- •Ж.Ж.Жатқанбаев
- •Валеология
- •Алматы 2002
- •1 Валеология пәні және оның мақсаты мен міндеттері
- •1.1. Валеология пәні
- •1.2. Валеология — денсаулық туралы гылым.
- •1.3. Валеология — иитегралды ғылым
- •1.4. Денсаулык түрлері
- •1.5. Валеология — салауатты өмір сүру салты
- •Кемтар сәби көбейіп т¥р
- •1.6. Салауатты өмір сүрудің салтын бүзатын факторлар
- •1.7. Денсаулыққа зиян келтіретін негізгі ішкі және сыртқы факторлар
- •1.8. П.К.Ивановтың "Табиғатпен табысқан ғұмырындағы табиғи сауықтыру жүйесі"
- •1.8.1. Педагог — Ертіс Ахметов
- •1.8.2. П.К.Ивановтың "Қарғаш" ілімі
- •1.9. Валеология және педагогика
- •1.10. Оқушылардың еңбек сүйгіштігі
- •1.11. Адам және валеология
- •II денсаулық және физикалық белсенділік
- •2.1. Физикалық белсенділік
- •2.2. Дене жатығуларымен шұғылданамын дейтін оқушыларға арналған кейбір ережелер
- •2.3. Жүрек жиырылысы жиілігіне қарай валеологиялық жаттығулар жүргізу режимдерінің кейбір түрлері
- •2.4. Өз дене жағдайын оқушылардың өзі бағалау әдістері
- •2.5. Валеологиялық жаттығулар жасайтын оқушыларға арналған валеологиялық дене шынықтыру түрлері
- •2.6. Денсаулығыңыз мықты болсын құрметті оқушылар
- •2.7. Гиподинамия
- •Гиподинамия көріністері
- •2.8. Валеология ғылымын жақтаушылар Поль Брэгг
- •2.9. Поль Брэгг және оның сауықтыру жүйесі (валеологиясы)
- •2.10. Н.М. Амосов және онын сауықтыру жүйесі
- •III. Денешынықтыру - денсаулық тіреп
- •3.1. Денешынықтыру
- •3.2. Терморегуляция
- •Терморегуляция
- •3.3. Дененшынықтырудың және биохимиялық негіздері
- •3.4. Денешынықтырудың негізгі қағидалары мен жағдайлары
- •3.5. Атмосфералық ауа арқылы денені шынықтыру
- •3.6. Таза ауа — тіршілік кепілі
- •3.7. Денені суық сумен шынықтыру
- •3.11. Валеолошяға белгілі болған адамдар және олардыц іс-әрекеті
- •4.1.Асқорыту жүйесі
- •4.2. Зат алмасу
- •4.3. Тағамдардағы коректік заттар
- •Балалар мен жас өсіпірімдерге қажетті белоктардың, майлардың, көмірсулардың физиологиялық мөлшері (күніне грамм есебімен)
- •4.4. Ағза массасын қалыпты түрде сақтау
- •Дені сау балалардың бойының өсуі мен дене массасының
- •4.5. Тағам мен денсаулық арасындағы байланыс
- •4.6. Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулык үшін маңызы
- •4.7. Витаминдер — денсаулық тірегі
- •Суда еритін витаминдер
- •В2 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
- •Никотин қышқылы
- •В5 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
- •Кобаламин /в,2 витамині, антианемиялық/
- •Пангам қышқылы /в15 витамині/
- •Аскорбин қышқылы /с витамині, цингага қарсы/
- •Р витамині /флавон, цитрин, рутин/
- •Биотин /н витамині/
- •Птероилглютамин - фолий қышқылы
- •Парааминобензой қышқылы
- •Майда еритін витаминдер Ретинол
- •Кальциферол
- •Токоферол
- •Ғ витамині
- •Q витамині (убихинон)
- •4.8. Ағза тазалығы және денсаулық
- •Н. Семенова
- •4.9. Тамакты шикілей жеу — денсаулык кепілі
- •5.1. Денсаулық психологиясы
- •5.2. Денсаулық және эмоция
- •5.3. Денсаулык және ерік
- •5.4. Стресті болдырмаудың жолдары
- •5.5. Психогигиена және денсаулық
- •5.5.1. Жас ерекшелік шеихогигиенасы
- •5.5.2. Еңбек және оку психогигиенасы
- •5.5.3. Ақыл ой еңбектерінің психогигиенасы
- •5.5.6. Үжымдағы тфшілік өмір психогигаенасы
- •6.2. Гигиена ғылымының негізгі бағыттары
- •6.3. Тәуліктік жүйе режимі
- •6.4. Дене тазалығы
- •6.4.2. Шаш пен тырнақ күтімі
- •6.4.4. Аяқ күтімі (Аяғым менің алтыным)
- •6.4.6. Тіс және ауыз қуысы гигиенасы
- •6.4.7. Киім-кешек және аяқ киім тазалығы (гигиенасы)
- •Үіі. Өнегелі жыныс тәрбиесі
- •7.1. Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?
