- •Ж.Ж.Жатқанбаев
- •Валеология
- •Алматы 2002
- •1 Валеология пәні және оның мақсаты мен міндеттері
- •1.1. Валеология пәні
- •1.2. Валеология — денсаулық туралы гылым.
- •1.3. Валеология — иитегралды ғылым
- •1.4. Денсаулык түрлері
- •1.5. Валеология — салауатты өмір сүру салты
- •Кемтар сәби көбейіп т¥р
- •1.6. Салауатты өмір сүрудің салтын бүзатын факторлар
- •1.7. Денсаулыққа зиян келтіретін негізгі ішкі және сыртқы факторлар
- •1.8. П.К.Ивановтың "Табиғатпен табысқан ғұмырындағы табиғи сауықтыру жүйесі"
- •1.8.1. Педагог — Ертіс Ахметов
- •1.8.2. П.К.Ивановтың "Қарғаш" ілімі
- •1.9. Валеология және педагогика
- •1.10. Оқушылардың еңбек сүйгіштігі
- •1.11. Адам және валеология
- •II денсаулық және физикалық белсенділік
- •2.1. Физикалық белсенділік
- •2.2. Дене жатығуларымен шұғылданамын дейтін оқушыларға арналған кейбір ережелер
- •2.3. Жүрек жиырылысы жиілігіне қарай валеологиялық жаттығулар жүргізу режимдерінің кейбір түрлері
- •2.4. Өз дене жағдайын оқушылардың өзі бағалау әдістері
- •2.5. Валеологиялық жаттығулар жасайтын оқушыларға арналған валеологиялық дене шынықтыру түрлері
- •2.6. Денсаулығыңыз мықты болсын құрметті оқушылар
- •2.7. Гиподинамия
- •Гиподинамия көріністері
- •2.8. Валеология ғылымын жақтаушылар Поль Брэгг
- •2.9. Поль Брэгг және оның сауықтыру жүйесі (валеологиясы)
- •2.10. Н.М. Амосов және онын сауықтыру жүйесі
- •III. Денешынықтыру - денсаулық тіреп
- •3.1. Денешынықтыру
- •3.2. Терморегуляция
- •Терморегуляция
- •3.3. Дененшынықтырудың және биохимиялық негіздері
- •3.4. Денешынықтырудың негізгі қағидалары мен жағдайлары
- •3.5. Атмосфералық ауа арқылы денені шынықтыру
- •3.6. Таза ауа — тіршілік кепілі
- •3.7. Денені суық сумен шынықтыру
- •3.11. Валеолошяға белгілі болған адамдар және олардыц іс-әрекеті
- •4.1.Асқорыту жүйесі
- •4.2. Зат алмасу
- •4.3. Тағамдардағы коректік заттар
- •Балалар мен жас өсіпірімдерге қажетті белоктардың, майлардың, көмірсулардың физиологиялық мөлшері (күніне грамм есебімен)
- •4.4. Ағза массасын қалыпты түрде сақтау
- •Дені сау балалардың бойының өсуі мен дене массасының
- •4.5. Тағам мен денсаулық арасындағы байланыс
- •4.6. Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулык үшін маңызы
- •4.7. Витаминдер — денсаулық тірегі
- •Суда еритін витаминдер
- •В2 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
- •Никотин қышқылы
- •В5 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
- •Кобаламин /в,2 витамині, антианемиялық/
- •Пангам қышқылы /в15 витамині/
- •Аскорбин қышқылы /с витамині, цингага қарсы/
- •Р витамині /флавон, цитрин, рутин/
- •Биотин /н витамині/
- •Птероилглютамин - фолий қышқылы
- •Парааминобензой қышқылы
- •Майда еритін витаминдер Ретинол
- •Кальциферол
- •Токоферол
- •Ғ витамині
- •Q витамині (убихинон)
- •4.8. Ағза тазалығы және денсаулық
- •Н. Семенова
- •4.9. Тамакты шикілей жеу — денсаулык кепілі
- •5.1. Денсаулық психологиясы
- •5.2. Денсаулық және эмоция
- •5.3. Денсаулык және ерік
- •5.4. Стресті болдырмаудың жолдары
- •5.5. Психогигиена және денсаулық
- •5.5.1. Жас ерекшелік шеихогигиенасы
- •5.5.2. Еңбек және оку психогигиенасы
- •5.5.3. Ақыл ой еңбектерінің психогигиенасы
- •5.5.6. Үжымдағы тфшілік өмір психогигаенасы
- •6.2. Гигиена ғылымының негізгі бағыттары
- •6.3. Тәуліктік жүйе режимі
- •6.4. Дене тазалығы
- •6.4.2. Шаш пен тырнақ күтімі
- •6.4.4. Аяқ күтімі (Аяғым менің алтыным)
- •6.4.6. Тіс және ауыз қуысы гигиенасы
- •6.4.7. Киім-кешек және аяқ киім тазалығы (гигиенасы)
- •Үіі. Өнегелі жыныс тәрбиесі
- •7.1. Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?
