- •Раисова Аида
- •Мазмұны
- •Қаржылардың құндық экономикалық категория ретінде түсінігі. Ақшалар және қаржылар
- •Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Қаржы қажетігінің факторлары
- •Қаржыларға қатысты «жүйе» түсінігі. Қаржы жүйесінің элементтері Экономиканы басқарудың қиындауы. Инфляция және жұмыссыздық. Қазақстандағы инфляцияның ерекшелігі
- •Қаржы жүйесін ұйымдастыруының негізгі қағидалары
- •Қаржылық саясат. Қаржылық саясаттың түсінігі. «Қаржылық механизм» қаржы саясаттың маңызды бөлігі ретінде
- •Қаржыларды басқарудың жалпы түсінігі. Қаржыларды басқару мекемелері, олардың қызметтері
- •Қаржылық-құқықтық актілер, олардың түрлері
- •Қаржылық бақылаудың түсінігі, оның объективті басты шарттары
- •Қаржылық бақылау органдары, олардың құқықтары және міндеттері
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныптамасы.
- •Шаруашылық субъектілер қаржылары, қаржы жүйесінің басты звеносы ретінде, олардың ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі, әлеуметтік экономикалық негізі
- •Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қаржылары
- •Смета бойынша қаржыландырудың өзін-өзі өтеудің және өзін өзі қаржыландырудың сипаттамасы
- •Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы және экономикалық негізі, олардың қаржылық қатынастар жүйесіндегі орны және рөлі.
- •10. Сызба. Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы.
- •Мемлекеттік бюджет. Оның әлеуметтік-экономикалық процестегі негізі және рөлі
- •Мемлекеттік бюджет шығындары, олардың құрамы мен құрылымы. Қр – ның бюджеттік кодексі.
- •Салықтар түсінігі, олардың негізі
- •Салықтарды әр түрлі белгілері бойынша жіктеу.
- •Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қажеттілігі және негізі
- •Несиенің түсінігі. Несиенің негізгі қағидалары.
- •Мемлекеттік несие. Мемлекеттік несиенің негізі және маңызы.
- •Мемлекеттік қарыз түсінігі, оның түрлері.
- •Yй шаруашылықтар қаржыларының негізі, олардың қызметтерінің құрамы мен құрлымы
- •Үй шаруашылықтарының кірістері мен шығыстары
- •Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері
- •Сақтандырудың экономикалық негізі мен маңызы. Сақтандыру қорлары, олардың қалыптасу әдістері және қолдану бағыттары
- •Жеке және мүліктік сақтандыруды, басқаруды ұйымдастыру
- •Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, оның қажеттілігі
- •Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі
- •Инвестиция түсінігі және оның түрлері
- •Сыртқы экономикалық қызметтің түрлері және оның қысқа сипаттамасы
- •Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары және әдістері. Тура және жанама әдістері
- •Инфляцияға әрекет ету факторлары. Инфляция және қаржылардың өзара байланысымен ара қатынасы. Инфляция түрлері және типтері
- •Экономиканы басқарудың қиындауы. Инфляция және жұмыссыздық. Қазақстандағы инфляцияның ерекшелігі
Қаржылық-құқықтық актілер, олардың түрлері
Жоспар:
1.Қаржылық-құқықтық актілер
2.Қаржылық-құқықтық актілер түрлері
Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар өзінің өкілеттікті шегінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу, пайдалану оларды жқмсауға бақылау жүргізу, қаржы жоспарларын және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау жөніндегі қаржылық қатынастарды реттейтін, сонымен бірге бұо қатынастардың қатысушыларына басшылық ететін белгілі бір қаржы-құқықтық актілерді қабылдайды.
Қаржы-құқықтық актілерді дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржы-құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқтатылуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржы-құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.
Қаржылық қызметтің сол немесе өзге құқықтық нысандарын қолдану реттелетін қатынастардың маңызымен және мазмұнымен айқындалады. Мысалы, заңды акті ұзақ және тұрақты қаржылық қатынастарды бейнелеп көресетеді және оны Парламент бекітеді; қысқа қатынастар, мысалы республикалық бюджет туралы заңды да елдің әлеуметтік-экономикалық өмірі үшін мұндай актінің мәнділігіне қарай осы орган бекітеді. Заңи емес қаржы нысандары ағымдағы қаржылық қызметте іс-әрекет етеді; оларға мыналар жатады: қаржы және салық органдарының аппаратында кеңестер өткізу, кәсіпорындардың қаржы службасына нұсқаулық беру, бюджеттерді депутаттардың жиналысының бекітуіне әзірлеу кезіндегі комиссиялардың мәжілістерін өтіһкізу және т.б.
Қаржы-құқықтық актілер заңи негіздер бойынша нормативтік және жеке, заінамалық және қосалқы, жоспарлы-қаржылық болып бөлінеді.
Нормативтіктерге біртекті қаржылық қатынастардың тобын реттейтін актілер жатады; бұл актілерде олардың қатысушыларының жалпы ережелері, яғни құқықтық нормалары болады және әдетте ұзақ уақыт әс-әрекет етеді. Олар кәсіпорындар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттіліктерін, анықталған төлемдерді есептеудің тәртібін, төлемдердің тұрпатты белгілерін және басқаларын белгілейді.
Жеке актілер құқық нормаларын белгілі бір төлеушіге немесе қаражаттарды алушыға қатысты нақтылайды.
Заңнамалық актілер – бұл Парлемент шығаратын заңдар мен қаулылар, Республика Президентінің Жарлықтары.
Қосалқы актілер – бұл заңға негізделген және заңды орындауға қабылданған актілер: басқарудың салалық және жоғарғы органдарының бұйрықтары, Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің нұсқаулықтары, лауазымды адамдардың қайсы бір іс-әрекеттерге рұқсат етілуі туралы қарарлары және т.б.
Жоспарлы-қаржылық актілердің қалғандарынан айырмашылығы сол өзара қаржы саласындағы белгілі бір кезеңге арналған нақтылы тапсырмалар болады, яғни олар қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі жоспарлар болып табылады; бюджеттердің барлық түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы жоспарлары, бюджетте қаржыландыруда тұратын мемлекеттік мекемелердің шығындарын қаржыландырудың жеке жоспарлары жатады. Қоғамның саяси және экономикалық өмірін демократияландыру, экономикалық реформа шаруашылық қызметті мемлекеттік құқықтық реттеуге көзқараста түбегейлі өзгертулерді қажет етеді. Бұл ьъталаптарға экономикалық реформаның дамуындағы жаңа кезеңді ашуға, өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгерту үшін негіз жасауға шақыратын негіз қалаушы заңнамалық актілер сай келеді: меншік туралы, кәсіпорындар туралы, бюджет жүйесі туралы, шаруашылық қызмет барысындағы және кәсіпкерлікті дамыту туралы, сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы, банктер және банк қызметі туралы, сақтық қызметі туралы, банкроттық туралы, шетелдік инвестициялар туралы, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдар және басқалары. Аталған заңдар қаржылық қатынастарды да қоса, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді жасау үшін база болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша бұл заңдар рыноктық экономиканың жаңа үлгісін жасауға, өндіріс тиімділігін ұзақ мерзімдегі және тұрақты факторлар ретіндегі қаржылық қатынастарды дамытуға бағдарланған. Шаруашылық өмір, экономикалық өзара қатынастар, қаржылық қызмет өңірлер мен басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің нақтылы дербестігін қамтамасыз ететін жаңа заңнамалық негізбен реттеліп отыруы тиіс.
