Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДФК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
412.11 Кб
Скачать

Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу

 

  Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болап табылады. Қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты – қаржының маңызды белгісі. Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Қаржылық қатынастар өзінің негізінде ұдайыөндірісітік қатынастар болып табылады. Қаржылық қатынастардың ұдайыөндірістік сиапты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады. Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары қаржылық қатынастардың объектілері болып табылады.

Қаржы дегеніміз қоғамның қажеттіліктері мен өндірістің дамуы үшін пайдаланылатын мемлекеттің, оның муниципалды құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақша қорлары. Бұл – елдің қаржы ресурстары. Қаржы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлкетте ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды қалыптастыру жолымен оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық өнімді жасау және оның құнының қозғалысын қамтамасыз ететін үдерісінде пайда болатын ақша қатынастары. Қаржының мәні – ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының қажеттілігі объекивті мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды.      

                                   

Қаржы қажетігінің факторлары

  1. Қаржыларға қатысты «жүйе» түсінігі. Қаржы жүйесінің элементтері Экономиканы басқарудың қиындауы. Инфляция және жұмыссыздық. Қазақстандағы инфляцияның ерекшелігі

Жоспар:

 1.Инфляция және оның ҚР-дағы ерекшелігі

2.Жұмыссыздық

 Инфляция – бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бірқалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді.

Инфляция жалпы орташа баға деңгейінің тұрақты өсу тенденциясын көресетеді.

Дезинфляция – инфляция қарқынының төмендеуін көрсетеді. Инфляция қарқынына байланысты инфляцияның түрлерін анықтауға болады:

  Қалыпты инфляция жағдайында экономикада инфляция қарқыны бір жылдың ішінде 3-4 % құраса, ал бір жылдың ішіндегі инфляция деңгейі 200-300% құрайды.

  Өршімелі инфляция жағдайында инфляция қарқыны 1 жылдың ішіндегі инфляция деңгейі 200-300% құрайды.

  Шектен тыс инфляция жағдайында экономикада 1 жылдың ішінде инфляция деңгейі 1000% құрайды.

Инфляцияның пайда болуының екі негізгі себебі бар:

  Жиынтық сұраныстың өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда болады.

  Жиынтық ұсыныстың азаюынан ұсыныс инфляциясы туындайды.

Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді.

Инфляцияның зардаптары.

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары әлемдік тәжірибеде былай көрсетіледі:

  Өндіріс сфераларының, шаруашылық субъектілерінің қарыз берушілер мен қарыз алушылар арасында табыстарды қайта бөлістіру;

  Мемлекеттік бюджет құралдарының, шаруашылық субъектілерінің, тұрғындардың жинаған ақша құралдарының құнсыздануы;

  Әртүрлі салаларда пайда нормалары теңсіздігінің жоғарлауы (бағалардың бірқалыпты өсуі);

  Амортизациялық қордың құнсыздануы;

  Көлеңкелі экономиканың белсенді дамуы;

  Жұмыссыздықтың өсуі, экономикалық белсенділіктің төмендеуі;

  Ұлттық валютаның сатып алу қабылетінің төмендеуі;

  Құнсызданған ақшаны тауарға немесе шетел валютасына аударуға ұмтылғандықтан тұтынушылар сұранысың өзгеруі;

  Қоғамда әлеуметтік қақтығыстардың өршуі.

Егерде мемлекетте инфляция деңгейі тереңдеп кетсе, онда мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Шектен тыс инфляция қомақты әлеуметтік-экономикалық шығындарға әкеледі. Инфляция өндіріс процесінің бұзылуына әкеледі. Бағаның өсуі ұлттық валютаның құнсыздануына әкеледі, екіншіден инфляция әлемдік баға деңгейін жоғарлатады. Үшіншіден бағаның өсуі экспорттық өнімнің бәсекеге қабылетін әлсіретеді.

