- •Ж.Ж.Жатқанбаев
- •Валеология
- •Алматы 2002
- •1 Валеология пәні және оның мақсаты мен міндеттері
- •1.1. Валеология пәні
- •1.2. Валеология — денсаулық туралы гылым.
- •1.3. Валеология — иитегралды ғылым
- •1.4. Денсаулык түрлері
- •1.5. Валеология — салауатты өмір сүру салты
- •Кемтар сәби көбейіп т¥р
- •1.6. Салауатты өмір сүрудің салтын бүзатын факторлар
- •1.7. Денсаулыққа зиян келтіретін негізгі ішкі және сыртқы факторлар
- •1.8. П.К.Ивановтың "Табиғатпен табысқан ғұмырындағы табиғи сауықтыру жүйесі"
- •1.8.1. Педагог — Ертіс Ахметов
- •1.8.2. П.К.Ивановтың "Қарғаш" ілімі
- •1.9. Валеология және педагогика
- •1.10. Оқушылардың еңбек сүйгіштігі
- •1.11. Адам және валеология
- •II денсаулық және физикалық белсенділік
- •2.1. Физикалық белсенділік
- •2.2. Дене жатығуларымен шұғылданамын дейтін оқушыларға арналған кейбір ережелер
- •2.3. Жүрек жиырылысы жиілігіне қарай валеологиялық жаттығулар жүргізу режимдерінің кейбір түрлері
- •2.4. Өз дене жағдайын оқушылардың өзі бағалау әдістері
- •2.5. Валеологиялық жаттығулар жасайтын оқушыларға арналған валеологиялық дене шынықтыру түрлері
- •2.6. Денсаулығыңыз мықты болсын құрметті оқушылар
- •2.7. Гиподинамия
- •Гиподинамия көріністері
- •2.8. Валеология ғылымын жақтаушылар Поль Брэгг
- •2.9. Поль Брэгг және оның сауықтыру жүйесі (валеологиясы)
- •2.10. Н.М. Амосов және онын сауықтыру жүйесі
- •III. Денешынықтыру - денсаулық тіреп
- •3.1. Денешынықтыру
- •3.2. Терморегуляция
- •Терморегуляция
- •3.3. Дененшынықтырудың және биохимиялық негіздері
- •3.4. Денешынықтырудың негізгі қағидалары мен жағдайлары
- •3.5. Атмосфералық ауа арқылы денені шынықтыру
- •3.6. Таза ауа — тіршілік кепілі
- •3.7. Денені суық сумен шынықтыру
- •3.11. Валеолошяға белгілі болған адамдар және олардыц іс-әрекеті
- •4.1.Асқорыту жүйесі
- •4.2. Зат алмасу
- •4.3. Тағамдардағы коректік заттар
- •Балалар мен жас өсіпірімдерге қажетті белоктардың, майлардың, көмірсулардың физиологиялық мөлшері (күніне грамм есебімен)
- •4.4. Ағза массасын қалыпты түрде сақтау
- •Дені сау балалардың бойының өсуі мен дене массасының
- •4.5. Тағам мен денсаулық арасындағы байланыс
- •4.6. Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулык үшін маңызы
- •4.7. Витаминдер — денсаулық тірегі
- •Суда еритін витаминдер
- •В2 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
- •Никотин қышқылы
- •В5 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
- •Кобаламин /в,2 витамині, антианемиялық/
- •Пангам қышқылы /в15 витамині/
- •Аскорбин қышқылы /с витамині, цингага қарсы/
- •Р витамині /флавон, цитрин, рутин/
- •Биотин /н витамині/
- •Птероилглютамин - фолий қышқылы
- •Парааминобензой қышқылы
- •Майда еритін витаминдер Ретинол
- •Кальциферол
- •Токоферол
- •Ғ витамині
- •Q витамині (убихинон)
- •4.8. Ағза тазалығы және денсаулық
- •Н. Семенова
- •4.9. Тамакты шикілей жеу — денсаулык кепілі
- •5.1. Денсаулық психологиясы
- •5.2. Денсаулық және эмоция
- •5.3. Денсаулык және ерік
- •5.4. Стресті болдырмаудың жолдары
- •5.5. Психогигиена және денсаулық
- •5.5.1. Жас ерекшелік шеихогигиенасы
- •5.5.2. Еңбек және оку психогигиенасы
- •5.5.3. Ақыл ой еңбектерінің психогигиенасы
- •5.5.6. Үжымдағы тфшілік өмір психогигаенасы
- •6.2. Гигиена ғылымының негізгі бағыттары
- •6.3. Тәуліктік жүйе режимі
- •6.4. Дене тазалығы
- •6.4.2. Шаш пен тырнақ күтімі
- •6.4.4. Аяқ күтімі (Аяғым менің алтыным)
- •6.4.6. Тіс және ауыз қуысы гигиенасы
- •6.4.7. Киім-кешек және аяқ киім тазалығы (гигиенасы)
- •Үіі. Өнегелі жыныс тәрбиесі
- •7.1. Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?
