- •Ж.Ж.Жатқанбаев
- •Валеология
- •Алматы 2002
- •1 Валеология пәні және оның мақсаты мен міндеттері
- •1.1. Валеология пәні
- •1.2. Валеология — денсаулық туралы гылым.
- •1.3. Валеология — иитегралды ғылым
- •1.4. Денсаулык түрлері
- •1.5. Валеология — салауатты өмір сүру салты
- •Кемтар сәби көбейіп т¥р
- •1.6. Салауатты өмір сүрудің салтын бүзатын факторлар
- •1.7. Денсаулыққа зиян келтіретін негізгі ішкі және сыртқы факторлар
- •1.8. П.К.Ивановтың "Табиғатпен табысқан ғұмырындағы табиғи сауықтыру жүйесі"
- •1.8.1. Педагог — Ертіс Ахметов
- •1.8.2. П.К.Ивановтың "Қарғаш" ілімі
- •1.9. Валеология және педагогика
- •1.10. Оқушылардың еңбек сүйгіштігі
- •1.11. Адам және валеология
- •II денсаулық және физикалық белсенділік
- •2.1. Физикалық белсенділік
- •2.2. Дене жатығуларымен шұғылданамын дейтін оқушыларға арналған кейбір ережелер
- •2.3. Жүрек жиырылысы жиілігіне қарай валеологиялық жаттығулар жүргізу режимдерінің кейбір түрлері
- •2.4. Өз дене жағдайын оқушылардың өзі бағалау әдістері
- •2.5. Валеологиялық жаттығулар жасайтын оқушыларға арналған валеологиялық дене шынықтыру түрлері
- •2.6. Денсаулығыңыз мықты болсын құрметті оқушылар
- •2.7. Гиподинамия
- •Гиподинамия көріністері
- •2.8. Валеология ғылымын жақтаушылар Поль Брэгг
- •2.9. Поль Брэгг және оның сауықтыру жүйесі (валеологиясы)
- •2.10. Н.М. Амосов және онын сауықтыру жүйесі
- •III. Денешынықтыру - денсаулық тіреп
- •3.1. Денешынықтыру
- •3.2. Терморегуляция
- •Терморегуляция
- •3.3. Дененшынықтырудың және биохимиялық негіздері
- •3.4. Денешынықтырудың негізгі қағидалары мен жағдайлары
- •3.5. Атмосфералық ауа арқылы денені шынықтыру
- •3.6. Таза ауа — тіршілік кепілі
- •3.7. Денені суық сумен шынықтыру
- •3.11. Валеолошяға белгілі болған адамдар және олардыц іс-әрекеті
- •4.1.Асқорыту жүйесі
- •4.2. Зат алмасу
- •4.3. Тағамдардағы коректік заттар
- •Балалар мен жас өсіпірімдерге қажетті белоктардың, майлардың, көмірсулардың физиологиялық мөлшері (күніне грамм есебімен)
- •4.4. Ағза массасын қалыпты түрде сақтау
- •Дені сау балалардың бойының өсуі мен дене массасының
- •4.5. Тағам мен денсаулық арасындағы байланыс
- •4.6. Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулык үшін маңызы
- •4.7. Витаминдер — денсаулық тірегі
- •Суда еритін витаминдер
- •В2 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
- •Никотин қышқылы
- •В5 витаминінің кейбір тағамдардың құрамындағы мөлшері
- •Кобаламин /в,2 витамині, антианемиялық/
- •Пангам қышқылы /в15 витамині/
- •Аскорбин қышқылы /с витамині, цингага қарсы/
- •Р витамині /флавон, цитрин, рутин/
- •Биотин /н витамині/
- •Птероилглютамин - фолий қышқылы
- •Парааминобензой қышқылы
- •Майда еритін витаминдер Ретинол
- •Кальциферол
- •Токоферол
- •Ғ витамині
- •Q витамині (убихинон)
- •4.8. Ағза тазалығы және денсаулық
- •Н. Семенова
- •4.9. Тамакты шикілей жеу — денсаулык кепілі
- •5.1. Денсаулық психологиясы
- •5.2. Денсаулық және эмоция
- •5.3. Денсаулык және ерік
- •5.4. Стресті болдырмаудың жолдары
- •5.5. Психогигиена және денсаулық
- •5.5.1. Жас ерекшелік шеихогигиенасы
- •5.5.2. Еңбек және оку психогигиенасы
- •5.5.3. Ақыл ой еңбектерінің психогигиенасы
- •5.5.6. Үжымдағы тфшілік өмір психогигаенасы
- •6.2. Гигиена ғылымының негізгі бағыттары
- •6.3. Тәуліктік жүйе режимі
- •6.4. Дене тазалығы
- •6.4.2. Шаш пен тырнақ күтімі
- •6.4.4. Аяқ күтімі (Аяғым менің алтыным)
- •6.4.6. Тіс және ауыз қуысы гигиенасы
- •6.4.7. Киім-кешек және аяқ киім тазалығы (гигиенасы)
- •Үіі. Өнегелі жыныс тәрбиесі
- •7.1. Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?
