- •1.Псиология ғылымы нені зерттейді анықтамасын беріңіз?
- •3.Психологияның дамудың алғашқы қарапайым формалары
- •4.Психология ғылымының негізгі принцептері
- •6.Қазіргі заман психология ғылымының зерттеу әдістері
- •7.Түйсік пен қабылдауға жалпы сипаттама
- •Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •10.Ойлау мен сөйлеу сипаттама
- •Ерік теориялары
- •Нышан және қабілет
- •15.Жеке тұлғаның танымдық аймағындағы темперамент пен мінезге сипаттама Темперамент жөнінде түсінік
- •Темперамент туралы теориялар
- •Темперамент түрлері
- •Мінез жөніндегі білімдер
- •1.Батыстық психологияның даму бағытындағы когнитивтик және гуманистик психологияның айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
- •2.Жануарлармен адамдардың бейнелеу ерекшеліктерін салыстрыңыз.
- •3.Түйсіктің түрлерін топтастырвп жазыңыз.
- •4.Уақыт пен кеңістікті қабылдауда типтик айырмашылықты түсіндіріңіз
- •5.Зейінің физиологиялыұқ негіздерін айқындайтын факторларды түсіндіріңіз.
- •6.Қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай ес түрлерін түсіндіріңіз
- •7.Ойлауформалары мен сипатына мысал келтіріп түсіндіріңіз
- •8.Сөйлудің физиологиялықмеханизмі мен рефлекторлық сипатын түсіндіріңіз. Тіл қатынасы жөнінде түсінік
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •9.Қиялдың түрлері.
- •10.Сезім ерекшелігі эмоция түрлері.
- •11.Ерік сапалары мен ерік әрекеттерін талдау кезеңдерінің адам әрекетіндегі орны
- •12Нышан және қабілет арасындағы байланыстарды түсіндіріңіз.
- •13.Жеке тұлғаның мінез құрылымы мен типтерін жіктеңіз.
- •14.Мінез және темперамент
- •1.Жеке тұлғаның таным үрдістегі түйсіктердің жалпы заңдылықтарын көрсетіңіз
- •2.Жеке тұлғада кездесетін қабылдау үрдісінің қасиеттерін көрсетіңіз
- •3.Зейін қасиеттерініңадам өміріндегі ықпалын көрсетіңіз.
- •4.Ес процесінің күрделі әрі адам өмірінде алатын орын көрсетіңіз.
- •5.Жеке тұлғаның ойдлау тәсілдерін дамыту жолдарын қолданыңыз.
- •6.Жеке тұлғаның дамып қалыптасуына ықпал ететін сөйлеудің атқаратын қызметі. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •7.Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетіндегі шығармашылық қиялдың жасалу әдістерін көрсетіңіз.
- •8.Жоғарығы деңгейдегі сезімдерді дамыту және тәрбиелеу жолдарын ұсыныңыз.
- •9.Қабілет және тулға даралығының қалыптасуына ықпал ететін факторларды көрсетіңіз.
- •10.Жеке тұлғаның әлеметтенуі мен қалыптасуына ықпал ететін факторлар көрсетіңіз.
- •11.Темперамент типтерінің адамның жеке басының мінез –құлқындағы көрінісін қолданыңыз.
- •12.Жас сатыларына байланысты адамдардың іс-әрекетіндегі із қалдыратын мінездің өзгеру мәселесін шешіңіз.
- •13.Жеке тұлғаның психологиялық қорғаныс әдістерін қолданыңыз.
- •14.Жеке тұлғаның бағыт-бағдарформалары және оларды қолданыңыз.
- •15.Қарым-қатынас барысында таным түсінудегі қателіктер мәселесін шешіңіз.
