- •Ж.Ж.Жатқанбаев
- •Валеология
- •Алматы 2002
- •1 Валеология пәні және оның мақсаты мен міндеттері
- •1.1. Валеология пәні
- •1.2. Валеология — денсаулық туралы гылым.
- •1.3. Валеология — иитегралды ғылым
- •1.4. Денсаулык түрлері
- •1.5. Валеология — салауатты өмір сүру салты
- •Кемтар сәби көбейіп т¥р
- •1.6. Салауатты өмір сүрудің салтын бүзатын факторлар
- •1.7. Денсаулыққа зиян келтіретін негізгі ішкі және сыртқы факторлар
- •1.8. П.К.Ивановтың "Табиғатпен табысқан ғұмырындағы табиғи сауықтыру жүйесі"
- •1.8.1. Педагог — Ертіс Ахметов
- •1.8.2. П.К.Ивановтың "Қарғаш" ілімі
- •1.9. Валеология және педагогика
- •1.10. Оқушылардың еңбек сүйгіштігі
- •1.11. Адам және валеология
- •II денсаулық және физикалық белсенділік
- •2.1. Физикалық белсенділік
- •2.2. Дене жатығуларымен шұғылданамын дейтін оқушыларға арналған кейбір ережелер
- •2.3. Жүрек жиырылысы жиілігіне қарай валеологиялық жаттығулар жүргізу режимдерінің кейбір түрлері
- •2.4. Өз дене жағдайын оқушылардың өзі бағалау әдістері
- •2.5. Валеологиялық жаттығулар жасайтын оқушыларға арналған валеологиялық дене шынықтыру түрлері
- •2.6. Денсаулығыңыз мықты болсын құрметті оқушылар
- •2.7. Гиподинамия
- •Гиподинамия көріністері
- •2.8. Валеология ғылымын жақтаушылар Поль Брэгг
- •2.9. Поль Брэгг және оның сауықтыру жүйесі (валеологиясы)
- •2.10. Н.М. Амосов және онын сауықтыру жүйесі
- •III. Денешынықтыру - денсаулық тіреп
- •3.1. Денешынықтыру
- •3.2. Терморегуляция
- •Терморегуляция
- •3.3. Дененшынықтырудың және биохимиялық негіздері
- •3.4. Денешынықтырудың негізгі қағидалары мен жағдайлары
- •3.5. Атмосфералық ауа арқылы денені шынықтыру
- •3.6. Таза ауа — тіршілік кепілі
- •3.7. Денені суық сумен шынықтыру
- •3.11. Валеолошяға белгілі болған адамдар және олардыц іс-әрекеті
- •4.1.Асқорыту жүйесі
- •4.2. Зат алмасу
- •4.3. Тағамдардағы коректік заттар
- •Балалар мен жас өсіпірімдерге қажетті белоктардың, майлардың, көмірсулардың физиологиялық мөлшері (күніне грамм есебімен)
- •4.4. Ағза массасын қалыпты түрде сақтау
- •Дені сау балалардың бойының өсуі мен дене массасының
- •4.5. Тағам мен денсаулық арасындағы байланыс
- •4.6. Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулык үшін маңызы
- •4.7. Витаминдер — денсаулық тірегі
- •Суда еритін витаминдер
- •В2 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
- •Никотин қышқылы
- •В5 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
- •Кобаламин /в,2 витамині, антианемиялық/
- •Пангам қышқылы /в15 витамині/
- •Аскорбин қышқылы /с витамині, цингага қарсы/
- •Р витамині /флавон, цитрин, рутин/
- •Биотин /н витамині/
- •Птероилглютамин - фолий қышқылы
- •Парааминобензой қышқылы
- •Майда еритін витаминдер Ретинол
- •Кальциферол
- •Токоферол
- •Ғ витамині
- •Q витамині (убихинон)
- •4.8. Ағза тазалығы және денсаулық
- •Н. Семенова
- •4.9. Тамакты шикілей жеу — денсаулык кепілі
- •5.1. Денсаулық психологиясы
- •5.2. Денсаулық және эмоция
- •5.3. Денсаулык және ерік
- •5.4. Стресті болдырмаудың жолдары
- •5.5. Психогигиена және денсаулық
- •5.5.1. Жас ерекшелік шеихогигиенасы
- •5.5.2. Еңбек және оку психогигиенасы
- •5.5.3. Ақыл ой еңбектерінің психогигиенасы
- •5.5.6. Үжымдағы тфшілік өмір психогигаенасы
- •6.2. Гигиена ғылымының негізгі бағыттары
- •6.3. Тәуліктік жүйе режимі
- •6.4. Дене тазалығы
- •6.4.2. Шаш пен тырнақ күтімі
- •6.4.4. Аяқ күтімі (Аяғым менің алтыным)
- •6.4.6. Тіс және ауыз қуысы гигиенасы
- •6.4.7. Киім-кешек және аяқ киім тазалығы (гигиенасы)
- •Үіі. Өнегелі жыныс тәрбиесі
- •7.1. Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?