- •7.2. Өнегелі жыныс тәрбиесінің максаттары:
- •7.3. Өнегелі жыныс тәрбиесі аса күрделі проблема
- •7.4. Өнегелі жыныс тәрбиесінің үлгісі Өнегелі жыныс тәрбиесінің үш үлгісі
- •7.5. Өнегелі жыныс тәрбиесінің негізгі кағидалары
- •7.6. Жыныстық білім тәрбиесі және оның негізгі бөлімдері
- •17 Таблица Өнегелі жыныс тәрбиесін айқындайтын критерилер
- •7.7. Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар
- •8.1. Есірткі заттар және денсаулық.
- •8.2. Денсаулық және наркотикалық заттар.
- •8.3. Зиянды дағды тудыратын заттардың ғылыми терминдері
- •8.4. Алкоголь және денсаулық
- •Денсаулық және залалды дағдылар
- •8.5. Денсаулық және темекі шегу
- •8.6. Залалды дағдыдан құтылуға арналған профилактика
- •8.7. Сауықтырудың көп таралған түрлері1
- •9. Медитацияның түрлері.
- •Дианетика
- •IX. Жастарға валеологиялық білім және
- •9.1. Қазақстан биосферасы
- •9.2. Валеология және этнопедагогика (ұлттық дәстүр)
- •9.3 Батыстағы Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері
- •9.4. Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферана тигізетін әсері
- •9.5. Балқаштағы болашақ атом электрстанциясы қазақ еліне зиян келтіреме?
- •9.6. Родон денсаулыққа әсер етеме?
- •9.7. Радиоактивті қалдықтардың адам денсаулығына әсері қандай?
- •9.8. Радиациядан қорғанудың жолдары
- •Жасанды радиоактивті элементтердегі сәулелену (жылдық доза мөлшері)
- •9.10. Адамның тамақ ішуінің адекватты теориясы.
- •9.11. Адам ағзасындағы биорегуляторлар (биореттеушілер)
- •9.12. Теңестірілген тағам теориясы
- •9.13. Адамның миы — ақылдың қайнар көзі
- •9.14. Адамдар ағзасының "Үшінші жағдайы" дегеніміз не?
- •Жумакан жатканбаев
- •Валеология
1.2. Валеология — денсаулық туралы гылым.
Мен өзімді әлемге қандай болуым керек екендігіме алып келдім. Адам болуым үшін қандай болуым керек - ақылды, әдемі және денсаулығым күшті болуы керек.
Иммануил Кант
Біз, әрқашан өзімізде ата-анамыздың қалдырған байлығын қалай болса солай шашумен айналысып келеміз, денсаулықтың қандай қымбат қазына екеніне түсінбестен туған туындылар. Ол ата-анадан келген байлық. Біз денсаулықты есепсіз қалай болса солай кетіруге тырысамыз, денсаулықтың келешекте не болатынын ескермеймізде. Денсаулықтың не екенін, оның қадірін тек ауырғанда ғана білеміз.
М. Леттенкофер
Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің,
Жастық шақтың қадірін, қартайғанда білесің... - дейді қазақ.
9
Осы тарауды оқығанда мына төмендегі білімдерді білесіз.
1. "Валеология" қандай ғылым екенін;
2. Валеологиялық білімнің негізгі қайнар көзі туралы;
3. Қандай адамды валеологиялық бағытталған тұлға деп білу туралы;
4. Белгілі валеологтар туралы және олардың еңбектері жайында.
1.3. Валеология — иитегралды ғылым
Валеология — медицина ғылымдарының саласы емес. Ол меди-цина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнау-лы функциялары бар.
