- •1.Псиология ғылымы нені зерттейді анықтамасын беріңіз?
- •3.Психологияның дамудың алғашқы қарапайым формалары
- •4.Психология ғылымының негізгі принцептері
- •6.Қазіргі заман психология ғылымының зерттеу әдістері
- •7.Түйсік пен қабылдауға жалпы сипаттама
- •Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •10.Ойлау мен сөйлеу сипаттама
- •Ерік теориялары
- •Нышан және қабілет
- •15.Жеке тұлғаның танымдық аймағындағы темперамент пен мінезге сипаттама Темперамент жөнінде түсінік
- •Темперамент туралы теориялар
- •Темперамент түрлері
- •Мінез жөніндегі білімдер
- •1.Батыстық психологияның даму бағытындағы когнитивтик және гуманистик психологияның айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
- •2.Жануарлармен адамдардың бейнелеу ерекшеліктерін салыстрыңыз.
- •3.Түйсіктің түрлерін топтастырвп жазыңыз.
- •4.Уақыт пен кеңістікті қабылдауда типтик айырмашылықты түсіндіріңіз
- •5.Зейінің физиологиялыұқ негіздерін айқындайтын факторларды түсіндіріңіз.
- •6.Қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай ес түрлерін түсіндіріңіз
- •7.Ойлауформалары мен сипатына мысал келтіріп түсіндіріңіз
- •8.Сөйлудің физиологиялықмеханизмі мен рефлекторлық сипатын түсіндіріңіз. Тіл қатынасы жөнінде түсінік
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •9.Қиялдың түрлері.
- •10.Сезім ерекшелігі эмоция түрлері.
- •11.Ерік сапалары мен ерік әрекеттерін талдау кезеңдерінің адам әрекетіндегі орны
- •12Нышан және қабілет арасындағы байланыстарды түсіндіріңіз.
- •13.Жеке тұлғаның мінез құрылымы мен типтерін жіктеңіз.
- •14.Мінез және темперамент
- •1.Жеке тұлғаның таным үрдістегі түйсіктердің жалпы заңдылықтарын көрсетіңіз
- •2.Жеке тұлғада кездесетін қабылдау үрдісінің қасиеттерін көрсетіңіз
- •3.Зейін қасиеттерініңадам өміріндегі ықпалын көрсетіңіз.
- •4.Ес процесінің күрделі әрі адам өмірінде алатын орын көрсетіңіз.
- •5.Жеке тұлғаның ойдлау тәсілдерін дамыту жолдарын қолданыңыз.
- •6.Жеке тұлғаның дамып қалыптасуына ықпал ететін сөйлеудің атқаратын қызметі. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •7.Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетіндегі шығармашылық қиялдың жасалу әдістерін көрсетіңіз.
- •8.Жоғарығы деңгейдегі сезімдерді дамыту және тәрбиелеу жолдарын ұсыныңыз.
- •9.Қабілет және тулға даралығының қалыптасуына ықпал ететін факторларды көрсетіңіз.
- •10.Жеке тұлғаның әлеметтенуі мен қалыптасуына ықпал ететін факторлар көрсетіңіз.
- •11.Темперамент типтерінің адамның жеке басының мінез –құлқындағы көрінісін қолданыңыз.
- •12.Жас сатыларына байланысты адамдардың іс-әрекетіндегі із қалдыратын мінездің өзгеру мәселесін шешіңіз.
- •13.Жеке тұлғаның психологиялық қорғаныс әдістерін қолданыңыз.
- •14.Жеке тұлғаның бағыт-бағдарформалары және оларды қолданыңыз.
- •15.Қарым-қатынас барысында таным түсінудегі қателіктер мәселесін шешіңіз.
8.Жоғарығы деңгейдегі сезімдерді дамыту және тәрбиелеу жолдарын ұсыныңыз.