- •7.2. Өнегелі жыныс тәрбиесінің максаттары:
- •7.3. Өнегелі жыныс тәрбиесі аса күрделі проблема
- •7.4. Өнегелі жыныс тәрбиесінің үлгісі Өнегелі жыныс тәрбиесінің үш үлгісі
- •7.5. Өнегелі жыныс тәрбиесінің негізгі кағидалары
- •7.6. Жыныстық білім тәрбиесі және оның негізгі бөлімдері
- •17 Таблица Өнегелі жыныс тәрбиесін айқындайтын критерилер
- •7.7. Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар
- •8.1. Есірткі заттар және денсаулық.
- •8.2. Денсаулық және наркотикалық заттар.
- •8.3. Зиянды дағды тудыратын заттардың ғылыми терминдері
- •8.4. Алкоголь және денсаулық
- •Денсаулық және залалды дағдылар
- •8.5. Денсаулық және темекі шегу
- •8.6. Залалды дағдыдан құтылуға арналған профилактика
- •8.7. Сауықтырудың көп таралған түрлері1
- •9. Медитацияның түрлері.
- •Дианетика
- •IX. Жастарға валеологиялық білім және
- •9.1. Қазақстан биосферасы
- •9.2. Валеология және этнопедагогика (ұлттық дәстүр)
- •9.3 Батыстағы Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері
- •9.4. Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферана тигізетін әсері
- •9.5. Балқаштағы болашақ атом электрстанциясы қазақ еліне зиян келтіреме?
- •9.6. Родон денсаулыққа әсер етеме?
- •9.7. Радиоактивті қалдықтардың адам денсаулығына әсері қандай?
- •9.8. Радиациядан қорғанудың жолдары
- •Жасанды радиоактивті элементтердегі сәулелену (жылдық доза мөлшері)
- •9.10. Адамның тамақ ішуінің адекватты теориясы.
- •9.11. Адам ағзасындағы биорегуляторлар (биореттеушілер)
- •9.12. Теңестірілген тағам теориясы
- •9.13. Адамның миы — ақылдың қайнар көзі
- •9.14. Адамдар ағзасының "Үшінші жағдайы" дегеніміз не?
- •Жумакан жатканбаев
- •Валеология
6.4.2. Шаш пен тырнақ күтімі
Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс ролін атқаратынын айтпай кетуге болмайды.
Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы тусіп, 50 тал шашты өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000 тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100 000-дай. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойған да дұрыс. Ол шашты қоректік затпен қамтамасыз етеді. Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа ауру пайда болады. Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын жуған дұрыс. Ұзын майлы шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуған жөн. Қысқа шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуып отырған дұрыс. Шашты жуу үшін белгілі бір шампунды пайдалану керек, су жылы болғаны дұрыс. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаш бір түрлі түскс өзгереді. Жарқырап жайнамайды. Сондықтан да шампунмен жуған дұрыс. Ұзын шашты өте ұқыптылықпен жуу керек. Шашты таратып отыру керек. Майлы шашты сабынды спиртпен жуу керек. Әсіресе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көқ сабын шашты дезинфекциялайды. Шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Шампуньмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият түрде жуу керек. Шампуньнің микробтарын түгелімен кетіру үшін. Шаш жарқырап түру үшін шашты 1 литр суға асқаналық қасықпен 2 қасық 8 %-ті сірке қышқылын қосып шашты шаю керек.
Содан кейін тарақпен тарау керек. Тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты таза ұстау керек. Ыстық сумен сабындап үнемі жуып отыру керек. Әрбір адамның өзінің тарағы болуы тиіс.
6.4.3. Аяқ-қол саусақтары, тырнақтары және олардың күтімі
Аяқ және қол саусақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Кейбір кездерде газет-журналдарда хабарландыру жүреді. Тырнақ өсірсміз деғен. Оны мен түсінбеймін. Тырнақ алу гигиенаның ең
130
бір басты міндеті. Бір аптаға тырнақ 0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағада тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланды. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқүлақтар (көкзендер) өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді.
