Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.83 Кб
Скачать

2.Жеке тұлғада кездесетін қабылдау үрдісінің қасиеттерін көрсетіңіз

Қабылдаудың қасиеттерi Қабылдаудың заттық тектiлiгi. Қабылдаудың бұл қасиетi оның объектив болмыстық көрiнiсiмен түсiндiрiледi, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзi осы объектив дүниенiң өзiнде болуы. Заттай қабылдау адамның тума қасиетi емес, ол өмiр бойы қалыптасып, iс-əрекеттiң барша саласында бағыттау-реттеу қызметiн атқарады. Қоршаған дүниенi заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерiнiң негiзiнде орнығады (И. М. Сеченов). Қозғалыс болмаған жерде бiздiң қабылдауымыз заттық қасиетiнен айрылып, сыртқы ортамен байланысқа келе алмаған болар едi. Қабылдаудың заттық негiздi болуы əрекет-қылықты реттеуде үлкен маңызға ие. Əдетте, бiз нақты нысанды басқалардан түрi мен сипатына қарай бөлмеймiз, бiз үшiн бұл жағдайда ең қажеттiсi оның тұрмыстық қажеттiлiкке жарайтын негiзгi қасиеттерi. Мысалы, пышақ кесуге жараса - пышақ, болмаса əншейiн металл. Қабылдаудағы басты мiндет осы қасиеттердi тану. Қабылдаудың тұтастығы. Түйсiк, жоғарыда айт-қанымыздай, заттардың жеке қасиеттерiнен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектерi жөнiндегi бiлiктердi бiрiктiру арқылы тұтастай бейне жаратамыз. Түйсiк құрайтын бөлiктер өзара өте тығыз əрi күштi байланысқан, мұны бiз сезiм мүшелерiмiзге кейбiр заттардың бiр қасиетi немесе бөлiгi ғана əсер етуден-ақ бiздiң санамызда сол заттың күрделi бейнесi туындайды (мақпал, мəрмəр тас). Мұндай танымның негiзiнде бiздiң бұрынғы тəжiрбиемiзде көру мен сипай сезу арасындағы шартты рефлекстi қалыптас-қан байланыстар жатыр. Тұтастық - қабылдаудың құрылымды болуымен бай-ланысты. Қабылдау көп жағдайда бiздiң мезеттiк түйсiну-лерiмiзге тура келе бермейдi, əрi сол түйсiктердiң қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам, əдетте, нақты түйсiнуден дербестенiп, дерексiзденген қорытынды құрылымды қабылдайды, ал бұл қорытындыға келу бiршама уақыт өтуiн талап қылады. Егер сiз қандай да бiр əуендi тыңдай қалсаңыз, алғашқы естiген нотаңыз келесi нота берiлгенше құлағыңыздан кетпей қояды. Əдетте, тыңдаушы үшiн əн

күй бiрiнен соң бiрi келетiн ноталарымен емес, бiртұтас əуенiмен мəндi. Қабылдаудың тұтастығы мен құрылымдығы бейне-ленушi қоршаған дүние нысандарының шындыққа сай өзiндiк ерекшелiктерiнен туындайды. Қабылдау тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбiр қасиеттерiнiң бiр тектi сақталуын айтамыз. Өзгерiстер орынын толықтыру қабiлетiне ие қабылдаушы талдағыш-тардан құрылатын тұрақтылыққа орай бiз қоршаған дүние заттарын бiр қалыпты күйiнде танып, бiлемiз. Көбiне заттардың түрi, көлемi мен формасы мызғымас қалпында бейнеленедi. Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мəнi сөзбен берiледi, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрi - тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану жəне даралап тану болып бөлiнедi. Жалпылап тануда нəрселердiң жай-жапсары терең бiлiне бермейдi, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық əрi толық түрде өтедi. Апперцепция. Қабылдау процесi тек тiтiркенуден ғана пайда болмай, субъектiнiң өзiне де байланысты көрiнiс бередi. Қабылдайтын көз, құлақ емес, əрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшелiк-терiмен де сипатталады. Қабылдау нəтижесiнiң жеке адам психикалық өмiрiне, оның тұлғалық ерекшелiктерiне тəуелдiлiгi апперцепция деп аталады. Қабылдау барысында адамның өткен өмiр тəжiрибесi үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бiр заттың өзiн əрқилы адамдар (бiлiмiне, тəжiрибесiне, тəрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтiк дəрежесiне, т.т. орай) əртүрлi қабылдайды. Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесiне де орайлас келедi. Ниет, көңiл шарпуларының ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгерiске де түсуi мүмкiн. Мұндай уақытша апперцепция адамның əртүрлi алдануы - иллюзия салдарынан жаңсақ пiкiрлер туғызатын жағдайларда болады. Жүйке жүйесiнiң ауруға шалдығуына байланысты жалған, терiс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұн-дайдағы қабылдау галлюцинация деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]