- •1.Псиология ғылымы нені зерттейді анықтамасын беріңіз?
- •3.Психологияның дамудың алғашқы қарапайым формалары
- •4.Психология ғылымының негізгі принцептері
- •6.Қазіргі заман психология ғылымының зерттеу әдістері
- •7.Түйсік пен қабылдауға жалпы сипаттама
- •Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •10.Ойлау мен сөйлеу сипаттама
- •Ерік теориялары
- •Нышан және қабілет
- •15.Жеке тұлғаның танымдық аймағындағы темперамент пен мінезге сипаттама Темперамент жөнінде түсінік
- •Темперамент туралы теориялар
- •Темперамент түрлері
- •Мінез жөніндегі білімдер
- •1.Батыстық психологияның даму бағытындағы когнитивтик және гуманистик психологияның айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
- •2.Жануарлармен адамдардың бейнелеу ерекшеліктерін салыстрыңыз.
- •3.Түйсіктің түрлерін топтастырвп жазыңыз.
- •4.Уақыт пен кеңістікті қабылдауда типтик айырмашылықты түсіндіріңіз
- •5.Зейінің физиологиялыұқ негіздерін айқындайтын факторларды түсіндіріңіз.
- •6.Қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай ес түрлерін түсіндіріңіз
- •7.Ойлауформалары мен сипатына мысал келтіріп түсіндіріңіз
- •8.Сөйлудің физиологиялықмеханизмі мен рефлекторлық сипатын түсіндіріңіз. Тіл қатынасы жөнінде түсінік
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •9.Қиялдың түрлері.
- •10.Сезім ерекшелігі эмоция түрлері.
- •11.Ерік сапалары мен ерік әрекеттерін талдау кезеңдерінің адам әрекетіндегі орны
- •12Нышан және қабілет арасындағы байланыстарды түсіндіріңіз.
- •13.Жеке тұлғаның мінез құрылымы мен типтерін жіктеңіз.
- •14.Мінез және темперамент
- •1.Жеке тұлғаның таным үрдістегі түйсіктердің жалпы заңдылықтарын көрсетіңіз
- •2.Жеке тұлғада кездесетін қабылдау үрдісінің қасиеттерін көрсетіңіз
- •3.Зейін қасиеттерініңадам өміріндегі ықпалын көрсетіңіз.
- •4.Ес процесінің күрделі әрі адам өмірінде алатын орын көрсетіңіз.
- •5.Жеке тұлғаның ойдлау тәсілдерін дамыту жолдарын қолданыңыз.
- •6.Жеке тұлғаның дамып қалыптасуына ықпал ететін сөйлеудің атқаратын қызметі. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •7.Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетіндегі шығармашылық қиялдың жасалу әдістерін көрсетіңіз.
- •8.Жоғарығы деңгейдегі сезімдерді дамыту және тәрбиелеу жолдарын ұсыныңыз.
- •9.Қабілет және тулға даралығының қалыптасуына ықпал ететін факторларды көрсетіңіз.
- •10.Жеке тұлғаның әлеметтенуі мен қалыптасуына ықпал ететін факторлар көрсетіңіз.
- •11.Темперамент типтерінің адамның жеке басының мінез –құлқындағы көрінісін қолданыңыз.
- •12.Жас сатыларына байланысты адамдардың іс-әрекетіндегі із қалдыратын мінездің өзгеру мәселесін шешіңіз.
- •13.Жеке тұлғаның психологиялық қорғаныс әдістерін қолданыңыз.
- •14.Жеке тұлғаның бағыт-бағдарформалары және оларды қолданыңыз.
- •15.Қарым-қатынас барысында таным түсінудегі қателіктер мәселесін шешіңіз.
6.Қазіргі заман психология ғылымының зерттеу әдістері
Қазіргі кезде алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көптігіне байланысты психология ғылымының тез қарқынмен дамуы байқалады. Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекеттің және оның дамуының заңдылықтарын зерттейді, соңғы онжылдықтың көлемінде психологиялық зерттеулердің қамтитын мәселелері кеңейді, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғымдық аппараты өзгерді, үздіксіз жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар пайда болды, психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен байыды.Б.Ф.Ломов «Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары» атты еңбегінде қазіргі ғылымның жағдайын сипаттай келіп, былай деп жазды: «Қазіргі кензде психология ғылымының және оның жалпы теориясының әдіснамалық проблемаларын болашақта жан-жақты, тереңірек талдау қажеттілігі ерекше арта түседі».Психологияның зерттейтін құбылыстарының саласы жан-жақты. Ол адамның әртүрлі қиындық сатысы бар психикалық үрдістерін, психикалық қалпын және психикалық қасиеттерін қамтиды.Өткен онжылдықтарда психология негізінен теориялық (дүниетанымдық) пән ретінде белгілі болды. Қазіргі кезде оның ролі қоғамдық өмірде ерекше өзгерді. Психология бірте-бірте білім беру, өндіріс, мемлекеттік басқару, медицина, мәдениет, спорт және т.б. жүйеде кәсіптік-практикалық іс-әрекеттің ерекше саласы болып табылады.Бүгіндері қоғамның барлық саласында «адам факторының» мәні арта түсуде. «Адам факторы» деп адамдардың меңгеретін әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық қасиеттердің жан-жақты көлемін түсінеміз.Психология ғылымының алдында тұрған міндеттер туралы айтқанда, адам бар жерде, әртүрлі міндеттерді орындау барысында «адам факторы» әруақытта да ескерілуге тиісті. Халық ағарту жүйесінің барлық салаларынды (мектепке дейінгі білім беру, арнаулы орта білім беру, жоғары мектеп) психологтарға бағытталған проблемалар туындауда.Психология ғылымының шешетін қолданбалы міндеттерінің рөлін қоғамның түсіну халық ағарту органдарында әртүрлі тармақталған психологиялық қызмет көрсетуді жасау идеясына алып келді. Қазір ондай қызмет көрсету жасалып, ғылым мен тәжірибеде қолданудың байланыстырушы буыны болып келеді.