- •7.2. Өнегелі жыныс тәрбиесінің максаттары:
- •7.3. Өнегелі жыныс тәрбиесі аса күрделі проблема
- •7.4. Өнегелі жыныс тәрбиесінің үлгісі Өнегелі жыныс тәрбиесінің үш үлгісі
- •7.5. Өнегелі жыныс тәрбиесінің негізгі кағидалары
- •7.6. Жыныстық білім тәрбиесі және оның негізгі бөлімдері
- •17 Таблица Өнегелі жыныс тәрбиесін айқындайтын критерилер
- •7.7. Жыныс қатынасынан жұғатын аурулар
- •8.1. Есірткі заттар және денсаулық.
- •8.2. Денсаулық және наркотикалық заттар.
- •8.3. Зиянды дағды тудыратын заттардың ғылыми терминдері
- •8.4. Алкоголь және денсаулық
- •Денсаулық және залалды дағдылар
- •8.5. Денсаулық және темекі шегу
- •8.6. Залалды дағдыдан құтылуға арналған профилактика
- •8.7. Сауықтырудың көп таралған түрлері1
- •9. Медитацияның түрлері.
- •Дианетика
- •IX. Жастарға валеологиялық білім және
- •9.1. Қазақстан биосферасы
- •9.2. Валеология және этнопедагогика (ұлттық дәстүр)
- •9.3 Батыстағы Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері
- •9.4. Қазақстан Республикасы территориясындағы әскери полигондар және олардың Қазақстан биосферана тигізетін әсері
- •9.5. Балқаштағы болашақ атом электрстанциясы қазақ еліне зиян келтіреме?
- •9.6. Родон денсаулыққа әсер етеме?
- •9.7. Радиоактивті қалдықтардың адам денсаулығына әсері қандай?
- •9.8. Радиациядан қорғанудың жолдары
- •Жасанды радиоактивті элементтердегі сәулелену (жылдық доза мөлшері)
- •9.10. Адамның тамақ ішуінің адекватты теориясы.
- •9.11. Адам ағзасындағы биорегуляторлар (биореттеушілер)
- •9.12. Теңестірілген тағам теориясы
- •9.13. Адамның миы — ақылдың қайнар көзі
- •9.14. Адамдар ағзасының "Үшінші жағдайы" дегеніміз не?
- •Жумакан жатканбаев
- •Валеология
3.7. Денені суық сумен шынықтыру
Табиғаттағы суық сумен дене шынықтыру ежелден келе жатқан әдістердің бірі. Суық суды бірнеше зорлық пен зомбылыққа пайдаланғаны туралы қолымызда ғылыми деректер бар. Орыс патшасы Иван Грозный Еділ өзенінің бойындағы татарларды Еділдің мұздай суына шомылдырып кристиан дініне бағындырған деседі.
Денені сумен шынықтырудың жолдары өте көп
(сүртіну, шомылу, суға түсу, қыста суға түсу, морождану, душ, монша), П.К.Ивановтың "Қарғаш" сауықтыру жүйесі. Мұздай суға түсу осы шараның қағидаларын ескереді. Практикалық ұсынылымдар мен сілтемелерді бұлжытпай қатаң түрде орындау керек. Егер олар дұрыс орындалса, онда ағзадағы өзгерістер қалыпты мөлшерде өтеді. Сондай-ақ, өкпенің тіршілік ету аймағы кеңейеді, шеттік қандағы эритроциттер мен лейкоцидтердің санымен
65
сапасы артады. Жүрек бұлшық еттің қабілеті жақсарады. Бір минут ішінде жүрек арқылы өтетін қан мөлшері көбейеді.
