері баяулап, кейіннен мүлде жоғалып кетеді. Наркомандар, көбіне дөрекі, өзімшіл, отбасындағы міндеттеріне немқұрайлы қарай бастайды. Олар өздерінің қатерлі жағдайларға тап болғанын байқамайды. Наркомандардың денесінде (гипотрофия, дистрофия) құбылыстары пайда болып, олар дами түседі. Құдай басқа бермесін! Ағза неше түрлі өзгерістерге ұшырайды, адамның терісі құрғап, быт-шыт болып ыдырайды. Адамның массасы азая түседі. Сүйек жұқарып кетеді және тіс түсіп қалады, бетке әжім көп түседі. Көз көру өзгереді. Өйткені көздің қарашығы кішірейеді. Ағзада Брадикория құбылысы байқалады (ешбір мақсатсыз қозғалыстар) пайда болады. Ауру ұлғая түседі. Адамгершілік қасиеттен адам мүлдем айырылып қалады. Сол кездс неше түрлі ауыр қылмыстар жасауы мүмкін. Кез келген адамдарды өлтіріп тастауы сөзсіз. Оларды соттау мүмкін емес. Ауру адамдар. Міне наркотикалық заттардың адамзат баласына қайғы-қасірет әкелетіні осыдан. Наркотикалық улы қосылыстар адамзат баласының досы емес, нағыз қас жауы.