7.Түйсік пен қабылдауға жалпы сипаттама
Бізді қоршаған және бізге әсер ететін заттар мен құбылыстар әртүрлі қасиеттерге ие болады. Бұл қасиеттер сезім органдары – көру,есту,дәм және т.б арқылы біздің санамызда бейнеленеді. Түйсіктер дегеніміз дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің миымызда бейнеленуі. Біз қызыл, көк, тәтті, ащы, ауыр, жеңіл, жылы, салқын және т.б түйсінеміз. Мәселен, бір шоқ гүлді түйсінетін болсақ, оның түсі (қызыл, сары), хош иісі, дәмі, көлемі және т.б жекелеген қаситеттерін түйсінеміз.Түйсіктер – бұл алғашқы психикалық таным үдерістерінің бірі, олар көп жағдайда затты қабылдаудың құрамына кіреді. Түйсіктердің пайда болуы үшін төменгі жағдайлар қажет. Біріншіден, қандай да болсын сезім органдарына әсер ететін зат немесе құбылыс қажет. Демек, заттың немесе құбылыстың сезім органдарына әсері сезімдік жүйкенің аяқталған тармақтарының тітіркендіргіштерінде негізінен аңғарылады, осы зат, құбылыс тітіркендіргіш деп аталады. Екіншіден, түйсінуші құрал қажет. Бұл құрал 3 бөліктен тұрады: сезім органдарынан (рецептордан), онода сезгіштік жүйкенің соған сәйкес перифериялық тармақтары орналасқан.сезім органдары дегенді басқаша түйсік органдары деп атаған дұрыс болар деп еді. Сезім органдары деп ауызекі сөйлеу тілінде айтылғанмен, түйсік органрдары деп айтқан дұрыс болады. «Сезім» - бұл өз алдына дербес психикалық үрдіс.өткізгіш жолдан, демек, сезгіштік жүйкенің сол бөліктерінің,ол арқылы қозу перифериялық аяқталған жүйкеден ми ортылағына жеткізу. бас ми қыртысындағы сәйкесті ортадан (жүйкелер жүйесі), онда жүйкелік қозу психикалық құбылысқа – түйсінуге өтеді.Жоғарыда көрсетілген үш бөлігі бар қабылдау аппаратын құрайды, оны И.П.Павлов анализатор деп атады. Егер де анализатордың көрсетілген бөлікте Әрбір түйсік адамға ұнамды және ұнамсыз көңіл-күймен байланысты болады. Бұл – сезімдік немесе эмоционалдық түйсіктің белгісі. Мәселен, тәттіні түйсіну ұнамды, ащыны түйсіну ұнамсызү Кейбір түйсіктерде сеімдік белгі үлкен күшпен ерекше байқаладыү Осындай түйсіктерге, мәселен, тою, аштық, ауыру түйсіктері жатады.Ұнамды және ұнамсыз көңіл-күймен бірге түйсіктер тітіркендіргіштерге ағзаның жауап берумен (кейде өте әлсіз) бірге жүреді. Бұл ағзаның жауап беруі алғашқы балалық шақ кезінде ерекше аңғарылады. Ағзаның тітіркендіргіштерге жауап беруі арқылы балаларда белгілі дәрежеде түйсіктердің барлығын аңғаруға болады. Бұл жауап берудің (реакцияның) болуы көрсеткендей, түйсіктердің жүйке-физиологиялық негіздері рефлекс болып табылады. Берік шартты рефлекс элементарлық психткалық үрдіс – түйсіктердің физиологиялық негізі болып табылады. Түйсіктер – бұл бізді қоршаған дүниені танудың алғашқы түрі. Ол заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейді.Түйсіктердің осы көзқарасының белсенді жақтаушыларының ірі М.Мюллердің шәкірті – Гельмгольц болды. Ол және оны жақтаушылар түйсіктердің өздерін заттардың бейнесі емес, тек ғана олардың белгілері- символдары деп атады. Бұлай деп пайымдау дұрыс емес.Түйсіктер әртүрлі болады. Түйсіктердіңк барлық түрі органдарына сәйкес бөлінеді, олардың көмегімен түйсіктерді көру, есту, иіс, дәм, терң бұлшық ет, қозғалыс және органикалық түрлеріне бқлеміз.Түйсіктердің органдары қайда орналасқанына және қайдан тітіркендіргішті алуға байланысты үш топқа бөлінеді: экстерорецепторлар, проприорецепторлар және интерорецепторлар.