- •7.2. Өнегелі жыныс тәрбиесінің максаттары:
- •7.3. Өнегелі жыныс тәрбиесі аса күрделі проблема
- •7.4. Өнегелі жыныс тәрбиесінің үлгісі Өнегелі жыныс тәрбиесінің үш үлгісі
- •7.5. Өнегелі жыныс тәрбиесінің негізгі кағидалары
- •7.6. Жыныстық білім тәрбиесі және оның негізгі бөлімдері
- •17 Таблица Өнегелі жыныс тәрбиесін айқындайтын критерилер
- •7.7. Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар
- •8.1. Есірткі заттар және денсаулық.
- •8.2. Денсаулық және наркотикалық заттар.
- •8.3. Зиянды дағды тудыратын заттардың ғылыми терминдері
- •8.4. Алкоголь және денсаулық
- •Денсаулық және залалды дағдылар
- •8.5. Денсаулық және темекі шегу
- •8.6. Залалды дағдыдан құтылуға арналған профилактика
- •8.7. Сауықтырудың көп таралған түрлері1
- •9. Медитацияның түрлері.
- •Дианетика
- •IX. Жастарға валеологиялық білім және
- •9.1. Қазақстан биосферасы
- •9.2. Валеология және этнопедагогика (ұлттық дәстүр)
- •9.3 Батыстағы Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері
- •9.4. Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферана тигізетін әсері
- •9.5. Балқаштағы болашақ атом электрстанциясы қазақ еліне зиян келтіреме?
- •9.6. Родон денсаулыққа әсер етеме?
- •9.7. Радиоактивті қалдықтардың адам денсаулығына әсері қандай?
- •9.8. Радиациядан қорғанудың жолдары
- •Жасанды радиоактивті элементтердегі сәулелену (жылдық доза мөлшері)
- •9.10. Адамның тамақ ішуінің адекватты теориясы.
- •9.11. Адам ағзасындағы биорегуляторлар (биореттеушілер)
- •9.12. Теңестірілген тағам теориясы
- •9.13. Адамның миы — ақылдың қайнар көзі
- •9.14. Адамдар ағзасының "Үшінші жағдайы" дегеніміз не?
- •Жумакан жатканбаев
- •Валеология
8.1. Есірткі заттар және денсаулық.
1. Денсаулық және алкоголь.
2. Денсаулық және темекі шегу.
3. Денсаулық және наркотикалық заттар.
4. Залалды заттардың әлеуметтік әсері.
5. Наркотикалық зат (көне заманнан бері қарай дамып келе жатқан залалды дағды).
6. Токсикомания — кейінгі кезде пайда болған жастар арасына кең тараған құбылыс.
Зиянды дағдылар: темекі тарту, арақ-шарап ішу, есірткі және улы заттарды пайдалану (18-таблица).
8.2. Денсаулық және наркотикалық заттар.
Наркотикалық заттарды — гашитті Қытайда біздің заманы-
мызға дейінгі 3500 жыл бұрын әр түрлі аурулардан сауығу үшін пайдаланған. Ассириялықтар сораны шылым ретінде шеккен. Шығыс елдерінде сорадан әр түрлі химиялық заттар алып, әр түрлі мақсаттарға қолданған. Олар: анаша, банг (бонг, ганжа, харос және т.б. қосылыстар).
