- •Раисова Аида
- •Мазмұны
- •Қаржылардың құндық экономикалық категория ретінде түсінігі. Ақшалар және қаржылар
- •Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу
- •Қаржы қажетігінің факторлары
- •Қаржыларға қатысты «жүйе» түсінігі. Қаржы жүйесінің элементтері Экономиканы басқарудың қиындауы. Инфляция және жұмыссыздық. Қазақстандағы инфляцияның ерекшелігі
- •Қаржы жүйесін ұйымдастыруының негізгі қағидалары
- •Қаржылық саясат. Қаржылық саясаттың түсінігі. «Қаржылық механизм» қаржы саясаттың маңызды бөлігі ретінде
- •Қаржыларды басқарудың жалпы түсінігі. Қаржыларды басқару мекемелері, олардың қызметтері
- •Қаржылық-құқықтық актілер, олардың түрлері
- •Қаржылық бақылаудың түсінігі, оның объективті басты шарттары
- •Қаржылық бақылау органдары, олардың құқықтары және міндеттері
- •6.1. Сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныптамасы.
- •Шаруашылық субъектілер қаржылары, қаржы жүйесінің басты звеносы ретінде, олардың ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі, әлеуметтік экономикалық негізі
- •Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қаржылары
- •Смета бойынша қаржыландырудың өзін-өзі өтеудің және өзін өзі қаржыландырудың сипаттамасы
- •Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы және экономикалық негізі, олардың қаржылық қатынастар жүйесіндегі орны және рөлі.
- •10. Сызба. Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы.
- •Мемлекеттік бюджет. Оның әлеуметтік-экономикалық процестегі негізі және рөлі
- •Мемлекеттік бюджет шығындары, олардың құрамы мен құрылымы. Қр – ның бюджеттік кодексі.
- •Салықтар түсінігі, олардың негізі
- •Салықтарды әр түрлі белгілері бойынша жіктеу.
- •Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қажеттілігі және негізі
- •Несиенің түсінігі. Несиенің негізгі қағидалары.
- •Мемлекеттік несие. Мемлекеттік несиенің негізі және маңызы.
- •Мемлекеттік қарыз түсінігі, оның түрлері.
- •Yй шаруашылықтар қаржыларының негізі, олардың қызметтерінің құрамы мен құрлымы
- •Үй шаруашылықтарының кірістері мен шығыстары
- •Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі, оның түрлері
- •Сақтандырудың экономикалық негізі мен маңызы. Сақтандыру қорлары, олардың қалыптасу әдістері және қолдану бағыттары
- •Жеке және мүліктік сақтандыруды, басқаруды ұйымдастыру
- •Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, оның қажеттілігі
- •Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі
- •Инвестиция түсінігі және оның түрлері
- •Сыртқы экономикалық қызметтің түрлері және оның қысқа сипаттамасы
- •Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары және әдістері. Тура және жанама әдістері
- •Инфляцияға әрекет ету факторлары. Инфляция және қаржылардың өзара байланысымен ара қатынасы. Инфляция түрлері және типтері
- •Экономиканы басқарудың қиындауы. Инфляция және жұмыссыздық. Қазақстандағы инфляцияның ерекшелігі
Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы және экономикалық негізі, олардың қаржылық қатынастар жүйесіндегі орны және рөлі.
Жоспар:
1.Мемлекеттік қаржылардың экономикалық негізі.
2.Олардың қаржылық қатынастар жүйесіндегі орны.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.
Мемелекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), юір жағынан, жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақшалай қатынастардың субъекттілері болып табылады.
Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады.
Мемлекет қаржысы үшін көп дәрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың іс-әрекеті қолайлы. Сондықтан ол бөлу мен бақылау функияларын орындайды.
Функциялық арналымы бойынша мұндай сан алуан қаржылық байланыстардың арқасында мемлекет аумақтық, сондай-ақ салалық аспектілерді көптеген экономикалық және әлеуметтік үдерістерге жасай алады.
Егер қаржылық қатынастарды топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен әлеуметтік үдерітерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда Қазақстан Республикасындағы мемлекет қаржысының құрылымын шамамен мынадай түрде көрсетуге болады.(10.5 сызба)
10. Сызба. Қазақстанның мемлекеттік қаржысының құрамы.
Мемлекет
қаржысының құрамында республикалық
және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын
бюджеттік қатынастар маңызды рөл
атқарады. Бюджеттік өзара байланыстар
қатынастар көмегімен мемлекеттік
құрылымдардың қарамағына қаржылық
әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың
едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі
деңгейдің бюджеттері – республикалық,
жергілікті бюджеттер тиісінше билік
пен басқарудың республикалық және
жергілікті органдары үшін тірліктің
қаржы базасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық (орталық) бюджет қалыптастырылады.
Мемлекеттік қаржылар барлық жағдайларда және мемлекет қызметтерінде қолданылады. Мемлекеттік қаржыларға:
мемлекеттік бюджет;
бюджеттен тыс арнайы қорлар;
мемлекеттік несие;
сақтандыру қорлары;
әр-түрлі меншіктегі қаржылық кәсіпорындар.
Мемлекеттік қаржылардың негізгі буыны - мемлекеттік бюджет.
Мемлекеттік бюджет дегеніміз – экономикалық категория, мемлекеттің қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу кезінде қоғамдағы өндірістердің қатысушылары арасында пайда болатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.
Мемлекеттік бюджет қоғамның ұдайы өндірістегі рөлі, ұлттық табыспен жалпы қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу мемлекеттік бюджеттің көмегімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік бюджет халық шаруашылығының әр-түрлі салаларының арасында ақша қаражаттарын бөледі. Мемлекеттік бюджет экономикаға әсер етеді, ол материалдық өндірістің өсуін ынталандырушы болып табылады.
Бюджет дегеніміз – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады:
Қазақсатн Республикасында мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға бағытталған орталықтандырылған ақша қоры;
Мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияның қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры,треспубликалық маңызы бар қала, Астана бюджеті болып табылады;
Мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функиялық қаржымен қамтамасыз етуге және тиістіаудандағы мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры;
Төтенше бюджет елдегі төтенше жағдайларға байланысты берілетін бюджет. Қазақстан Республикасының президентінің жарлығымен ғана іске асады.