1.Экстерорецепторлар организмнің сыртқы бөліктеріне орналасқан – оған жататындар көру, есту, иіс, дәмғ сипай сезу (тері) органдары жатады. Бұл органдарды кқп жағдайда сыртқа сезімдердің органдары деп атайды. Олардың кқмегімен біздің организмнен тыс жатқан заттар мен құбылыстардың қасиетерін бейнелейді. Түйсіктер бұл органдарға сәйкес (көру, естуғ және т,б) экстерорецепторлар деп аталады.
2.Проприорецепторлар бұлшық еттерде, сіңірлерде, буындарда орналасқан. Бұл органдардың көмегімен біз әртүрлі қозғалыстарды және біздің ағзамызды, оныңк жекелеген мүшелерін түсінеміз. Осы түйсіктер проприорецепторлар деп аталады. Бұл түйсіктер – бұлшық ет, қозғалыс (кинестетикалық) және тепе-теңді (статикалық).
3.Интерорецепторлар дененің ішкі органдарында ішек-қарында өкпеде орналасқан. Ол рецепторлардың кқмегін ас қорыту, тыныс алу, қан айналысы және т.б ішкі органдарда тітіркендіргіштердің әсерімен алынатын түйсіктер және т.б айтады. Бұл түйсіктер интерорецепторлар деп аталады. Олар негізінен органикалық түйсіктер.
Қабылдау
Адам бірінен бірі бөлектеніп, дербес оқшауланған түр не түс, дыбыс не иіс сезімдерімен шектелмей, заттар мен формалар, күрделі құрылымдар мен жағдайлар әлемінде жасайды, субъект нендей затты қабылдамасын, оны түйсіктер жиынтығы демей, тұтас бейне (образ) деп таниды. Бұл бейнелерді қабылдауда адам бөлектенген түйсіктер шегінен асып, сезім мүшелерінің бірлікті қызметіне арқа сүйеумен біртұтас күрделі жүйеге өтеді. Осындай психикалық біріктірудің нәтижесінде ғана дербес түйсіктер біртұтас қабылдауға айналып, дара белгілер мен қасиеттерді бейнелеуден тұтас заттар мен жағдаяттарды тануға ойысамыз. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру құсаған күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады. Қабылдау - аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Ең алдымен, ақпарат ағымы - бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі. Қабылдау қызметіне қозғалыс әрекеттері де қосылады. Психикалық қабылдау процесі - субъекттің затты тануға бағытталған тікелей іс-әрекеті. Қабылдау өткен тәжірибе іздерін жаңғыртуға да байланысты. Осыған орай субъект өзіне келіп жеткен ақпаратты бұрыннан бар біліктерімен салыстырады, мәнді белгілерін айырады, жаңа ақпараттың болар маңызы жөнінде болжам жасайды; қабылданған затты тиісті категориялар тобына жатқызады. Қабылдау барысындағы іс-әрекет ешқашан да бір сезім қызметінің аймағымен шектелмей, бірнеше сезім мүшелерінің жұмысы нәтижесінде қалыптасады. Заттың санада қабылдануы психикалық іс-әрекеттің ең жоғары сатысы - тілмен тікелей байланысты. Адам зат қасиеттерін енжар танып қоймастан, олар ішіндегі мәнді деп есептегендерін айыра талдай және біріктіре, заттық бейнеге келтіріп, оны сөзбен баламаластырады, белгілі категориялар тобына қосады.Сонымен, қабылдау - бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен біріге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.
Қабылдаудың қасиеттері
Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрінісімен түсіндіріледі. Заттай қабылдау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау-реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады.
Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдауда заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз.
Тұтастық - қабылдаудың құрылымды болумен байланысты. Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге тура келе бермейді, әрі сол түйсіктердің қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам дерексізденген қорытынды құрылымды қабылдайды. Мысалы, тыңдаушы үшін ән-күй бірінен соң бірі келетін ноталарымен емес, біртұтас әуенімен мәнді.
Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз. Өзгерістер орынын толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай біз қоршаған дүние заттарын бір қалыпты күйінде танып, білеміз. Заттардың түрі, көлемі мен формасы мызғы-мас қалпында бейнеленеді.
Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі - тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді.
Апперцепция. Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъекттің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшеліктерімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесіне де орайлас келеді. Ниет, көңіл шарпуларының (эмоция) ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әртүрлі алдануы - иллюзия (алдану) салдарынан.
Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау - галлюцинация деп аталады.
