Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет Алишер.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
885.76 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

3

1

Павлодар қаласындағы «Каустик» зауыты туралы

4

2

2.1

Өнімдері

Натрий гидроксиді

6

2.2

Сілтілі алюминатты ерітінділердің электродиализі

8

2.3

Күкірт қышқылы мен улы натрий

8

2.4

Содалы-сульфатты қоспаны өңдеу әдістері

12

3

Каустификациялау тәслі

16

3.1

Содалы-сульфатты қоспа

16

3.2

Каустикалық сода өндірісі

17

Қорытынды

20

Пайдаланылған әдебиеттер

21

Кіріспе

Елдегі химия-технология саласының кластері дәл осы индустриялық-инновациялық бағдарламаның негізінде қалыптасты. Жоба Керекуде іске асып, осы өңірде мұнай-химия саласын дамытатын арнайы еркін экономикалық аймақ та құрылды. Павлодар өндірісті өңір. Облыста зауыт-фабриканың түр-түрі бар. Солардың бірі сонау 60-шы жылдардың аяғында ашылған химия зауыты. Бірақ, кезіндегі зауыт пен қазіргі зауыттың жұмысы жер мен көктей. Себебі, зауыт қазір өнімді қауіпсіз - мембрандық әдіспен өңдейді. Бұрынғыдай сынап қолданбайды. Цехтардың ішінде жалындаған от, бықсыған түтін, қолқаны қабатын иіс атымен жоқ. Әрі мұндағы негізгі шикізаттың 98 пайызы кәдімгі тұз. Химия тілімен айтқанда хлорланған натрий. Өнім шығару үшін екі пайыз ғана түрлі реагенттер қосылады. Олар сумен араластырылады. Езілген тұз сұйық күйінде тазартылып, электролизге жіберіледі. Тұздың құрамында, натрий мен хлор ғана бар. Бұл осы Павлодар облысы аумағындағы тұзды көлдерден алынады.

Өндіріс экологиялық жағынан өте таза. Табиғи өнімді өңдеу технологиясы да жаңа. Озық химиялық әдістер енгізілген.

Ал жаңа өндіріске қажетті шикізатты облыс аумағындағы тұзды көлдерден керегінше алуға болады. Сөйтіп, Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен елімізде іс жүзіне асырыла бастаған химия кластері аясында Павлодарда тағы бір химиялық кешеннің өмірі басталған. Бұл кәсіпорында мембранды технология әдісі бойынша әлемдік озық жетістіктер негізінде каустикалық сода және хлор шығаратын заманауи өндіріс жұмыс істей бастады. Мұнда бүгінгі заманның озық қондырғылары орнатылды.

Химиялық жаңа өндіріс орнының экологиялық тазалығы жағынан, өндірістік қуаты жағынан елімізде баламасы жоқ. Зауыт толық қуатында жұмыс істей бастағанда еліміздің химиялық шикізат каустикке деген сұранысының 80 пайызы, хлор, тұзды қышқыл және гипохлоритке деген ішкі рынок сұранысының 100 пайызы қамтамасыз етіледі. Жалпы, зауыттың өндірістік қуаты жылына 26 457 тонна хлор, 6600 тонна гипохлорит натрий, 45000 тонна тұзды қышқыл, 30000 тонна каустикалық сода шығаруға негізделген. Бұл меже 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығында алынады деп күтілуде.