Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19_variant_1_8_skhema.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.8 Кб
Скачать

Аннотация

"Сызықты электр тізбектерін есептеу".

Аты-жөні:

Техникалық факультет. Аграрлық техника және технология мамандығы .

2 – курс, 5 – семестр, топ, 2017 жыл.

Жакишев Бауыржан Айтмукашевич

Электрмен жабдықтау кафедрасының доцентті.

Курстық жұмыс 1 бөлімнен тұрады:

1-бөлім. Сызықты электр тізбегіндегі тұрақты токты есептеу.

  1. Контурлық әдіс бойынша есептеу.

  2. Түйіндік потенциалдық әдіс бойынша теңдеулер құру.

  3. Эквивалентті генератор әдісі немесе активті екіұшты әдісі.

  4. Потенциалдық диаграмма.

  5. Қуаттар балансы.

Мазмұны

1. Кіріспе ................................................................................................................3

2. Кирхгофтың заңдары бойынша теңдеулер жүйесін құрастыру...................6

2.1 Контурлық әдіс бойынша есептеу..................................................................7

2.2 Түйіндік потенциалдық әдіс бойынша теңдеулер құру.............................10

2.3 Қуаттар балансы.............................................................................................14

2.4 Эквивалентті генератор әдісі немесе активті екіұшты әдісі.....................15

2.5 Потенциалдық диаграмма.............................................................................18

3. Қорытынды......................................................................................................19

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................20

Кіріспе.

Электр энергиясын алу,беру және тарату, оны энергияның басқа түрлеріне түрлендіру электр тогының құбылыстарымен байланысты.Бұл энергетикалық түрленулер электр тізбектерінде жүреді.

Электр тізбегі деп, электр тогы жүру үшін жол жасайтын құрылғылар мен обьектілердің жиынтығын айтады.Электр тізбектеріндегі электромагниттік процестерді электр қозғаушы күш,ток және кернеу ұғымдарының көмегімен сипаттауға болады.

Электр тізбектері тұрақты және айнымалы ток тізбектері деп бөлінеді.

Тұрақты ток – ток күшінің шамасы мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін электр тогы. Тұрақты ток тұрақты кернеудің әсерімен тек тұйықталған тізбекте ғана пайда болады. Тармақталмаған тұйық тізбектің кез келген қимасында тұрақты ток күшінің мәні өзгермейді. Тұрақты токтың негізгі заңдарына ток күші мен кернеудің байланысын сипаттайтын Ом заңыөткізгішпен ток жүрген кезде бөлініп шығатын  жылуды анықтайтын  Джоуль-Ленц заңы және тармақталған тізбек үшін жазылатын Киргхоф ережелері жатады. Тұрақты ток көздеріне электр машиналарының генераторы,гальвани элементтерітермоэлементтербатареяларға топтастырылған фотоэлементтер, күн көзінің батареялары, алдын ала зарядталған аккумуляторлар және —пайдалы әсер коэффициенті жоғары магниттік гидродинамика генераторлары жатады. Тұрақты токты жартылай өткізгіштердің және басқа түзеткіштердің көмегімен,айнымалы токты түзету арқылы өндіруге болады.

Айнымалы ток-өндірісте негізінен қолданылатын синусоидалық айнымалы ток i болып табылады. Тұрақты тоққа қарағанда айнымалы ток бағыты жағынан да, шамасы жағынан да өзгеріп отырады, ал бұл өзгеріс белгілі бір уақыт мезеттерінде қайталанып отыратын процесс.Мұндай шығарып алу үшін айнымалы ток генераторлары пайдаланады.Айнымалы ток төрт негізгі параметрлерімен сипатталады: период,жиілік, амплитуда және әсерлік мәні.

Кирхгофтың бірінші заңын екі түрде тұжырымдауға болады:

1) схеманың кез – келген түйініне келетін токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең;

2) түйінге келетін токтардың қосындысы, одан кететін токтардың қосындысына тең;

Сонымен, түйіндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең; түйінге келетін токтар оң таңбалы, ал одан шығатын токтар теріс таңбалы болады.

Физикалық тұрғыдан алып қарағанда, Кирхгофтың бірінші заңы бойынша, тізбектегі зарядтардың қозғалысы кезінде, түйіндердің ешқайсысында да зарядтар жинақталмайтындығы байқалады.

Кирхгофтың екінші заңын да екі түрлі жолмен тұжырымдауға болады:

1) кез – келген тұйық контурдағы кернеудің түсуінің алгебралық қосындысы осы контур бойындағы барлық ЭҚК-нің алгебралық қосындысына тең болады:

2) кез – келген тұйық контурдың бойындағы кернеулердің (бұл жерде кернеудің түсуі емес) алгебралық қосындысы нөлге тең:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]