Инфляцияға қарсы саясат. Экономиканы тұрақтандыру үшін инфляциямен күрес және арнайы инфляцияға қарсы бағдарлама жасалу керек. Инфляция жағдайында шаруашылықты басқарудың екі жолы бар:

  Бейімделу саясатын іздеу, яғни инфляцияға үйрену;

  Инфляцияға қарсы шаралардың көмегімен инфляцияны жою.

Экономиканың барлық субъектілері инфляцияны сатып алу қабілетінің төмендеуінің негізінде есепке алынады.

Үй шаруашылықтары – инфляцияға табыстың басқа қосымша көзедрін іздеу арқылы бейімделеді. Жұмысшылара инфляциядан қорғану үшін келісімшартта көрсетілген еңбекақыға инфляциялық түзетулер енгізеді.

Бейімделудің басқа жолдары: жанұя бюджетін икемсіз тауарлар мен қызметтерге қарай қайта құру және т.б.

Фирмаларда – инфляция жағдайында өзінің экономикалық саясатын өзгертеді. Мысалы, олар қысқа мерзімді жобаларды ғана жүзеге асырады. Меншікті айналым құралдарының жетіспеушілігінен фирмалар қаржыландырудың жаңа көздерін іздейді (акция шығару, облигация, лизинг). Бұл қадам қарыздық қаражат көздері үлесінің жоғарлауына, кәсіпорынның қаржылық тәуекелінің жоғарлауына әкеледі.

Инфляция жағдайындағы фирмалар –табысты бөлістіру саясатын өзгертуге мәжбүр болады.

Инфляцияға қарсы шаралар – инфляция жағдайында мемлекеттік саясаттың бір көзқарасы болып – инфляцияға қарсы шараларды пайдалану негізінде нарықтағы күштердің қақтығысына мемлекеттің минималды түрде араласуы.

2. Жұмыссыздық түрлері:

  Уақытша жұмыссыздық кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезінде «жұмысаралық» жағдайда қалады. Жұмытан шығарғанда, басқа жұмыс орнын өздегенде, жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүргенде уақытша жұмыссыздыққа ұшырайды. Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысқа қайтып келсе, олардың орнын басқа жұмысшылар басады. Сондықтан әртүрлі себептермен жұмыссыз қалған адамлар санаты құрамы өзгерсе де, типі қала береді.

  Құрылымдық жұмыссыздық. Уақытша жұмыссыздық ақырындап «Құрылымдық жұмыссыздық» деп аталатын екінші санатқа ауысады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз кезегінде еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе жойылады.

  Циклдік жұмыссыздық. Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы және жиынтық шығындардың жетіспеулігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздық кейде «сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық» деп атайды.

 Жұмыссыздық себептері:

ҚР Үкіментімен бірнеше жыл бойы жүргізілген монетарлық саясат табиғи нәтижеге жұмыссыздықтың өсуі есебінен инфляцияны ауыздықтауға әкеледі. Қр-дағы жұмыссыздық жоғарыда айтылған барлық нысандарда көрсетіледі:

  Кезеңдік жұмыссыздық елдегі экономикалық дағдарыстың нәтижесі ретінде болады;

  Уақытша жұмыссыздық жақсы өмірді іздеген елдің басқа елдерге жаппай көшуінің нәтижесінде болды;

  Құрылымдық жұмыссыздық сыртқы әлемнен экономиканың көп жыл жабық болуының  және нарықтағы қатынастарға қазіргі жағдайда көшу қажеттілігінің нәтижесінде болады.

ҚР еңбек рыногындағы келесі роблемаларды бөліп қарасытруға болады:

  Еліміздің әртүрлі аймақтарындағы жұмыспен қамтамасыз ету деңгейінің біркелкі еместілігі өседі;

  Жұмыссыздықтың мерізімінің өсуінің ұзақтығы;

  Жұмыспен қамтылуының әлеуметтік құрылымы өзгереді;

  Материалдық өндіріс пен ғылым салаларында жұмыс істемейтіндердің саны азайып, өндірістік емес салаларда көбейеді;

  Жұмыссыздықтың қатары әйелдер мен жастары құрамында көбейеді.