- •7.2. Өнегелі жыныс тәрбиесінің максаттары:
- •7.3. Өнегелі жыныс тәрбиесі аса күрделі проблема
- •7.4. Өнегелі жыныс тәрбиесінің үлгісі Өнегелі жыныс тәрбиесінің үш үлгісі
- •7.5. Өнегелі жыныс тәрбиесінің негізгі кағидалары
- •7.6. Жыныстық білім тәрбиесі және оның негізгі бөлімдері
- •17 Таблица Өнегелі жыныс тәрбиесін айқындайтын критерилер
- •7.7. Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар
- •8.1. Есірткі заттар және денсаулық.
- •8.2. Денсаулық және наркотикалық заттар.
- •8.3. Зиянды дағды тудыратын заттардың ғылыми терминдері
- •8.4. Алкоголь және денсаулық
- •Денсаулық және залалды дағдылар
- •8.5. Денсаулық және темекі шегу
- •8.6. Залалды дағдыдан құтылуға арналған профилактика
- •8.7. Сауықтырудың көп таралған түрлері1
- •9. Медитацияның түрлері.
- •Дианетика
- •IX. Жастарға валеологиялық білім және
- •9.1. Қазақстан биосферасы
- •9.2. Валеология және этнопедагогика (ұлттық дәстүр)
- •9.3 Батыстағы Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері
- •9.4. Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферана тигізетін әсері
- •9.5. Балқаштағы болашақ атом электрстанциясы қазақ еліне зиян келтіреме?
- •9.6. Родон денсаулыққа әсер етеме?
- •9.7. Радиоактивті қалдықтардың адам денсаулығына әсері қандай?
- •9.8. Радиациядан қорғанудың жолдары
- •Жасанды радиоактивті элементтердегі сәулелену (жылдық доза мөлшері)
- •9.10. Адамның тамақ ішуінің адекватты теориясы.
- •9.11. Адам ағзасындағы биорегуляторлар (биореттеушілер)
- •9.12. Теңестірілген тағам теориясы
- •9.13. Адамның миы — ақылдың қайнар көзі
- •9.14. Адамдар ағзасының "Үшінші жағдайы" дегеніміз не?
- •Жумакан жатканбаев
- •Валеология
Кобаламин /в,2 витамині, антианемиялық/
XIX ғ. ортасында асқазанның сілемей қабаттарының дертке шалдығатындығы мен қанда шамадан тыс мөлшері жағынан едәуір жетілмеген қызыл қан түйіршіктері кездесетіндігі туралы анықталып, бұл ауруды пернициозды анемия деп атады. Мұны жұқпалы аурулар қатарына жатқызып көп уақытқа дейін емдеу тәсіл табылмады. 1926 жылы осы қатерлі қан азаюына қарсы адамдарға шикі бауырды бергенде, оның қан құрамын жақсартуға пайдасы тигендігі байқалды. 1948 жылы бауырдан структурасы жағынан қан геминіне ұқсас, құрамында кобальт бар, жаңа витамин кристалдық түрде бөлініп алынады. Бұл құрамы жағынан өте күрделі қосылыс В12 витамині немесе цианкобаламин болатын. Ол дені сау адамның асқазан сөлінде кездесетін, құрамында 11—12 % гексамині бар, мукопротеин — белогі екен.