Қыс айларында суық суға түсу адамның психикалық қызметіне де үлксн психикалық әсерін тигізеді, осының нәтижесінде адамның ақылы өседі. Еске сақтау үрдісі қыйсапсыз көп мөлшерде артады. Адамның көңіл күйі арта түседі. Қыста суык суға түсуге мені алып келген ағзамдағы ауру еді деп баяндайды С.А.Назарбаева. Ол туралы біз (Ж.Ж.Жатқанбаев, С.А.Назарбаева - педагог, валеолог, ұйымдастырушы деген кітабымызда, Алматы: 2000 орыс тілінде жазған болатынбыз). Оқимын дейтіндерге бұл кітапты тауып беруімізге болады. Тек мына адреске хабарласуға болады, Алматы қаласы, Шоқан Уалиханов көшесі, 107 үй, 18 пәтер Ж.Жатқанбаевқа (г. Алматы, ул. Ш.Уалиханова, дом 107, кв. 18, индекс 480100).
Монша. Бу шығарар қайнау көзіне ие болған бу шығарып алу әдістеріне орай,- моншаның сан алуан сипатындағы монша түрін айырады. Рим, араб, түрік, фин- саунасы, орыс буландырылған (ғажап көрініс) сонымен қатар Жапониядағы Сэнино және офуро.
Моншаның түрлі бөлімдеріндей температураның алмасуы қан тамырлары үшін гимнастика сияқты, мүмкін одан да артық әсер етуі сөзсіз. Біресе кеңейіп, біресе тартылуы, олардың мойыс-қақтық икемділігі айтарлықтай түлетіп оңайтады. Су мсн адам арасындагы байланыс көне заманнан бері қарай қалыптасып келе жатқан жағдай. Сондықтан да табиғаттың өзі жаратқан суына жан-жақты тоқтатылып өткенді біз жөн көрдік.
3.8. Су - тіршілік тірегі
Әйтсе де, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісімде жасалған.
Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл проблема халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мындаған километр алшақ орналасқан аймақгарға тарап, жер шарының алыс түпкірлерінс қауіп тудырады.
66
Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді радиоактивтік заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен ғана шектелмейді.
Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалддықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде әр түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Үй тұрмысында және өнеркөсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас.
Сондай-ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын бактерияларды құртып, балықтарды улайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әр түрлі тұздары мен көмірді кокестеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер негіз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қыш-қылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизм-дердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін) бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмдерге қауіпті.
Суға түскен органикалық заттардың ыдырауы ең алдымен аэробтық (оттекпен тыныс алатын) микроорганизмдердің қаты-суымен жүреді. Бұл ретте көбіне зиянсыз қарапайым заттар тү-зіледі. Әрине бұл процесс органикалық қоспалар белгілі мөлшерде түскенде ғана қалыпты жүретіні белгілі.
Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өтс көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бүл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкірт және фосфор улы қосындылары пайда болып, су саси бастайды. Оттектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктердің силеуіне әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасы су біртіндеп кедейленеді.
Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептеледі. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту өте қиын және қымбатқа түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін
67
қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір зат-тардан толықтай тазартады деп айту қиын.
Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суды сүзу қондырмаларына, химия, қағаз жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша өндеуден өтіп, өнеркәсіпке пайдаланылады да, артынан оған тағы да бірнеше улы заттар (жаңа технология негізінде) қосылып, өзенге жіберіледі.
Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен проблема. Оның зардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан да қазірде барлық елдерде суды тазарту мәсслесі бірінші басты проблема ретінде саналады. Ал қазақ жеріндегі суларды тазарту проблемасы зор роль атқарады.
Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз сулары да қатты ластануда: негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге түсетін заттардың көлемінен теңіздердің көлемі әлде неше есе артық, онда жүретін физикалық және биохимиялық процестердің нәтижесінде бұл заттар тез арада зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңіз аймақтарының, әсіресе, құрлық жағалауларының қайта ластануы үлкеи зиян келтіретіні белгілі.
Мысалы, Солтүстік Америка мен Европаның әйгілі жаға-жайлары (пляждары) жағалауға жақын орналасқан қалалардың қоқсықтармен ластанатыны белгілі болды.
Теңіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін организмдердің ара қатнастарын бұзып, зиянды түрлердің көбеюіне жол ашады. Өзеннің құйылар ағысында улы заттардың артуы тұщы суға уылдырық шашуға шығатын балықтардың көтерілуіне кедергі жасайды.
Егер басқа химиялык заттар теңіз суларында біраздан кейін тазаланады деуге болады, ал басқа қалдықтардын, биологиялық жолмен тазалануы мүмкін емес. Өйткені ластанған суларға қо-сындыларды ыдырататын микроорганизмдер қырылып қалады. Жоғарыда ескерткендей мұнай су бетін үлпек қабықпсн жауып, ауа жібермейді және өте жай ыдырайды. Осы себепті ол барлық мемлекеттерді де ойландыратын ірі мәселеге айналды. Осы уақытта сол үшін танкерлерді жууға жуындыны жағалаудан 50 миль жақынға тегуге тиім салынған. Әйтседе, жағалаулардың ластануы жылдан-жылға артып келсді, себебі мұнай көбіршіктері
68
әдетте толқындармен жағалауға жиналады және кейінгі уақытта мұнай тасымалдау қисапсыз көп мөлшерде өсіп кетті.
Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда қүйылады, әсіресе, ірі танкерлердан күйреуі аса қауіпті. Бұл уақытта суға 200—300 мың тоннадай мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып, орасан зор алқапқа жайылады. Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден қауіпті.
Мұнай қалдықтарынан әсіресе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен ластанған суға қонғанда, олардың қауырсындары майланып, жылу ұстайтын және су жұқтырмайтын қасиетін
жоғалтады. Осының нәтижесінде тері астына қан үийды да өліп қалады, Судың мұнай мен ластануынан жылына қаншама құстар қырьшатынын есептеп шығу мүмкін емес. Себебі, олардын көбі ашық теңіздердің үстінде қырылып қалады. Мұның қаншалықты қауіпті екенін мынадан көруге болады. Мысалы, 1996 жылы Ньюфаулендте әрбір миль жағалауда 464 каир өліктері табылған. Егер бұл санға осы себептен өлген тағы басқа он бір түрлі құстардың өліктерін қоса есептесе, бұл шама тағы да бірнеше есе өскен болар еді. Осындай жағдай Атлантика мұхтының екі жағалауында жиі кездеседі, себебі оны көптеген құстар қыста қоныс етеді. Теңіз суының мұнай қалдықтарьшен ластануы суда өмір сүретін сүтқоректілерге де үлкен әсср еді. әсіресе, бұл теңіз қамшатының өміріне тікелей қатынасты. Бұл аңның терісі дүние жүзінде жоғары бағаланады. Біздің қазақ жеріңде бұл аң көп мөлшерде кездеседі. Бірақ оны қалай болса, солай аулауға тиым салынған.
Су бетін үлпек жұқа көбікшемен жабатын мұнай қалдықтары микроорганизмдер мен кішірек жәндіктердің де тіршілік негізін, күрт өзгертіп жібереді. Олар түгелдей қырылып қалады.
Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті. Мысалы, осы уақытта асқа пайдаланылатын устрица және моллюскалар денелеріндс рак ауруын туғызатын бензприн сияқты улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ.
Бірақ, жорамал ретінде оның моллюскалардың денесіне бензприннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін.
69
Мұнай қалдықтарының зиянды әрекеттерін болдырмайтын қандай шаралар бар? 1954 жылы Лондонда кемелерді жуған суды шектелген жерден тыс төгуге тиым салған халықаралық келісім шарт жасалынады.
Теңіздегі тіршілік иелерінің байырғы қатынасын сақтаудың басты шарты теңізге ешқандай мұнай жуындыларын төкпеу ғана болуы мүмкін.