6.4.4. Аяқ күтімі (Аяғым менің алтыным)
Адамның аяғы — оның астындағы көлігі. Аяқ жүруге ыңғайланған. Адам аяғымен алыс қашықтыққа жүруі мүмкін. Мен (осы кітаптың авторы) 1942 жылы 400-500 километр қашықтық жерді жалаң аяқ жүріп өткенмін. Аяғымда ботинкам бар еді тозып қалады ғой деп, оны шешіп алып мойныма іліп алған едім. Бұл кез Ұлы Отан соғысының жүріп жатқан кезіеді. 400-500 шақырым жср аз жер емес. Иен дала болатын, ұшқан құс, жүгірген аң маған кездескен емес. Түнде мен маяланған шөптің немесе бидайдың маялап қойған сабанына кіріп кетіп, сонда ұйықтайтынмын. Таң атысымен жүгіріп отыратынмын 7 күн, 7 түн ішінде мен ыстық тамақ ішпедім. Тек біреудің пісіріп берген аз ғана наны болған соны мен қорек еттім. Шай ішпедім. Ол аймақта халық өте сирек тұратын. Ауылға баруға маған болмайтын еді. Сондай алыс қашықты аяғыммен жүріп шықтым. Менің аяғым Берлиннің көшесін таптады. Бухаресті көрді. София қаласын аралады. Болгарияның раушан гүлін өсіретін алаңдарда болды. Алтын Праганы басты. Ұзақ уақыт суық-сазды Санкт-Петербургте етті. Аязды Москвада жүрді. Орал тауларын аралады. Қостанай даласын шарлады. Аяғым менің — алтыным. Аяғым мықты. Ауру емес. Ала аяқта емес. Мен үнемі аяғымды ерекше күтімге алып жүремін. Тізеге массаж жасап, уқалап қойған дұрыс. Массажды күнделікті жасап отыру керек. Ұйықтар алдында аяқты сабындап жылы сумен жуып, орамалмен кұрғатып сүрту керек. Ерінбеген қажет. Табанды ағаштан жасалған массажермен ұрғылау керек. Жазда үнемі жалаңаяқ жүрген дұрыс. Аяққа таза мақтадан носкилер киген жөн. Носкидің резинкалары аяқты қыспау керек. Қан айналасына тосқауыл жасайтындай болған жөн.
131
6.4.5. Қол күтімі
Адам өмірінде адамның қолы ерекше роль атқарады, Адамның қолы неше түрліні жасайды ғой. Тіпті адам атом бомбаларын, неше түрлі механизмдерді, автомобильдерді, ұшақтарды, өте күрделі компьютерлерді қолымен жасаған.
Адам қолы сылап-сипап, мәпелеп жас сәбилерді өсіреді. Адамның қолынан келмейтіні жоқ. Бұрын адам төрт аяқтап жүрген, кейін ағаштарға өрмелеп, ағаш басындағы жемістерді алып
жеймін деп адамның қолы жетілген, қолымен бірге тіл шықты. Ақыл-ой дамиды. Адамзат баласы басқа жануарлар дүниесінен бөлініп өте жоғары деңгейге көтеріле түсті.
Адамның қолы әрқашанда ашық, сондықтан да қол күтіміне ерекше көңіл бөлінгені дұрыс. Қолдың терісі үнемі жуа бергендіктен шытынап жарылады. Істеген жұмыстан кейін жылы сумен сабындап щетканы пайдаланып жуып отыру керек. Жақсылап сүртіп кептіріп, қолға арналған крем немесе желе жағу керек (крем для рук). Өте кір жұмыстар істеу үшін (үй ішін тазалау, үйдің жанындағы бау-бақшаларда жұмыс істеу үшін қолға перчаткалар киіледі немесе қолды қорғайтын крем жағьш алады. Құрғақ қолды кешке ұйықтардың алдында арнаулы қоректік кремді жаққан дұрыс. Өсімдік майларын қолға жағып отырған жөн. Майлағаннан кейін мақтадан тоқылған жұқа перчатка киіп алған дұрыс. Өте қатты терлейтін қол болса, онда дәрігерге көрінугс болады. Әлсіз сірке қышқылымен қолды жуьш, аздаған ұнтақ сеуіп қойған жөн. Қол қызыл болса, қан айналымы дұрыс болмағаны, адамның қолының ауыратынының белгісі. Оны арнаулы түрде емдеген дұрыс. Ол үшін шөптен жасалған қайнатпамен жуу керек, немесе булау керек. Қолға массаж жасап отыру керек.
