Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Валеология (оқулық).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.9 Mб
Скачать

3.11. Валеолошяға белгілі болған адамдар және олардыц іс-әрекеті

Валеология халықтық педагогикамек тығыз байланыста болады. Адамдардың денсаулығының мықты болуына ұлттық әдет-ғұрыпта ерекше айтылады.

Валеологая ғылымы жас ғылым оиың пайда болғаны 1987 жылы. Бұл кезде адамдардың сана-сезімі өте тым өскен кез болатын. Осыған байланысты валеологиялық мектептер пайда болған еді.

Қазақстан Республикасында валеологиялық тәлім-тәрбие бе-рудің мектебінің негізін қалаған салауатты өмір сүрудің салтын жасаған Порфирий Ивановтың айқын ізбасары, бірнеше қоғамдық валеологиялық қозалыстың ұйымдастырушысы Сара Алпысқызы Назарбаева екенін айтпай кетуге болмайды.

Оның ең басты қызметінің бірі — ол көп адамдарды өзін-өзіне күшіне сенуге үйрете бідді. Сену адамның десаулығының негізгі жағдайы.

С.А.Назарбаева көптеген адамдарға мысал ретінде көрсете білді. Зерттеуші Л.З.Тельдің айтуына қарағанда, адамға дәрігерлер маңызды емес, олардың емдеу тәсілдсрі, олар қалай адамдарды үйрететіні өте маңызды болып есептелінеді. Сондай ұстаздардың қатарына Сара Алпысқызы Назарбаеваны жатқызуға болады. Өйткені ол көп адамдарды үйрете білді. Бәрімізге белгілі әлемге өйгілі қайырымдылық қорының "Бөбектің" Президенті. Бұл қор көптеген балабақшаларға көмек жасап келеді. Ауру-сырқау ба-лаларды емдейді. Оның ішінде өте ауыр формада ауыратын бала-ларға Қазақстанда және шет мемлекеттерде емделуге жәрдемдесіп келеді. Әсіресе экологиялық жағдайы өте нашар аймақтарда тұратын халықтардың балаларының денсаулығын сақтауда "Бөбек" қоры айрықша роль атқаратыны баршаға белгілі бола бастады. Әсіресе, Арал теңізі аймақтарында және Семей атом-

76

ядролық полигонында тұратын халықтардың бала-шағаларына айрықша көңіл бөлініп отыр. Адамдардың қайғы-қасіретінің бақытсыздығының неден болатын себептерін көрсетіп қоймай, олардан құтылудың жолын көрсетіп беретін адам дүниеге келген болатын. Ол Порфирий Корнеевич Иванов еді. Ғажап адам, тұтас тұлға, ерекше жасалған тұлға, өте жоғары деңгейде дамыған адам. Оның адамгершілігі, жан-дүниесі өте жоғары еді. Оны халық ұстаз деп атап кеткен.

Өте қиыншылық өмірді Иванов көп көрді. Адам айтқысыз қиыншылықтарды басынан өткізді. Терең шахтыларда ауыр жұмыс жасады. Металлургиялық зауыттардың ауыр жұмыстарында да болды. Орман-тоғайлардағы ағаш кесуде істеді. Поезд деполарында жұмыс жасады. Бір кезде оны ауру адамдардың қатарына жатқызып "ес алаң" (шизофрения) деген диагнозды дәрігерлер оған қойды. Осының салдарынан 12 жыл бойы абақтылар мен жындыханаларда болды. Дегенмен Луган облысындағы Верхний Кондрючий хуторы, Ивановтың тұрған жері Мекке сияқты қасиетті жерге айналатынын кім білген. Порфирий Корнеевич Ивановтан ақыл-кеңес алу үшін ашлатынын ешкімде ойламаған.

Ивановтың болжауынша, адамзат баласының бақытсыздыққа ұшырауының, еңбасты себебінің бірі - адамның табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болмауынан деп түсіндіреді. Адам табиғаттың заңдарын білмегендіктен, оған өте көп зиян келтіреді. Ол зиян адамдардың денсаулығына үлкен зиянын тигізеді. Ұстаз табиғатты дұрыс пайдаланудың жолын көрсете білді. Табиғаттың күшін өзі жақсы түсінді. Өзі көзімен көрді, қолымен ұстады.