3.9. Шу — экологиялық фактор
Ауаны ластаудың ерекше бір түрі — шу. Ол зор әлеуметтік мәні бар факторға айналып отыр. 30 децибелге дейінгі әлсіз шу (жапырақтың сыбдыры, баяу естілетін музыка) адамға жайлы естілді, ал 20—120 децибелдін гүрсіл (жүк машинасының, реак-тивтік самолеттің, пневматикалық балғаның, дискотекадағы му-зыканың дыбысы) нерв жүйесін тітіркендіріп, адамның денсау-лығына да айтарлықтай зиян етеді. 60-70 децибелден басталатын даңғаза шу адамның есту қабілетін әлсіретеді, мұндай жағдай балаларда 45 децибелден кейін-ақ басталады. 80 децибелдік шу адамның ойлау қабілетін нашарлатады, артерия қысымының тербеліс өрісін арттырады, айналадағы өрістерді қабылдау қабілетін әлсіретеді. Шудың ұзақ уақыт әсер етуі вегетативтік нерв жүйесін шайқалтып, қан айналымын бұзады, гипертонияға әкеп соқтырады. 90 децибелдік шу адамды мүлде саңырау етеді. Жалпы алғанда, шу адамның дене және рухани денсаулығына қатер төндіреді.
Адамның айналасындағы шу көздері толып жатыр және олар алуан түрлі. Олардың ең бастылары — транспорт құралдары, өнеркәсіп және тұрмыс кәсіпорындарының техникалық жабдық-тары, желдету, газ турбина және компрессор қондырғылары, самолет двигательдері мен іштей жанатын двигательдерді сынау станциялары, әр түрлі аэро-газ динамикалық қондырғылар.
Тұрғын үйлерде, мектептерде, ауруханаларда, халық тұратын және тынығатын орындарда едәуір шу байқалады. Бұл халықтың нерв жүйесін қоздырып, тынығуға кедергі жасайды.
Организмнің ерекшелігіне және шудың дағдылы көріністеріне қарай шу адамға түрліше әсер етеді. 40 децибелден төменгі шу психикаға әсер етеді деп есептеледі. Шудың тітіркендіруші әсері оның шамасына, спектрлік және уақытша сипаттамаларына байланысты.
Қазақстан өкіметінің территориясында қабылданған регламент бойынша аурухана мен санаторийларда 35 децибел тұрғын
70
үй кварталдары класс бөлмелері жәнс оқу аудиториялары үшін — 40, стадиондар мен вокзалдар үшін — 60 децибел. Сонымен бірге транспорт құралдары үшін сыртқы шудың шекті нормасы белгіленген — 82—85 децибел.
Жиілігінің құрамына қарай барлық шуды төменгі жиіліктері орташа жиілікті, жоғары жиілікті деп 3 класқа беледі. 1. Төменгі жиілікті шу (дыбыс өткізбейтін кедергілерден — қабырғалардан, тосқауылдардан өтетін баяу жүрісті, соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгей 300 Гц жиіліктен төмен. Шекті деңгейі - 90-100 децибел. 2. Орташа жиілікті шу (көптеген машиналардың, станоктар және соққысыз агрегаттардың шуы) — спектрдегі ең көп деңгейі 85—90 децибел. 3. Жоғары жиілікті шу — соққысызды агрегаттар, жоғары жылдамдығы ауыр ауа мен газдар ағымы шығаратьш сыңғырлаған, ызыңдаған, ысылдаған шу - спектрдегі ең жоғары деңгейі 800 Гц жиіліктен кеп орналасқан. Шекті деңгейі 75-80 децибел.
Осы үш класқа жататын шудың бірінде де сөздің түсінікті бо-луы көрсетілгсн. Шекті дсңгей мен спектрдің қосымша міндетті -шарты болып есептелінеді, атап айтқанда бір қалыпты шыққан дауыс сөйлеушіден 1,5 м қашықтықта жақсы естілуі тиіс.
Шудың деңгейі объективті шу өлшеуішпен - ал жиілік -спектрлері — тілкемді сүзгілері немесе анализаторлары бар шу өлшеуіштері мен өлшенеді.
Шудың зияндылық дәрежесі негізінен алғанда оның күшімен, жиілік құрамы мен — спектрімен, әсер ету ұзақтығымен және реттілігімен анықталады.
Жоғары жиілікті, яғни құрамында жоғары жиіліктегі дыбыстар басым болатын шу төменгі жиілікті шумен салыстырғанда едәуір зиянды. Сондықтан да шу күшінің шекті деңгейі оның жиілік құрамына қарай белгіленеді.