4.Психология ғылымының негізгі принцептері
Қазіргі кезде алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көптігіне байланысты психология ғылымының тез қарқынмен дамуы байқалады. Психологияның негізгі міндеті психикалық іс-әрекеттің және оның дамуының заңдылықтарын зерттейді, соңғы онжылдықтың көлемінде психологиялық зерттеулердің қамтитын мәселелері кеңейді, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғымдық аппараты өзгерді, үздіксіз жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар пайда болды, психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен байыды.Б.Ф.Ломов «Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары» атты еңбегінде қазіргі ғылымның жағдайын сипаттай келіп, былай деп жазды: «Қазіргі кензде психология ғылымының және оның жалпы теориясының әдіснамалық проблемаларын болашақта жан-жақты, тереңірек талдау қажеттілігі ерекше арта түседі».Психологияның зерттейтін құбылыстарының саласы жан-жақты. Ол адамның әртүрлі қиындық сатысы бар психикалық үрдістерін, психикалық қалпын және психикалық қасиеттерін қамтиды.Өткен онжылдықтарда психология негізінен теориялық (дүниетанымдық) пән ретінде белгілі болды. Қазіргі кезде оның ролі қоғамдық өмірде ерекше өзгерді. Психология бірте-бірте білім беру, өндіріс, мемлекеттік басқару, медицина, мәдениет, спорт және т.б. жүйеде кәсіптік-практикалық іс-әрекеттің ерекше саласы болып табылады.Бүгіндері қоғамның барлық саласында «адам факторының» мәні арта түсуде. «Адам факторы» деп адамдардың меңгеретін әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық қасиеттердің жан-жақты көлемін түсінеміз.Психология ғылымының алдында тұрған міндеттер туралы айтқанда, адам бар жерде, әртүрлі міндеттерді орындау барысында «адам факторы» әруақытта да ескерілуге тиісті. Халық ағарту жүйесінің барлық салаларынды (мектепке дейінгі білім беру, арнаулы орта білім беру, жоғары мектеп) психологтарға бағытталған проблемалар туындауда.Психология ғылымының шешетін қолданбалы міндеттерінің рөлін қоғамның түсіну халық ағарту органдарында әртүрлі тармақталған психологиялық қызмет көрсетуді жасау идеясына алып келді. Қазір ондай қызмет көрсету жасалып, ғылым мен тәжірибеде қолданудың байланыстырушы буыны болып келеді.Психологияның негізгі міндеті адамның психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.Психологияның заңдылықтары көрсеткендей, адам миында объективтік дүниені қалай бейнелеуге, адам қоршаған ортадағы объективтік дүниені қалай танып білуге болады? Психологиялық заңдылықтар, психикалық іс-әркет қалай дамиды, жеке тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасады, міне, осыларды ашып көрсетеді.Пчихология психикалық үрдістерді мидың бейнелеу іс-әрекетінің негізі болып табылатын жүйке-физиологиялық үрдістерімен бірлікте зерттейді.Жоғарыда айтылғандардан біз психологияны практикалық қолдану мүмкіндіктері орасан зор екендігін білеміз. Ерекше атап айту керек, бұл бағытта әртүрлі деңгейдегі міндеттерді шешуге тура келеді.Қазіргі адамзаттың алдында тұрған жаһандық проблемаларды шешуде де психологияның атқарар жүгі ерекше. Бүгінгі күннің ғаламдық проблемаларының психологиялық астарын анықтауда (дүниеде бейбітшілік сақтау үшін күрес, қошаған ортаны қорғау, космосты игеру), оның ішінде, адамдардың күнделікті өмір мәселелері (эмоциялық қиыншылықты жеңу, адамдар арасындағы даудамайды шешу т.б.) психология ғылымның алдында тұрған басты міндеттердің бірі болып есептеледі. Психологияның адам туралы ғылымдар жүйесінде алатын орнын бағалай келіп, проф. Б.Ф.Ломовтың айтуынша, зерттеу нысаны адам туралы барлық ғылыми пәндердің интеграторы психологияның алатын орнын дұрыс бағаланды.
