Гинекология- 4 (24 вопросов)
!Нақас 27 жаста. Шағымдары: көп мөлшерде, ұзақ келетін етеккірге, жүктіліктің болмауына. Өзін 4 жыл бойы аурумын деп санайды. Жүкті болғысы келеді. Айнамен қараған кезде: жатыр мойны патологиясыз, жыныстық жолдардан шырышты бөлінділер. Бимануалды қарау кезінде: жатыры 9-10 аптаға дейін үлкейген, бұдырлы, қозғалмалы, ауырмайды. Жатыр қосалқылары екі жақтан үлкеймеген. Диагноз: жатырдың көптік миомасы. Біріншілік бедеулік. Оперативті емнің ең ықтимал көлемін таңдаңыз.
* гистерэктомия
*жатыр дефундациясы
*+консервативті миомэктомия
*жатырдың қосалқыларсыз қынапүстілік ампутациясы
* жатырдың қосалқылармен қынапүстілік ампутациясы
!Әйелдер кеңес үйінде қабылдауда науқасқа кольпоскопия жасаған кезде псевдоэрозия анықталды. Бұл патологияға тән сипаттама?
*көп қабатты эпителиймен қапталған жатыр мойнының қынаптық бөлігі
*көп қабатты жалпақ эпителийдің беткей және аралық қабаттарының жұқаруы
*+цилиндрлік жалпақ эпителиймен қапталған жатыр мойнының қынаптық бөлігі
* көп қабатты жалпақ эпителийдің мүйіздену аймақтарының түзілуі
*цервикалды өзектің жарақаттан кейінгі айналып кету
!52 жастағы науқас әйел гинекология бөлімшесіне жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Жатыр қуысын қыру жасалынды. Гистология нәтижесі аденоматоз аймақтары бар безді-кистозды гиперплазия. Ең ықтимал гормондарды тағайындаңыз:
* ҚОК
*эстрогенде
*АКТГ
*гестагендер
*+андрогендер
!Науқасқа 65 жас, менопаузадағы қан ағу себебінен жатыр қуысын қыру жасалынды. Гистологиялық зерттеудің нәтижесі – аденокарцинома. Сіздің ықтимал тактикаңыз.
* бақылау және қайтада қыру
*циклдік гормонотерапия
*үзілмейтін гестагенотерапия
*.андрогенотерапия
*+тоталды гистерэктомия
!56 жастағы науқас әйелдер кеңес үйіне 5 жылдық менопауза фонында болған қанды бөлінділерге шағымданып келді. Жатыр қуысының аспирационды биопсиясы жүргізілді. Гистологиялық қорытынды - эндометрийдің күрделі атипті гиперплазиясы. Анамнезде гипертониялық ауру, қант диабеті. Ең ықтимал емдеу жоспарын ұсыныңыз:
* гормонотерапия
* цервикалды өзекті мен жатыр қуысын диагностикалық қыру
*жатырдың қосалқыларсыз ампутациясы
*+жатырдың қосалқылармен экстирпациясы
*диспансерлік бақылау
!32 жастағы науқас әйел гинекология бөліміне іштің төменгі бөлімінде аяққа таралатын толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде жүктілігі болмаған. Гинекологтарға сирек қаралды. Қараған кезде іші ауырады, перитонеалды симптомдар оң. Қынаптық қарағанда: жатыры үлкен емес, тығыз, қозғалмалы, ауырмайды. Оң жақ қосалқылар аймағында тығыз-эластикалық консистенциялы, қозғалуы шектелген, пальпация мен ығыстырғанда ауыратын ісік анықталады. Сіздің ықтимал диагнозыңыз
*аналық бездер эндометриозы
*+ аналық без киста аяқшасының бұрылуы
*аналық без кистомасы
*субсерозды түйіннің некрозы
*аналық без апоплексиясы
!20 жастағы науқаста іштің төменгі жағында ауру сезіміне мен ауыратын, ұзақ етеккірге шағымдар. У пациентки 20 лет с жалобами на боли внизу живота и болезненные, длительные менструации. Алғаш рет УДЗ де етеккір циклінің 10 күнінде 5,0х4,0см аналық без кистасы анықталды. Сіздің ықтимал тән диагнозыңыз
* тека-лютеинді киста
*сары дене кистасы
*пароовариалды киста
*+фолликулярлы киста
*кистома
!32 жастағы науқас әйел гинекология бөліміне іштің төменгі бөлімінде аяққа таралатын толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде жүктілігі болмаған. Гинекологтарға сирек қаралды. Қараған кезде іші ауырады, перитонеалды симптомдар оң. Қынаптық қарағанда: жатыры үлкен емес, тығыз, қозғалмалы, ауырмайды. Оң жақ қосалқылар аймағында тығыз-эластикалық консистенциялы, қозғалуы шектелген, пальпация мен ығыстырғанда ауыратын ісік анықталады. Диагноз: оң жақ аналық без киста аяқшасының бұрылуы. Ең ықтимал емдеу көлемін таңдаңыз
* +түзілісті хирургиялық алып тастау - аднексэктомия
* түзілісті хирургиялық алып тастау - цистэктомия.