3.10. Ғұмыр бойы үйрен (век живи - век учись)
: Балалық шақ... ойыңда жекелеген үзік-үзік оқиғалардан бас-қадай ешқандай фактілер қалмайды. Балаларды биосфераға дұрыс көз қараста тәрбиелеудің айналамыздағы "Қорғансыз жөндіктерді", "көгалдар мен орман-тоғайларды". Корғауға үйретудің айрықша маңызы бар. Ал мұнымен кім шұғылдануы керек? Баланар бақшасымеи тәрбиешілердің білімі жете бермеуі мүмкін.
71
Ата-аналары ше? Олар биосферадан бір нәрсе әкелгенін мадақ-тайды.
Биосфераны қорғау проблемаларын дер кезінде және тиімді шешу үшін әрине маман керек, халық шаруашылығы салаларында биосфера байлықтарын пайдалану процестеріне тікелей қатысатын, басқаратын адамдардың биосфераны қорғау жүйелерінен хабары, тиісті білімі болуы керек. Маусымдық "түсім болса болғаны, ендігі жылы тағы да көре жатармыз, өзімізге жетсе болды — келешек өзі ойластыра берер" деушілік биосфераға жүрмейді.
Жас балалар экологиялық әлемнің алғашқы әліппесін жақсы білулері керек. Көпшілік жағдайда жастардың биосфераға көз-қарасы, турасын айтқанда онша емес, олардың биосфераның заңдылығын түсінбеушілігі мен селқостығы биосфераға қаншама зиян келтіреді десеңізші! Мектептегі биология пәнінің мұғалімі күллі оқулшыларға биосфера жөніндегі көзқарасты толық түсіндіре алу мүмкін бе? Жоқ мүмкін еемес. "Жалғыз адам жауынгер емес" деген қағида осындай да дәл келеді.
Кейінгі жылдары биосфераның қорғау негіздерін үйрету мәсе-лелерімен көптеген оқытушылар, ғалым-биологтар шұғылдануда. Биосфераны қорғау (оның биоресурстарын) тиімді пайдалану туралы баспасөз беттерінде, радио мен телевидение де көп айтылып, көп жазыльш жүр.
Қазіргі кезде бисфераны қорғау және экология проблемалары бастауыш сыныптардан бастап, жоғары сыныптарға дейін (сьшыптар — қазақ әдебиетіндегі терминологая) оқытылып келеді.
Шет тілі. Бұл пәннің сырттай қарағанда биосфераны қорғауға қандай қатынасы бар деген сөз ойға келеді. Орта мектептерде шет ел тілі пәнінің оқытушысына биосфераны қорғау материалдарын көбірек пайдалан деп ешкімде міндеттемейді. Дегенмен бұл пәннің өзінде де көптеген мүмкіндік бар, ал осы мүмкіндіктер пайдаланбау оқытушыға келіспейді. Ағылшын тілі сабағында биосфераны қорғау туралы не айтуға болады.
Адамзат баласының биосфераға келтіретін зиянын ағылшын тілінде айтып беруге әбден болады. Шет елдердегі биосфераны қорғау, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдікгерді өсіріп, көбейту жөніндегі ең жақсы ұйымдастырылған тәжірибелерін баяндау. Интернационалдық — достық клубында биосфераны қорғауды наси-хатгау секциясын ұйымдастырып, шет елдегі мектеп оқушыларына Қазақстанның әсем көрінісі мен байлығын таныстыру.
72
Биосфераны қорғау проблемасын химия пәнімен қалай байланыстыруға болады? Химия өнімдерінің егіннің, бау-бақшаның өнімділігін арттырудағы, адамға зиянды жәндіктермен және өсімдіктермен күресудегі сиқырлы күшін оқушыларға әңгімелеп беру. Сонымен қатар, химиялық препараттардың ат-мосфераны, су мен топарақты былғайтынын ойға түсіру керек. Мұның бәрін жергілікті мысалдармен дәлелдеу.
География сабағында "Қазақстанның биосфера байлығы тау-сылмайтын қазына емес". Орман-тоғайларды қалай болса, солай кесу суды, атмосфералық ауаны ластауға болмайтынын түсіндіріп отыру керек. Белгілі бір цифрларды мысалға келтіре отырып, биосфера байланысының таусылмайтын дүние емес екеніне көз жеткізу.
1000 гектардай самырсын өскен тайғаны жаппай кесу шамамен 200 мың текше метрдей құрылыстық ағаш береді. Әр текше метр ағаштың сатылу құны 2040 мың, немесе жинақтап алғанда 2 миллион теңгедей.
