Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.83 Кб
Скачать

Қабылдаудың физиологиялық негіздері

Қабылдау рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөлектеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.

Қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары талдану-бірігу формасы. Талдау бол-май, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екі түріне негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне - талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштердің әсер етуінен болады, мысалы, есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін бірігу (интеграция) процесі мен күрделі синтездің болуынан.

Қүрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екінші түрі - әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипап-сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан (ассоциация) жүзеге келеді. Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды.

8.Зейін

Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады. Зейін дегеніміз адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз. Зейін — адамды қоршаған көптеген басқалардың ішінен заттар мен құбылыстарды бөліп көрсету.Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше психикалық үрдіс емес. Зейін басқа психикалық үрдістерде байқалады. Мәселен, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Сондықтан да зейін кез-келген іс-әрекетті орындаудың шарты болып табылады. Мәселен, қарапайым жұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделі есептеу техникалармен жұмыс, ғылыми зерттеу жұмысы зейінсіз іске асуы мүмкін емес. Зейін оқу жұмысының негізгі шарты болып табылады. Оқу материалын берік меңгеру ең алдымен зейінге тікелей байланысты. Орыстың ұлы классик педагогі К.Д.Ушинский зейін туралы былай деп жазды: "Зейін есік тәріздес, ол арқылы бәрі өтеді, сыртқы дүниеден адамның жан-дүниесіне жетіп отырады." Зейін өз табиғаты жағынан таным үрдісі бола алмайды, бірақ кез-келген таным үрдісінің іске асу шарттарын сипаттайды. Зейін төмендегідей қызметтерді атқарады: психологиялық және физиологиялық үрдістердің қажеттерінің белсенділіктерін арттырады және қажетсіздерін тежеп отырады, түскен ақпаратты мақсатты, ұйымдасқан іріктеуге көмектеседі, белгілі бір нысанага белсенділікті ұзақ уақыт шоғырландыруға көмектеседі.Зейін туралы өте маңызды теориялық тұжырымды Т.Я.Гальперин ұсынған болатын. Оның зейін туралы тұжырымдамасының негізгі қағидалары төмендегідей:

1.Зейін бағдарлы зерттеу іс-әрекетінің сәттерінің бірі болып табылады. Ол қазіргі кезде адам психикасының, бейнесінің, ойының мазмұнына бағытталған психологиялық іс-әрекет болып табылады.

2. Өзінің қызметі жағынан зейін осы мазмұнды бақылау болып табылады. Адамның іс-әрекетінде бағдарлы, орындаушылық және бақылау функциялары кездеседі.

3. Белгілі бір өнім өндіретін басқа іс-әрекеттерден ерекшелігі бақылау іс-әрекеті немесе зейіннің бөлек, жеке нәтижесі болмайды.

4. Зейінде бақылау өлшемдердің, үлгінің көмегімен іске асады, ол іс-әрекеттің нәтижесін салыстыруға және оны анықтауға көмектеседі.

5. Ерікті зейін — жоспарлы зейін, бақылау алдын ала жасалған жоспар бойынша іске асалы.

Негізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні – белсенді зейін деп атайды.

Еріксіз зейін деп алдымызға мақсат қоймай, біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Еріксіз зейіннің пайда болу себептері ең алдымен бізге әсер ететін тітіркендіргіштердің ерекшеліктері болып табылады, атап айтқанда, анықтығы, айқындығы, күші, көлемі, қозғалғыштығы, ұзақтығы, кенеттен болуы, қарама-қарсылығы. Мәселен, әдемі ашық түсті және жарқыраған ойыншық мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің зейінін өзіне ерекше аударады.

Күшті тітіркендіргіштер: күшті дыбыстар, ашық түс, өткір иіс — еріксіз зейінімізді аударады. Еріксіз зейінімізді аударуда ерекше рөл атқаратын тітіркендіргіштердің арасында контраст (қарама-қарсы) болуы мүмкін.

Ерікті зейін деп саналы алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын таңдай отырып, адам санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады. Ерікті зейін физиологиялық тұрғыдан көп жағдайда екінші сигнал жүйесінің іс-әрекетімен анықталады. Студент профессордың лекциясын зейін қойып тыңдайды. Студент алдына күні бұрын лекцияны түсініп, жазып алу жөнінде мақсат қояды, өзінің зейінін профессордың лекциясына аударады.Жұмыстың көптеген түрлерінде көп жағдайда ерікті зейінді қажет етеді. Мәселен, корректордың жұмысы, тас қалауда құрылысшының жұмысы, жүргізушінің жұмысы, мұғалімнің жұмысы т.б. ерікті зейін арқылы іске асады. Еріксіз және ерікті зейіннің негізгі белгілері бірдей.