*3 ай бойы диспансерлік бақылау
*3 ай бойы ҚОК қабыдау
*қабынуға қарсы ем және түзілісті алып тастау
!Жатыр миомасы себебінен болған жатырдың қосалқылармен экстирпациясы операциясынан кейін 7-ші тәулікте, 2-ші дәрежелі анемиясы бар, 35 жастағы науқас әйел төсектен тұрған кезде балтыр бұлшықеттерінде ауру сезіміне шағымданды. Ең ықтимал тағайындалу:
* ГБО, физиоем
*белсенді, пассивті гимнастика
*ауырсыздандыратын заттар тағайындау
*+ антикоагулянттарды тағайындау
*енгізілетін сұйықтықтың көлемін 1200 мл дейін көтеру
!Науқас 33 жаста, әйелдер кеңес үйіне жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділерге шағымданып келді. Соңғы жыл ішінде етеккірі көп мөлшерде, ұзақ келеді. Осы қан ағу күтілген етеккірдің 1-ші күнінен басталып 14 күн бойы жалғасуда. Анамнезінде 3 жыл бедеулік. Вагиналді: жатыр мойны конус пішінді, ернеу жабық. Жатыр 10-11 апта жүктілік көлеміндей үлкейген, қозғалмалы, ауырмайды, бұдырлы. Қосалқылар анықталмайды. Күмбездер терең. Диагноз: Жатырдың көптік миомасы. Біріншілік бедеулік. Ең ықтимал емдеу көлемі:
* лапаротомия, жатырдың қынапүстілік ампутациясы
*.лапаротомия, жатыр экстирпациясы
*+лапароскопия, консервативті миомэктомия
*диспансерлік бақылау
* жатырдың қынаптық экстирпациясы
!Жатыр миомасы себебінен консервативті миомэктомия жасалынды. Қалпына келтіру емінде қандай гормонмен емді ұсыну ықтимал:
* ҚОК
*+а-ГнРГ
*гестагендер
*эстрогендер
*андрогендер
!Паровариалды киста кезінде ықтимал бола алатын оперативті араласудың көлемі:
* + кистаны сыдыру
*зақымданған жақта қосалқыларды алып тастау
*зақымданған жақта аналық безді алып тастау
*зақымданған жақта аналық бездің резекциясы
*жатыр ампутациясы
!Аналық бездің герминогендік ісіктеріне ықтималдылығы жоғары жататындар:
* гипернефрома, лютеома
*+дермоидты киста, хорионэпителиома
*андробластома, аренобластома
*аналық без фибромасы, лютеома
*Бреннер ісігі, дисгерминома
! Андробластомаға ықтималдылығы жоғары тән белгі:
* опсоменорея, ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің атрофиясы
*.гиперполименорея, гирсутизм, клитор гипертрофиясы
* тері тургорының жақсаруы, метроррагиялар, акне, себорея
*+гирсутизм, дауыс тембрінің өзгеруі, гипо-,аменорея
* асцит, анемия, гидроторакс
!40 жастағы науқаста 2 апта бұрын 8 апталық жүктілік көлеміндей жатыр миомасы анықталды. Етеккірі көп мөлшерде келеді. Соңғы кезде анемия анықталды. Кезекті қарау кезінде: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. PV: жатыр мойны ескі жыртылулармен деформациялаған. Жатыры 14 апталық жүктілік көлеміндей миоматозды ісікке айналған. Ең ықтимал тактика
* 17 ОПК тағайындау керек
* жатырдың қынапүстілік ампутациясы
*+ жатыр экстирпациясы
* диферелина тағайындау
* диспансерлі бақылау 3 айдан кейін
!Құрамында эпителиалді тін бар аналық бездің қатерсіз ісігі–бұл:
* +жай серозды кистома
*жетілген тератома
*тератобластома
*гипернефрома
*аналық без фибромасы
!52 жастағы науқас іштің төменгі жағында ауырлық сезіміне іш өлшемдерінің жоғарылауына шағымданып келді. Анамнезде: 5 жүктілік, 2 - босану, 3 аборт. Гинекологқа қаралмады, профилактикалық қаралудан өтпеді. Қарап тексергенде: ісіктің жоғарғы полюсі кіндікке дейін жетеді, тығыз-эластикалық консистенциялы, қозғалуы шектелген, пальпация кезінде және ығыстырғанда ауырмайды, кіші жамбастың бәрін толтырады. Жатыр үлкен емес тығыз, қозғалмалы, ауырмайды, жатыр мойны эрозияланбаған. Ең ықтимал диагноз:
* аналық без эндометриозы
*+аналық без рагы
*аналық без кистомасы
*жатыр миомасы түйіннің субсерозды орналасуымен
*бүйректің дистопиялық түсуі
!Репродуктивті жастағы науқаста миома мен ішкі эндометриозы қосарланып келгенде гиперполименорея мен екіншілік анемиясы болған кезде ықтималдылығы жоғары көрсетілген операция:
* жатырдың жатыр қосалқыларынсыз экстирпациясы
* жатырдың жатыр қосалқылармен экстирпациясы
* жатыр мен жатыр қосалқыларыныз қынапүстілік ампутациясы
*+жатырдың қынапүстілік ампутациясы түтіктермен
* жатыр мен жатыр қосалқыларын қынапүстілік ампутациясы
!55 жастағы науқаста аналық бездің қатерлі зақымдануына күмәнданған кезде операция көлемі:
*зақымдалу жақта жатыр қосалқыларын алып тастау және үлкен шарбы майын резекциялау
*+жатыр мен жатыр қосалқыларын қынапүстілік ампутациясы мен үлкен шарбы майын резекциялау
* жатыр мен жатыр қосалқыларының экстирпациясы мен үлкен шарбы майын резекциялау
*жатыр қосалқыларын екі жақтан алып тастау
* жатыр мен жатыр қосалқыларын қынапүстілік ампутациясы
!Аналық без ісігінің интралигаментарлы орналасуы бар науқаста операция кезінде ықтималдылығы жоғары қатер
* ісік арнасынан қан ағу
*байламдық аппарат көктамырлардың варикозды кеңеюі
*аналық бездің екі жақты зақымдануы
*+несепағардың дұрыс емес орналасқандықтан жарақаттануы
*зәр қуығының жарақаттану қаупі
!Крукенберг ісігіне тән ерекшелік:
* солидті құрылымды
*.көбінесе ішектің екі бөлімін және аналық безді зақымдайды
*+асқазан рагы мен ішектің метастазы болып табылады
*.айқын ауру синдромымен қатар келеді
*жатырлық қан ағумен қатар келеді
!Жатыр миомасы кезінде жатырдың экстирпациясына ықтималдылығы жоғары көрсеткіш:
* үлкен өлшемді жатыр миомасы
*+ миоманың мойындық орналасуы
*жатыр мойнының эрозиясы мен миома
*миома және жүктілік
*көптік миома
!Гонадалар дисгенезиясы синдромын емдеудің нәтижелі әдісін таңдаңыз
* хирургиялық ем-билатералды гонадэктомия
*+ анаболикалық стероидтармен, жыныстық гормондармен гормонотерапия
*медикаментозды емес терапия: йодобромды ванналар, рефлексотерапия
* жасанды прогестиндермен терапия
*оперативті ем – ісікті алып тастау
! Жатыр мойнының обырын ерте диагностикалауда ең ақпаратты скрининг-тест:
* жай кольпоскопия
*бимануалды ректовагиналды зерттеу
*+жатыр мойны өзегінен жағындылардың цитологиясы
* жатыр мойны өзегінің вакуум-кюретажі
* эндометрий аспиратын цитологиялық зерттеу
!Репродуктивті жастағы науқаста аналық бездің қатерсіз ісігінің ықтималдылығы жоғары емдеу тактикасы:
* 2-3 ай бойы гормоналды терапия, нәтижесі болмаса – аднексэктомия
*+ 2етеккір циклінде қабынуға қарсы терапия, нәтижесі болмаса – аналық без резекциясы
* аднексэктомия көлемінде жедел түрде оперативті ем
* аналық без резекциясы көлемінде жоспарлы түрде оперативтік ем
*бақылау, асқынулар болған жағдайда – аднексэктомия
!Науқаста «жатыр мойнының эпителий ішілік рак» диагнозын болжауға қандай зерттеу әдісі көмектеседі:
* цервикоскопия
*гистероскопия
*+ эндоцервикс қырындының гистологиясы
*кеңейтілген кольпоскопия
*жатыр мойнынан жағынды-іздер цитологиясы