Ағашты жаппай кеспе, орман-тоғай ресурстарын ұзақ уақыт бойы комплексті түрде пайдалану керек. Қандай киім алуымыз мүмкін? Аумағы мың гектар жердегі пісіп жетілген самырсыннан жылына орта есеппен (ең аз шығымын алып отырмыз) 250 центнер самырсын жаңғағын, 100 центнер жидек, сондай мөлшерде саңырауқұлақ, біраз мөлшерде шырыш және емдік, техникалық шикі заттар алуға болады. Аңшылық өнімдерін де ұмытпаңыз. Жыл сайын "кіріс бөлігіне" 5—6 бұлғын, 20—30 ақ тиін, сасық күзеннің, ақ қоянның шұбар тышқанның және басқа да (қымбат терлі аңдардың, біраз терісі алынады. Бұған орташа салмағы 150 килограмдай бір маралдың немесе бұланның және бірнеше ондаған меңгіреу құр мен бұлдырықтың етін қосыңыз. Күллі киімнің сатылу бағасының жалпы құны 150 жылдың ішінде 7,5 миллион теңгедей. Әр жылга шаққанда бұл шамамен 50 мың теңге.
Биосфера қорғауды үйретудің басқа да толып жатқан жолдары бар. Көптеген елдердің қорықтарында, ұлттык, паркеттерінде, қала мен поселка маңына орналасқан ландшафтылы заказниктерінде арнайы оқыту соқпағы орналасқан, онда ботаниктер, зоологтар, орманшылар, экологтар оқушыларға биосфера тіршілігін таныстырады.
Кейде ол соқпақ жолдар мектеп оқушылардың оқытуға арналған табииғи учаскенің бір бөлігі болып саналады. АҚШ-тың Катламент қаласыньщ маңында орналасқан учаскенің
73
жұмысы осыған мысал бола алады. Учаскенің аумағы 40 гектар. Оны биосфера ресурстарды, андар мен балықтарды қорғайтын штат департаментінің мұғалімдердің, орман өнеркәсібі фирмасының бірлесе күш салуымен құрыдды. Өзен жағасындағы ағаш арнасынан төрт айналма сүрлеу жол салынған. Топырақтың тік қимасын зерттеу мақсатында терең ор қазылған, учаскенің инвентарлық картасы жасалған.
Мектепке дейінгі балалар мен бірінші сыныптың оқушылары осы бір мектеп жанындағы сүрлеу жолды (ол өзен бойымен ені 45 метр ағаш ескен алқапты және тік қазылған ордың жанынан өтеді) пайдаланылады. Осы соқпақ жолда екінші сыныптың оқу-шыларының көмегімен ағаш түрлерін айырады әуелі оқушылардың байқағыштығын және аңғарпаздығын жетілдіру мақсатында, бір өсімдіктің аты аталып, оған қысқаша сипаттама жатқызудың айрықша маңызы бар.
Үшінші сыныптың оқушыларды учаскенің ортасында өсіп тұрған 5000 жылдық май қарағай жөнінде өлең шығарады. Бесінші сыныптың оқушылары айналаны, қоршаған ортаны бақылап, сурет салады. Алтыншы-сегізінші сыньш оқушылары комплексті бақылау жасайды.
Жоғары сыныпқа арналған методика ерекше көңіл аударарлық әр оқушының арқан мен бөлінген "өз" учаскесі бар, олар 56 күндей өсімдіктерді тексереді, хайуанаттарды анықтайды, өсімдіктердің бірлестіктерінің (фитоценоздық) құрылымына анализ жасайды. Альшған қорытындыларға жазба түрінде түсініктер береді.
Төрт сүрлеу жолдың біреуі, осыған 15 жылдай бұрын мектеп оқушылары отырғызған (ол шамамен 2550-дей) ағаш арасынан өтеді. Екінші бір жол тоғайға қарай өтеді, онда оқушылар балық өсіруге және олардың тіршілігін зерттеуге қатынасады.
Венгрия мемлекетінде 20-дан астам мектеп биосфераны қорғау бағытына мамандандырылған. Оны бітірген оқушылар биосфераны қорғау проблемасынан едәуір білім алып шығады.