Бұл тараудың негізгі мақсаты оқушыларға және студенттерге адам ағзасына ішімділіктің, темекінің, есірткінің әсерлеріне ғылыми тұрғыдан түсінік беру. Зиянды дағдылардың алдын алуға әсерін тигізетін кейбір қалыптасқан ережелерден тартымды етіп түсінік беру. Оқушылардың, студенттердің және халық арасына кең тараған темекі шегу, арақ-шарап ішу, есірткелік заттармен әурелену, улы қосылыстарды иіскеп, денесіне жағу мен әуестенудің алдын алу тақырыптарына әңгіме, лекциялар оқып, лабораториялық практикалық сабақтар өткізу. Зиянды дағдылардың түрлерінен есірткі қосылыстарының қазіргі кездегі классификациясына түсінік беру. Есірткі қосылыстарға деген тәуелділік факторларын ашып түсіндіру. Адам ағзасына әсіресе жас жеткіншектер ағзасына есірткінің (наркотикалық заттардың) тигізетін әсерін түсіндіру. Арақ-шарап ішу мен шұғылданудың кезендері, темекі есірткісі-темекі түтінінің адам ағзасына өсері. Зиянды дағдыларды боддырмауға қолдан келгеннің бәрін жасау керек
143
екенін жан-жақты түрде айтып беру. Жасыратыны жоқ жер шарының көптеген мемлекеттерінде залалды дағдылар қисапсыз көбейіп кеткені туралы газет журналдар күн демей, түн демей жазып жатыр. Қояға түскен есірткі заттарды аяусыз түрде отқа жағып, ұсталған адамдарды ешқандай аяусыз соттап жатыр. Осындай қатаң шараларға қарамастан, есірткі сатушылар азаймай-ақ тұр. Олар жылдан-жылға көбейе түсуде. Мұның кең етек алып, кең таралуын бір қатар ғалымдар және педагогтар, психологтар, медиктер алдыңғы катарлы саналы және сауатты адамдар басқа келген апат деп түсіндіреді. Ол негізінен дұрыс. Құдай сақтасын есірткімен айналысатын адамдарды естігенде жаныңыз шошиды. Бұл адамдардың басына келген нағыз бақытсыздық. Мұны ғалымдар өркениет ауруы дейді. Есірткі заттармен айналысу медиктердің алдында тұрған үлкен шешуі табылмай келе жатқан проблема.
Адам денсаулығына зиян келтіретін дағдылар: темекі шегу, арак-шарап ішумен шұғылдану, есірткі және улы қосылыстармен (токсикоманиямен) айланысу. Айта кететін бір жәй барлық наркотикалық заттар тек қана жасыл өсімдіктерден (апыйыннан, қалақайдан, коноплядан) өндіріледі. Оларды көне заманнан бері қолдан өсіріп келеді. Ал жабайы түрі де жеткілікті. Бір ғана Жамбыл облысының территориясында 500 мың гектар жерде конопля өседі.
Ш.Айтматов өзінің кітаптарында жазды ғой. Конопля гүлдеген кезде оның тозандарын жинап алып, сақтап, кептіріп сатуға даярлайды. Бұл үлкен қылмыс. Одан анаша ендіріледі. Наркотикалық заттарды үш жолмен пайдаланады. Біріншісі -тарту, екіншісі — ішу, үшіншісі арнаулы инелер (шприц) арқылы денеге инекция ретінде дарыту. Бұл үшеуінің ішіндегі ең ауыры наркотикалық заттарды инекциялап денеге тарату. Бұл тәсіл емдеуге келмейді. Өйткені есірткі заттар қанға бірақ барып әсер етеді. Мұндаймен шұшлданған адамдар ұзақ ғұмыр сүрмейді 25-26 жасында өмірмен қоштаса береді. Ал бірінші және екінші тәсілмен айналысқан адамдарды емдеп жазуға болады. Ол үшін өте күшті ерік болуы тиіс. Онсыз ойдағыдай ем-дом ешқандай нәтиже бермейді.
Дағды — бір немесе бірнеше қимылды бірнеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сонымен бірге табиғатына танылып қалатын мінез-құлықтагы "автоматтандырылған элемент". Адам-ның нерв жүйелерінде, әсіресе ми қыртыстарында шартты рефлскстер тізбегі пайда болып, ол дами түседі. Бұл шартты рефлекстен қүтылуға әбден болады. Егер, таң ертсң гимнастика
144
жасаса, ұйықтар алдында серуен құрып жүрсе, тамақтану тәртібін қатаң сақтаса, зиянды дағдылардан адам емін-еркін құтылып кетеді. Ағза тазарады. Қан құрамы өзгереді. Адамның көңіл-күйі көтеріле түседі.
