Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДФК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
412.11 Кб
Скачать
  1. Несиенің түсінігі. Несиенің негізгі қағидалары.

Жоспар:

1.Несиенің түсінігі.

2.Олардың негізгі қағидалары. 

Несие қүрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан түрады. Мүндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауга болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық жөне коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық үйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы үйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, нееиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге онім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал, қарыз алушыларга қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген занды және жеке түлғалар жатады.

Несиелеу объектісі - бүл несиенің пайдалану заты, ягни несиенің іске асырылу аясы дегі түсінуге болады.

Несиелеу объектісі материалды қүндылықтар, ондіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық үйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші матариалдарды, жанар-май, ыдыстар, сатып алынатын жартылай онімдер, азықтар және басқа да материалды қүндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркөсіптегі дайын өнімдердің жөне сауда үйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мүндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.

Несиелеу объектісіне, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, көсіпкерлік қызметпен айналысатын занды және жеке түлғалардың сатып алынатын шикізаттары, матери алдары, қүралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды үйымдастыру облысындағы объективті экономикалық зандардың талаптарын бейнелейді.

Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты жөне мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастарды үйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:

  I топқа — жалпы экономикалық тәртіптегі принцыптер:

• несиенің мақсаттылығы;

• несиенің дифференциялдығы.

  II топқа — несиенің мөнін бейнелейтін принциптер:

• несиенің мерзімділігі;

• несиенің қайтарымдылыгы;

• несиенщ төлемділіп;

• несиенің қамтамасыз етілуі.

Қазіргі несиенің дифференциялдық принципінің маз- мүны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бүл принцип несиелік келісім жасалғанга дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сүранысын оқып- үйрену барысында потенциалды қарыз аяушылардың несиелік қабілетін жөне сүралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылыгын, сондай-ақ қаражаттардың жүмсалу үзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.

Мерзімділік — белгілі экономикалық категория ретіндегі мөніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген төртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принципі туындайды.

Несиенің қайтарылымдылыгы онын экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатып ерекшелігі- мен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды.

Сондықтан да, қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Шаруашылықтың нарықтық қатынастарга өтуіне байла- нысты несиелеудің бүл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты үдайы ондірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі төуелді. Екіншіден, бүл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жүмысын үйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жүмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшініиіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бүл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуга мүмкіндік береді.

Несиенің төлемділігі - бүл несие беруші қарыз алушыга берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түріндс беріледі.

Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің багасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі түсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сүраныс пен үсыныс негізінде қалыптасады.

Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:

  орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысы- ның базалық мөлшерлемесі;

  банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;

  өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;

  банктің несиелік ресурстарының қүрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы согүрлым қымбат болуға тиіс);

  несиеге деген сүраныс (сүраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады);

  несиенің сүралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;

  активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайда- лануында болады.

Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жагдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.

Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең түрақты форм асы ретінде мынадай шарттарды сақтайды: біріншіден, кспілдің қүнын анықтау барысында несие мөлшері мен гіайыз мөлшерлемесін қоса алғандағы сомасын, сол сияқты кепілді іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дүрыс анықтау қажет; екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық зандылық жақтарын, қүқылыгын, міндеттілігін тексере отырып, түрақты және занды түрде қорғалуын қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын кепілдің түрған жерін, жағдайын, қүндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бүл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты келеді.