И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: "Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек. Оның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы эколо-гиямен, биологиямен, мсдицинамен, психологиямен, педагогикамен және т.б. ғылымдармсн тығыз байланыста болады. Жаңа интегральды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамып отырады.
Валеология — И. И. Брехманның айтуына қарағанда, ол адамтану ғылымы деп айту керек. Оның көздеген мақсаты адамдардың денсаулығын арттыру, ауруларды болғызбау, аурулар-дың алдын-алу. Денсаулық ең принципті проблема. Валеологияның пайда болуы, дамуы жәнс қазіргі кездегі жағдайы адамзат баласының медениеті мен білімінің өсуіне байланысты. Қазіргі кезде валеология ғылымына үлкен сұраныстар көбейіп отыр. Космос кеңістігін игеруге байланысты валеология ғылымына сұраныс көбейді. Неге десеңіз? Валеология қазіргі заманның ғылымы. Денсаулық сақтау ғылымы.
Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын планетамызбен тығыз байланыста болады. Табиғат байлығымен бірге осіп, біте қайнасып келе жатыр. Адам денсаулығының потенциалды денсаулығын артгыруына көмектеседі.
Адамды емдеу дәрігерлердің алғашқы қадамынан бастап осы уақытқа дейін адамдардың дснсаулығын қорғау медицинаның бірінші міндеті болып келді. Кейін ол ғылым ретінде дамыды. Адамдардың денсаулығының мықты болуына да медиктер айтар-лықтай үлес қосып келеді. "Мсдицина ғылымы кейбір ғалымдардың
10
пайымдауынша медицина адамдарды емдеуді өзінің бірінші мақсаты' етіп қояды. Ауруларды зерттеу медицинаның міндеті, сондықтан да медицина — ауру туралы ғылым (И. И. Брехман).
Медицинаның біржақты дамуы деп жазды И. Давыдовский және отандық ғалымдар жэне шетел ғалымдары, адамдар ағзасының қасиетін дамытуға азда болса, жаңадан кірісе бастады. Ағзаның өзіндік табиғи қорғаныс күші бар екенін медиктер байқады. Ағзаның қорғаныс қасисті ете күшті болатынын медиктер бідці. Міне осыған байланысты, 1960 жылдан бастап саналогия ғылымы пайда болып, ол дами түсті. Саналогия дегеніміз — жалпы ілім — ағзаның ауруларға қарсы түру күші. Оның негізін санагенез құрайды. Санагенез — ағзалардьщ айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі, бейімделулік мсханизмдерінің динамикалық комплексі. Ол төтенше қоздырғыш факторлардың әсерінен пайда болады. Бұл бағытты дамытқан С. М. Павленко мен С. Ф. Олейник еді. Одардың айтуларына қарағанда, санагенездің көптегең механизмі арнаулы түрде жүргізілген жаттығулардың нәтижесінде қарқыңды түрде дами түседі деді. Ағза түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алатынын олар жазды.
Кейінгі кезде ағзалардың неше түрлі дерттерге қарсы тұратыны туа пайда болатын иммунитеттен болатыны байқалды.
И.И.Брехманның айтуына қарағанда, саналогия — ағзалардың дерттерден айығуы туралы ғылым деді. Оны денсаулық туралы ғылымы деп есептеуге болмайды.
Сондықтан да валеология медицина ғылымының негізінде пайда болған бірақ валеология жеке дара ғылым екені кейінгі кезде дәлелдене түсті. Валеологиялық проблемаларды ойдағыдай шешу үшін биология, экология, медицина, педагогика, физиология және тағы басқа ғылымдар интегративті түрде болуы керек.
Валеология ғылымыныд өзіне тән категориясы және негізгі зерттейтін міндсттері бар. Олар:
1) адамның денсаулығының қалай сақталуын білу;
2) актуалдылығы және потенциалды мүмкіндігін анықтау;
3) денсаулықтың сақталу факторларын зерттеу.
Осы және басқадай моселелерді шешу үшін өмір сүрудің сапасы мен салауатты өмір сүрудің салты арасындағы заңдылықтарды зертгеп, шешуғе болады. Сондай-ақ, адамның денсаулығы мен мәдениеттің арасындағы байланыстардың заңдылықтары анықталуы тиіс, сонымен бірге адамдардың денсаулығымен адамдардың иерархиялық қажеттілігін анықтап барып, барлық проблемаларды ойдағыдай шешуге болады.