XIX ғасырда психология өз алдына дербес ғылым болып бөлінді. Психологияға эксперимент енгізілді және зерттеу әдістері жетілдірідді. Әсіресе, бұл кезеңде неміс ғалымдары психология ғылымының дамуына ерекше үлес қосты. Немістің эмпирикалық психологиясының негізін қалаған И.Ф.Гербарт болды. Ол ассоциативтік теорияның белсенді жақтаушыларының бірі өрі психологияға өлшеу өдістерін енгізуде көп жұмыс атқарды. Психологияны Гербарт елестетулер туралы ғылым, ол адамның барлық психикалық қызметі: сезімі, ерік-жігері, ойлауы, қиялы және т.б. - бүл түрлі өзгерген елестетулер деп қате түсіндірді. И.Ф.Гербарттың енгізген ассоциация және апперцепция ұғымдары қазіргі психологияда сақталған, өз мәнін жойған жоқ. Оның жұмысын Г.Эббингауз бен В.Вуңдт жалғастырды. Біріншісі ес үрдісін зерттеуде көп жұмыстар атқарды, екіншісі Лейпциг қаласында 1879 жылы эксперименталдік психологиялық зертхана негізін қалады, ол кейіннен эксперименталдік психология институтына айналды, ол тез араның ішінде ғылыми психологиялық ойдың және психолог кадрларды даярлауда өлемдік орталыққа айналды, онда бастапқы оқыту дәрісін алған кейбір ресейлік психолог-ғалымдар В.М.Бехтерев пен Н.Н.Ланге болды. Вундттың арқасында психологияның жаңа саласы - эксперименталдік психология қалыптасты (оны Вундт физиологиялық деп атады).
Ресейде бұдан бірнеше жыл бұрын психологияны дамыту бағдарламасымен И.М.Сеченов айналысты. Оның "Бас ми рефлекстері"(1863) атты белгілі еңбегі рефлекс ұғымына негізделген жаңа эмпирикалық психологияның негізін қалады. И.М.Сеченовтың бағыты кейіннен И.П.Павловтың және В.М.Бехтеревтің еңбектерінде өз жалғасын тапты.
И.П.Павлов үйретудің және бейімделудің тәжірибесінің қызметі ретінде шартты рефлексті ашты, ал В.М.Бехтерев Қазан қаласында бірінші отандық эксперименталдік психологиялық зертхананы негіздеді.
XIX ғасырдың аяқ кезі психология тарихында көптеген маңызды оқиғалармен ерекшеленеді. Олардың ішінде ең негізгілері таным үрдістерін зертеумен байланысты проблемаларды ғылыми эксперименталдық талдау: түйсіну, қабылдау, ес, ойлау және психология ғылымының жалпы тоқырауы. Бұл тоқыраудың мәні төмендегіше сипатталады: интроспекцияны пайдаланатын және организм физиологиясына бағыттайтын ғылым ретінде санамен, жеке тұлғамен, адамдардың тұлға аралық қатынастарымен байланысты көптеген проблемаларды шешуге дәрменсіздік танытты. Сонымен қатар психологияның білімі жалпы алғанда тәжірибе үшін жеткіліксіз болды, ол әдістері арқылы алынған нәтижелері сенімсіздік байқатты. Осындай ахуалдан шығудың жолын психологтар әртүрлі бағыттарда іздестіре бастады. Бір жағынан, күрделі ғылыми проблемаларды шешуде сәтсіздікке ұшыраған кейбір психологтар шешімін таппайтын проблемалар деп қарап, шешімі күрделі емес мәселелерге көңіл бөлді. Мәселен, америка ғалымдары психологиялық зерттеулер саласынан сана, ойлау, олармен байланысты терминологияны алып тастап, адам мен жануарлардың мінезінің қарапайым түрлерін зерттеумен айналысты.
5.XXғасырдың 20-30 жылдарындағыпсихологиядағдарысынжаңғыртыңыз
, XX ғ. бас кезінде психиканы эксперименталдік зерттеулер психологияға сана турлы ғылым деп анықтама берудің дұрыс емес екендігін дәлелдеді.Бұл кезеңде психологияның дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі ерекше рел атқарды. Дарвиннің эволюциялық ілімі бойынша, психикалық құбылыстарды қоршаған ортадан, тірі организмнің бейімделу іс-әрекетінен боліп алып қарауға болмайтындығын дәлелдеді. Эволюциялық теорияның әсерімен бала психикасы мен жануарлар психикасын зерттеулер жан-жақты қолға алынды. Онда интроспекция әдістерінің қолдану мүмкіншіліктері шектеліп, адам психикасын зерттеуге генетикалық және салыстырмалы түрде қарауға ерекше мөн берілді. Осындай қалыптасқан жағдайдан, тоқыраудан шығудың жолдары іздестіріліп, әртүрлі теориялар мен бағыттар қалыптасты. Сондай теорияларға бихевиоризм, гештальпсихология және психоанализді (фрейдизм) жатқызуға болады. Олардың барлығы бір кезеңде жан туралы ғылымның жалпы тоқырауы негізінде дүниеге келді.