Пангам қышқылы /в15 витамині/
1950 жылы Томияма деген оқымысты ірі қараның бауырынан В15 витаминін бөліп алды. Бір жыл өткен соң Кребс бұл затты жылқының бауырынан, күріштің кебегінен, ашытқыдан және өріктің сүйегінің құрамынан анықтады. Біраз жылдан соң панғам қышқылы сыра ашытқысынынан, көптеген өсімдіктер тұқымдары мен жануарлар ткандері құрамынан да табылады. Бұл витамин түрі табиғатта кеңінен таратылғандықтан, оны пангам қышқылы деп атады /ол гректің рапtоthеп — барлық жерде кездеседі деген сөзінен алынған/.
Аскорбин қышқылы /с витамині, цингага қарсы/
1820 жылы Австралия дәрігері Крамер белгісіз аурудың әсерінен адамның тістерінің еті қанталап, түбі босап, тіс түсіп және оңай жарақаттанғыш келетінін, тері экземасы пайда болатынын, организмнің жұмысқа деген қабілеті кеміп, тез шаршай-
100
тынын кезінде жазып сипаттаған еді. Бұл аурумен, әсіресе теңізшілер, жауынгерлер, жиһанкездер ұзақ сапарға шыққанда жиі ауырады екен. Мысалы, Португалияның атақты теңізшісі Васко да Гаманың Индияға бірінші саяхатында 100 адамнан, ал бір жылдай кейінгі екінші саяхатында 160 теңізшісінің 150-нен айырылуының себебі осы құрқұлақ ауруының салдарынан екен.
XVI ғасырдың басында атақты Христофор Колум Жаңа жерге
бара жатқан сапарында белгісіз аурумен ауырып, хал үстінде жатқан бірнеше теңізшісін кездескен бір аралда қалдырып кетеді. Бірнеше айдан кейін қайтып оралып келе жатқанда жаңағы "адам болмас" деп, күдер үзіп қалдырып кеткен жолдастарының дендері сау, күліп-ойнап алдарынан шыққанда таңғалып, тамашаласқан екен. Сұрай келе олардың жаңағы аралда жеуге жарайтын түрлі жас өсімдіктер мен олардың жеміс-жидектерін жеп айыққандары мәлім болды.
Адам тарихындағы ең бірінші дүние жүзілік саяхат кешкен Магеланның үш кеме толы теңізшілерінен Отаны Испанияға оралғанда небары бірнеше ғана адам тірі қайтқаны белгілі. Соның көпшілігі жолшыбай осы құрқұлақ ауруынан қаза тапқан. Россия ғылым академиясының атақты Сібір экспедициясын басқарған Витус Берингте осы құрқұлақтан қазатапты.
Бұдан бізге XX ғасырдың басына дейін бүкіл дүние жүзінде қүрқүлақ /цинга/ ауыруының етек алып келгені белгілі болып отыр. Кейіннен бұл аурудың себебі организмде С витаминінің жеткіліксіздігінен екені анықталды.
1907 жылы Хольст пен Фрейлих шошқаларын құрамында жас жаңа шыққан овощтары жоқ — диетикалық тағамдармен қо-ректендіру арқылы жоғарыда аталған ауыруды туғызып байқады.
1921 жылы Н.Бессонов капустаның шырынынан тотығу-тотықсыздандыру қасиетіне ие және цингадан қорғайтын препарат алды.
1927—1928 жылдары венгр оқымыстысы Сент-Дьердьи малдың бүйрек үсті безінен жаңа зат бөліп алып, оның күшті тотықсыздандырғыш қасиеті барлығын және химиялық табиғаты жағынан гексурон қышқылы екендігін анықтады. Бұл қосылыстың цинга ауруынан қорғайтындығын аша отырып, оны аскорбин қышқылы /С витамині/ деп атады.
101