Алайда оқушылар тек сабақта және мектепте ғана білімін көтеріп қоймайды. Жас ұрпақтарды биосфера компоненттерін қорғауға тәрбиелеу жөнінде жазғанда — жастарды патриоттық қозғалысқа тәрбиелеу айрықша орын алады. Жастар Ұлы Отан соғыстарының шайқастары өткен орындарында — жауынгерлердің қабірлеріне парктер, бақтар, аллеялар орнатудың маңызы орасан зор. Біздің Заманда пайда болған бұл тамаша дәстүр Отанға, оның құрбан болған ұлдары мен қыздарына, туған биосфераға деген сүйіспеншілікке ұласатыны сөзсіз.
74
Біз эрозия топырақтың құнарын азайтады деп дабыл қағамыз. Бірақ онымен күресуге қыруар қаржы кетеді. Алайда біз село жастарынан осы жөнінде әр уақытта көмек сұраймыз ба? Олар миллиондаған жас оқушылар, егер оларға топырақтың бүлінбеуі өз қолдарында екендігін түсіндіріп, жерді баптауды үйретсек, бүл игі іске кімде болса құлшына араласатыны, қуана қолдайтыны сөзсіз емес пе? Өйткені бұл биосфераны қорғау мәселесі жайлы құрғақ сөз, құр уәде, даурықпа мәжіліс емес, нағыз пайдалы іс. Жас жеткіншектердің энтузиазымынқолдап, ересектсрдің ісіне араластырсақ біз көп нәрседен ұтпаймыз ба?
Көп жерде бұл қолдау тапты. Біздің айтайық дегеніміз — биосфераны абсолютті қорғау емес, оны тиімді пайдалану. Сон-дықтан да жоғары оқу орындарында биосфераны пайдалану негі-зінде, оны қорғаудың толық курсын оқытқан дұрыс емес пе? Әрі мұның өзі белгілі бір профильдігі мамандарға арналған.
Студенттерге, олардың тандаған мамандықтарының маңызын
айта отырып, адам баласының электр энергиясынсыз күні жоқ
екендігін айтып түсіндіру керек. Оларға өз мамандығынан басқа
саланы түсуіне, кейбір мамандардың су электр станциясының
қуатын шектеу, су қоймасының көлемін азайту, тіпті кейде оны
салудан бас тарту себептеріне түсінік беріп, жәрдемдесіңіз.
Комплексті экономиканы пайдаланып, таразының бір басына
қуатты электр энергиясын, ал екінші басына оған жұмсалған өн-
дірістік шығындар мен қоса, су астына кеткен шалғынды,
орман-тоғайды, ағаштарды қосып салыстырыңыз, осының қай-
сысы тиімді екендігін, таразы басы қай жағына ауатындығын
болашақ мамандарға түсіндіріп беруге болады. Болашақ гидро-
техниктерді биосфсраның кез-келген байлығына ұқыптылық пек
қарауға, ведомстволық жоспарды артығымен орындаймыз деген
желеумен су қаптатылған жерде оны мындаған текше метр ағаш-
ты тектен-тек қалдыруға жол бермеугс үйрету керек.
Су электр станциялары салынуда және салына береді де.
"Бірақ ең бастысы, оны жобалауға және салуға кімнің қатысаты-
:нында — текалдыңдағы тиісті мақсатын ғана ойлап, басқа нәр-
сеге көңіл бөлмейтін маман ба, әлде бұл маңызды жұмыс биос-
фераны пайдалану тұрғысынан да ой-өрісі кең, жан жақты білім-
дар адамға жүктеле мс.
Кәсіптік білімнің ұраны мынандай болуы тиіс: өз ісіңді үй-ренгеңде, оның биосфераға қандай әсері болатынына зер сал: ағашты кессең-кес, бірақ орман-тоғайды бүлдірме; маманның өз ар-намысын ойлауы, өзіне бекітілген жұмысын қалай болса да
75
орындау емес. Кейде жете ойластырылмағаннан да толық орын-далмағаны қоғам үшін тиімірек болуы мүмкін.
Баспасөз, теледидар, кино, радио биосфераны қорғауды наси-хаттау искусствоның, публицистиканың әр түрлі формасының тұрақты тақырыбына айналуы тиіс. Биосфераны пайдалану жүйесін де тікелей немесе жанамалы жұмыс істеп жүрген әрбір жұмысшыға, инженерлерге, жобалаушыға, хабарландырудың маңызы зор.