Жоғары деңгейдегi сезiмдер Адам жан дүниесiнiң сыры қоршаған ортаға əсер-ленiп қана қоймай, оның құпияларын танып бiлуге ұмты-луында. Мұндай əрекет адам сезiмiнiң жоғары деңгейдегi саналы əрекетiн, эстетикалық талғамы мен адамгершiлiк-моральдық қасиеттерiн сезiне бiлетiн көңiл-күйiне байланыс-ты. Жоғары деңгейдегi сезiмдердiң ақыл-ой, эстетикалық жəне моральдық-адамгершiлiк түрлерi бар. Ақыл-ой сезiмi адамның таным əрекетiмен байланысты. Сезiмнiң бұл түрi балалардың оқып бiлiм алуға, ересектердiң өз қызметiне, шығармашылық пен өнерге деген көңiл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезiмi ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кiсiнi əрбiр нəрсенiң, құбылыстың, оқиғаның мəн-жайын жан-жақты танып, оларды тереңiрек түсiнуге жетелейдi, оның iзденiмпаздық əрекетiн тудырады. Iздену барысында адам түрлi жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар
жасай-ды. Күмəндi жайттарды тəжiрибе жетiстiктерiмен салыстыра отырып, тексередi. Ақиқаттығы айқындалған ойды қорытып, теориялық пайымдаулар туғызады. Болжамдарды анықтау барысында адамда ақиқатқа қалайда қол жететiндiгiне деген сенiм сезiмi пайда болады. Сенiм оған күш-қуат берiп, көңiлiн көтередi. Ақыл-ой сезiмi адамның кез-келген iс-əрекетiндегi рухтандырушылық маңызы зор көңiл-күй. Эстетикалық сезiм - объектив шындықты бейнелеп, оның əсемдiгi мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенiм-дiлiгiн қабылдап, оған əсерленудегi көңiл-күй. Əсемдiктi қабылдап, оған сүйсiну, лəззаттанып, рухани күшiн арттыру сезiмi - адамның өмiр тiршiлiгiнде бiртiндеп қалыптасатын жағдай. Əсемдiктi қабылдау туа пайда болмайды. Əсемдiк əлемi адамға өзiнiң сұлулығымен, табиғи жарасымдылығымен жəне шынайы көркемдiлiгiмен əсер етiп, адамның мақсат-мүддесiне, рухани қажеттiгiне лайықты дамиды. Эстетикалық сезiм - мазмұны мен мағынасы жəне түр-сипаты жағынан ауқымы кең ұғым. Психология эстетика-лық сезiмдi табиғат пен адам қоғамындағы əсемдiктiң адамның жан дүниесiнде бейнеленiп, оның мiнез құлқына, дүниетанымына ықпал етiп отыратын жағымды құбылыс, сонымен қатар көңiл-күйiн шалқытып, iс-əрекеттерiн өрiстетушi ықпал ретiнде қарастырады. Өнер мен музыка, əн-күй мен көркем шығарма адамның жан дүниесiн тебiрентiп, өмiрдiң неғұрлым мазмұнды болуына əсер етедi, оны шабыт-тандыра түседi. Мектеп пен оқу орындары түлектерiн əсем-дiктi қабылдап, оған əсерленуге, дүниенiң сұлулығынан лəззаттанып, өз дүниетанымын дамытып отыруға тəрбиелеудi эстетика пəнi арқылы жүзеге асырады. Адамгершiлiк-моральдық сезiмдер қоғам талабына орай адамның өз мiнезiнiң лайық не лайық еместiгiн сезiнген көңiл-күйiн бiлдiредi. Адамгершiлiк сезiмi моральдық сезiм деп те айтылады. "Мораль" - "морале" деген француз сөзi. Мағынасы адамгершiлiк. Адамгершiлiк сезiм қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамның экономикалық жағдайы, саяси-идеялық бағдары, ондағы таптар мен топтар-дың əлеуметтiк жағдайы - мұның бəрi адамгершiлiк сезiм көрiнiсiнен байқалып тұрады. Адамгершiлiк сезiмiнiң принципi мен жалпы негiзi - белгiлi бiр қоғамдықэкономикалық сатыларда əлеумет мүшесiнде қалыптасып отыратын мiнез-құлық көрiнiстерi. Гуманистiк жəне демократия үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер - борыш сезiмi, əркiмнiң өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы, əрбiр адам-ның жеке-даралық қасиеттерiн сыйлау, үлкенге құрмет, кiшiге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық жəне əр түрлi ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкiлдерiне деген жалпы гуманистiк қарым-қатынас. Адамгершiлiк сезiм кiсiнiң өткен өмiрiндегi елестерiне, мақсат-мiндеттерiн жүзеге асыруы мен идеяларына жəне дүниетанымдық көзқарасы мен қоғамдық iс-əрекет түрлерiне байланысты болып келедi. Адамның жоғары деңгейдегi сезiмдерiнiң қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзiнiң жеке басына деген жауап-кершiлiктi сезiнуiнде жатыр. Екiншiден, ол отбасындағы тағылым-тəрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрiстейдi.