Адамдардың дснсаулығын арттыратын табиғат деп П.К.Иванов таныды. Олы халыққа түсіндірді. 1930 жылдары денешынықтыру-жаттығудың жолдары өмірге келіп, ол дами бастады. ; Біртіндеп Иванов жүйесінің бес пункті қалыптаса бастады. Ұстаздың жұлдызы жанды. Сол бес пункттердің бірі - адамдармен әрқашан амандасып есен-саулығын сұра. Өзіңе кедергі келтіретіндерді де басқаларға қалама.

Суық суға шомыл, жетісіне бір рет 36 сағат бойы ас-судан аулақ бол! Ішімдік ішпе, темекі шекпе.

Табиғатта өз орныңды біл. Табиғатта салауатты өмір сүруге тырыс. Дұрыс ойлан, дұрыс түсін, дұрыс сөйле, дұрыс көңілді бөл. Өлең айт, күлкідсн ажырама.

"Менің қымбаттым деп жазды - П.К.Иванов - сенің барлық ауруың сенің нәзіктігіңнен пайда болады. Жылылықтан туындайды, содан дамиды, дәмді тағамдардан да неше түрлі дерттер пайда болады, тыныш өмір сүруден көп нәрселерде адам ағза-

77

сында пайда болып, қатерлі дертке айналады. "Менің идеямсыз адамдар тіршілік ете алмайды. Ал менің идеал табиғатпен достас, бірге пайдаланып емдел. Дерттерден айық.

П.К.Иванов өзінің қағидаларын "Қарғаш" атты ілімінде жазып кетті. Оны біз оқып үйреніп, іске асыруымыз керек. Ол денсаулықтың кепілі.

3.12. Дене тәрбиесі — валеология ғылымдарының бір саласы. Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда, Римде және басқадай еддерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы — адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф.Рабле, М.Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған. Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский "Ұлы дидактика", "Ана мектебі" атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді.

Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В.Н.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышев-ский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатьш. Ұлы педагог К.Д.Упшнский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың түсінігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы бар деп көрсетті.

ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Дене тәрбиесінің ғылыми негізде бірнеше ғылыми әдістемесі жасалынды. Ол валеологиялық тәрбиенің ең негізгі бағыттарының біріне айналды.

Гигиеналық-жаттығулар мен ұдайы шұғылдану, жугіру, шаңғы тебу, жүзу, қайық есу сияқты спорт ойындары мен арнаулы жаттығулар адамның тыныс алу үрдісін күшейтеді. Қан айналысып, зат алмасуын жақсартады.

Дене тәрбиесі адамның жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі. 1—3 жастағы балаларға арналған дене тербиесінің міндеті — балаларды гигиеналық күтімге алу, олардың дұрыс, уақытымен тамақтануын қадағалау, жас сәбилерді тазалыққа т.б. дағдыландыру. Мектеп жасына дейінгі (3—7 жас) балалардың дене тәрбиесі төзімділігін, қозғалғыштығьш, ептілігін қалыптастыруға

78

бағытталған. Балалар бақшасында аптасына бір рет 20—30 минут арнайы жаттығулар, күн сайын таңертең 4—5 минут гимнастика өткізілгені дұрыс. Дене тәрбиесінің негізгі саласы — гимнастика, ол спорт және мектептен тыс жұмыс ретінде де жүргізіледі. Дене тәрбиесі міндетті пән ретінде оқу бағдарламасына енгізілген.

Дене тәрбиесі барлық жоғары оқу орындарында жалпы дене шынықтыру курсы ретінде жүргізіледі.

79

ІҮ. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕҢЕСТІРІЛГЕН ТАҒАМ

Ас — адамның арқауы

Халык сөзі

Бұл тарауды оқи келе мына төмендегі проблемалармен танысуға болады.

1. Тамақтанудың денсаулық үшін маңызы,

2. Ұтымды тамақтану (рационалды тамақтану).

3. Үйлестірілген (сбалансирленген) тамақтармен қоректену.

4. Органикалық және минералды заттардың физиологиялық нормалары.

Тамақтану — өмірді, өсіп-өңуді, денсаулық пен адамның қыз-метіне деген сақтау тәсілі. Ағза, тамақ және сыртқы орта бірімен-бірі біте байланысқан. Тамақтану арқылы әрбір адам өзінің десаулығын сақтап, ғұмырын ұзартады. Жүйелі түрде тамақтанудың принциптерін толық білу керек. Өзінің қалыпты массаңды біліп, оны бір қалыпта тұрғылықты сақтай білу керек. Қажетті тағам компоненттері 4-таблицада көрсетілген.