Бихевиоризм - XX ғасырдың бас кезінде жоғарыда келтірілген себептерге байланысты қалыптасқан психологиялық бағыттардың бірі. Бихевиоризм теориясының негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-қүлқы болып табылады. Мінез-қүлық психологиясы АҚШ-та ерекше дамыды. Бихевиоризм бағытының көрнекті окілі америка ғалымы, әрі психологі Джон Уотсон (1873-1958) болды. Ол дәстүрлі психологияның пәнін, жан құбылыстарын жаңа мінез-құлық психологиясымен өзгерту қажеттігін ұсындыБихевиоризм behaviour - деп аталатын ағылшын сөзінен шыққан, қазақшалағанда мінез-құлық мағынасында қолданылады. 1913 жылы америка психологі Джон Уотсон психологияны мінез-құлық туралы ғылым ретінде қарастырды. Жаңа бағыттың пайда болуы "Психология, оны бихевиорист қалай көреді" атты мақаланың шығуымен ерекшеленеді. Оның авторы Уотсон психология басқа жаратылыстану ғылымдарының арасында өзінің лайықты орнын алуға тиісті деп жазды. Оның айтуынша, қазіргі кезге дейін психологияның пәні және зерттеу әдісі теріс түсіндіріліп келді және психологияның зерттеу нышаны сана емес, мінез-құлық, ал интроспективтік әдістің орнына — субъективтік әдіс деп тұжырымдады. Бұл мақаланы батыс психологтары "бихевиористік төңкерістің" басталуы деп бағалады. Мақаладан кейінгі 10 жылдықта бихевиоризм толқыны барлық америка психологиясын қамтыды. Психоталдау (фрейдизм). Тоқырау кезінде пайда болған екінші бағыттардың бірі психоталдау (фрейдизм) болып табылады. Оның негізін қалаған австриялық психиатр және психолог Зигмунд Фрейд. Психоталдау бағыты окілдерінің бахевиористерден, гештальтпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғылыми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарына бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина және психологияның өз шеңберінде табуға ұмтылды.Фрейдизм, оның негізі мынада — адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шыңдығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең алдымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды.Фрейд өзінің ғылыми ізденістерін психотерапевтік тәжірибені талдаудан және жинақтаудан бастауы кездейсоқ емес, содан кейін жинақтаған тәжірибені психологиялық теорияға айналдырды.Фрейдизм үшін негізгі ұғымдарға "сана" және "санасыздық" жатады. Психоталдау ілімінің болашақ тағдыры және оған кезқарас әртүрлі елдерде түрліше қалыптасты. Алғашында Фрейдтің ең жақын шәкірттері мен ізбасарлары және психиатор-дәрігерлердің кейбіреулерінен басқалары оған өте салқын қатынаста болды. Кейіннен психоталдау бағытын жақтаушылар Германия мен Австрияда, Еуропа мен АҚШ-та күні бүгінге дейін кеңінен таралды.Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында кеңес психолог-ғалымдары оған қызығушылық танытты. Сол кезде үстемдік еткен субъективтік идеалистік психология бұл ілімнен материалистік балалықтың бірден бір мүмкіншілігін көре білді. Кейін, 30-жылдары, психологиялық зерттеулерді шектеумен бірге ("Халық ағарту комиссариаты жүйесінде педологиялық бұрмалаушылықтар туралы" белгілі қаулыда) З.Фрейдтің ілімі қатты сынға алынды. Осы қаулыдан кейін біздің елімізде Фрейдтің еңбектерін аударуға және баспа бетінде жариялауға тиым салынды. Соңғы жьшдары әлемде кеңінен таралған Фрейдтің психологиялық іліміне қызығушылық қайтадан осіп отыр.XX ғасырда психологтардың ішінде австрия дәрігері Зигмунд Фрейдке ерекше орын берідді. Оның негізгі еңбегі "Түс көруді талқылау" 1900 жылы жарық көрді. Сол кезден бастап, психологияда бір-бірін әртүрлі ғылыми беделді тұлғалар ауыстырды. Олардың ішінде бірде-бірі бүгінге дейін Фрейд және оның ілімі сияқты ынта туғызған емес.