Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валеология (оқулық).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.9 Mб
Скачать

5.1. Денсаулық психологиясы

Денсаулық-физикалық, соматикалық, әлеуметтік және рухани болып, төртке бөлінеді. Ағзада денсаулықтың осы аталған түрлері бірі-бірімен ете тығыз байланыста болады (14-таблица).

"Салауатты өмір сүру салты" деген түсінік тек үстіртін көз-қарасқа ғана жарайтын жан дүние болып көрінетіні сөзсіз.

Психологиясы сау адам ауруды болдырмауы, ауырған күнде қайтседе одан сауығудың тәсілдерін пайдаланып, одан қандайда болмасын құтылады. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілеттілігіне әсер ететіні, керісінше адамның бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқаттарды өзі ойлап тауып білгір бола кетсе, онда оның психикасының тепе-тендігі бұғылғаны дей бер. Мұндай сырқаттар мен сырқаттанғандарды ядрогендік (өзін-өзі сендіруден болатын сырқат деп түсіндіреді. Кейбір жағдайларда ауыр күйзеліс жағдайды басынан еткізген немесе қатты ренжіген адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы айтылғандардың бәрі дене (ағза) саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтын керек екенін аңғартады.

Сырқаттанған адамның көңіл-күйін көтеру, оның көңіліне (психикасына) жазылып кетемін деген психикалық ой-пікір тудыру, бұл дәрі-дермектерден артық баға жетпес дүние. Сонымен бірге сырқаттан жазылуына рухани сенім тудырып, көңіл-күйді көтере түседі. Ағзада ерекше қарсылық күші пайда болады. Яғни ерекше түрде дамыған жасырынып жатқан ағза күші ояна кетеді. Иммунитет дами түседі.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректеріне қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады. Сондықтан күнзелістің тетік-тегершігін анықтау, онын, мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның зиянды әрекеттерінен аулақ болу керек. Күйзеліс ағзаның қорғаныс функциясында атқарған Г. Сельменің айтуына қарағанда, "күйзеліссіз өмір өлі". Ол эксперимент жүргізу үшін егеуқұйрықтарды алып, оларды үш топқа белген. 1-топтағы егеуқұйрықтарды үнемі күйзеліссіз жерде, тыныштықта ұстаған, ал екінші топтағы егеуқұйрықтарға қысқа мерізімді күйзеліс тудырып отырған.14-т а б л и ц а Денсаулық және психикалык тепе-тецдік

113

14-таблица Денсаулық және психикалық тепе-теңдік

114

Үшінші топтағы егеуқұйрықтарға үздіксіз күйзеліс тудырған. Осының нәтижесінде: екінші топтағы жануарлар ұзақ жылдар бойы елместен тіршілік ете берген. Осындан келіп үлкен қорытынды жасаған. Қандайда болмасын күйзеліс қажет екендігін дәлелдеген. Күйзеліс кезінде ағза көптеген гормондарды адреналин мен норадреналинды бөліп шығарады екен. Адамның қобалжуы денедегі адреналиннің көп мөлшерде бөлініп шығуына байланысты.

Г. Селье күйзелісті үш кезеңге бөледі.

1) абыржу кезеңі; 2) төзімділік (резистенттік); 3) әлсірету кезеңі.

Бұл биологиялық жағдайлардың барлығын жеңу үшін айналаны қоршаған ортаның жаңа жағдайларына ағзаның бейімделу қабілетінің деңгейін (резистенттігін) жоғары деңгейге жеткізу керек. Күйзелістік (стрестік) әсер алдымен орталық нерв жүйесін мазалайды, сипатикалық нерв жүйесінің мөлшерден тыс жұмыс істейтіндігін арттырады. Бұлардың неше түрлі үрдістерін туғы-затын гормондар бар. Олар адреналин мен норадреналин. Бұған ағзадағы (мидағы) гипофиз қосылады да өте үлкен физиоло-гиялық-биохимиялық үрдістердің жүруіне әкеп соғады. Бүйрек бездерінің глюкокортикоидты гормондарының белінуін арттырып ағзаға күйзеліс (стресс) тудырады. Оның әсері созылып кетсе, ағза әлсіреп кетеді. Адреналиннің концентрациясы мөлшерден тыс көбейе түседі. Бұл ағзаны әбден әлсіретеді. Ұзақ уақытқа стресс созьшса ағзаға тіпті жаман өзгерістер әкеледі. Адамының көңіл-күйі тым төмендеп кетіп денсаулық нашарлап ұйқы қашады. Бұл жақсы биологиялық көрсеткіш емес. Егер күйзеліс жиі-жиі болып тұрса онда ағзада бұрынғы қалпына келмейтін физиологиялық-биохимиялық үрдістер жүріп, дәрменсіздік пайда болады. Психикалық дерттер ағзада орын ала бастайды.

1950—1970 жылдары өсімдіктер физиологиясын да стресс

жануарлар физиологаясында психиологиялық стресс деген

биологиялық терминдер пайда бола бастады. Өмірге, тұрмыс

игілігіне, стресс әлеуметтік қоғамдағы орнына, адамгершілігіне,

өзіне деген биологиялық ерекшелігіне күмәндік сезім тудыратын

оқиғалар психологиялық стрестің себепкері болып саналады

(Х. Қ. Сәтбаева және т. б. 1999, 115 бет). Ддамзат баласы өзін-өзі

тәрбиелеудің, танымдық сезімін күшейтудің нәтижесінде таным-

лдық қызығушылығы артып, ауыр стресс тудыратын факторларды

болдырмай, ал ол бола қалған жағдайларда олардан тез арада

шығып кетіп отырады.

115