Валеология — биология ғылымдарымен салыстырғанда жас ғылым. Оны зерттейтін мамандар көп емес. Денсаулықтың сақта-
11
луының негізі неге байланысты екені өлі де болса толығымен анықтала қойған жоқ. Оның анықталуы тиіс. Неше түрлі ғылыми. зерттеулер жүргізілуі керек.
Валеологияның интегративтілігі ғылымдардың бірімен-бірінің байланыстылығында. Оны аныктау қажет. Ғылымның бірімен-бірінің байланыстылығы адам денсаулығын күшсйтеді. Экология - айналаны қоршаған сыртқы ортамен тірі ағзалардың қарым-қатынастарын зерттейтін ғылым. Ол айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының денсаулыққа тигізетін өсерін анықтайды. Ал физиология - ағзада өтетін физиологиялық үрдстерді, олардың денсаулықтағы маңызын анықтайды. Адамның ішкі жағдайын зерттеп, сипаттама береді.
Ағзаның этапты түрде жас ерекшелігіне қарай анықтама береді. Медиктер дені сау адамның параметрін анықтайды. Ауруды емдейді, аурудың алдын алады. Ауырмаудың жолын көрсетеді. Осыған орай медицина ауруды емдейтін мекеме ретіңде саналады. Жас жеткіншекгерді аурудан сақтандыру тек медиктердің ғана жұмысы емес, сондай-ақ, бұл жұмысқа педагогтарда қатынасуы керек. Педагогика тәрбие туралы ғылым. Тұлғаның қалыпты жағдайда өсуі мен дамуына өз үлесін қосады. Жас адамдар күнделікті өмірде өз орнын тауып, белгілі бір тіршілік стилін тауып өмір сүруі мүмкін.
Адамдар адекватты тіршілік етуге әрқашанда дайын болуы керек. 1-суретте валеологиялық бағытталуын, тұлға қалай түсінетіннің схемасы (1-сурет) көрсетілген.
1-сурет. Валеологиялық бағытталған тұлға салауатты өмір сүруді осылай түсіне ме?
12
Валеология тұлға денсаулығына ерекше мән береді. Тұлға валеологияны қалай түсінеді. Тұлғаның валеология ғылымының дамуына үлес қосатын жолдары мен төсілдерін көрсетеді. Бұл схеманы дұрыс түсіну керек. Сонымен бірге, Қазақстан Респуб-ликасында валеологиялық мектептердің ғылыми принциптері берілгсн (1-таблица).
1-таблица. Қазақстан Республикасындағы валеологаялық
13
1-Таблицаның жалғасы
(Ж.Ж.Жатқанбаев жасаған)
14
Қорыта келе айтарымыз, валеологая денсаулық сақтау, салауатты өмір сүру салты ғылымы. Бұл терминді алғаш рет 1987 жылы
И. И. Брехман биология және медицина ғылымдарына енгізгенін біз жоғарыда айтқанбыз. И. И. Брехман өзінің еңбегінде былай деп жазды "Адам және биологиялық белсенді заттар" атты кітабында валеология терминін алғаш рет қолданған болатын. Дәрігер С.Фуллер "Адам және биологиялық белсенді заттар" деп аталатын кітапты ағылшын тіліне аударған кезде, ол кітаптың алғы сөзінде "валеология - денсаулық сақтау ғылымы деп жазды. Қазіргі кезде валеология өз алдына дара ғылым ретінде қалыптаса бастады. Ол адамдардың денсаулығын қамтамасыз ететін ғылым.
Бұл ғылымнын. нсгізін адам денсаулығы мен дені сау адам құрайды деп И.И.Брехман тұжырым жасаған. Валеология айналаны қоршаған сыртқы ортаның факторлары адам денсаулығына қалай әсер ететінін қарастырады. Сондай-ақ, биоәлеуметтік жағдайдың денсаулыққа тигізетін әсерінде анықтайды. Адамның үшінші жағдайда болуын да тексереді. "Үшінші жағдай туралы 9.14 — тараудан оқуға болады. Адамның "үшінші жағдайы" ұзақ мерзімге кететін биологиялық құбылыс.
Адамды "үшінші" жағдайдан шығару үшін валеология айтарлықтай роль атқарады. Валеология медицина ғылымдарына біршама жақындасады.