9.Ес туралы сипаттама

Біздің түйсінген және қабылданған заттарымыз бен құбылыстарымыз ізсіз жоғалып кетпейді, бірақ белгілі дәрежеде есте қалдырылады, бекітіледі, есте сақталады және қолайлы жағдайларда немесе қажет болған кезде қайта жаңғыртылады.Сонымен қатар біздің ойымыз, сөйлеуіміз, бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекеттеріміз бекітіледі, одан кейін бастан кешкен сезімдеріміз бен әрекетттеріміз қайта жаңғыртылады. Бұл әрбір адамға күнделікті тәжірибеден белгілі. Мәселен, мектепте әр түрлі ғылым негіздерінен берілген білімді шәкірттер есте сақтайды және қайта жаңғыртады. Жеке тұлғаның тәжірибесін есте қалдыру, есте сақтау және кейін есте қайта жаңғыртуын ес деп атаймыз. Естің физиологиялық негіздеріне уақытша жүйкелік байланыстар, оның құрылуы, есте сақталуы жатады.Ес дегеніміз бұрынғы тәжірибені бейнелеу болып табылады.Адамның өмірінде естің мәні орасан зор. Естің арқасыңда біздің санамызда бүгінгі жағдайлар ғана бейнеленіп қоймайды, сонымен қатар өткендегі біздің қабылданған және бұрын бастан кешкен көңіл-күй жағдайлары да бейнеленеді.Ес адамзат қызметінің барлық түрлерінде маңызды рөл балаларда кейбір білімдердің, ептіліктердің және дағдылардың болуын қажет етеді. Кез-келген еңбек - дене, ақыл-ой еңбегі қажетті білімнің, икемділіктердің және дағдылардың болғанында ғана мүмкін.Әсіресе, оқыту үрдісінде естің мәні ерекше. Мектепте оқытудың бірінші және негізгі міндеті оқушыларды білім негіздерімен қаруландыру болып табылады.Ес адамға қажетті күрделі үрдіс, бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістерден тұрады. Ол адамға жеке өмірлік тәжірибені жинақтауға, есте сақтауға және кейін пайдалануға көмектеседі. Барлық бекітілген білімдер мен дағдылар естің жұмысына жатады.Ес жұмысының физиологиялық негізі жүйке жүйесінде жүйке қозуларынан қалатын іздер болып табылады. Бұл іздер өзара байланысты, жүйке жүйелерінің аяқталуы іске асады.Ұлы орыс физиологі И.П.Павлов бұл жүйке байланыстарын ұйымдастыру заңдарын, оның негізінде ағзаның қызметі заңдарын зерттеді.

Балаларда естің жоғары түрін алғаш рет бір жүйелі зерттеуде психология ғылымының көрнекті өкілі Л.С. Выготскийдің еңбегі орасан зор. Ол 20-жылдардың аяғында алғаш рет естің жоғары түрінің дамуы туралы мәселені зерттеуге кірісті болатынды және өзінің шәкірттерімен бірге естің жоғары түрі психикалық қызметтің күрделі түрі екендігін көрсетіп берді.А.А. Смирновтың және П.И. Зинченконың зерттеулері естің жаңа және күрделі заңдарын ашып көрсетті.Генетика және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар кибернетиканың дамуына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің биологиялық негіздері мен физиологиялық амалдарын зерттеу өзіне ерекше назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек, жекелеген жүйке жасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде және олардың кешендері еске сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыру және қайта жаңғыру үрдістерінде мидың әр түрлі жасушаларының рөлі туралы, сонымен қатар молекулярлық деңгейде іске асып жатқан өзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарға толықтай біржақты, сендіретіндей жауаптар әзірше алынған емес. Сондықтан да жоғарыдағы айтылған ойларды тек қызықты жорамал ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты ес жұмысының заңдарын түсіну үшін ерекше пайдалы және оны басқарудың тәсілдерін талдау естің психологиялық теориялары болып табылады.Ес туралы соңғы кезде әр түрлі теориялар қалыптасты: олардың ішінде естің зерттеу амалдары мен заңдылықтарын зерттейтін психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, кибернетикалық теорияларды ерекше атауға болады.Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жоймаған, XVII ғасырда пайда болған. Ассоциативті психологиялық теория болды. Бұл теория негізінен Англияда кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциация туралы ұғым жатады. Ассоциация — жекелеген психикалық үрдістердің арасындағы байланыс, сонымен қатар қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың арасындағы байланысы айтылады.XIX ғасырдың аяқ кезінде естің ассоциативтік теориясының орнына кезекке гештальттеория келді. Теорияның негізгі ұғымы мен басты қағидасы алғашқы элементтердің ассоциациясы емес, ал оның тұтас ұғымы — гештальт болып табылады.Гештальтизм теориясы естің ассоциативтік теориясын қатты сынға алды (гештальт — неміс созі, қазақшалағанда бейне, тұтас құрылым деген мағынада қолданылады).Гештальтизм теориясының негізгі ұғымы — гештальт ұғымы — тұтас ұйымды, құрылымды білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]