Адам мінез-құлқының басты реттеушісі сана екендігі белгілі. Зигмунд Фрейд (1856-1939) - австрия невропатологі, психиатры және психологі, психотаддау бағытының негізін салушы. Фрейдизмнің концепция ретінде қалыптасуы XX ғасырдың бас кезіне жатады. Психоталдау бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 20-жылдары кең өріс алды. Жеке тұлғаңың құрылымында Фрейд санасыздыққа ерекше кәңіл болді және зерттеу нысанына айналдырды. Оның айтуынша, ауру адамдар өз іс-әрекетінің түрткілерін түсіндіре алмайды: Фрейд негізін салған психоталдау әдісі санасыздықты зерттеу үшін психикалық ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылады. Фрейд тек ауру адамдардың ғана емес, дені сау адамдардың көңіл-күйі мен мінез-құлқын түсіндіретін теорияны негіздеді. Бұл теория Батыс елдерінде кеңінен тарады, үлкен беделге ие болды. Фрейд теориясы көптеген шет елдерде психология, психотерапия, психиатрия оқулықтарына берік енген. Фрейдизм бағыты адам туралы басқа ғылымдарға - социологияға, педагогикаға, антропологияға, этнографияға, сонымен қатар өнер мен әдебиетке ерекше ықпал етті.Фрейдтің еңбектеріңде күрделі психологиялық проблема ретінде адамның сексуалдық өмірі туралы мәселе қойылды. Фрейдтің түсіңдіруінше, жас жеткіншек балалардың әртүрлі жағымсыз іс-әрекеттерге бейімділігі оларды жыныстық инстинктердің билеуінен деп түсіндіреді.
Гештальтпсихология (немістің деген сәзінен віыққан, қазақшалағанда бейне, құрылым, түр деген мағынаны білдіреді). Егер бихевиоризм психологияның тоқырау жағдайынан шығудың жолдарының бірі ретінде АҚЩ-та пайда болды және өз дамуында бұл елден тысқары таралған жоқ. Ал гештальтпсихология - психологиялық бағыт ретінде Германияда пайда болды және XX ғасырдың біріншіжартысында көптеген Еуропа елдерінде жүргізіліп жатқан психологиялық зерттеулерге ерекше әсер етті, оның ішінде біздің елімізде (соғысқа дейінгі жылдарда) кеңінен тарады. Егер де бихевиоризм өз дамуында физиология және биология ғылымдарына жан-жақты негізделсе, ал гештальтпсихология физика мен математиканың ерекше ықпалында болды.Бұл бағыттың көрнекті өкілдерінің ішінде М.Вертгеймердің, В.Келердің, К.Левиннің және т.б. есімдерін атауға болады. Гештальтпсихология өкілдерін интроспективтік психологияға тән психикалық құбылыстарды талдауға және зерттеуге жеңілдетілген атомистік тұрғыдан қарау негізінен қанағаттандырмады. Бұл интроспективтік психология барлық күрделі құбылыстарды қарапайым құбылыстарға бөлді, олардың тіркесінен күрделі тұтастық заңын қалыптастыруға ұмтылды.Гештальтпсихологтер психикалық құбылыстардың қиын да тұтас жүйесін қалыптастырудың өзіндік заңының өмір сүруі және жұмыс істеуі туралы айтқан болатын. Гештальтпсихологтардың зерттеулерінде күрделі құбылыстардың элементтері және оның байланыстары бойынша зерттеу осы байланыстардың құрылымын анықтаумен ауыстырыдды. Осы себептерден ғылымдағы бұл бағытты кейде "құрылымдық психология" деп атайды (гештальт деген сөздің қазақша мағыналарының бірі "құрылым" деген мағананы береді).Гештальтпсихологияның көптеген өкілдері психологиялық білімнен, басқа жаратылыстану ғылымдарының салаларьшың бірінен базалық білім алды, бұл олардың психологиялық көзқарасына ерекше ықпал етті. В.Келер, мәселен, физиканы оқып, үйренді және қабылдау мен ойлау үрдістерін түсіндіруде қажетті білімді пайдаланды. Кез-келген құбылыс пайда болады және белгілі бір жүйенің белігі ретіңде өзіндік ерекшелік сипаттамасын алады деп жазды В.Келер.
