- •Раисова Аида
- •Мазмұны
- •Қаржылардың құндық экономикалық категория ретінде түсінігі. Ақшалар және қаржылар
- •Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Қаржы қажетігінің факторлары
- •Қаржыларға қатысты «жүйе» түсінігі. Қаржы жүйесінің элементтері Экономиканы басқарудың қиындауы. Инфляция және жұмыссыздық. Қазақстандағы инфляцияның ерекшелігі
- •Қаржы жүйесін ұйымдастыруының негізгі қағидалары
- •Қаржылық саясат. Қаржылық саясаттың түсінігі. «Қаржылық механизм» қаржы саясаттың маңызды бөлігі ретінде
- •Қаржыларды басқарудың жалпы түсінігі. Қаржыларды басқару мекемелері, олардың қызметтері
- •Қаржылық-құқықтық актілер, олардың түрлері
- •Қаржылық бақылаудың түсінігі, оның объективті басты шарттары
- •Қаржылық бақылау органдары, олардың құқықтары және міндеттері
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныптамасы.
- •Шаруашылық субъектілер қаржылары, қаржы жүйесінің басты звеносы ретінде, олардың ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі, әлеуметтік экономикалық негізі
- •Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қаржылары
- •Смета бойынша қаржыландырудың өзін-өзі өтеудің және өзін өзі қаржыландырудың сипаттамасы
- •Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы және экономикалық негізі, олардың қаржылық қатынастар жүйесіндегі орны және рөлі.
- •10. Сызба. Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы.
- •Мемлекеттік бюджет. Оның әлеуметтік-экономикалық процестегі негізі және рөлі
- •Мемлекеттік бюджет шығындары, олардың құрамы мен құрылымы. Қр – ның бюджеттік кодексі.
- •Салықтар түсінігі, олардың негізі
- •Салықтарды әр түрлі белгілері бойынша жіктеу.
- •Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қажеттілігі және негізі
- •Несиенің түсінігі. Несиенің негізгі қағидалары.
- •Мемлекеттік несие. Мемлекеттік несиенің негізі және маңызы.
- •Мемлекеттік қарыз түсінігі, оның түрлері.
- •Yй шаруашылықтар қаржыларының негізі, олардың қызметтерінің құрамы мен құрлымы
- •Үй шаруашылықтарының кірістері мен шығыстары
- •Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері
- •Сақтандырудың экономикалық негізі мен маңызы. Сақтандыру қорлары, олардың қалыптасу әдістері және қолдану бағыттары
- •Жеке және мүліктік сақтандыруды, басқаруды ұйымдастыру
- •Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, оның қажеттілігі
- •Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі
- •Инвестиция түсінігі және оның түрлері
- •Сыртқы экономикалық қызметтің түрлері және оның қысқа сипаттамасы
- •Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары және әдістері. Тура және жанама әдістері
- •Инфляцияға әрекет ету факторлары. Инфляция және қаржылардың өзара байланысымен ара қатынасы. Инфляция түрлері және типтері
- •Экономиканы басқарудың қиындауы. Инфляция және жұмыссыздық. Қазақстандағы инфляцияның ерекшелігі
Мемлекеттік несие. Мемлекеттік несиенің негізі және маңызы.
Жоспар:
1.Мемлекеттік несие.
2.Мемекеттік несиенің түрлері.
Мемлекеттік кредит - жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі жэне кредиттік қатынастардың жиынтығы, бүл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымыгында, мерзімділігінде жэне уқыттлыгында. Алайда, бұл қатынстарды банк кредитімен шатастыруға болмайды.
Жекеше кредит |
Мемлекеттік кредит |
|
1)өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар үшін жұм ылдырылады; 2)төлем және сатып алу қаражаттары жумылдырылады; 3)өтеу бюджет кірістірінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі; 4) капиталды қолдану сферасын тарылтады. |
Мемлекеттік кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы:
Мемлекеттік кредиттің көздері - кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда бола- тын уақытша бос қаражаттар. Мемлекет кредит ресурстарын:
бюджет тапшылығын қаржыландыру
ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;
биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру:
елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс.Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздемелерде қаржылық қатынастарға кіреді:
мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар эр түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқ- ты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;
алынған жэне берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің - үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледь|
Қаржының бөлгіштік функциясы шектерінде мемлекеттік кредит ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қагіта бөлудің қосалқы, функциясын орындайды. Бүл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бүл функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің екінші қосалкы функциясы - реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының рыногында қарыз алушы бола отырып, ол бүл капиталға деген сұранымды арттырады, мүның нэтижесінде несие капиталының нормасы артады.
Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.
Ішкі кредитте мемлекеттік - кредиттік қатынастар жан-жақты түрғыда: қарыз алушылар кезінде де, кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктіңжергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.
Халықшаруашылық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк үйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиентел деп аталады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде бола-ды. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекет карыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге кредитор ретінде де бола алады.
Мемлекеттік кредиттің нысандары:
мемлекеттік қарыздар шығару;
коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру;
қазынашылық несиелер.
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредиттік қатынастар болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бүл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.
Мемлекеттік қарыздар - нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи жэне жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:
Қарыздар |
Салықтар |
1) ерікті сипаты; 2) мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны |
1) мәжбүрлеме сипаты; 2) мәжбүрлеудің анық нысаны |
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валюта- сы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгічі бойыниіа: цысца мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан бес жылға дейін), үзақ мерзімді (бес жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынгиа карыздар ішкі жэне сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі карыздардың облига- цияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойыніиа: еркін айналатын, жазылу бойынша ор- наластырылатын жэне мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады.
Эмитентке царай қарыздар үкіметтің қарыздарына жэне биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.
Табыстылыц түрлері бойынгиа қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс немесе лотореялық (табыс облигациялардың өтеу гиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысы бойынша: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары; Қазақстан Республикасы ¥лттық банкінің қарыздары; Жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
Несие капиталының рыноктары бойынша мемлекеттік қарыздар:
сыртқы мемлекеттік қарыздар;
ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.
Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар: мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару; қарыз келісімшарттарын жасасу болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық багалы қағаздар қолданылу мерзімі бойыниша:
айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді; айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді; айналыс мерзімі 5 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
